» » Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры емханалар мен ауруханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша әзірлеп шықты

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры емханалар мен ауруханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша әзірлеп шықты

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры емханалар мен ауруханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша әзірлеп шықты«ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры емханалар мен ауруханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша әзірлеп шықты

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ауруханалар мен емханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша әзірлеп шықты. «МСҚ: Халықтық бақылау» деп аталатын қосымшаны 6 қарашасынан бастап жүктеп алуға болады.

Медициналық қызметтерді пайдаланушылар осы қосымшаның көмегімен Медициналық сақтандыру қорына (МСҚ) дерекқорына енген барлық емдеу ұйымдары туралы пікір білдіріп, шағым жаза алады. Болашақта осы тілек-шағымдар негізінде клиникалардың рейтингі жасалуы тиіс. Бұл азаматтардың ең үздік деген клиникалар мен емханаларды таңдауына мүмкіндік бермек.

Денсаулық сақтау нысандарының рейтинг пайдаланушылар қойған баға негізінде, автоматты түрде жасалады. Содан соң МСҚ-ның fms.kz сайтында жарияланып отырады. Мобильді қосымшаны телефонына орнатып алған азаматтар бұл рейтингті емханаға тіркелгенде немесе сала мамандарын таңдаған кезде пайдалана алады. Түптеп келгенде, мұның бәрі медицина ұйымдарын қызмет сапасын көтеруге ынталандырады.

Қосымшаны пайдалану үшін алдымен ЖСН енгізіп, авторизация жасау қажет.

«Халықтық бақылау» қосымшасын Android платформасына негізделген смартфондарға Playmarket арқылы, ал, iOS платформасы үшін AppStore арқылы жүктеп алуға болады.

Қосымша туралы пікір білдіру үшін: https://fms.kz/ru/suggestion

 

Сурет fms.kz сайтынан алынды

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы

+7 (7242) 234 218

5-12-2017, 14:36
271 просмотров