СУ ТАСҚЫНЫ БОЛҒАН КЕЗДЕ ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕСІ

СУ ТАСҚЫНЫ БОЛҒАН КЕЗДЕ ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕСІ


Егер сіз су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алсаңыз не істеу керек?

Егер сіздің аудан су тасқыны мен су басудан жиі зардап шегетін болса, онда су басу аймағының шекараларын, сондай-ақ биік жерлерді, өзіңіз тұратын жерге жақын орналасқан, сирек су басатын жерлерді, сондай-ақ сол жерлерге баратын төте қысқа жолды біліп және есте ұстаңыз,

Қайықтың, су салдарының және жүзу құралдарының дайындауға қолда бар материалдардың сақтау орындарын есте сақтаңыз. Эвакуация болған жағдайда бірінші кезекте өзіңізбен бірге алатын құжаттардың, мүлік пен дәрілердің тізімін алдын-ала жасаңыз.

Құндылықтарды, қажетті жылы киімдерді, артық тамақтарды, суды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді арнайы шамаданға немес рюкзак қапшыққа салып қойыңыз. Қайық пен басқа да жүзу құралдарын дайындаңыз. Оларды су айдап әкетпес үшін, міндетті түрде байлап қойыңыз.

Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде:

- суды, газды және электр тоғын өшіріңіз;

- жанып тұрған пешті сөндіріңіз;

- егер уақытыңыз жеткілікті болса үйдің жоғарғы қабатына (шатырға) құнды заттар мен мүліктерді, тұщы су қорын және ұзақ мерзімге сақтауға келетін консервіленген тағамдарды тасып шығарыңыз;

- ауылшаруашылық инвентарларын қауіпсіз орынға апарыңыз;

- өз үйіңізді апат соққысына дайындаңыз;

- бірінші қабаттағы барлық есік пен терезелерді жабыңыз, қажет болғанда және уақыт көтерсе терезелер сынбас үшін оларды тақтаймен немесе үйеңкі фанерасымен шегелеп тастаңыз;

- өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар, медициналық қобдиша, мезгілге сай киім мен аяқ киім, жатын жаймалары мен дәретханаға қажеті заттарды сонымен қатар үш күндік тамақ (киімдер мен тамақты чемоданға немесе сөмкеге салған жөн) алыңыз;

- қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық жинақтау пунктіне барыңыз.

Кенеттен су басса:

- үрейленбей, сабырлылық танытыңыз;

- тез арада жақын жердегі қауіпсіз, биік жерге шығуға тырысыңыз, сумен сонымен қатар қолда бар жүзу құралдарының көмегімен көшуге тырысыңыз;

- егер бұл мүмкін емес болған жағдайда жоғарғы қабатқа немесе үйдің шатырына шығыңыз;

- су көтерілген жағдайда шатырға ал су тез көтерілген жағдайда – үй шатырының қырына шығу керек;

- балалар, ауру, әлсіз, жаураған адамдарды өзіңізге немесе шатырдың берік бөлігіне мысалы пеш құбырына байлаңыз;

- ағаштарға, бағандар мен сенімсіздік тударатын құрылыстарға шығуға болмайды. Олар су тасқынымен қозғалып, құлауы мүмкін;

- құтқарушылардың назарын аудару үшін үнемі апат дабылын беріп отырыңыз; күндізгі уақытта жоғары жерде ақ немесе түсті мата іліңіз, ал түнгі уақытта жарық дабылын беріңіз;

- құтқарушылар келгенге дейін жоғарғы қабатта және биік жерлерде қалыңыз;

- өз бетіңізбен көшіруді тек зардап шегушіге тез арада медициналық көмек көрсету қажет болғанда, тамақтың жоқтығынан, құтқарушылардың келуіне сенімсіздік туғанда немесе жай - күй нашарлағанда жүзеге асыруға болады;

- өз бетінше көшіруде жеке қайықтар мен катерлерді, бөренелер мен басқа да қолда бар құралдарды пайдаланыңыз.

Су қайтқаннан кейін:

- үй қирауы қауіпсіздігінің жоқтығына көз жеткізу үшін, үйді мұқият қарап шығу;

- ішкі бөлмелерді жарықтандыру үшін шырпыны немесе шамдарды қолданудан сақ болу (жарықтандыру үшін электрлі жарық түсіргіштер қолдануға болады);

- үзілген немесе жалғанбаған электрлі сымдардан сақтану;

- есте ұстаңыз, мамандардың электр торабын тексергенге дейін электр құралдарын қосуға тыйым салынады;

- қираған немесе нұқсан келген су құбырлары, газ және канализация магистральдары туралы тез арада коммуналды қызметтер мен ұйымдарға хабар беріңіз;

- суда қалып қойған азық түлікті санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің тексерісінсіз тамаққа қолдануға тыйым салынады;

- су басқан жерлердегі құдықтарды міндетті түрде дезинфекциялау қажет.

Қызылорда облысы ТЖД

https://syr-media.kz/khabarlandyru/2192-su-tasyny-bolan-kezde-zn-stau-erezhes.html

6-03-2018, 12:49

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ҚАЛАЙ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ?

24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні


 

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ҚАЛАЙ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ?Туберкулездің қоздырғышы немесе Кох бактериясы торшаішілік паразит микобактерия болып табылады. Қоздырғыштың бұл түрі адам, құс, жабайы және үй жануарларына аса қауіпті. Микобактерияның сыртқы қабығы липидтер мен күрделі балауыздан тұратындықтан оған сілтілердің әсер етуі аз. Көбеюі торшалық бөліну жолымен салыстырмалы баяу өтеді.

Мұндай бактериялардың ерекшелігі сыртқы факторлардың әсеріне төзімділігі.

Мысалы, микобактериялар суда 150 күнге дейін, кепкен күйде – бір жылдан астам, ал мұздатылған күйде – 30 жылға дейін тіршілік ету қабілетін сақтайды.

Егер адам тұратын мекен-жайда ылғалды, дымқыл және жарық аз болса, онда мұндай орта олардың өсіп-өнуіне қолайлы болып келеді. Ал күн жарығының әсерінен, олар керісінше лезде өледі. Мұндай микобактериялар уақыт өте келе әр түрлі антибиотиктердің әсеріне бойында тұрақтылықты өндіреді. Сөйтіп мультитөзімді туберкулездің (МТТ) дамуына жол ашады.

Туберкулезге шалдығатын адамдар санын азайту үшін арнайы профилактикалық шаралар жүргізіледі. Дерт профилактикасының басты ерекшелігі – бұл балалар мен ересектерде ерекшеліктік (спецификалық) иммунитет орнату. Мұндай иммунитет БЦЖ екпесінен соң адам бойында қалыптасады. Бірінші вакцинаны балаға туғаннан кейінгі алғашқы күндері жасайды. Белгілі бір мерзімде ревакцинаны қайталайды. Мұндай егу туберкулезге шалдығу қауіпін 50%-ке азайтады.

Ересек тұрғындарға арналып көпшілік флюорографиялық зерттеу жүргізіледі.

Тағы бір ықпалды тәсіл – химиопрофилактика болып табылады. Бұл әдіспен адамдағы сырқат дамуының алдын алады. Мұндай профилактиканы туберкулез таяқшасын тасымалдаушылармен контактта болғандарға; өкпесінде туберкулезден кейінгі өзгерістері барларға; туберкулезден сынама виражы бар балаларға; қант диабетіне, нашақорлыққа шалдыққандарға; психикалық ауытқулардан жапа шегетіндерге; кейбір формадағы тыныс алу ағзасының дерттері барларға; АИТВ-жұқпаланғандарға жүргізеді.

Химиопрофилактика негізінен көктем-күз айларында атқарылады.

Профилактикалық шараларға сондай-ақ туберкулезге күмәнді адамды оқшаулап, ауруханаға жатқызу, жұқпаланған адаммен контактта болғандарды жүйелі тексеру, науқастың тұрмыс жағдайын жақсарту, қажетті санитарлық-гигиеналық машықтарға науқас адамды және оның отбасы мүшелерін үйрету де жатады.

 

Сурет "АГАПЕ" Медицинский центр в Люблино сайтынан алынды

Серік ЕРДАЛИЕВ,

эпидемиолог-дәрігер,

Қазалы темір жол ауруханасы,

Әйтеке би кенті,

Қазалы ауданы

 


5-03-2018, 18:43

ҚР ДСМ Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент ХАБАРЛАМАСЫ

 ҚР ДСМ Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент ХАБАРЛАМАСЫ ҚР ДСМ Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент ХАБАРЛАМАСЫ

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 983 қаулысының 142, 153-1 тармақтарына сәйкес, Департаментпен жеке және заңды тұлғаларға «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» және жеке тұлғаларға «Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жүзеге асырылады.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық ақпаратпен Департаменттің ресми парақшасының, www.kyzylordamedfarm.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде танысуға болады.

Г.А.БАЙМЕНОВА,
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы

26-02-2018, 12:15

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Қазақстан Республикасында әлеуметтіктәуекелдердің туындауына байланыстыжоғалтқан табысының бiр бөлiгiн өтеу үшiн халықты әлеуметтікқорғаудың қосымша нысаны ретінде міндеттіәлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізіліп, жұмыс берушілержалдамалы жұмысшыларға және өзін-өзі жұмыспенқамтыған тұлғалар табыстарынан әлеуметтікаударымдарды төлеуде. Міндетті әлеуметтіксақтандырудың негізгі мақсатыхалықтың әл-ауқатынарттыру болып табылатынәлеуметтік қорғау жүйесініңқосымша деңгейі болып табылады.

Әлеуметтік аударымдар «Мемлекеттікәлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ шоғырландырылып, Қор активтерінен әлеуметтікқатер туындағанда, міндетті әлеуметтіксақтандыру жүйесі қатысушыларына әлеуметтіктөлемдер тағайындалып, төленуде. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтіксақтандыру қорынан еңбек ету қабілетіненжәне асыраушысынан айырылғанжағдайда төленетін әлеуметтіктөлемдердің мөлшері 16% арттырылды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінесалық салу мәселелерібойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №122-VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Міндетті әлеуметтіксақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі №405 (әрі қарай – Заң) ҚазақстанРеспубликасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Бұл ретте, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтікаударымдарды есептеу объектiсiнің 3,5 процентіаударылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, арнаулы салық режимi қолданылатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олар өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 процентін, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 3,5 процентін құрайды.

Осыған сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдардың ең төменгі мөлшері 990 теңге. (ЕТЖ * 3,5% = 28284 теңге * 3,5% = 989,94 = 990 теңге) және ең жоғары мөлшері 9900 теңге. (10 ЕТЖ * 3,5% = 282840 * 3,5% = 9899,4 = 9900 теңге) болды (ЕТЖ – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшері).

Әлеуметтiк аударымдардың уақытылы аударылмаған сомаларын төлеушi оларды мерзiмi өткен әрбір күн үшiн (Қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі көлемiнде есепке жазылған өсiмпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиiс.

Заңның 8-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және ел аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.

Бұл ретте, жұмыс істейтін зейнет жасына жеткен, ер кісілер – 63 жас және әйел кісілер – 58 жыл 6 ай жастағыларға әлеуметтік аударымдар аудару тоқтатылады.

Әр азамат өзі үшін ақпаратты мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері арқылы тегін алуына болады. Сондай-ақ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру» АҚ gfss.kz сайтынан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толық ақпаратты білуге болады.

Гүлсім ДЕНЕЕВА,

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ

Қызылорда облыстық филиалының директоры

Cурет Жетісу» газетісайтынан алынды

http://syrboyi.kz/akparat/17999-mndett-leumettk-satandyru-zhyesndeg-zgerster.html

20-02-2018, 15:37

Бірыңғай Call-орталық туралы

Бірыңғай Call-орталық туралы
Бірыңғай Call-орталық туралы
Бірыңғай Call-орталық туралы
12-02-2018, 20:51

Артериялық гипертонияның алдын алу.

Артериялық гипертонияның алдын алу.

Гипертония деген не?

Гипертония – артериальдық қан қысымының (140-90 және одан да жоғары) көтерілуімен байланысты ауру. Қан қысымы – адам денсаулығы жай-күйінің маңызды көрсеткіші. Толқулар, тәнге түсетін салмақ, реніш және шеккен бір тал сигарет немесе ішкен бір шыны кофе аз ғана уақыттқа қан қысымын көтеруі мүмкін, сонан соң ол бұрынғы деңгейіне түседі. Егер доғары қан қысымы 140-90 және одан да жоғары) ұзақ уақыт түспесе, жүрекке және жүрек-қан тамырларына түсетін салмақ өсіп, аталған ауруұа әкеліп соғады. Гипертония ауруы кезінде ми, жүрек, бүйрек, көз-қаг тамырлары зақымдалады.

Гипертония – көзге көрінтейтін кісі өлтіруші!

Артериялық гипертонияның пайда болу қаупін төмендетуге болатын факторлар:

- Дененің артық салмағы

- Темекі шегушілік

- Тұзды көп мөлшерде пайдалану

- Дурыс тамақтанбау

- Аз қимылды өмір салты

- Алкогольды тұтыну

- Күйзелістер

Гипертинияның алдын алу үшін не істеу керек?

- Артық салмақпен күресіңіз

- Тұзды және малдың майын қолдануды азайтыңыз

- Енбектену және демалу тәртібін сақтаңыз

- Жемістер және көкіністер көбірек пайдаланыңыз

- Дене қозғалысын арттырыңыз

- Темекіден бас тартыңыз

- Күйзелістерден сақтаныңыз

- Алкоголь пайдалану азайтыңыз

Жоғары қан қысымын неге төмендету қажет?

Ұдайы әрі ұзаққа созылған жоғары қан қысымынан, уақыт өте жүрек бұлшық еттерінде және қан тамырлары қабырғаларында тұрақты және қауіпті өзгерістер пайда болады, бұлар мына дерттерге әкеліп соғуы мүмкін:

- Инсульт (ми-қан тамырларың зақымдалуы)

- Миокард инфаркті (жүрек-қан тамырларың зақымдалуы)

- Бүйрек жұмысының жеткіліксіздігі (бүйрек-қан тамырларың зақымдалуы)

- Соқырлық (көз-қан тамырларың зақымдалуы)

 

Өз қан қысымыңызды біліңіз!

Әрбір ересек адам өзінің артериялық қан қысымын білуі қажет. Артериялық қан қысымын өлшеу, кейде тіпті белгілері білібейтін гипертонияны аңықтаудың негізгі әдісә болып табылады. Артериялық қан қысымы 140/90 мм сынап бағанасынан доғары болғанда дәрігерге көрінуіңіз керек. Қан қысымын үнемі өлшеп отыру, дертті уақытында анықтауға және емдеуші дәрігердің кеңестері бойынша дер кезінде емдеуді бастауға мүмкіндік береді.

 

Артериялық қан қысымын жиі өлшету керек!

Қан қысымын дұрыс өлшеу үшін дәрігерден кеңес алыңыз.

 

Деніңіз сау, өмір ұзақ болғанға не жетсін !

СуретFeedMed.ru сайтынан алынды

 

Дереккөз: http://gp1taraz.kz/index.php/kz/t-r-yndar-shin-pajdaly-a-parat/45-arteriyaly-gipertoniyany-aldyn-alu

10-02-2018, 20:57

"ДЕНСАУЛЫҚ" ПОЙЫЗЫНЫҢ ДӘРЕМЕТІ

"ДЕНСАУЛЫҚ" ПОЙЫЗЫНЫҢ ДӘРЕМЕТІ

«Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» медициналық пойыздары 2017 жылғы жұмысын аяқтап, қорытындысын шығарды.
«Медициналық пойыздар» жобасы 2017 жылы республикамыздың Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарын қамтыды. Барлығы 442701 дәрігерлік қабылдау тіркелді.
Барлығы 74368 тұрғын, олардың ішінде 11206 бала тексеруден өтті. 854 шағын амбулаториялық ота жасалды. Маммологтар 8145 әйелді қарады. 19332 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.
2017 жылы бүкіл облысқа екі медициналық пойыз барды, 2016 жылы үш пойыз бекітілген, алайда олардың баратын бекеттері мен жүретін мерзімдері аз болды – ол кезде 131 бекеттің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетілген болатын.
Жобаны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры мен «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, сонымен қатар Қазақстан Респуликасының ішкі істер министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырып жатыр.

https://zhanaqorgan-tynysy.kz/zanalyk/510-densauly-poyyzyny-dremet.html
8-02-2018, 16:02

ЖЫЛЫ СӨЗ ЖАНДЫ ЖАДЫРАТАДЫ


Фейсбук әлеуметтік желісін тұтынушы ‎Гулнар Жетесалиева‎ Қазалы теміржол ауруханасының дәрігері Казбек Кушерович Еспаев-қа жүрек жарды тілегін арнапты. Төменде сол тілек қаз-қалпында келтірілген. Еміле, жазу үлгісі сақталған.
Саламатсызба Ағай. Менің ең алғаш бөпелі болуыма себебіңіз тиген яғни емдеген жансыз. 1997жылы көптен күткен қуанышымды Узи арқылы қарап бөпелі болатынымды айтып мені бір қуантқан болатынсыз Еңбегіңіз еленіп елдің алдында абыройыңыз асқақтай берсін.Өмір жасыңыз ұзақ болсын.Содан бері 20 жыл өтіпті ол ұл қазір университетте оқиды. Сіздің мына парақшаңызды көріп отырып үндемей қалуыма арым жібермеді. Сіз сияқты жандар көбейе берсін. Алла сізге қуат беріп халқыңызға еңбек етіп жүре беріңіз. Жақсының жақсылығын айтса нұры тасиды деген ғой дана халқымыз. Аман болыңыз аға.
5 Ақпан күні, сағат 15:53

 

7-02-2018, 18:30