» » ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ ЕРЕЖЕСІҚыс мезгілінде төтенше жағдайларды алдын алу және адам шығынын болдырмау мақсатында төмендегі жағдайларды және ережелерді ескергеніңіз жөн.

Көмірқышқыл газымен улану жағдайлары:
2016 жылғы жылыту маусымында көмірқышқыл газымен уланудың 8 оқиғасынан 16 адам (2015 жылы 5 улану оқиғасынан 13 адам) зардап шеккен. Улы газға барынша абай болған жөн, оның иісі мен түсі де жоқ, ғимарат немесе тұрғын үй ішіне газ тарағанда қабырғалар мен айналадағы заттарға қонбайды, суға сіңбейді. Адамдардың газдан улану жағдайы көбінесе түнгі уақытта орын алып отырады. Түтіндеген кезде ұйықтап жатқан адамға улы газдың мөлшерін алу үшін бірнеше минут жеткілікті, пештің немесе газ қондырғысы орнынан алыс тұрса да, оның салдары адамға зиян келтіріп тұрады. Көбіне улы газдың зардабы балалар және қарт адамдарға тиеді. Аяқ астынан шыққан газдың зардабы, орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасауы керек.
Қыста жолға шыққанда есте сақтауды кажет ететiн қарапайым ережелер бар:
- метеорологиялық мәлiметтердi тыңдап немесе қоршаған табиғатты бақылап, ауа райының өзгерiсiн байқауға тырысыңыз;
- аязды күні ең алдымен адамдардың аяқтары, қолдары және бетi жиiрек тоңады, сондықтан жылы киімдер киініңіз, аяқ киiм кез келген жағдайда кең болуға тиiс;
- автокөлікпен алыс сапарларға шыққан жағдайда, көліктің ақауын жөндеңіз, өзіңізбен бірге қағаз түріндегі картаны алып жүріңіз, автожолдардың бойында орналасқан жылыту пункттерін (қонақ үй, дүкен, кафе және т.б.) және медициналық көмек көрсету бекеттерін нақтылап алыңыз;
Мұзда жүру ережесі:
- тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінетін кезде (тұман, қар басу, жаңбыр) ешқандай жағдайда мұзға шығуға болмайды;
- өзеннен өтерде мұз өткелдерін пайдаланыңыздар;
- аяқ соққысымен мұздың қаттылығын тексеруге болмайды. Егер бірінші қатты соққыдан кейін, шаңғы таяқшасымен қатты ұрғаннан кішкене су көрінсе – бұл мұздың жұқалығын білдіреді, онымен жүруге болмайды. Мұндай жағдайда өз ізіңмен жылжып, адымдармен мұздан аяғыңды алмай және иықтың өлшемімен салмақ салмай жағаға қайтадан шығу қажет. Мұздың жарылуы кезінде де дәл осылай жасау керек.
- амалсыз су айдындарынан өтер кезде, ең бастысы тапталған соқпақтармен жүру қажет. Егер де ондай жол болмаса, мұзға түспес бұрын, жүретін бағыт пен ізіңізді нақтылап алыңыз;
- топпен су айдынынан өтер кезде, бір-біріңіздің араларыңыздағы қашықтықты сақтау қажет.(5-6 м)
- қатқан су айдындарында жүкпен бірге соңында ілмегі бар, ұзындығы 20 – 25 м болатын берік бау алып жүру қажет. Ілмек оқыс жағдайға ұшыраған адам сенімді ұстап алу үшін қажет.
Төтенше жағдайлар мен оқиғалар орын алған кезде «101», «102», «112» телефондарына хабарласыңыздар.
Айтып келмейтін табиғи құбылыстар – су, от, дауыл-жел, тілсіз жау екенін ұмытпаңыздар!
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті

http://kyzylorda-news.kz/zhanalik/lifnews/12905-ys-mezglnde-aupszdkt-satau-erezhes.html

13-01-2017, 11:45
442 просмотров