СІЗГЕ КЕРЕК КЕҢЕСТЕР

СІЗГЕ КЕРЕК КЕҢЕСТЕРТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлауынша 101 және 112 нөмірлерін теру арқылы өрт сөндірушілерді қалалық және ұялы телефон арқылы шақыруға болады.

Ұялы телефоннан қоңырау шалу.
Телефонда SIM-карта болмаса немесе баланс жоқ болса да 101 және 112 нөміріне хабарласуға болады,. Өйткені, телефондар өндірушілердің көбісі жалпы ережелерді ұстанып, жылдам шақыру қызметіне мән береді. Әдетте, нөмірді тіпті пернетақта құлпын ашпастан теруге болады. Бұл үшін шұғыл көмек көрсету нөміріне қоңырау шалу әрқашан тегін болатынын естен шығармаңыз. Сізге өрт сөндіру қызметін шақыратындай жағдай болмауын тілейміз, бірақ кез-келген жағдайда сіз қалай шақыру керектігін жақсы білуіңіз қажет.
НЕ АЙТУ КЕРЕК?
Өрт сөндірушілердің көмегі шынымен де жедел және тиімді болу үшін кезекші операторына хабар бергенде, белгілі бір тәртібі бар мәліметтерді ұсыну керек. Сондықтан, телефон нөмірін термес бұрын, қандай ақпаратты хабарлайтыңызды алдын ала ойланып алғаныңыз жөн.
ХАБАРЛАНАТЫН МӘЛІМЕТТЕРДІҢ БЕРІЛУІ ТӘРТІБІ
Ең алдымен өрт жайлы, нақты мекенжайды айту керек, егер байланыс кенеттен үзіліп кетсе, олардың көмегі қай жерге керек екенін құтқарушылар білетін болады.
Нақтылайтын ақпарат: подъезд нөмірі, ғимараттың қабат саны, адам өміріне қауіп төнгендігі, т. б.
Шалушының аты-жөні, тегі, оның телефон нөмірі. Оқиға орнына келген кезде өрт сөндіру қызметі мамандары ең алдымен телефон соққан адамды іздейді.
Мүмкіндігінше асықпай, анық және түсінікті етіп айту керек. Алаң болмаңыз — өрт шығу мекен-жайы хабарлаған соң, өрт сөндірушілер бірден аттанады, ал қосымша мәліметтер рация бойынша беріледі. Ереже бойынша, әңгімені бірінші диспетчердің аяқтағанын күтіңіз, содан кейін өзіңіз телефонды қоясыз. Енді үйден шығып, өрт сөндірушілерді күтіп алу керек. Өрт сөндіру техникасының қалай тез келуін ойластырып, жол нұсқағаныңыз дұрыс.
Егер күтпеген жағдай ата-анасы үйде жоқ кезде болса, бала сасқалақтап, бойында қорқыныш пайда болу мүмкін. Сондықтан, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу жолын оқушыға алдын-ала үйрету керек.
Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

http://syr-media.kz/habarlandyrular/sizge-kerek-ke-ester/

 

 

6-01-2017, 16:05
387 просмотров