Тегін дәрі-дәрмектер туралы ақпаратты онлайн түрде көруге болады

Тегін дәрі-дәрмектер туралы ақпаратты онлайн түрде көруге болады

Диспансерлік емделушілерге тегін босату үшін аймақтарға қандай дәрі-дәрмектер жөнелтілгені туралы ақпартты енді бірыңғай дистрибьютор сайтының "2018 жылға АДҚ бойынша ақпарат" бөлімінен сілтемебойынша көруге болады, деп хабарлайды BNews.kz.

"СҚ-Фармация" сайтының арнайы құрылған бөліміндеемделушілер бірыңғай дистрибуцияжүйесі арқылы дәрі-дәрмектісатып алу жағдайытуралы және дәрі-дәрмектітегін рецепт бойыншабосататын дәріхана туралы барлық қажеттіақпартты таба алады.

Бірыңғай дистрибьютордың басқарматөрағасының міндетін атқарушыШария Исмуханованың айтуынша, бөлімдегіақпарат күнделікті жаңартыладыжәне емделушілер өзіне ұсынылған дәрі-дәрмектердің дәріханаларға түскенінкөре алады.

"Пациенттер өздерінің аймағында қажетті дәрі-дәрмектердің бар-жоқтығын және дәріханаға келгенін білу қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан, бұл деректерді ашық жариялау туралы шешім қабылданды", - деді Шария Исмуханова.

Сондай-ақ, сайтта сіз тегін ақпарат алу үшін дәрі-дәрмектердің мекен-жайы мен байланыстелефондары туралы ақпараттарды таба аласыз.

Сонымен қатар, бөлімдеқазақстандықтар қажетті препараттардың өз аймағына жөнелтукестесі туралы неғұрлымнақты ақпаратты қоңыраушалу арқылы алуға болатын шұғыл байланыс телефондарыжарияланды.

Бірыңғай дистрибьютор ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасыбойынша аймақтардағы медицинажәне дәріхана ұйымдарынадәрі-дәрмектің жеткізілуінің және олардың рецепт бойынша босатылуының ашықтығынқамтамасыз ету үшін жасалып отыр.

http://syrboyi.kz/negizginews/17187-tegn-dr-drmekter-turaly-aparatty-onlayn-trde-kruge-bolady.html
29-01-2018, 11:24

2018 жылдан бастап Қазақстанда денсаулықтың электрондық төлқұжаты енгізілетін болады

2018 жылдан бастап Қазақстанда денсаулықтың электрондық төлқұжаты енгізілетін болады


Қазақстан Республикасы азаматының электрондық төлқұжаты денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру мен интероперабельділігін қамтамасыз етуге арналған Платформа құрамдастарының бірі болып табылады, ол медициналық көмек көрсетудің үздіксіздігін, өзекті, дәл және толық ақпаратты автоматтандырылған жинауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі электрондық денсаулық сақтау республикалық орталығының бас директоры Олжас Әбішевтің айтуынша, денсаулықтың электрондық төлқұжаты Қазақстанда 2018 жылдан бастап кезеңдер бойынша енгізілетін және өзіне пациент туралы толық және қарама-қайшылықсыз ақпаратты қамтитын болады: бұрынырақта басынан өткерген аурулар; созылмалы ауруларының бар екендігі; дәрілік заттарға мүмкін болатын аллергиялық жауап әрекеттері; талдамаларының нәтижелері және басқалар.

Ақпарат бірыңғай репозиторийде сақталатын және медициналық қызметкерлерге олардың артықшылықтарына сәйкес қолжетімді болады. Пайдаланушылардың өз денсаулығының электрондық төлқұжатының дербес мәліметтеріне қолжетімділігі электрондық үкімет сайтындағы пациенттің жеке кабинеті арқылы ұйымдастырылатын болады.

Денсаулық сақтау министрлігі қағаз жазбалар жүргізуді 2019 жылдың қаңтарынан бастап жоюды жоспарлап отыр және IBM және Microsoft компанияларымен Қазақстан аумағында жаңа инновациялық жобаларды енгізу туралы меморандум жасады.

Дереккөз:med.mcfr.kz
16-01-2018, 13:11

ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ҚАДІРІ


 

ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ҚАДІРІ

Испанияда Association of Adolescents бір бағдарлама дайындайды.
Ол жерде екі орындық. Ортасында перде бар. Бір жағында ден саулығы жақсы екінші жағында рак ауыруына шалдыққан адамдар отыр.

Оларға қойылған сұрақ:
Егер бір тілегіңіз орындалатын болса не тілер едіңіз? Сізді қандай нәрсе қуантады?

Дені сау адамдардың жауаптары:
- Нью Йоркта журналист болғым келеді.
- Сахара шөлін көргім келеді..
- Саяхаттап дүниенің әдемі аралдарын аралағым келеді...деген сияқты жауаптар береді..

Ал ауырып отырған адамдардың жауаптары...
- Менің өз аяғыммен жүргім келеді..
- Менің таза ауаның бетіме тигенін сезгім келеді.. мені сол қуантады..
- Дүниеде ауырып жатқан ешқандай адамның қалмағанын көргім келеді...
- Түрлі түсті гүлдерді тамашалаған ұнайды...
- Туған туыстарымның қайғырмайӨмірсүргенін көргім келеді ... деп жауап берген екен..

Бұл бағдарламада: Денсаулықтың қадірін сау кезімізде түсіне бермейтінімізді көрсеткен екен... (Аударма)

Сурет senno.by сайтынан

ФБ-дағы «Жалған Өмір» парақшасынан

15-01-2018, 12:48

Жаңа дәуір талабы

Жаңа дәуір талабы

Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық саласына айрықша маңыз берді.Онда төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында елдің дамуына арналған 10 негізгі тапсырманы іске асыруды міндеттеді.

Ел Президенті Н.Назарбаев бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып отырғанын алға тартты. Көшбасшының: «Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде»,–деген сөздері әрбір қазақстандыққа терең ой салды деп ойлаймын.

Біз белгіленген мақсаттарды жүзеге асыруға күш-жігерімізді, біліктілігімізді жұмсауға дайынбыз. Халықтың денсаулығын сақтау бағытында аурухана жанынан «Жол картасы» аясында инсульт бөлімі ашылды. Кардиология кабинеті жұмыс істеп тұр. Неврапатолог, травматолог және психолог мамандары тұрғындарға қалтқысыз қызмет көрсетуде.

«Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды»,–деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда теміржол емханасы мен ауруханасында КМИС цифрлық бағдарламасы қолға алынуда. Науқастың ауру тарихы компьютерге түсіріліп, ортақ базаға енгізіледі. Аталған жүйенің медицина қызметкерлері мен пациенттер үшін көмегі көп. Ең бастысы, қағазбастылықтан арылып, кез келген өңірде сандалмай қажетті ақпаратты бір базадан алу қарастырылған.

Сондай-ақ, бізде е-gov қызметі, call орталық, кезек нөмірін алатын терминал, SOS қызметтері жұмыс істейді. Осыған сай мамандардың білімін арттыру да алдағы уақытта да жүзеге асырылады. Денсаулық саласындағы жаңа леп дәрігерлерді қанаттандырып, құлшынысымызды арттырады.

Құбыл РШЫМБЕТОВ,

теміржол ауруханасының бас дәрігері.

https://qazaly.kz/kogam/668-zhaa-dur-talaby.html
12-01-2018, 11:40

СУ ТАСҚЫНЫ МЕН СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАРДА ТҰРАТЫН ХАЛЫҚТЫҢ ЖАСАЙТЫН ІС ӘРЕКЕТТЕРІ МЕН МІНДЕТТЕРІ

СУ ТАСҚЫНЫ МЕН СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАРДА ТҰРАТЫН ХАЛЫҚТЫҢ ЖАСАЙТЫН ІС ӘРЕКЕТТЕРІ МЕН МІНДЕТТЕРІСУ ТАСҚЫНЫНАДЕЙІН

 

 

– күрделі құрылыстарды тек мемлекеттік өкілді органдардың рұқсатыбойынша салыңыз;

– қауіпті жерде уақытша тұратынорындарды жасамаңыз;

– азық-түлік, су, қажеттізаттардың, дәрі-дәрмектердің және құтқару құралдарының қорын алдын ала қарастырыңыз;

– құжаттарды дайындаңыз, егер де жас балаларыңыз болса, оларға аты-жөні, туылғанжылы және мекен-жайы көрсетілген бирка жасаңыз;

– өздеріңізге жақын орналасқан қауіптіорынды және оған жететін қысқашажолды белгілеңіз;

– хабарландыру дабылдарына, гидрометеомәліметтеріне назар аударыңыз;

– жергілікті атқарушыоргандарынан көшіру-жиналу пунктініңмекен-жайын анықтапалыңыз.

 

СУ ТАСҚЫНЫҚАУПІ КЕЗІНДЕ

 

– газ және электр қуаты көздерін сөндіріңіз, құнды заттарды қауіпсізорынға көшіріңіз;

– электр энергиясының қосымшакөздерін, алғашқы көмек көрсету құралдарын, су және азық-түлік қорын, радиоқабылдағыштарын, от жағу үшін спирттікплиталарды және дабыл беру үшін электршамдарын дайындапқойыңыз, автокөліктердің бактарынмаймен толтырыңыз;

– егер уақытыңызболса, үйіңізді (пәтеріңізді) қорғау шараларын (есік-терезелердімықтаңыз, жоғарғы қабаттарға, үйдің төбесіне, шатырларға үй заттарын, ауыл шаруашылығықұралдарын, жем-шөпті қауіпсізорындарға көшіріңіз) жасаңыз;

– электр құралдарымен желілерді, газды судан қорғауға шараларқолданыңыз;

– көлікпен немесе жаяу болсын биік жерлерге орналасыңыз;

– басқару органдарының қауіпсіз жерге көшіру туралы хабарландыруы мен ескертулерін мұқият орындаңыз;

– көшіру туралы хабарды алысымен міндетті түрде көшіру-жиналу пунктіне барыңыз;

– пәтерден (үйден) шығар алдында өздеріңізбен бірге қажетті құжаттарды, құнды заттар мен ақшаларыңызды, бірінші кезекте қажет болатын заттарды және 2-3 тәулікке жететін азық-түлік пен суды алып шығыңыз;

– қауіпсіз аймақтарға жіберу үшін, осы аудандарда орналасқан көшіру-жиналу пункттеріне барыңыз;

– үйдегі малдарыңызға ен салып, көшіру-жиналу пункттеріне айдап келіп, жауапты адамдарға тапсырыңыз, малдар да қауіпсіз аймаққа көшіріледі;

– көшіру-жиналу пункттері әкімшілігінің барлық нұсқауларын орындаңыз.

 

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ

 

– төмен орналасқан жерден тез арада кету қажет, егер су басқан ауданнан шыға алмасаңыз, жоғарғы қабатқа, шатырдың үстіне, биік ағаштарға орналасыңыз;

– басқару органдарының тиісті нұсқаулары келгенге дейін қауіпсіз орындарда қалыңыз;

– су ағынынан өз бетінше өтуге әрекет жасамаңыз. Су ағынының 15 см тереңдігі адамға қауіпті, ал 50 см тереңдігі әдетте көліктердің қозғалысын қиындатып, өте қауіпті болады;

– қолдағы бар құралдарды: пластикалық заттарды, резинадан жасалынған баллондарды, ағаштарды және т.б. пайдаланып, судан шығу амалын қарастырыңыз;

– көмек қажет болған жағдайда, үрейленбей, тыныштық сақтап, апат белгілерін (жалаушалар, көліктің дыбыс белгілері, оқ атыңыз, от жағыңыз) беріңіз;

– суда қалып қойсаңыз, үстіңіздегі ауыр киім мен аяқкиімдерді шешіңіз. Су баспаған учаскелерге ағын судың бұрышына туралап жүзу қажет, жүзу кезінде су астындағы және судың бетіндегі қауіпті заттардан сақтаныңыз;

– зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек қажеттігі кезінде, су мен азық-түліктің жоқтығы кезінде, жағдайдың кауіптілігі кезінде немесе құтқарушылардан көмек келетіндігі туралы күдіктенсеңіз, су басқан аумақтардан көшіру әрекеттерін жасау керек.

 

СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЙІН

 

Өз үйіңізді мұқият тексеріңіз:

– фундаменттің тұтастығын;

– қабырға, терезе, еденнің бүтіндігін;

– газ және электр жүйелерін;

– улы жыландардың болмауы мүмкіндігін;

– зақымданған электр, газ жүйелерін қосуды мамандарға тапсырыңыз;

– үйдің тұрақтылығына күдіктенсеңіз, үйдің ішінде қалмаңыз;

– азық-түліктің жарайтындығын тексеріңіз, суды қайнатып ішіңіз;

– ашық от көздерін пайдалану қауіптігін есте сақтаңыз;

– су тасқыны дүние-мүліктеріңізге үлкен шығын келтірсе, жергілікті атқарушы органдарынан көмек сұраңыз.

 

Жедел қызметтердің байланыс телефоны: 112.

http://syrboyi.kz/zedelnews/16504-su-tasyny-men-su-basu-aup-bar-aumatarda-tratyn-halyty-zhasaytyn-s-reketter-men-mndetter.html

8-01-2018, 18:32

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ

Қыс мезгілінде төтенше жағдайларды алдын алу және адам шығынын болдырмау мақсатында төмендегі жағдайларды және ережелерді ескергеніңіз жөн.

Көмір қышқыл газынан уланудан сақ бол:

Ғимарат немесе тұрғын үй ішіне газ тарағанда қабырғалар мен айналадағы заттарға қонбайды, суға сіңбейді. Адамдардың улы газбен улану жағдайы көбінесе түнгі уақытта орын алып отырады. Түтіндеген кезде ұйықтап жатқан адам үшін, улы газдың мөлшерін алу үшін бірнеше минут жеткілікті, пештің немесе газ қондырғысы орнынан алыс тұрса да, оның салдары адамға зиян келтіріп тұрады. Көбіне улы газдың зардабы балалар және қарт адамдарға тиеді. Аяқ астынан шыққан улы газдың зардабы, орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасауы керек.

 

Қыста жолға шыққанда есте сақтауды қажет ететiн қарапайым ережелер бар:

- метеорологиялық мәлiметтердi тыңдап немесе қоршаған табиғатты бақылап, ауа райының өзгерiсiн байқауға тырысыңыз;

- аязды күні ең алдымен адамдардың аяқтары, қолдары және бетi жиiрек және тезiрек тоңады, сондықтан жылы киімдер киініңіз, аяқ киiм кез келген жағдайда кең болуға тиiс;

- автокөлікпен алыс сапарларға шыққан жағдайда, көліктің ақаулығын жөндеңіз, өзіңізбен бірге қағаз түріндегі картаны алып жүріңіз, автожолдардың бойында орналасқан жылыту пункттерін (қонақ үй, дүкен, кафе және т.б.) және медициналық көмек көрсету бекеттерін нақтылап алыңыз;

 

Мұзда жүру ережесі:

- тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінетін кезде (тұман, қар басу, жаңбыр) ешқандай жағдайда мұзға шығуға болмайды;

- өзеннен өтерде мұз өткелдерін пайдаланыңыздар;

- аяқ соққысымен мұздың қаттылығын тексеруге болмайды. Егер бірінші қатты соққыдан кейін, шаңғы таяқшасымен қатты ұрғаннан кішкене су көрінсе – бұл мұздың жұқалығын білдіреді, онымен жүруге болмайды. Мұндай жағдайда өз ізіңмен жылжып, мұздан аяғыңды алмай және иықтың өлшемімен салмақ салмай жағаға қайтадан шығу қажет. Мұздың жарылуы кезінде де дәл осылай жасау керек.

- амалсыз су айдындарынан өтер кезде, ең бастысы тапталған соқпақтармен немесе салынған шаңғы жолымен жүру қажет. Егер де ондай жол болмаса, мұзға түспес бұрын, жүретін бағытыңды, ізіңізді нақтылап алыңыз;

- топпен су айдынынан өтер кезде, бір-біріңіздің араларыңыздағы қашықтықты сақтау қажет.(5-6 м)

- қатқан су айдындарында жүкпен бірге соңында ілмегі бар, ұзындығы 20 – 25 м болатын берік бау алып жүру қажет.

Төтенше жағдайлар мен оқиғалар орын алған кезде «101», «112» телефондарына хабарласыңыздар.

Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті

https://syr-media.kz/khabarlandyru/1320-ys-mezglnde-aupszdkt-satau-erezhes.html
3-01-2018, 18:30

СУ ТАСҚЫНЫ ОРЫН АЛҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖАДНАМА

СУ ТАСҚЫНЫ ОРЫН АЛҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖАДНАМА

Әрқашан дайындықта ұстауға тиісті заттар тізімі:

құжаттар салынған сөмке немесе жолдорба;

тағам және судың үш күндік қоры;

алғашқы медициналық көмек дәріқұтысы және ең қажетті дәрі-дәрмектер;

электрлі тасымалдау фонары және сіріңке;

жылы аяқ киім мен киімдер.

Су тасқынында қалай әрекет ету керек:

Су тасқыны қаупі төнгенде және адамдарды көшіру жайлы хабарлама берілген кезде, тез арада кешікпей белгілі тәртіппен, екі тәуліктік азық қорын және қажетті заттарды алып, жерді су басу қаупі бар апатты аймақтан белгіленген қауіпсіз аймаққа немесе көтеріңкі жерге шығыңыз. Көшірудің соңғы пункітіне жеткенде күту қажет.

Құтқарушы жақындаған кезде сабырлылықпен, үрейсіз сабырлық сақтап, баяу жүзу құралына отыру керек. Сонымен қатар құтқарушылардың талаптарын орындап, жүзу құралына артық салмақ салмау қажет. Қозғалыс кезінде анықталған орынды тастап кетуге қатаң тиым салынады, жүзу құралының ернеуіне отыруға болмайды, құтқарушы экипаждың айтқанын қатаң орындаңыз.

 

Егер адам суға батып бара жатса:

Суға батып бара жатқан адамға қалқымалы зат лақтырып, оны құрғатып, көмекке шақыру қажет. Зардап шегушіге жүзіп барар кезде судың ағысын байқаңыз. Егер батып бара жатқан адам өз іс-әрекетін бақылай алмайтын болса, онда оның арт жағынан барып, шашынан ұстап, жағаға сүйреу керек.

https://syr-media.kz/khabarlandyru/1296-su-tasyny-oryn-alan-zhadayday-zhadnama.html

29-12-2017, 12:26

Жаңа 2018 жылмен құттықтау

Жаңа 2018 жылмен құттықтау

«Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалы - Қазалы теміржол ауруханасының 2017 жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы

уақыттағы міндеттері туралы

 

Қадірлі қонақтар! Құрметті әріптестер!

Бүгінгі таңда елімізде денсаулық сақтау жүйесін реформалауға үлкен талпыныс жасалуда. Ұлт саулығы, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мен мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамы - соның айқын көрінісі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі 5 бағытына дайындалған «Жол карталарын» іске асыру жүргізілуде. Ондағы ортақ мақсатымыз медициналық көмекті - қолжетімді, дәрігерлік қызметті - сапалы ету.

Ұлт Жоспарында қойылған басты міндеттердің бірі - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу болатын. «100 нақты қадамның» 80-ші қадамында оның мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатыны айқын көрсетілген. Сондай-ақ, жаңа жүйе бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) бірінші кезекте қаржыландыруға басымдық бермек.

Тәуелсіздігіміздің тарихында Қазалы теміржол ауруханасы түрлі қиындықтардан өтіп, талай белестерді артқа тастап келеді. Бүгінде аурухана көпсалалы емдеу мекемесі ретінде облысқа кеңінен танымал. 100 төсек-орынмен қамтылған мекемеден жыл сайын 3300-3400 науқас ем алып шығады. Диагностикалық, аспаптық, дәрігерлік тексерулер, емдеу тәсілдері мен науқастарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жолға қойған аурухана аймақтағы көпсалалы медициналық ұйымдардың біріне айналып отыр. Бұл, әрине, білікті мамандардың жанқиярлықпен еткен еңбегінің жемісі.

Адам жанының арашашысы болу - жүректілікті талап ететін қызмет. Мемлекетіміздің ең басты құндылығы - адам өмірі болып табылады. Бұл орайда оның толыққанды бақытты өмір сүруі тікелей оның денсаулығына байланысты. Осы тұста біздің мекемеде 62 дәрігер, 182 орта және 79 кіші буын медицина қызметкері қоғам саулығы үшін тынымсыз еңбек етіп жүр.

Есепті жылы қайта даярлаудан 4 дәрігер, біліктілігін жетілдіруден 5

дәрігер және 10 мейіргер өткізілді, 10 дәрігер мен мейіргер маман сертификатын алды, 6 дәрігер және 30 мейіргер санаттылыққа ие болды.

Ауруханада жүзеге асырылған денсаулық сақтау саласына қатысты бағдарламалардың барлығы ел саулығын нығайтуға үлес қосуда. Атап айтқанда, 2017 жылы аурухананың травматолог мамандары жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсетті (жамбас буынын эндопротездеу және остеосинтез жасау), мемлекеттік тапсы­рыспен 5 науқасқа ота жасап, емдеп шығарды. 20 төсектік нейроинсульт орталығында осы уақытқа дейін Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарынан түскен 400-ден астам науқас емделіп шықты. Компьютер­лік томограф аппаратымен Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары және Байқоңыр қаласының тұрғындарына тәулік бойы тегін және ақылы түрде тексерулер жүргізіледі. УДЗ аппаратымен стационарлық науқастарға ай сайын 350-400 зерттеулер тегін жүргізіліп келеді.

Ауруханада «Телемедициналық» байланыс іске қосылған. Бұл байланыс арқылы күрделі науқастар 14 республика­лық клиникалық, ғылыми-зерттеу, облыстық медициналық, пери­наталдық, диагностикалық орта­лық­тарынан кеңес ала алады және дәрігерлер селекторлық кеңестер мен видеоконференцияларға қатысып, білімін жетілдіруде.

2017 жылы 27637695 теңгеге ауруханаға қажетті медициналық мақсаттағы бұйымдар, оның ішінде «SOS медциналық сигнализациясы», бұрылмалы вертикализатор, ИВЛ аппараты, реанимациялық монитор, жүргізу имитаторы, хирургиялық электрокоагулятор, компьютерлер жиыны, жылжымалы дизель электр станциясы және тағы басқа да құрал-жабдықтар сатып алынды.

Аурухананың қабылдау бөліміне орналастырылған «SOS» бағдарламасы арқылы маман дәрігерлерді жедел шақыру ұйымдастырылған.

Емханада кешенді медициналық ақпараттық жүйесі (КМИС) толық іске қосылды. Пациенттердің кезегін азайту мақсатында «Терминал» электрондық кезек жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет «электронды үкіметінің» egov.kz веб-порталы арқылы «дәрігердің қабыл­дауы­на жазылу мен үйге шақыру»30%-ке, бірыңғай халық тіркелімі бойынша (РПН) 5%-ке жеткізілді. Жүкті әйелдер мен туу жасындағы әйелдерді регистрге енгізіп жұмыс жасалуда. Жүкті әйелдердің кезек күтпеу үшін «жасыл дәліз» арқылы қабылдау жалғастырылуда. Бала шақтағы ауруларды ықпалдастыра енгізу (БШАЫЕ) бағдарламасы кеңінен қолданылуда.

Мұның бәрі тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, әр отбасының, әр азаматтың денсаулығын жақсартуға оң ықпал етуде.

Нәтижесінде, есепті жылы аурухана ұжымы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Қызылорда облысының әкімдігі арасындағы облыс тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған МЕМОРАНДУМ–ның нысаналы көрсеткіштері бойынша біршама табыстарға қол жеткізді.

Атап айтқанда, аймақта ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Халықтың күтілетін өмір-сүру ұзақтылығы 72,1 жасқа өсті. 1000 адамға шаққанда жалпы өлім – жітім 3,5-ке, 100 мың халыққа шаққанда қан айналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім – жітім 58,0-ге, онкологиялық аурулардан болатын өлім – жітім 49,0-ға, жарақаттанулардан, жазатайым оқиғалардан және уланулардан болатын өлім – жітім 4,7-ге дейін төмендеді. Емхананың жұмыс сағаттарында созылмалы аурулары бар науқастарға шақырулардың үлесі 15%-ке төмендетіліп, дәрігергее жүгіну үлесі 61,0%-ке ұлғайтылды. Стационарлық көмекті тұтыну (1000 халыққа шаққанда) 145,0-ке дейін төмендетіліп, жоспарлы емдеуге жатқызу 50,1%-ке дейін ұлғайтылды. Ұйымдағы ұйымдастырушылық техниканы (компьютерлер, серверлер және басқалар) жыл сайын жаңарту 20%-тен кем емес. Локалды ақпараттық жүйелерді енгізу 100% қамтылды.

Айта кету керек, 2017 жылдың 20 қыркүйегінен бастап аурухана атауы өзгертіліп, «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалы - «Қазалы теміржол ауруханасы» болып қайта құрылды. Соған байланысты, денсаулық сақтау саласындағы қызмет түрлеріне лицензия мен лицензияға қосымшалар толық қайта ресімделіп, 5 жыл мерзімге рұқсат алынды.

Алдағы жылы да біздің мекеме 2017 жылғы қол жеткізген жетістіктерін одан ары жалғастыратынына сенімім мол. Ал ол үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда (мемлекеттік тапсырыс, қаржыландыру, материалдық-техникалық база, кадр мәселелері).

Құрметті әріптестер! Біздің әрқайсысымыз өмір мен денсаулықтан артық құндылық жоқ екенін жақсы түсінеміз. Дәл осы баға жетпес құндылықты сақтап қалуға негізделетін аса жоғары жауапкершілік Сіз бен бізге жүктеледі. Сөзсіз, Сіздердің толассыз қызметтеріңіздің өлшемінде қуанышымен қауышқан талай адамдардың тағдыры тұр. Алдағы уақытта адам тәнінің қиналысы мен қасіретін жүрегімен сезіне білетін Сіздерді халыққа қалтқысыз еңбек етеді деп сенемін.

Қадірлі қонақтар! Құрметті әріптестер!

Алда жақсылығымен, жағымды жаңалығымен баршаны қуантар, келе жатқан Жаңа Жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге Жаңа 2018 жыл мол бақыт, шалқар шаттық, зор қуаныш, құт-береке, жарқын жетістік пен асыл татулық әкелсін! Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін! Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке ұласа берсін! Ырыстарыңыз көп болып, табыстан табысқа жете беріңіздер! Жоспарларыңыз іске асып, тілектеріңіз орындалсын! Жұмыста - табыс, жүректе - тыныштық, денсаулық - мықты болсын. Алға қойған барлық мақсат орындалсын!

 

Игі тілекпен: Қ.РШЫМБЕТОВ,

«Апаттар медицинасының

теміржол госпитальдары» ЖШС филиалы –

Қазалы теміржол ауруханасының директоры

Сурет UaUa.INFOсайтынан алынды.

 

28-12-2017, 10:08

МӘМС-ға жарна төлеу туралы

МӘМС-ға жарна төлеу туралы

МӘМС-ға жарна төлеу туралы
МӘМС-ға жарна төлеу туралы
МӘМС-ға жарна төлеу туралы
МӘМС-ға жарна төлеу туралы
Төлем бойынша топиктер. Осы жерден жүктеп алуға болады. Topiki-po-platezham-za-OSMS-KAZ.doc [43,5 Kb] (cкачиваний: 0)
26-12-2017, 11:59

МӘМС қызметіне жарна қалай төленеді?

МӘМС қызметіне жарна қалай төленеді?

Биыл елімізде денсаулық сақтау саласының жаңа жүйесі іске қосылды. Осыған орай, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылды. Келешекте соның есебінен қазақстандық азаматтардың барлық медициналық шығындары төленуі тиіс. Бұл жөнінде толығырақ білу үшін Қазалы теміржол емханасының меңгерушісі Сейілхан Артықбаевпен жүздескен едік.

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімінің

2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты жарналар мен аударымдарды төлеу тәртібі өзгере ме?

– Жұмыс берушілер үшін мемлекеттік сақтандыру қорына аударатын аударымдар мөлшері өзгермейді: 2018-2019 жылдары 1,5 пайыз, 2020 жылдан бастап – 2 пайыз.

Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері жарнаны осы тәртіп бойынша төлейді.

Жеке тұлғалар – жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылады.

Азаматтық-құқықтық келісім шарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемінде жарна береді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды.

Жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары өзіне жарна аудармайды. Бірақ қарамағындағы қызметкерлеріне жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды. Атап кетсек, 2018-2019 жылдары 1,5 пайыз, 2020 жылдан бастап – 2 пайыз.

Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы 1 пайыз, 2021 жылдан бастап 2 пайыз ұстап, қор есебіне аударуды қамтамасыз етеді.

Мемлекет жекелеген санаттағы азаматтар үшін жарнаны 2020 жылдан бастап алатын болады. «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» заңның 26 бабы 2,3 тармақтарына сай аударылатын жарна мөлшері оған дейінгі екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4 пайызын құрамақ.

Жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайтын тұлғалар біржолғы ең төменгі жалақының 5 пайызын төлеп, сақтандыру жүйесіне қосыла алады.

– 2017 жылы жеке кәсіпкерлер жарнаны қалай төлейді?

– Жалпы тәртіптегі жеке кәсіпкер – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңның 30-бабы 6-тармағы бойынша жеке кәсіпкерлер 2017 жылдың шілде-желтоқсан айларына жарна аударады. Жарна келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төлеуге міндетті. Яғни, 2017 жылдың желтоқсаны үшін жарнаны 2018 жылдың қаңтарында төлеуге болады. Олар 2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған.

Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін пайдаланатын жеке кәсіпкерлер де 2017 жылдың шілде-желтоқсан айлары үшін төлем жүргізеді. Жеңілдетілген декларация ҚР салық органдарына салықтық есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен, ал, салықтар есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей өткізіледі. Сондықтан соңғы төлем 2018 жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей төленуі тиіс. Себебі, 2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған.

Сұхбаттасқан,

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.

https://qazaly.kz/kogam/401-mms-yzmetne-zharna-alay-tlened.html
25-12-2017, 20:06