» Материалы за Қазан 2018 года

1368 әйелден сүт безі қатерлі ісігі анықталды

1368 әйелден сүт безі қатерлі ісігі анықталды

Qyzylorda Tv

 

Жыл басынан бері облыста 1368 әйелден сүт безі қатерлі ісігі анықталды. Бұл скринингтік тексерістің нәтижесінде белгілі болды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары тексерістен тұрақты өтудің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Ескерту – түзетуден оңай» ұранымен 10 күндік акция өткізді.


25-10-2018, 19:53

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ЖАҢҒЫРМАҚ

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ЖАҢҒЫРМАҚ

Қазіргі таңда, медициналық көмек көрсетуде облыс тұрғындарын электронды төлқұжаттармен қамту 95,6% құрап отыр.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз – конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Баян Бурамбаева мәлімдеді.

«Электронды денсаулық төлқұжатының көмегімен дәрігерлер пациенттің денсаулық жағдайы, оның анамнезі, созылмалы аурулары, препараттарды қабылдау аллергиясы туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады. Көмек көрсету жері мен медициналық ұйымдарда пайдаланатын ақпарат жүйесіне қарамастан адам денсаулығы туралы барлық түйінді мәліметтер бір базада жиналады. Нәтижесінде пациентке дәрігерге баруды алдын ала жоспарлау, электрондық жолдамалар мен талдау нәтижелерінің есебінен дәрігерге барудың санын 2 есе қысқарту, дәрігердің пациенттің денсаулығы туралы ақпаратты бір жерге жинақтау және дәрігерлер мен орташа медицина персоналының еңбегін оңтайландыруға мүмкіндік береді», - деді Б. Бурамбаева.

Сондай-ақ, баспасөз – конференциясы барысында облыстық онкология орталығы директорының орынбасары Жандос Әділхан өз саласында атқарылып жатқан жұмыс барысымен алдағы жоспарларды баяндады.

«Жолдауда көрсетілгендей, облыста онкологиялық қызметті жетілдіру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Қызылорда қаласының солжағалауында салынуға жоспарланған онкологиялық профильді көпсалалы 300 төсек орындық аурухананың жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге 150,5 млн. теңге қаржы бөлініп, жыл соңына дейін жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама қорытындысы алынатын болады. Облыста онкологиялық аурулардың алдын алу, оларды емдеуде көптеген тың тәсілдер енгізіліп отыр. Өздеріңізге белгілі, 2016 жылы онкологиялық орталықта паллиативтті көмек көрсететін бөлімше, 2018 жылы диагностикалық палаталар ашылды. Диагностикалық палаталар арқылы қысқа уақытта күмәнді онкологиялық ауруларды анықтауға қол жетсе, паллиативті көмек ІҮ сатыдағы онкологиялық сырқаттардың толық ем алуына жағдай туғызды.

Сонымен қатар, биыл аймақ басшысының қолдауымен облыстық онкология орталығы Корея елінің жетекші клиникаларымен меморандумға отырды. Жыл бойына Корея елінің профессорлар мен білікті дәрігерлері, облысымызға келіп, науқастарды қарап, оталар жасаса, зертханалық тұрғыда да тәжірибе бөлісті», - деді Ж. Қойшыбайұлы.

 

https://syr-media.kz/news/6269-densauly-salasy-zhayrma.html


25-10-2018, 13:23

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ


Медициналық қызметтердің сапасы мен көлемінің мониторингі дәлелді медицина принциптеріне, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібін, стандарттарын және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін регламенттейтін денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес медициналық қызметтерді көрсету сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Филиалда білікті мамандар бар, олар нақты уақыт режимінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге тұрақты түрде сараптама жүргізеді.

Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді орындау мониторингі тиісті ақпараттық жүйелерде және денсаулық сақтау субъектісіне бару жолымен жүргізіледі.

Ақпараттық жүйедегі Мониторинг күнделікті негізде медициналық көмек көрсету ақауларын растау немесе қабылдамау жолымен жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау субъектісіне бару жолымен ағымдағы мониторинг Қор филиалының басшылығы бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Мониторинг барысында медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша анықталған проблемалар:

БМСК деңгейінде:

- Кадрлардың жеткіліксіздігі, әсіресе қалалық БМСК объектілерінде, кейде 70% - ға дейін және дәрігерлік аймақтың жоғарғы тығыздығы.

- шұғыл емдеуге жатқызу кезінде алғаш рет анықталған ауруларды уақытылы диспансерлік есепке алу мақсатында стационарлық, стационарлық-алмастыратын көмек және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін кейбір медициналық ұйымдар арасындағы сабақтастықтың әлсіздігі.

- Диспансерлік бақылауға жататын пациенттерді динамикалық бақылаудың және тағайындалған емнің тиімділігін бақылаудың, зертханалық және аспаптық бақылау зерттеулерінің уақтылы тағайындалуының жеткіліксіз сапасы.

стационар деңгейінде:

- 5% - ға дейін науқастар айғақсыз немесе сәйкес емес бейін бойынша ауруханаға жатқызылды;

– Емдеу-диагностикалық іс-шаралардың Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан негізсіз ауытқу жағдайлары, бұл өз кезегінде емдеудің жеткіліксіз сапасына және емделушінің емдеу нәтижесімен қанағаттанбауына әкеп соғуы мүмкін.

2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 53 денсаулық сақтау объектісі бойынша жұмыс жоспарына сәйкес мониторинг жүргізілді.

Филиалмен жүргізілген сапа мен көлем мониторингінің және КООЗ сапасының сыртқы сараптамасының нәтижелері бойынша жалпы сомасы 427 158 409,9 теңгеге медициналық көмек көрсетудің ақаулары анықталды.

Мониторинг нәтижелері бойынша ұсталған барлық қаражат халыққа сапалы көмек көрсететін басқа медициналық ұйымдар арасында қайта бөлінеді, яғни айыппұл санкцияларының сомасы салаға қайта инвестицияланады.

Филиал пациенттің құқықтарын қорғау мақсатында және болашақта облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту және көлемін пәрменді бақылау бойынша өз жұмысын жалғастырады.

 

Гульнара КЕНЖЕБАЕВА,

КЕАҚ "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҚФ медициналық қызмет сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы.

https://syr-media.kz/news/6256-medicinaly-yzmetterd-sapasyna-monitoring-zhrgzld.html

24-10-2018, 13:27

РЕСЕЙЛІК ҒАЛЫМДАР АНА СҮТІН ОБЫРДЫ (РАКТЫ) ЕМДЕУГЕ ҚОЛДАНАДЫ

РЕСЕЙЛІК ҒАЛЫМДАР АНА СҮТІН ОБЫРДЫ (РАКТЫ) ЕМДЕУГЕ ҚОЛДАНАДЫ

 


 

Ресей Ғылым Академиясы (РҒА) Сібір Бөлімшесі (СБ) химиялық биология және фундаменталды медицина институты (ХБжФМИ) ана сүтінен бөлінген ерекше антиденелерді алу үшін жұмыс істеуде деп жазады "Российская газета". Ғалымдардың пікірінше, антидене обырлық кеселдерді еңсеруге ерік береді.


Кәдуілгі антидене бірдей байланыстырушы орталықтарды иеленеді. Алайда олар кейде обырлық торшалармен байланысу үшін жетіспейді. Мұнда, белгілі болғандай адамның денесінде екі түрлі байланыстырушы орталығы бар бейерекшеліктік (биспецификалық) антиденелер болады. Егер оларды обырлық торшаларға бағыттаса, онда ракты барынша ықпалды танып-білудің жолы ашылады. Бұл- иммундық терапияның жаңа сатысы.


РҒА СБ ХБжФМИ ғылыми қызметкері Сергей Седых былай түсіндіреді: "Ана сүтіндегі 50%-ке дейінгі антидене бейерекшеліктік. Бұл өз бетінше "қос қолды бандиттер" антигендерді организмнен барынша ықпалды шығаруға қабілетті ". Айта кету керек, ана сүтінің к-казеинінің фрагменті – лактаптиннің негізінде жасалған препарат бұрыннан бар. Ол обырлық торшаларда бағдарланған өлім процесін іске қосады.

 

«Syr medicinasy - ақпарат»

 

Дереккөз:http://www.meddaily.ru/article/24oct2018/ihbifm

19-10-2018, 11:58

"ҰЗАҚ ЖАСАУ КОКТЕЙІЛІН" ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ТЕСТТЕН ӨТКІЗДІ

"ҰЗАҚ ЖАСАУ КОКТЕЙІЛІН" ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ТЕСТТЕН ӨТКІЗДІ


 

Мамандар Caenorhabditis elegans (C. elegans) құртының өмір сүру ұзақтығын арттыратын және қартаю жылдамдығын төмендететін препараттар комбинациясын тапты. Яғни, құрттар өз денсаулығын ұзақ сақтап өмір сүре алады деп атап өттіMedical Expressбасылымы. Ал бұл Жер тұрғындарының арасында кәрі адамдар процентінің өсуін ескерсек, аса маңызды.

Ғалымдар өмір ұзақтығымен сабақтас алуан түрлі биологиялық механизмдерге әсер ететін препараттарды пайдаланды. Мысалы, препараттардың арасында рапамицин бар. Бұл бұйымды дәстүрлі түрде ауыстырылған ағза кері итерілмеуі үшін қолданады. Алайда аталған бұйым C. Elegans құртының да, жеміс шіркейлерінің де және тышқандардың да өмірін ұзартатыны жөнінде деректер бар.

Мамандар соңғы зерттеулер шеңберінде екі немесе үш қосындының комбинациясын қолданды. Нәтижесінде құрттардың өмірін ұзартып қана қоймай, сондай-ақ оларды дені сау ететін препараттардың екі жұбы бөлініп алынды. Ал үшінші қосындыны қосқанда өмір ұзақтығын тіпті екі еседей ұлғайтуға қол жетті. Кері әсерлер анықталмады.

 

«Syr medicinasy - ақпарат»

 

Дереккөз:http://www.meddaily.ru/article/23oct2018/kkte

15-10-2018, 05:57

НЕВРОЛОГТАР: КӘРІЛІК АЛЖУДЫҢ СЕБЕБІ ВИРУСТАН БОЛУЫ МҮМКІН

НЕВРОЛОГТАР: КӘРІЛІК АЛЖУДЫҢ СЕБЕБІ ВИРУСТАН БОЛУЫ МҮМКІН

 

1-ші типтегі қарапайым герпес вирусы (HSV1) Алцгеймер дертінің дамуының негізгі факторы болып табылады дейді Манчестер Университетінің профессоры Рут Ицхаки. Бұл ғалым әйел деменция мен вирустың байланыс мәселесімен 25жылдан бері айналысып келеді деп хабарлайды New Atlas.

Жуықта Тайванда жинақталған деректер көпшілік назарына ұсынылды. HSV1 вирусын жұқтырған адамдарда кәрілік алжудың даму қауіпі жоғары болып шықты. Сондай-ақ вирусқа қарсы терапия жұқпаланғандардағы сол қатерді анағұрлым жеңілдетуге мүмкіндік береді екен.

 

Сонымен, 50 жастан арғы және денесінде вирусы бар 8000-нан астам адамның мәліметтері жинақталған. Бақылау тобы ретінде вирус жұқтыру белгілері жоқ шамамен 25000 адам болды.

 

10 жылғы бақылау барысында анықталғаны: бірінші топтағы адамдарда деменцияның даму қауіпі 2,5 есе артқан. Бірақ вирусқа қарсы дәрілік бұйымдарды қолдану бұл қауіпті 10 есе азайтқан.

 

 

«Syr medicinasy» - aqparat

 

Дереккөз:http://www.meddaily.ru/article/23oct2018/ystraslaboy

9-10-2018, 11:38