Байланыстар

[thumb=left]http://kazaly-jdb.kz/uploads/posts/2014-09/1411403486_adm-korpus.jpg[/thumb]

«Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Біздің мекен-жайымыз:
120400, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті,  Ерімбет Көлдейбекұлы көшесі, 92

Байланыс телефоны:

Филиал директорының қабылдау бөлмесі тел./факс 8 (72438) 21 - 0 - 11, 21 - 8 - 42

E-mail: medtranskz@mail.ru

Веб - сайт: kazaly-jdb.kz

Реквизиттер 
 
Мына жерден қараңыз: REKVIZITY.pdf [64,12 Kb] (cкачиваний: 0)

         





3-05-2018, 06:00

Бас мейірбике

Бас мейірбикеОрманова Сәнімкүл Байқуатқызы 13 сәуір 1956 жылы Қазалы ауданы, Жаңақазалы поселкесінде дүниеге келді.
Аурухананың басты жұмыстарының бірі орта буын медицина қызметкерлерінің, яғни медбикелерінің жұмысы. Аурухананың бас мейіркеші жоғарғы санатты маман. Ол күнделікті жұмыстарын жоспарлап, қарамағындағы орта буын және кіші буын медицина қызметкерлерімен тығыз қатынаста жұмыс жүргізеді, аурухананың емдеу процестеріне, тазалығына жауапты. Жыл сайын орта буын медицина қызметкерлері өз біліктерін жетілдіріп, оқиды, біліктілік санатын алып тұрады. Аурухананың негізінде: Түркістан, Қызыл – Орда, Ақтөбе, Шымкент, Орал қалаларында оқитын студенттер практикадан өтеді және тәжірибе алады.
· 1973 жылы №420 қазақ орта мектебін бітірді.
· 1975-1977 ж. аралығында Қызылорда қаласындағы медицина училищесінде дәріс алды.
· 1977 жылы Қазалы теміржол ауруханасының терапия бөліміне кезекші мейіркеш есебінде қабылданды.
· 1979-1982 жылдары осы аурухананың хирургия бөлімінде кезекші мейіркеш есебінде жұмыс атқарды.
· 1982-1985 ж. операция бөлімінде мейіркеш – анестезистка есебінде жұмыс жасады.
· 1985-1987 ж. аралығында орталықтандырылған стерилизациялау бөлімінде аға мейіркеш қызметін атқарды.
· 1987-1992 ж. хирургия бөлімінде аға мейіркеш болып қызмет жасады.
· 1992жылдың маусым айынан бастап теміржол ауруханасының бас мейіркеш қызметін атқаруда.
· 1990 жылдан бастап бірінші санатты мейіркеш.
· 2011 жылдан жоғарғы санатты мейіркеш.
· Бірнеше мәрте өз білімімді жетілдіру оқуларына қатысты.
· Отбасылы, үш баланың анасы. Бәрі де жоғары білімді мамандар.

29-04-2014, 13:57

Есеп бөлімі

Есеп бөліміАурухана бас есепшісі Жақсылықова Күнзияш  Құдайбергенқызы  29.07.1958 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. 1980 жылы Алматы  Халық  шарушылығы институтын бітіріп, экономист мамандығын алған. 1980 мен 1981 жылдың шілде  айына дейін  жолдамамен "Стройбанкада" экономист қызметін атқарған.  Ауруханадағы 30 жыл  бас есепші қызметінің ішінде  Актөбе, Алматы, Астана, Қызылорда  қаласына барып білімін жетілдіріп отырған,  оның ішінде Сертификаттарын: «МСФО ға өту», «ҚР мемлекеттік сатып алулар саласындағы  заңнама», «Бухгалтерия -1С программасын игеру», «2011 жылғы мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама», «Азаматтық құқық», «Қазақстан Республикасының  Профессионалдық бухгалтер»  алған.
Аурухана есеп бөлімі толық  компьютермен жабдықталып, жоғары білімді 3 есепші қызмет атқарады: А.Тұрманова- материалдық есепші, Ф.Сырымбаева- расчеттік есепші, Е.Ршымбетов- Мемлекеттік сатып алу есепшісі. Барлық компьютерге бір желілік  1С –Предприятия 8.1 версиясы  құрылып, барлық  бухгалтерлік есептер  осы программа арқылы  жүргізіліп жатыр.
Бас есепші аурухана жоспарын соңғы шыққан «441 программамен» жасап жоспарлайды, ал тоқсандық және жылдық  бухгалтерлік есебін  «302-программамен»  Астана қаласына  АҚ «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» электрон жүйесімен  немесе "Skype" жүйесімен жібереді. Ауруханада электронды жүйе өте жоғары дамыған. Аурухана жаңалықтары ай сайын жаңартылып  сайтта көрсетіліп тұрады. Аурухана бюджеті АҚ «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары»  мен Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан  ақылы қызмет кірісінен қаржыландырылады. Ақылы медициналық қызмет бағасы Қазалы, Арал ауданы тұрғындарына тиімді жасалған.
Есеп бөлімі
 

7-04-2014, 13:45

Директордың емдеу жөніндегі орынбасары

Директордың емдеу жөніндегі орынбасарыДәрібай Алтынгуль Асхат қызы 1954 жылы 3 сәуір ҚР Актөбе қаласында туған.
1971 жылы орта мектепті алтын медальмен бітіріп, сол жылы Ақтобе мемлекеттік медицина институты, педиатрия факультетіне түсіп, 1977 жылы қызыл дипломмен бітіріп, Қызылорда қаласында теміржол ауруханасында бір жылдық интернатурадан өтеді. 1978 жылы Қазалы теміржөл ауруханасына аймақтық дәрігер есебінде жұмысқа қабылданды. 1980 жылдан бастап 2000 жылға дейін осы аурухананың балалар бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2000 жылдың сәуір айынан бастап ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің менгерушісі болды.
2000 жылдың желтоқсани айынан бастап кәзіргі кунге дейін дирктордың емдеу жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
2006 жылға дейін жоғарғы санатты дәрігер педиатр, ал содан кейін 2-ші санатты дәрігер-ұйымдастырушы, 2009 жылдан бастап 1-ші санатты дәрігер-ұйымдастырушы.
Өз білімін бірнеше рет жетілдіріп, бала дәрігері және дәрігер-ұйымдастыруші ретінде біліктілігін котеріп әр саладан оқыған.
2002 жылы еңбегі бағаланып "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
Қәзіргі танда филиал бойынша емдеу жұмыстарына жауапты, жаңа бағдарламалармен жұмыс жасап және жас мамандармен тәрбиелеу жұмыстарын жүргізіп отырады. Сонымен қатар мамандарды уақтылы білімін жетілдіруді ұйымдастырады.
Емдеу барысында жаңа технологиядағы аппараттармен жұмыс жасауды және дәрі-дәрмектерді пайдалануды күнделікті қадағалап отырады.
Отбасылы, жұбайы- Дәрібай Ерболат Тәжібай ұлы осы ауруханада дәрігер-рентгенолог қызметін атқарады, балалары, немерелері бар.
 
Директордың емдеу жөніндегі орынбасарыДиректордың емдеу жөніндегі орынбасарыДиректордың емдеу жөніндегі орынбасарыДиректордың емдеу жөніндегі орынбасарыДиректордың емдеу жөніндегі орынбасарыДиректордың емдеу жөніндегі орынбасары
Директордың емдеу жөніндегі орынбасары 
Директордың емдеу жөніндегі орынбасары
 
 
 
18-03-2014, 13:01

Директор - Бас дәрігер

Директор - Бас дәрігерРшымбетов Құбыл, 1948 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы, Қасқа-Құлан ауылында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1967 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, осы оқу орнының емдеу ісі факультетін 1973 жылы бітіріп шыққан.
Осы жылы Қазақ теміржолына қарасты Жамбыл теміржол ауруханасында біржылдық интернатурадан өткен.
1974 жылы Қызылорда теміржол ауруханасына жолдамамен жұмысқа келген.
1974 жылдан 1977 жылға дейін осы ауруханада терапевт дәрігер болып және инфекция бөлімінде бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған.
1977 жылдың қаңтар айынан бастап Қазалы теміржол ауруханасында дәрігер терапевт, дәрігер инфекционист болып қызмет атқарды.
1979 жылы Қазалы теміржол ауруханасына бас дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды, 1994 жылдың тамыз айынан 1997 жылдың ақпан ай аралығынды осы аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған.
1997 жылдың ақпан айымен қыркүйек айы арасында Қазалы орталықтандырылған аудандық ауруханасының бас дәрігерінің қызметін атқарды.
1997 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері қызметін осы уақытқа дейін атқарып келеді, қазіргі қызмет атауы директор.
Бұл уақытқа дейін, теміржол ауруханасы да затына сай атын өзгертті, 2000 жылдың 17 қантардан бастап «Көліктік медицина қызметі» ААҚ басқарма төрағасының №1 бұйрығына сәйкес «Көліктік медицина қызметі» ААҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы құрылды. 2005 жылдың 25 мамырдан бастап «Көліктік медицина қызметі» АҚ басқарма төрағасының №39/17 бұйрығына сәйкес қайтадан тіркеуден өтуіне байланысты «Көліктік медицина қызметі» АҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы болып өзгертілді. 2010 жылдың 12 қантардан бастап «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ директорлар кенесінің №1 хаттамасына сәйкес «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы «Қазалы теміржол ауруханасы» болып қайта ұйымдастырылды.
1981 жылдан І санаттағы дәрігер терапевт.
1996 жылдан жоғарғы санаттағы дәрігер терапевт, 2006 жылы І санаттағы дәрігер ұйымдастырушы.
Ршымбетов Қ. төмендегідей салаларда білімін жетілдіріп отырды:
Алматы қаласында 1976 жылы (жұқпалы аурулар), 1980 жылы Алматы қаласында (Гастроэнтерелогия), 1988 жылы (Рефлексотерапия)
1986 жылы Ташкент қаласында (Управления и организация лечебно профилактической помощи)
1987 жылы Қызылорда қаласында кардиология жөнінде семинар, қарқынды терапия инфаркт миокарда стенокардия, 2001 жылы Қызылорда қаласында денсаулық саласын реформалау жөнінде, 20001 жылы Қызылорда қаласында (терапия, кардиология, гастроэнтерология өзекті мәселелері)
1989 жылы Юрмола қаласында (Электропунктура)
1994 жылы Ақтөбе қаласында (сақтандыру медицинаны жоспарлау)
2001 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының "Анестезиология, реаниматология және интенсивті терапияның тандаулы сұрақтары”, "Эндокринология, кардиология және интенсивті терапияның тандаулы сұрақтары” тақырыбы бойынша Қызылорда қаласында өткен 1 ай көшпелі циклына қатысты.
2004 жылы Алматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтауының жоғарғы мектебінде "Халыққа медициналық көмек көрсету үшін стационарлық көмекті басқару сұрақтарын”-144 сағат тақырыбы бойынша білімін жетілдірді.
2005 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының "Терапияның заманауи сұрақтары”- 144 сағат тақырыбы бойынша Қызылорда қаласында өткен 1 ай көшпелі циклына қатысты.
2006 жылы Алматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтауының жоғарғы мектебінде "Денсаулық сақтау ресурстарын басқару өзекті сұрақтары”-144 сағат тақырыбы бойынша білімін жетілдірді.
01.03.-30.03.2006г. аралығында Ақтөбе ММИ ДБЖФ "Медико-санитарлық көмекті басқару өзекті сұрақтары ".
2007 жылы Қызылорда РК ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі «Денсаулық сақтау жүйесін реформалау кезіндегі экономикалық және басқару ісі бойынша өзекті сұрақтары"-144 сағат.
01.10.-29.10.2009 жыл аралығында Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру МИ "Кәсіби аурулардың алдын алу"-144 сағат.
16.11.-21.11.2009 Қызылорда "Денсаулық сақтау саласындағы басшылар мен мамандарға стационарлық (стационарды алмастыратын) көмек жөнінде сұрақтар"- 42 сағат.
Астана қаласы Халықаралық медициналық холдинг 08.-09.09.2010 тақырыбы "Болашақ госпиталі".
Кызылорда қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтауының жоғарғы мектебінде 27.09.-08.10.2010 "Организационно-правовые и экономические основы функционирования гос.предприятий на праве хоз.ведения" тақырыбы бойынша білімін жетілдірді (св.ПК№14708),
Алматы «М ӘЕМ, КП және ӨЭИ» 01.11.-20.11.2010 тема "Кәсіби патология"- 162 сағат.
Алматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтауының жоғарғы мектебінде 07-02.05.2012 тема "Эффективное управление государственным предприятием на праве хозяйственного ведения"- 54 сағат.
Алматы РУМЦГЗ 03-07.09.2012 "В области Гражданской защиты"
Алматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтауының жоғарғы мектебінде 11.03.-04.11.2013 «Денсаулық сақтау менеджменті» медициналық мамандығы бойынша – 864 сағат көлемінде қайта даярлықтан өтті.
Жұмыс кезінде өзін жақсы ұйымдастырушы, өз ісінің білікті маманы екенін көрсете білді. Медициналық манипуляцияларды жетік меңгерген: қантамырына катетер құю, жұлынға, өкпеге пункция жасау, ауыр науқастарға реанимациялық көмек көрсету және жақсы ұйымдастырушылық қабілеті бар басшы екенін ұжымға таныта білді.
Жаңа типті аурухана құрылысының толық аяқталуына, және ауруханаға қажетті медицина саласындағы озық үлгідегі аппаратуралармен жабдықталуына тікелей ықпал жасады олар:
УЗИ, плазмаферез, лазер аппараттары, гастрофиброскоп, "Барокамера”, "Маммография”, ультрадыбысты доплерограф, Электрокардиограф «ЭК-3Т-01-«Р-Д»» «Россия», Проявочный процессор (Китай), ВС-3000 Автомат гематологиялық анализатор (Китай), ВА-88 Полуавтоматты биохимиялық анализатор (Китай), эндовидеолапаротомия аппараттары көмек көрсету үшін ішкі резервті пайдалана отырып, су мен емдейтін бөлім және медициналық аппаратурамен қамтамасыз етілді.
2010 жылы - Офтальмоскоп прямой, Эхоэнцефаллограф портативті жиынтығымен, стол операционный 3008С, Комп.суточный мониторинг ЭКГ и АД «Валента», Комплекс аппаратно программный электроэнцефалографический Мицар ЭЭГ, Стерилизатор ВК-75, Парафинонагреватель Каскад – 15, АПП ударно волновой терапии BTL-5000, АПП механотерапевт CERAGEM, Прибор д/комб физиотерапии портативный, АПП искуств вентиляции РО-6-06.
Монитор пациента РМ-7000, BTL-4000 COMBI – ПРИБОРД/КОМБ физиотерапии, Рефрактометр ИРФ-454Б2М, Светильник однорефлекторн передв НС-1, Светильник однорефлекторн передв НС-1, Цистоскоп универсальный ЦУ-1, Стоматологическая установка, Электроскальпель – коагулятор, Индикатор внутриглазного давления, Настольная зубтехническая бормашина, Рентгеновский диагностический комплекс, Стекло просвинцованное рентгензащитное, Стерилизатор ГП-40, Электрокардиограф многоканальный, Весы электронные В1-15 САША, Паровой стерилизатор ВК-75-01, Индикатор внутриглазного давления ИГД-02 ПРА, Ларингоскоп с 4-мя клинками взрослый. Қазалы, Арал, Қармақшы және Байқоныр халқына медициналық көмек көрсету үшін Гемодеализ бөлімі ашылып, қазіргі таңда жұмыс жасауда.
2012 жылы - Комплект деталей к компрессионно дистракционным аппаратом Г.А Илизарова для лечения переломов костей, насос инфузионный шприцовый SEP-10S, портативный аппарат ИВЛ, многосрезовый спиральный компьютерный томограф Nel Viz Dial в комплекте. Блокирующий остеосинтез, комплект гемиопротез тазобедренного сустава.
2012 жылдан бастап Мемлекеттік тапсырыс арқылы жоғарғы мамандандырылған медициналық көмек, травматология саласынан көрсетіледі, оған жауапты дәрігер травматолог-ортопед Канатов А.К. Оталар жасап аудан көлемінде науқастардың ризашылыға бөленіп келеді.
Теміржол мекеме басшыларымен бірлесе отырып, мекмелерден сауықтыру, физиотерапиялық көмек көрсету кабинеттерін ашты. Сонымен бірге халыққа медициналық қызмет көрсету үшін елді мекендерге алғашқы медициналық көмекті жақсарту және жақындату мақсатында 7 медициналық пункттің жұмыс жасауына ықпал жасады.
Жұмыс кезінде өзінің ұйымдастыру қабілетімен, білімділігімен, жұмысқа белсенділігімен ұжым арасында, халық арасында зор беделге ие болды. 1987-1991 жылдары Халық депутаттары поселкелік кеңесінің депутаты болды.
2001 жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл” мерекелік медалімен марапатталды.
2003 жылы Аудандық мәслихаттының депутаты болып сайланды.
2004 жылы Денсаулық сақтау ісінің үздігінің иегері.
2005 жылы "Темірдолға 100 жыл” мерекелік медалімен марапатталды.
2006 жылы Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаментінен "Аудан деңгейінде емдеу-диагностикалық жұмыстарына жаңа технологияларды белсенді енгізу” номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.
2006 жылы Қазалы ауданының әкімінің денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізіп, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетудегі қызметі үшін "Жыл дәрігері” номинациясымен марапатталды.
2007 жылы Астана қаласында өткен "Қазақстанның провизорлармен дәрігерлердің ІІІ-съезіне” қатысты.
2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалымен наградталды.
2011 жылы Гонконг қаласына тәжірибе алу үшін «медициналық мекемелерін басқару» мамандандырылған іскер бағдарламасына қатысты.
2012 жылы «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға     қосқан үлесі ушін» кеуде белгісімен марапатталған.
2013 жылы Барселона қаласында жоғарғы мектебінде Менеджмента в Барселоне Graduate Schoolof Managementin Barcelona мамандандырылған іскер бағдарламасына қатысты.
2013 жылы «Лучшие люди» құрмет белгісімен марапатталды.
2013 жыллғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша «Шапағат» медалімен наградталды.
Ршымбетов К. жанұялы, 5 бала тәрбиелеп өсірген үлгілі отағасы. 40 жыл халық денсаулығын сақтауда үздік қызмет атқарған және 19 жыл іскер басшы, ұйымдастыру жұмыстарының үздігі.
 
Директор - Бас дәрігерДиректор - Бас дәрігерДиректор - Бас дәрігерДиректор - Бас дәрігерДиректор - Бас дәрігерДиректор - Бас дәрігерДиректор - Бас дәрігерДиректор - Бас дәрігерДиректор - Бас дәрігерДиректор - Бас дәрігерДиректор - Бас дәрігер
Директор - Бас дәрігер
Директор - Бас дәрігер
Директор - Бас дәрігер
Директор - Бас дәрігер
Директор - Бас дәрігер
Директор - Бас дәрігер
Директор - Бас дәрігер
Директор - Бас дәрігер
Директор - Бас дәрігер
Директор - Бас дәрігер
Директор - Бас дәрігер
Директор - Бас дәрігер
Директор - Бас дәрігер
 
 

 
14-03-2014, 12:47