» Материалы за 03.05.2018

«ДАМУ МЕД» ДЕНСАУЛЫҚ ДЕМЕУШІСІ

«ДАМУ МЕД» ДЕНСАУЛЫҚ ДЕМЕУШІСІСоңғы жылдары елімізде интернет желілерінің әлеуеті артып келеді. Осы арқылы халыққа көптеген қызмет түрі қолжетімді болды. Компьютер, смартфондарға түрлі қосымшалар енгізілуде. Сондай игілікті жобаның бірі – облыстық денсаулық сақтау басқармасының «DamuMed» медициналық қосымшасы.

 

Бүгінде емханалар ұсынған әрбір электронды қызметті ыңғайлы және тез алуға мүмкіндік туды. Өйткені, аталған бағдарлама бойынша үйден шықпай-ақ түрлі ақпаратқа қол жеткізуге болады.

Оның басты мақсаты – медицина қызметін халыққа тиімді ету. Мәселен, бұл арқылы үйде немесе жұмыс орнында отырып, дәрігер қабылдауына жазыласың. Ол үшін «Дәрігерге жазылу» батырмасын басу қажет. Айта кету керек, оны пайдаланушы қабылдау күні мен уақытын өзінің таңдауына мүмкіндігі бар.

«DamuMed» ұялы қосымшасына телефон нөмірі мен жеке куәліктің ЖСН нөмірін теру арқылы тіркеледі. Ал, оған кіре алмаған жағдайда телефон нөмірін қосуға өтінім береді. Ол үшін ЖСН нөмірі бар жеке куәліктің фотосуретін түсіріп жіберу керек. Себебі, құжаттың суреті жеке тұлғаны растау үшін және медициналық ақпаратты басқа адамдардан қорғау мақсатында талап етіледі. Өтінішті медициналық ұйым қызметкерлері қабылдап, ұялы телефонға SMS хат арқылы код жолдайды.

Бұл бағдарлама бойынша әрбір адам өзін немесе отбасы мүшелерін дәрігерге қаралуына жазып, дәрігерді үйге шақыруға болады. Сондай-ақ, еңбекке жарамсыздық парағын емханаға бармай-ақ алады. Тағы бір ерекшелігі, дәрігер берген рецепті осы жерден қарайды. Ал, қауіп-қатер батырмасы – белгілі бір санатқа жататын 5 жасқа дейінгі балалар, диспансердің кейбір топтарындағы науқастар, жүкті әйелдердің шұғыл шақыртуын қабылдайды. Сонымен қатар, осы бағдарлама бойынша барлық зертханалық зерттеулердің қорытындысын, лабораторияның нәтижелерін көруге мүмкіндік бар.

Аталған жүйедегі мәліметтер халыққа түсінікті тілде жеткізілген. Оның ішінде жүкті әйелдерге барлық жағдай қарастырылған. Атап айтсақ, мұнда оларға түрлі кеңестер бар. Мәселен, «Апта сайын бала қалай дамиды? Жүкті келіншек қандай тағамдарды тұтыну керек?» деген сауалдарға жауаптар берілген. Сондай-ақ, перзентханаға қандай заттар алып бару қажеттігіне дейін көрсетілген. Әсіресе, бұл – жас аналар үшін қолайлы мүмкіндік.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының кешенді медициналық ақпараттық жүйесінің үйлестірушісі Сарбиназ Баймаханованың айтуынша, бүгінге дейін аймақта медициналық қосымшаны 17387 адам ұялы телефонына жүктеген. Олардың арасында жүкті келіншектер 20,3 пайызды құрайды. Қазір барлық емханаларда аталған ұялы қосымшаны енгізуге кеңінен түсіндірме жүргізілуде. Ондағы мақсат – дәрігердің және емханаға келген емделушінің уақытын тиімді пайдалану.

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.

aqmeshit-aptalygy.kz

3-05-2018, 06:33

«Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аурухананың толық атауы:
«Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі"
 
Егер тарихқа тереңірек үңілсек, ХХ ғасырдың басында, яғни, 1904 жылы Қазалы уезінде халыққа медициналық қызмет көрсету мақсатында амбулатория ашылып, онда 1 фельдшер және 1 акушер жұмыс істеген.
1905 жылы Орынбор теміржол бөлімінің құрылуына байланысты Қазалы уезінде теміржол ауруханасы ашылды. Осы жылы амбулатория 5 (бес) орындық болып қайта құрылды. Бұл ауруханада 3 дәрігер қызмет етті. Үйдегі ауру адамдарды фельдшер маманы ат арбамен аралап, медициналық қызмет көрсетті.
1917 жылы теміржол ауруханасы 40 төсек-орынға көбейтіліп, яғни, сол кезде теміржол жұмысшыларының денсаулығына көп көңіл бөлінген. Жыл өткен сайын теміржол ауруханасы өркендей түсті.
Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде теміржол ауруханасы госпитальға айналған, яғни әр түрлі жарақатпен түскен солдаттарды қабылдап, ем жасаған. Аурухананың жараланған көптеген әскери науқастардың қатарға қайта қосылуына жәрдемі тиген. Сөйтіп аурухана соғыста жеңіске жетуге мол үлес қосқан.
Теміржол ауруханасы 1970 жылы 220 төсек-орынға дейін көбейтілді.
Бүкіл даму тарапында көптеген аурухана бас дәрігерлері орын алмасты, олар - Заколодкин А., Глушко, Степанова Е., Есмагамбетова Б., Қазмағамбетов Ж., Лим В.А., Сансызбаев Қ.
Көп жылдар бойы медицина саласында еңбек етіп, зейнет демалысында жүрген дәрігерлер - Сейсенов А., Канатова Г., Жұбатов А., Тлекешова А.
Бұл уақытқа дейін, теміржол ауруханасы да затына сай атын өзгертті, 2000 жылдың 17 қантардан бастап «Көліктік медицина қызметі» ААҚ басқарма төрағасының №1 бұйрығына сәйкес «Көліктік медицина қызметі» ААҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы құрылды. 2005 жылдың 25 мамырдан бастап «Көліктік медицина қызметі» АҚ басқарма төрағасының №39/17 бұйрығына сәйкес қайтадан тіркеуден өтуіне байланысты «Көліктік медицина қызметі» АҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы болып өзгертілді. 2010 жылдың 12 қантардан бастап «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ директорлар кенесінің №1 хаттамасына сәйкес «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы «Қазалы теміржол ауруханасы» болып қайта ұйымдастырылды.
1996 жылы аурухана жаңа заманның талабына сай ғимаратқа көшіп, талапқа сай медициналық қызмет көрсетуде.
Қазіргі ««Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы Қазалы теміржол ауруханасын, яғни 1994 жылдан бастап осы уақытқа дейін аурухананы басқарып отырған бас дәрігер қазіргі қызмет атауы директор К.Ршымбетов 38 жыл халық денсаулығын сақтауда үздік қызмет атқарған және 17 жыл бас дәрігерлік қызметте іскер басшы, ұйымдастыру жұмысының үздігі. 1987-1991 жылдары Халық депутаттары поселкелік кеңесінің депутаты болды. 2001 жылы «Қ.Р. тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2003-2007 жыл аралығында аудандық маслиханының депутаты болып сайланды. 2004 жылы «Қ.Р.денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған, 2006 жылы Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті "Аудан деңгейінде емдеу – диагностикалық жұмыстарына жаңа технологияларды белсенді енгізу” номинациясы бойынша дипломмен марапатталды, 2006 жылдың қортындысы бойынша аудан әкімінің дипломымен "Жыл дәрігері”номинациясы бойынша марапатталды. 2007 жылы Астана қаласында өткен "Қазақстанның провизорлармен дәрігерлердің ІІІ-съезіне” қатысты. 2011 жылы Гонконг қаласына тәжірибе алу үшін «медициналық мекемелерін басқару» мамандандырылған іскер бағдарламасына қатысты. 1981 жылдан І санаттағы дәрігер терапевт. 1996 жылдан жоғарғы санаттағы дәрігер терапевт, 2006 жылдан І санаттағы әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігер. Үнемі білімін жетілдіріп отырды.
Филиалда директордын орынбасарлары Адаев С.А.- емхана жөніндегі орынбасары, Дәрібай А.А.- емдеу жөніндегі орынбасары.
2002 жылы «Денсаулық жылы» қортындысымен, дәрігер Дәрібай АА «Ерен еңбегі үшін» медалымен мараматталды.
2005 жылы дәрігер акушер гинеколог К.Еспаев «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Ауруханада білікті тәжірибиесі мол мамандар еңбек етеді – Сәрсенбаев Қ.Б., Елеуов Ж.Б., Еспаев Қ.К., Каликов Қ.О., Төребай М., Дәрібаев Е.Т., Ахмет С.А., Байбазарова Ш., Тулегенов С.Т., Медетбаева Ш., Капаш А., Айжарыкова Б., Кулбаева А., Досбергенова Ж., Есенеев А., Артыкбаев С., Карибаев Н атты дәрігерлеріміздің есімі теміржолшылардың арасында ғана емес, бүкіл халыққа белгілі. Мекеменің есеп қисап бөлімін жүргізетін есеп бөлімі бар бас есепшісі Жақсылықова К.К.
Қазір аурухана 100 төсекке есептелген. Жаңа типті 1996 жылы берілген ғимаратта ораналасқан, оның ішінде терапия бөлімі 35 орындық, хирургия бөлімі – 15 төсектік, неврология бөлімі – 20 төсектік, гинекология бөлімі – 20 төсектік, балалар бөлімі – 10 төсектік, 25 төсектік күндізгі аурухана және қосымша лаборатория, рентген кабинет, физиотерапевтический кабинет, ЭКГ, УЗИ диагностика, ФГДС кабинеті УЗДГ, ИФА зертханасы, және өзінің наубайханасы, кір жуатын бөлімі, гараж, асханасы орналасқан. Аурухана толық жұмсақ, қатты заттармен жабдықталған. 01.03.2004ж. бастап сервистік қызмет көрсететін әр бөлімшеде палаталар ашылған, ішінде телевизор, мұздатқыш, санитарлық бөлмелер, «Аристон» арқылы берілетін жылы су, төсек, шайлық сервиз, паластар бар.
Ауруханада – жаңа типті мед.аппаратура бар, рентген, УЗИ аппарат, ФГДС аппараты, эндовидеолапороскопиялық аппаратура бар, «Лазер», «Галомед» аппараттары және гистероскопия жасайтын аппарат, физиотерапиялық бөліміне жаңа аппараттар алынды, УЗИ (ингаляция жасайтын, тоқпен емдейтін, түрлі аппаратуралармен жабдықталған), және емдік дене шынықтыру аппараттары орналасқан Аурухананың ішінде столярный және токарный станоктар орналасқан, оның ішінде ауруханаға қажетті жабдықтар жаңадан жасалып, керекті жөндеуден қатты заттар (стол, есік, орындықтар, және т.б.) өткізіледі.
Қазіргі таңда ауруханада 294 адам қызмет жасайды, оның ішінде 231 адам әйел: Дәрігер –39 оның ішінде І-санатты – 25 адам, ІІ-санатты – 3 адам, мейіркештер – 148 (осының ішінде линияда қызмет жасайтын мед.қызметкерлер –32 адам) жоғарғы санатты –7 адам, І-санатты – 73 адам, ІІ-санатты – 14 адам, тазалықшы 55 адам, шаруашылық бөлімі – 42 адам, әкімшілік бөлімі – 10 адам.
Аурухананың өркендеп өсуіне дәрігер қызметкерлерімізбен бірге орта буынды қызметкерлер, яғни фельдшер мен мейіркештердің еңбегі зор болды.
Атап айтқанда –рентген лаборант Қараноғаев Қ., Казыбаев Г., мейіркештер: Орманова С., Андреади Е., Жаксылыкова Р., Досанова С., Ажимбетова Г., Игиликова А., Жалғасбаева К., Абдуллина Р., Кулсейтова К., Алмагамбетова Р., Жақсыбаева А., Қарабалаева Б., Нарымбетова Ұ., Мырзагулова Г., Жұбанышева М., Базарбаева К., Садыкова С., Аймагамбетова У., Аханова Г., Далекенова Ұ., Айтуғанова А., Жалгасбай Ж., Адиева У., Укумова Ж., Ашыкбаева М., Танатова Г., Жарман Р., Джелдербаева Т., Сейтмамбет К., Жәрімбет Г., Маханова О., Салмырза Ә., Мусаева Х., Жумабаева У., Абжанова А., лаборанттар: Ипатурова Ж., Бакберген А., Беринбаева Б., Бисенова У., Байдильдаева К., Жайназарова З., Ли Надежда., акушеркалар: Есекешова К., Турдыгулова У.
Қазалы теміржол емханасының негізгі міндеті-теміржолшылар мен олардың жанұясына, зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсету. Жалпы медициналық көмек көрсету, профилактикалық жұмыс жасау аралығы Сексеуіл-Жосалы аралығындағы елді мекендерді (разъезд) қамтиды.
Бүгінгі таңда брлық халық саны – 18139, оның ішінде жұмыс жасайтындар-4888, олардың от басы -13596, зейнеткерлер-2098.
Емхана бөлімі – қуаттылығы 400-450 адамға арналған, 15 төсектік күндізгі аурухана жұмыс жасап тұр. Барлық мамандар жұмыс істейді-терапевт, хирург, гинеколог, ЛОР, рентгенолог, онколог, окулист, кардиолог, пульмонолог, эндокринолог, ішінде лаборатория, физиотерапиялық кабинет, ЭКГ, ФГДС, УЗИ, ЭЭГ, маммографиялық, рентген, стоматология кабинеттері. Жанұялық линиялық амбулаториясы бар. Бір аға дәрігерімен, 7 терапиялық, 8 балалар аймағы бар, 3 өндірістік дәрігерлер жұмыс істейді. Емхананың әр кабинетінде денсаулық сақтау министірлігінің лицензиясы алынған.
Елді мекендерге алғашқы медициналық көмекті жақсарту және жақындату мақсатында бір линиялық дәрігерлік амбулатория , 4 фельдшерлік пункт, 7 медициналық пункт жұмыс жасайды.
Жыл сайын ауруханамыз көркейіп, жаңа жабдықтармен медициналық аппараттармен жабдықталады.            Соның алғашқысы – Италия мемлекетінен шыққан «MELODV» маркалы маммограф аппараты. Бұл туу жасындағы және 35 – 49 жас аралығындағы әйелдердің сүт безі ауруларын тексеріп, мастопатияны қатерлі ісіктерді жаңа басталып келе жатқан кезінде анықтай алады.Австриядан шыққан ИФА аппараты да ерекше жетілдірілген. Бұл жүктіліктің 20 – шы аптасынан бастап шарананың түрлі жұқпалы аурулар мен кемістерін анықтайды. Сонымен бірге әйелдер мен еркектердің жыныстық гармондарын, жұқпалы ауруларын, гепатит аурулары түрлерін зерттейді.
Америка Құрама Штаттарынан жеткізілген «NICOLET COMPANION» маркалы ультрадыбысты доплерограф аппаратының атқаратын қызметі зор. Осы арқылы бас, ми қабының жабық және ашық жарақаттарынан кейінгі өзгерістер, бас, ми қысымының жоғарылауы, жедел және өтпелі ми – қан айналысының бұзылуы, ұйқы артерияларының окклюзиясы, мойын омыртқа артерияларының қосылуы мен тарылуы, қол басы артерияларының ангиопатиялары, аяқ қан тамырларының ангиопатиялары, цереброваскулярлы ауруларының дәл анықтауға болады. Сондай – ақ артериялық гипертензия, қант диабеті, жедел түрде болған қан айналуының бұзылысын диагностикалық анықтауға көмектеседі және 2006 жылдың қыркүйек айында жаңа екі аппарат алынды - Цифровой УЗИ, , гастрофиброскоп (Япония) . Плазмафарез аппараты 2007 жылдың қантар айының 13 күні іске қосылды. Аталған жаңа аппараттардың сертификаттары бар, мамандары оқыған.
Монитор ЭКГ холтеровский компьютеризированный носимый МН-02 «Валента» «Россия» аппарат 2007 жылдан бастап іске қосылған. Аталған жаңа аппараттардың сертификаттары бар, мамандары оқыған.
Электрокардиограф «ЭК-3Т-01-«Р-Д»» «Россия» аппарат 2007 жылдан бастап іске қосылған. Аталған жаңа аппараттардың сертификаттары бар, мамандары оқыған.
Проявочный процессор (Китай) 2007 жылдан бастап іске қосылған. Аталған жаңа аппараттардың сертификаттары бар, мамандары оқыған.
ВС-3000 Автоматический гематологический анализатор (Китай) 2007 жылдың қараша айынан бастап іске қосылады. Аталған жаңа аппараттардың сертификаттары бар, мамандары оқыған.
ВА-88 Полуавтоматический биохимический анализатор (Китай) 2007 жылдың қараша айынан бастап іске қосылады. Аталған жаңа аппараттардың сертификаттары бар, мамандары оқыған.
Бір орындық Барокамера ОАК-мт халыққы қызмет көрсетеді 2007 жылдан бастап.
Соңғы жылдары (2010-2011) ауруханаға жаңа типті медициналық аппаратураларының жиынтығы алынып, маман дәрігерлері жұмыс жасауда. Алынған аппараттар:
2010 жылы партотивті Эхоэнцефалограф «Сономед 315-Р», Офтальмоскоп, Электроэнцефалографический «Мицар-ЭЭГ-201», Стерилизатор ВК-75, Аппарат ударно-волновой терапии BTL-5000 SWT POWER, Аппарат механотерапевтический с использованием длинноволнового инфокрасного излучения «Серогем-И3500), Прибор д/комб физиотерапии портативный, Аппарат искусственной вентиляции легких РО-6-06 с наркозным блоком и отсасывателем, для анестезии с современной технологией, BTL-400 COMDI прибор Д/Комб физиотерапевтический, Стерилизатор паровой ВК-75-01, Рефрактометр, Весы настольные электрические претензионные до 600гр, Электронагреватель трубчатый ТЭН 160.02.000 220В, 50Fц 3кВт для дистиллятора АЭ-25МО, Облучатель стационарный ультрафиолетовый «Тубус- кварц» УГН-01М, Рентгеновский диагностический комплекс Г52-8С, Стерилизатор ГР-40,
2011 жылы Камера «Панмед», Цистоскоп универсальный ЦУ-1, Рефрактометр ИРФ-454, Монитор пациента, Стоматологическая установка, Электроскальпель-коагулятор ЭХВЧ-400 в комплекте с электродами «Никтор», Индикатор внутриглазного давления ИГД-02ПРА, Фотоактиватор «Эстус ЛЭД-Алладин» безпроводной, Электронные настольные весы для новорожденных В1-15 «Саша», комплект изделий для обработки костных тканей со встроенным электродвигателем КОКТ-ЭД-"ДЕОСТ" (пила, источник питания), Стоматологическая установка, обкаточная машина для обжима копачков, зуботехнический вращательный стул, Настольная зубтехническая бормашина
 
 
 
Директоры                                              Құбыл РШЫМБЕТОВ
 
Реквизиттері. Мына жерде: REKVIZITY.pdf [64,12 Kb] (cкачиваний: 0)
3-05-2018, 06:03

Байланыстар

[thumb=left]http://kazaly-jdb.kz/uploads/posts/2014-09/1411403486_adm-korpus.jpg[/thumb]

«Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Біздің мекен-жайымыз:
120400, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті,  Ерімбет Көлдейбекұлы көшесі, 92

Байланыс телефоны:

Филиал директорының қабылдау бөлмесі тел./факс 8 (72438) 21 - 0 - 11, 21 - 8 - 42

E-mail: medtranskz@mail.ru

Веб - сайт: kazaly-jdb.kz

Реквизиттер 
 
Мына жерден қараңыз: REKVIZITY.pdf [64,12 Kb] (cкачиваний: 0)

         





3-05-2018, 06:00