» Материалы за Шілде 2018 года

Медициналық ұйымдардағы қағазбастылыққа тыйым салынады

Медициналық ұйымдардағы қағазбастылыққа тыйым салынады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық мекемелердегі қағаз түріндегі құжат айналымға тыйым салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы, еліміздің медициналық ұйымдары электрондық форматқа ауысып жатыр, яғни медициналық құжатнама электрондық нұсқада жүргізіледі. Осы орайда қағаз түріндегі амбулаторлық карталардан бас тартамыз. Сонымен бірге, медициналық ұйымдар жүргізетін белгілі бір статистикалық құжаттар да электрондық форматта болады. Алдағы жылдың 1 қаңтарынан медициналық ұйымдарда қағаз түріндегі құжат айналымы болмайды деп қарастырып отырмыз», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева ведомствоның Фейсбуктегі парақшасындағы сауалдарға жауап беру кезінде.

Осы орайда ол қазіргі кезде азаматтарға дәрігерге жазылу, дәрігерді үйге шақырту мен медициналық ұйымға тіркелу секілді онлайн қызметтер қолжетімді екенін еске салып өтті.

«Цифрландыру медициналық ұйымдардың жұмысын жеңілдетеді. Еліміздің әрбір азаматы денсаулығының электрондық паспортын алады. Ол қай жерде ем қабылдаса да, барлық мәліметтер оның жеке кабинетіне енгізіледі. Бұл өз кезегінде басқа дәрігерге барған кезде ем-дом шараларын жеңілдетеді», - деді ол.

http://www.syrboyi.kz/kogam/22843-medicinaly-yymdarday-aazbastylya-tyyym-salynady.html
27-07-2018, 05:57

СУДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!

СУДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!


Қала маңындағы суға түсуге тиым салынған аймақтарда кезекшілік жұмыстары жолға қойылған. Оған төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен күш құрылымдары тартылған. Алайда ескертуді елемейтіндердің кесірінен суға кету фактісі азаймай отыр. Осылай деген қала әкімінің орынбасары Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында тілсіз жаумен күресте жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Жыл басынан қала бойынша суда қаза болғандардың саны 9 адамға жеткен. Оған себеп белгіленбеген жерлерде мезгілсіз суға түсумен байланысты дейді төтенше жағдай қызметкерлері. Дария бойында суға түсуге қауіпті аймақтарда қалалық жергілікті полиция қызметі, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы, Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы және қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен рейд жұмыстары жүргізілуде.

Рейд жұмыстары барысында қауіпті деген су айдындарында шомылып жатқан 500-ден астам азаматқа ескерту жасалып, үйлеріне қайтарылды және 2 азамат суға батып бара жатқан жерінен құтқарылды.

https://syr-media.kz/news/4639-suda-abay-bolyyzdar.html
26-07-2018, 09:49

ЖАҢА ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР ҚОЙЫЛДЫ

ЖАҢА ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР ҚОЙЫЛДЫ

Қызылорда облысының 15 емдеу алдын алу ұйымдары заманауи телемедициналық қондырғылармен жабдықталды. Ол үшін облыс қазынасынан 21 208,0 мың теңге қаржы бөлінді.

2006 жылы облыстық медицина орталығына орнатылған телемедициналық қондырғылар, облысқа қарасты 7 аудандық ауруханалармен және Астана мен Алматыдағы ғылыми орталықтармен байланыса алатын еді. 12 жылдан астам науқастардың денсаулығын саралауға қызмет көрсеткен қондырғылар техникалық тұрғыда көнере бастады. Шет елдің және ірі ғылыми орталықтармен байланысудың шектеулі болуы, тіпті облыстағы өзге де салалық емдеу ұйымдарымен байланыстың болмауы кедергілер тудыра бастады. Тығырықтан шығудың мақсаты қойылды. Ол үшін 2018 жылдың 1 тамызына дейін салалық 6 емдеу және 8 аудандық ауруханалар базасында соңғы үлгідегі телемедициналық қондырғыларды орнату.

Бүгінгі күні жоба өз мәресіне жетті. Облыстық медицина орталығы, онкология, туберкулезге қарсы диспансер, перинаталды орталық, балалар ауруханасы, жұқпалы аурулар ауруханасы, қалалық аурухана заманауи бейне камералар, мониторлар және өзге де қажетті құрылғылармен жабдықталды. Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандық ауруханалары мониторлар және өзге де қажетті құрылғылары жаңартылды. Ендігі кезекте, телемедициналық байланыс арқылы аталған емдеу ұйымдары өз ара және өзге де ғылыми орталықтармен жылдам әрі үзіліссіз тікелей байланыса алады. Медицинаның соңғы жетістіктерін пайдалану, жылдам ақпарат алысу, науқастарды қозғамай кеңес алу, мамандардың жұмыс орнында тұрып білімін көтеруі, тәжірибе алмасуы қажеттілігі артатын болады.

Медицина – сәт сайын дамып отыратын ғылым. Ғылымның дамуы техникалық өзгерістерге әкеледі. Техниканың соңғы жетістігі – науқастарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады. Облыстың емдеу ұйымдарына орнатылған телемедициналық байланыс – халықтың игілігі үшін жасалған шара.

ЖАҢА ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР ҚОЙЫЛДЫ
ЖАҢА ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР ҚОЙЫЛДЫ

https://syr-media.kz/news/4606-zhaa-telemedicinaly-ondyrylar-oyyldy.html

25-07-2018, 10:07

Қалалық ауруханаға жаңа аппарат орнатылды

Қалалық ауруханаға жаңа аппарат орнатылды

Қызылорда қалалық ауруханасының материалдық-тех­никалық базасы жаңа құрал-жабдықтармен толықты. Соның ішінде рентгенологиялық денситометр, «TRITON» тракциялық құрылғысы, логопедиялық жаттықтырушы (Дельфа 142,1) аппараты облыс бойынша осы ауруханада ғана бар.

Денсаулық сақтау министр­лігі елімізде медициналық рентген­ологиялық қызмет көрсе­тудің сапасын арттыру, озық тәжірибені енгізу мақсатында жұмыс жүргізуде. Айталық, остеопорозды анықтаудың бір ғана стандартты жолы бар. Сүйектің минералды тығыздығының жағдайына нақты диагностиканы рентгенологиялық денситометр аппараты ғана жасай алады. Компьютердегі арнайы бағдарламаға науқастың туған жылы, бойы, салмақ өлшемдері енгізіледі. Құрылғы осы мәліметтерді қорытып, науқастың сүйек бөліктерін тексеріп, сүйек құрамындағы жетіспеушіліктің нақты мөлшерін, тиісті көлемі қандай болу керегін анықтап береді. Ревматолог-мамандар Оңтүстік Корея елінде жасалған бұл құрылғының сүйек құрамын зерттеуде таптырмас мүмкіндік болғанын айтады.

– Сүйектің тығыз болуы үшін кальций үлкен рөл атқарады. Сондықтан оның мөлшерін үнемі анықтап отыру қажет. Бұл, әсіресе, әйел адам­дар үшін аса маңызды. Зерттеу 15 пен 95 жас аралығындағы оптималды сал­мағы 200 ке­ліге дейінгі аза­маттарға жа­салады. Құрылғы арқылы ағзаға түскен сәуленің ешқандай қаупі жоқ. Бұрын рентгеннің көмегіне жүгінетін едік. Оның өзінде тек болжалды қорытынды жасайтынбыз. Қазір ауруханадағы рентгенологиялық денситометр аппаратының көмегіне тәулігіне 15 шақты адам жүгінеді, − дейді қалалық аурухананың дәрігер-ревматологы Гүлназым Қожахмет.

Айта кетейік, бүгінде аймақ бойынша буын ауруларын емдейтін ревматология бөлімі қалалық ауруханада ғана бар. Алдағы уақытта қалалық аурухананың материалдық базасы әлі де жаңартылатын болады.

А.Нұртайқызы

http://www.syrboyi.kz/negizginews/22707-alaly-auruhanaa-zhaa-apparat-ornatyldy.html
24-07-2018, 16:05

АПТАП ЫСТЫҚТАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

АПТАП ЫСТЫҚТАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

Аптап ыстықта адамның дене температурасы 37,1ºС-ден жоғары немесе 38,8ºС болады. Бұл денсаулыққа қауіпті. Адамның жылулық шекті күйі ұзақ уақыт бойғы және қатты ысу кезінде пайда болады, нәтижесінде күн өтіп, жүрек жұмысы нашарлауы мүмкін. Адамның ысып кетуі мынадай белгілерден байқалады: терінің қызаруы, кілегей қабықшаларының құрғауы, шөл. Адам есінен танып, тынысы тарылып, жүрегі тоқтауы мүмкін.

Құрғақшылыққа (аптап ыстыққа) қалай дайындалуға болады? Қосымша су құюға арналған ыдыстар алып, оларды суға толтырып қойыңыз. Аптап ыстыққа арналған киім, тұрмыстық электр құралдарын (желдеткіштер, кондиционерлер) дайындап қойыңыз. Егер сіз ауылдық жерде тұрсаңыз – онда бастырма, сәкі, құдық жасаңыз, терезеге қалың перделер іліңіз. Мүмкіндігінше, электртұрмыстық құралдарының жұмысын қамтамасыз ететін автономды электрэнергия көзін сатып алыңыз. Суды ысырапсыз пайдаланыңыз. Аптап ыстық кезінде өзіңіз шара қолдана біліңіз және отбасы мүшелеріне үйретіп қойыңыз.

Құрғақшылық кезінде не істеу керек? (аптап ыстықта). Жоғары температураның әсер етуінен сақтаныңыз. Ашық түсті ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған), басыңызға міндетті түрде баскиім киіп жүру керек. Есіңізде болсын, күнге күйген теріден тер бөлінбейді және ол салқындатылмайды. Асықпай жүріңіз, негізінен көлеңкеде болуға тырысыңыз. Сыра не басқа алкогольді сусын түрлерін ішпеңіз, бұл ағзаның жалпы жағдайын нашарлатады. Аптап ыстық кезінде сізге қосымша тұз қолдану бойынша дәрігермен кеңесіңіз. Жылу әсер етсе, көлеңкеге немесе желге шығыңыз, душқа түсіп, асықпай көп мөлшерде су ішіңіз. Күн өтуден сақтану үшін денеңізді суытуға тырысыңыз. Егер қасыңыздағы адамдардың бірі есінен танып қалса, онда көмек көрсетіңіз (жүрегін уқалап, қолдан тыныс алу жасаңыз).

Егер сіз күн ыстықта жұмыс жасасаңыз. Кондиционер астында отыруға болмайды. Кеңсеге терлеп кірген бойда кондиционер астына барып отырсаңыз, кем дегенде мұрныңыз пысылдауы мүмкін, әйтпесе, радикулит пен пневмонияға шалдығасыз. Тіпті ең ыстық деген күннің өзінде кондиционерді 18 градустан төмен түсіруге болмайды. Ең тиімдісі – дала мен ғимарат ішіндегі температура айырмашылығының 10 градустай болғаны.

Көп жұмыс істеуге болмайды. Көп адамның демалысты жазда алатыны бекер емес. Өйткені ыстықта жұмыс жасау ыңғайсыз. Ауа температурасының 26 градустан әрі қарай әр градусқа жоғарылауы адамның жұмыс жасау қабілетін шамамен 10 пайызға төмендететіні дәлелденген.

Қоғамдық көліктерге мүмкіндігінше мінбеуге тырысу керек. Жабық кеңістікте оттегінің жетіспеушілігі байқалады. Нәтижесінде адам есінен танып, басы айналады, гипертониялық күйзеліс жағдайлары болуы мүмкін. Сондай-ақ ыстықта, қысқы суыққа қарағанда түрлі жұқпалы аурулар тез тарайды.

Егер Сіз автокөлік жүргізушісі болсаңыз. Жолға өзіңізбен бірге салқындатылған сусындар алып жүру керек. Дене ысып, өзіңізді нашар сезінсеңіз, онда көлеңкеге тоқтап, демалып алыңыз.

Автокөліктен шығып, далада жүре тұрыңыз, сол уақытта көлігіңіздің барлық терезелерін ашып қойыңыз. Өзіңізді жақсы сезінгеннен кейін ғана көлік айдауды жалғастырыңыз. Балаларды ешқашан жабық көлікте қалдырмаңыз.

Жолда қолайсыз жағдайларға тап болмайын десеңіз, мынадай кеңестерді есте сақтаңыз: көлікте салқындатқыш немесе климат-бақылау болса, оны ағзаңызға суық тигізбейтіндей ысырапсыз пайдаланыңыз, саяжайға немесе қала сыртына демалуға шығыңыз, аптап ыстықта мойынға дымқыл орамал тағып алуға да болады, ысып кетсеңіз онда су алдына тоқтап, қолыңызды шынтағыңызға дейін салқын сумен жуыңыз, жеңілденесіз, көлікті көлеңкеге қойыңыз, қозғалтқыштың салқындауын қадағалаңыз, ең бастысы – таза радиатор; антифриздің температурасы термометр сызығының қызыл сызығынан аспауын үнемі қадағалаңыз.

 

Massaget.kz



10-07-2018, 04:34

Бір көзден сатып алудың қорытынды №30 хаттамасы

Бір көзден сатып алудың қорытынды №30 хаттамасы. Мына жерден көріңіз.Protokol-30-sposobom-iz-odnogo-istochnika.pdf [160,74 Kb] (cкачиваний: 4)
2-07-2018, 17:10

Бір көзден сатып алудың қорытынды №29 хаттамасы

Бір көзден сатып алудың қорытынды №29 хаттамасы. Мына жерден қараңыз.Protokol-29sposobom-iz-odnogo-istochnika.pdf [170,56 Kb] (cкачиваний: 0)
2-07-2018, 17:08

Бір көзден сатып алудың қорытынды №31 хаттамасы

Бір көзден сатып алудың қорытынды №31 хаттамасы. Мына жерден қараңыз.Protokol-31-sposobom-iz-odnogo-istochnika.pdf [168,68 Kb] (cкачиваний: 0)
2-07-2018, 11:12