» Материалы за Сәуір 2018 года

Damu med тіркелу тәртібі

Damu med тіркелу тәртібі

Серікбай Смағұлұлы

Опубликовано: 18 апр. 2018 г.

Бұл видеода Damu med-ке тіркелу баяндалады.


29-04-2018, 12:38

Бір көзден сатып алу туралы 24.04.2018 ж. №21 хаттама

Бір көзден сатып алу туралы 24.04.2018 ж. №21 хаттама (орыс тілінде). Мына жерден қараңыз. protokol-21-zakupa-lekarstvennyh-sredstv-sposobom-iz-odnogo-istochnika.pdf [426,6 Kb] (cкачиваний: 6)
25-04-2018, 16:30

ҰЖЫМДАҒЫ МИКРОКЛИМАТ

ҰЖЫМДАҒЫ МИКРОКЛИМАТ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-де ұжымдық ахуалды қалыптастыруға байланысты, бас құтқарушы-психолог Ж. Бегманова «Ұжымдағы микроклимат» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Тренинг барысында жеке құрамға "Ұжымдағы микроклимат " туралы қысқаша түсінік беріп, тренинг ережелерімен таныстырды. Жасақ қызметкерлер арасындағы түсінушілік пен әріптестеріне деген сенімділікті орнату, ұжымдағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында, "Орындық", «Шапшаң қимылда», "Ұжымдық есеп", «Өрмекші торы», «Лабиринт", "Сіз қандай жұмыскерсіз", «Орныңды ауыстыр», «Кедергіден өту» т.б. тренинг жаттығуларды ойдағыдай орындады. Құтқарушылар төрт топқа бөлініп, «Төрт құбыла» тақырыбында туған жерге байланысты сурет жарысын қызығушылықпен салып, өз жұмыстарын қорғай білді. Сондай-ақ, "Теңізге саяхат" атты релаксациялық жаттығуын орындатып, 10-15 минуттай кофе-брейк ұйымдастырылды.

Тренинг соңында, жасақ қызметкерлерден бүгінгі іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.

 

Ж. Бегманова

ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ-нің

медициналық-психологиялық

бөлімінің бас құтқарушы-психологі

https://syr-media.kz/news/2858-zhymday-mikroklimat.html

12-04-2018, 13:15

Зобты кетіретін тұнбалар

Зобты кетіретін тұнбалар

Редакциямызға хабарласып, зобқа қарсы тиімді рецептті сұраушылар көп. Соған орай біз 2010 жылы Мәскеу қаласында басылып шыққан «Халық медицинасының энциклопедиясы» кітабынан бірнеше тәсілді аударып ұсынуды жөн көрдік. Бұл қалың кітаптағы рецепттерді медицина ғалымдары мақұлдаған. Дегенмен де ем кезінде дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз демекпіз.

Жылауық тал тұнбасы

 

Жылауық талдың (ива) жас бұтақтарынан бір құшақ жинап алыңыз. Жуып, ыңғайлы етіп кесіп алған соң үлкендеу ыдысқа (кас­трюль) салып, үс­тіне су құ­йы­ңыз. Оны баяу от­та, жартысы қал­ғанша ұзақ қайнатқанда суы қай­мақ сияқты қою тартып, түсі қара-қоңыр тартуы тиіс. Осы қоймалжыңды күнде ұйқы алдында мойын тұсына жылы күйінде жұқалап жағып, сыртынан құрғақ дәкемен орап қою керек. Осылай үш ай жасағанда зоб көлемі екі есеге дейін кішіреюі тиіс.

 

Бал қосылған ботқа

 

Халық медицинасында тиімді саналатын емнің бір түрі – бал қосылған ботқа да зобтың асқынуын тоқтатып, оған ем болады екен. Ол үшін 1 стакан таза бал керек. Грек жаңғағын шағып, дәнінен 1 стакан алыңыз. Сосын жуылып-шайылған 1 стакан қарақұмық (гречка) дайындаңыз. Жаңғақ пен қарақұмықты мейлінше ұнтақтау керек. Алынған ұнтақты балға қосып, біркелкі қоймалжың болғанша жақсылап араластырады. Көріп тұрғаныңыздай, бұл құрамы витаминге толы нағыз емдік ботқа. Осы ботқаны алтыға бөліп, кешке дейін жеп тауысу керек. Таңертеңгісін ашқарынға бас­таған тиімді. Астан жарты сағат бұрын тұтынған дұрыс.

 

Үш күннен кейін жаңадан ботқа әзірлеп, оны да осылай алты бөліп, бір күн ішінде тауысу керек. Ем барысын, ағзадағы өзгерісті бақылай отырып, 1 айдан 3 айға дейін жалғастыруға болады. 1 ай үзілістен кейін тағы қайталаған тиімді.

 

Зобты кетіретін тұнбаларШырғанақтың шипасы

Шырғанақ (облепиха) жемісі, зәйтүн майы (оливковое масло), йод үшеуінен де зобқа қарсы ем жасауға болады. Ол үшін шыр­ғанақты шырынсыққыштан өткізесіз. Оның қоймалжың болған «ботқасын» бір ыдысқа салып, бетін толық жабатындай етіп зәйтүн майын құйыңыз. Бетін бірнеше қабатталған дәкемен жауып, 2 апта тұндырыңыз. Белгілі уақыт өткен соң дайын болған майды қалқанша без үстіне жағасыз. Сыртынан йод «сеткасын» сызу керек. Оны бірнеше қабатталған дәке немесе бинтпен орап тастаңыз. Сыртынан целлофан, сосын жылы орамал таңу керек. Түнге қарай жасалған бұл «компресс» кезінде йод таңға дейін сіңіп, жоқ болып кетеді. Бұл емді 10 күн жасайды. Нәтижесі оңды болары сөзсіз.

zamana.kz

11-04-2018, 12:57

Медициналық мақсаттағы бұйымдарға №11 хабарландыру (орыс тілінде)

Медициналық мақсаттағы бұйымдарға №11 хабарландыру (орыс тілінде). Осы жерден қараңыз. Obyavlenie-11-na-izdeliy-medicinskih-naznacheniy.pdf [522,46 Kb] (cкачиваний: 15)
10-04-2018, 12:03

Медицина қызметкерлерінің тіршілігімен танысты

Медицина қызметкерлерінің тіршілігімен таныстыҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасыорталығы» ММ Қызылордаоблысы бойынша филиалында 12 мамыр - «Медбикелер» күніне орай, «Ашық есік күні» өткізілді. «Ашық есік күніне» Қызылорда медициналықжоғары колледжінің студенттеріқатысты.

Шара барысындастуденттерге төтенше жағдайларкезіндегі алғашқы медициналықкөмек жұмыстары көрсетілді. Студенттерапаттар медицинасы туралы сұрақтар қойып, оларға жеткілікті жауаптаралды. Медицина қызметкерлері мен бірге медициналылық құрал-жабдықтарындұрыс қолдануды үйренді.

Студенттер қызметкерлер жұмысыментанысып, қызығушылық танытты. Студенттерге апаттармедицинасы орталығының тарихы жайында және күре жолдық медициналық құтқарубекеттері туралы айтылып, заманауимедициналық құрал-жабдықтар көрсетілді.

«Ашық есік күні» жиынының соңындастуденттерге Апаттар медицинасыорталығының іс-қимылдары, олардың адам өміріндегі маңыздырөлі жайында айтылды.

А.МИРАМБЕКОВА,

ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ

Қызылорда облысы бойынша филиалының фельдшері

http://syrboyi.kz/zedelnews/19522-medicina-yzmetkerlern-trshlgmen-tanysty.html
10-04-2018, 07:23

"Ұлт саулығы"

"Ұлт саулығы"

Qyzylorda Tv

 


9-04-2018, 07:24

Тегін дәрімен қамтамасыз ету: Байланыс орталығы іске қосылды

Тегін дәрімен қамтамасыз ету: Байланыс орталығы іске қосылды

Тегін амбулаториялық дәрімен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша байланыс орталығы іске қосылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмектердісатып алу бойыншаеліміздің медициналық ұйымдарынтегін амбулаториялық қамтамасызету үшін дәрілікзаттардың түсуі сұрақтарыбойынша байланыс орталығыніске қосты (7172) 23 50 98.

«СҚ-Фармация» басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Шария Исмуханованың айтуынша, барлық қажеттілік қазірдің өзінде сатып алынған және емханаларға жөнелтілгеніне қарамастан, халықта дәрілік қамтамсыз етудегі үзілістер туралы сұрақтар әлі де туындап отыр.

«Біздің сайтта бұрын жарияланған телефондар бойынша қазақстандықтарға амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің мамандары жауап берген. Бірақ олар барлық жұмыс уақыттарын әр жағдайды анықтауға арнай алмайтын. Сондықтан байланыс орталығын іске қосу туралы шешім қабылданды, енді оператор халықтың сұрақтарына ғана жауап беріп, дәрі-дәрмекті жеткізудегі әр үзіліс жағдайын түсіндірумен айналысады», – дейді Шария Исмуханова.

«СҚ-Фармация» төрағасының айтуынша, байланыс орталығы әзірше пилоттық тәртіпте жұмыс істейді. «Кейінірек, қазақстандықтардың қолайлылығы үшін, республика бойынша барлық абоненттерге бірыңғай қысқа нөмірді іске қосу жоспарлануда», – деді ол.

Еске салайық, 2018 жылдың 1 тоқсанында еліміз бойынша барлық 404 медициналық ұйымға тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін 22,3 млрд теңге сомаға дәрі-дәрмек жөнелтілді.

Ағымдық сәттегі жағдай бойынша қазақстандықтарды амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін тізімдегі 494 атаудан дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 430 атауы сатып алынды. Тұтастай алғанда, Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша амбулаториялық және стационарлық дәрілік қамтамасыз етуге арналған 1040 атауы сатып алынған, ол жалпы қажеттіліктің 95%-ын құрайды. Сатып алынбаған препараттар бойынша тендер жарияланып, өтінімдері бар конверттерді ашу 28 наурызда өткізілді, сәуірде қорытындысы шығарылады.

http://syrboyi.kz/zedelnews/19508-tegn-drmen-amtamasyz-etu-baylanys-ortalyy-ske-osyldy.html

6-04-2018, 13:26

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МАУСЫМНАН БАСТАП МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА ҚАҒАЗСЫЗ ЖҮРГІЗУГЕ КӨШІРІЛЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МАУСЫМНАН БАСТАП МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА ҚАҒАЗСЫЗ ЖҮРГІЗУГЕ КӨШІРІЛЕДІ

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру барысы туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспорттарын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру туралы тапсырма берді.

Ол цифрландыруды ескере отырып, оңтайландырылған медициналық қызметтерді енгізуден; цифрлық форматта медициналық құжаттаманы жүргізуден; денсаулықтың электронды паспортын іске қосудан; медициналық ақпараттық жүйелерге (МАЖ) минималды талаптарды бекітуден, сондай-ақ, мобильді қосымшалардың минималды функциялары бойынша; МАЖ-ге деректерді дауыспен енгізуден тұрады.

«Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру аясында жоғарыда айтылған барлық жобаларды толық іске асыру үшін бірінші кезекте денсаулық сақтау ұйымдарының АТ-инфрақұрылымын қамтамасыз ету қажет. Осылайша, қазіргі таңда 6 283 денсаулық сақтау объектісінің 3 050-і немесе 51% интернет желісіне қосылған. Дәрігерлердің және орта медицина қызметкерлерінің 97 784 жұмыс орнының (ауысымы мен кезекшілікті есепке алғанда) 82 149-сі немесе 84,9%-ы компьютерлік техникамен қамтылған», — деді Елжан Біртанов.

Медициналық ақпараттық жүйелермен 757 медициналық ұйымның 619 немесе 85,4%-і қамтылған.

Қазіргі таңда аудан орталықтары деңгейіне дейінгі денсаулық сақтау ұйымдарының барлығы Интернет желісіне 100% қосылған, бұл ел халқының 85% медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, облыстардың және Астана қалаcының әкімдіктері осы жылдың соңына дейін қалалар мен аудан орталықтарының деңгейіне дейін дәрігерлер мен орта медицина персоналының жұмыс орындарын компьютерлік техникамен 100% қамтамасыз етуді жоспарлап отыр және 2021 жылға дейін фельдшерлік-акушерлік және медициналық пунктерді, дәрігерлік амбулаторияларды компьютерлік техникамен жабдықтауды кезең–кезеңімен қамтамсыз ету көзделген.

Е. Біртанов 2018 жылғы қаңтардан бастап медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу процесі біртіндеп басталғанын атап өтті. Тоқсан сайын 4 өңір бастапқы медициналық құжаттаманы қағаз қолданбай жүргізуге кезең–кезеңімен көшірілетін болады.

2018 жылғы қаңтардан бастап —Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары;

2018 жылғы сәуірден бастап Алматы, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары;

2018 жылғы маусымнан бастап Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары;

2018 жылғы қазаннан бастап Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана мен Алматы қалалары.

 

primeminister.kz

5-04-2018, 04:36

Жүзім қан айналымын қалыпқа келтіреді

Жүзім қан айналымын қалыпқа келтіреді

Жүзім ағзаны токсиндерден тазартады және жасартатын қасиетке ие. Жүзім - тек дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы өнім. Адамзат жүзімнің емдік қасиетін көп жылдар бұрын пайдалана білген.

 

Жүзім адам ағзасына қажетті А, В,С дәрумендеріне, калий, кальций, темір, фосфор сияқты минералдарға және протеиндерге бай. Бұл жемісті көптеген аурулардың алдын алу үшін пайдалануға болады. Ол тыныс алу жолдары мен өкпенің жағдайын жақсартатындықтан демікпе кезінде пайдалы. Жүзім қан құрамындағы азот оксидін ұлғайтып, қанның ұйып қалуына жол бермейді. Осылайша жүрек талмасын болдырмауға септігін тигізеді. Жемістің бұл түрі сондай-ақ, іш қатқанда, ас қортылмай қалғанда аса қажет.

 

Ақ жүзімнің сөлі ағзаны темірмен байытып, шаршауды басса, қызыл жүзім сүт безінің қатерлі ісігін болдырмайды. Жүзімнің бұл түрі антибактериалдық әсерімен танымал. Кез-келген инфекциядан қорғайды. Бір қызығы қартайғанда пайда болатын көптеген дерттерді осы жемістің көмегімен жеңуге болады екен. Мысалы, оның құрамындағы флавомоиттар көздің көру қабілетін жақсартады.

 

Артық салмақтан арылғысы келетіндерге жүзімді көбірек жеген дұрыс дейді диетолог мамандар. Өйткені ол зат айналымын ретке келтіреді. Зәр шығарғыш қасиетінің арқасында бүйрегінде тасы бар адамдарға да тигізер пайдасы көп. Ал, қант диабеті мен асқазан жарасы кезінде жүзімнен бас тартқан жөн.

 

Жуырда американдық ғалымдар қара жүзім шырынының жүрек ауруларына қарсы антикансерогендік ықпалы барлығын растады. Қара жүзім шырынының қан бөгелуіне де қарсы қасиетке ие екенін анықтаған. Джорджтоун университеті ғалымдарының бірі дәрігер Жан Е. Фридман екі апта бойы жиырма адамға күніге екі кеседен күлгін жүзім шырынын берген. Нәтижесінде қандағы Е дәрумені 13 пайызға, қан плазмасының жалпы антикансероген мөлшері 50 пайызға артқан. Бұған қоса, тексеруге алынғандарда қандағы бөгелменің яғни варикоз ауруының анағұрлым реттелгендігі анықталған.

baq.kz

5-04-2018, 04:34