» Материалы за 01.11.2018

ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК ҮШІН “1439” БІРЫҢҒАЙ ҚЫСҚА НӨМІРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК ҮШІН “1439” БІРЫҢҒАЙ ҚЫСҚА НӨМІРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫАл жаңа жылдан бастап дәрі-дәрмектің емханаларда бар-жоғы туралы ақпарат беретін электрондық анықтамалық іске қосылады.Қазақстанда "1439” бірыңғай қысқа нөмірі іске қосылды. Байланыс орталығының операторлары диспансерлік тіркеуде тұрған және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаторлық ем алатындарға тегін босатылатын қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімі, көлемі және жоспарланған күні туралы ақпарат береді.

 

"СҚ-Фармация” ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, байланыс орталығы дәрі жеткізу туралы халықты хабардар ету үшін ғана емес, сонымен бірге дәрі жеткізудің не себепті кешіктірілетінін түсіну үшін де қажет.

Дәрі-дәрмекті жеткізудегі кідірістер туралы шағымдар үнемі туындайды. Сондықтан халықтың дәрі алуындағы кідіріс себептерін түсіну емделушілер үшін ғана маңызды емес. Бізге осы мәселелерді жүйелі түрде шешу және болашақта оған жол бермеу үшін кідірістердің қай кезеңде болатынын түсіну керек, – дейді Берік Шәріп.

Бірыңғай дистрибьютор басшысының айтуынша, байланыс орталығының қысқа нөмірін іске қосу – бұл денсаулық сақтауды цифрландырушеңберінде компания жүзеге асырған бірнеше жобаның бірі. Тағы бір жоба – емханаларда дәрі-дәрмектің бар-жоғын білдіретін электрондық анықтама.

Анықтама емделушілердің өздеріне онлайн режимде дәрілік қамтамасыз ету бойынша барлық деректі: қандай дәрі-дәрмекке медициналық ұйым өтінім бергенін, онда қашан және қандай көлемде дәрілер түскенін, қазіргі кезде олардың бар не жоқ екенін, дәрі-дәрмектің келесі жеткізу мерзімі қашан екенін көруге болады, – дейді Берік Шәріп.

Жоба бірыңғай дистрибьютордың сайтында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.

baribar.kz

1-11-2018, 10:03

БАЛАЛАРДЫ ЕМХАНАҒА ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ

БАЛАЛАРДЫ ЕМХАНАҒА ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ

Электронды үкімет порталы мен egov.kz Telegram-ботында балаларды емханаға тіркеу қызметі іске қосылды. Қызметті әзірлеген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлауынша, ол үшін пайдаланушы egov.kz порталына тіркеліп, электронды цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті. Тағы бір айта кетерлігі, онлайн-қызмет 2007 жылға дейін туған балаларға көрсетілмейді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Қызылорда облыстық филиалының сарапшылар айтқандай, қызметті пайдалану үшін алдымен порталдағы «Денсаулық сақтау» бөліміне кіреміз. «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркелу» қызметін таңдап, балаға қажетті қызмет түрін басамыз. Содан соң жүйе баланың ЖСН енгізуді сұрайды. ЖСН негізінде туыстық байланыстарды анықтау үшін АХАТ бөлімінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде сауал жолдайды. Бұл көп уақыт алмайды. Процесс аяқталғаннан кейін сіз онлайн-өтінімге тұратын аймағы, медицина ұйымы, тіркеу себебі, учаскелік дәрігер деген сынды тағы да басқа мәліметтерді толтыруға мүмкіндік аласыз.

Көрсетілген қызметтің нәтижесі өтініш жолдаушының порталдағы жеке кабинетіне жолданады. Қызмет көрсету мерзімі – бір жұмыс күнінен аспауы тиіс.

БАЛАЛАРДЫ ЕМХАНАҒА ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫАталған қызметті Telegram Bot арқылы алу үшін https://t.me/EgovKzBot сілтемесін пайдалануға болады. «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркеу» қызметін басып, чаттағы тиісті батырмаларды басу қажет. Қызметті бот арқылы алу үшін оған жазылу шарт (Чаттағы «Start» батырмасын басып, ұялы телефон нөмірін пайдалануға рұқсат ету).

Естеріңізге сала кетсек, қазір елімізде жыл сайынғы емханаға тіркеу науқаны жүріп жатыр. Екі айлық дәстүрлі кампания 15 қарашада аяқталады.

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі мен қазіргі уақыт аралығында Қызылорда облысының 5 мыңға жуық тұрғындары емхананы таңдау құқығын пайдаланған.

https://syr-media.kz/news/6368-balalardy-emhanaa-onlayn-rezhimnde-trkeuge-bolady.html
1-11-2018, 08:54