ТІРКЕУ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚ-ЖАУАП

ТІРКЕУ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚ-ЖАУАП
ТІРКЕУ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚ-ЖАУАП
ТІРКЕУ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚ-ЖАУАП
27-10-2017, 12:53

ЕМХАНАНЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАЙМЫЗ?

ЕМХАНАНЫҚАЛАЙ ТАҢДАЙМЫЗ?
ЕМХАНАНЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАЙМЫЗ?
26-10-2017, 12:51

Мед тіркеу мамандарына арналған ЖАДЫНАМА

Мед тіркеу мамандарына арналған ЖАДЫНАМА
Мед тіркеу мамандарына арналған ЖАДЫНАМА
25-10-2017, 12:53

Дертке дауа тапқан дәрігер

Дертке дауа тапқан дәрігерДертке дауа тапқан дәрігер. "Қазалы" газетіндегі дәрігер Сахи Төлегенов туралы мақала. 21 қазан 2017 жыл 
24-10-2017, 13:07

ҚҰФ: дәрі-дәрмектер туралы шындық

ҚҰФ: дәрі-дәрмектер туралы шындық

 

Қазіргі таңда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қоғамның және денсаулық сақтау жүйесінің күрделі әлеуметтік ауыртпалығы бола отырып, мемлекетке айтарлықтай мәселелер туғызатындығы анық. Жыл сайын ондаған жаңа дәрілік заттар пайда болады. Қандай да бір аурудан кезекті «ғажайып-зат» сатып алуға итермелейтін жарнама, біздің әр қадамымызда орын алады. Осындай ақпарат көптігінен адамның, тіпті денсаулық сақтау саласының маманына дұрыс таңдау жасау қиындыққа түседі. Нақты осы мәселені шешу 2016-2019 жылдарына арналған денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылған, Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға жүктелді. Жобаның бастаушысы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті болды. Ұлттық формулярды құрастыру бойынша жұмыстар өткен жылдан басталған. Нәтижесінде 2016 жылдың мамыр айында ҚҰФ пилоттық тәртіпте іске қосылды. Осылайша, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде осындай ақпарат қорын құрастарған алғашқы елдің бірі болды.

ҚҰФ құрастыруға отындық мамандармен бірге Европа және Жаңа Зеландияның тәжірибелі фармакологтары тартылды. Отандық және шетелдік сарапшылардың бірауыздан айтқан пікірі бойынша, ҚҰФ - бұл дәрілік заттарды ұтымды пайдалану және, дәрілік заттарды тиімді, ұтымды сатып алу есебінен бір мезгілде, бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін бірегей жоба болып табылады.

«Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр» келесідей өршіл мақсаттары бар: тек жаңа білім қорларымен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар барлық формулярлық жүйені нығайтуға және тек дәлелденген тиімділігі бар дәрілік заттарды пайдалануға мүмкіндік беретін алғашқы формуляр. «ҚҰФ қазіргі таңда Орталық Азия, және бәлкім, бүкіл әлем бойынша дәлелді ақпараттың жетекші көзі болып табылады»,- деп формулярлардың ең үздік әлемдік үлгісі ретінде танылған, Британдық ұлттық дәрілік формулярының экс-директоры Дункан Энрайт санайды.

ҚҰФ құрылымы ДДСҰ АТХ жіктелуі бойынша құрастырылған. Препарат туралы барлық қажетті деректер бір бетте орналастырылған. Ұлттық формуляр тек дәрігерлерге ғана емес, сонымен қатар жалпы халық үшін онлайн тәртіпте www.knf.kz сайтында мемлекеттік және орыс тілінде қолжетімді.

ҚҰФ құрастыруда фармакотерапия жүргізудің озық әлемдің тәжірибесі қолданды. Медикаменттерге бағалардың шекті деңгейлері көрсетілуіне байланысты, ҚҰФ әр азаматқа оның әлеуметтік мәртебесі және табысына байланыссыз тиімді дәрілік көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Формулярдың жүйелі жаңартылуы медицина қызметкерлеріне препараттар туралы, оларды тәжірибеде қолданылуы жайлы деректер алуға, мамандар біліктілігін тұрақты арттыруға және ұтымды фармакотерапия саласында білімін жетілдіруге септігін тигізеді.

Шын мәнінде, дәрілік формуляр- елдің клиникалық медицина бағыттарының жетекші мамандарымен және денсаулық сақтау және дәрілік заттар саласындағы уәкілетті органдармен келісілген, клиникалық тәжірибеде қолданылатын дәрілік препараттардың оңтайлы тізімі. ҚҰФ қолданылатын дәрі- дәрмектер номенклатурасын оңтайландырады, стационар және амбулаториялық деңгейде терапия бірізділігін қамтамасыз етеді деп есептеуге барлық негіз бар.

Қазақстандық Ұлттық Дәрілік Формулярмен қалай қолдануға болады

 

ҚҰФ тегін қор болып табылады. Іздестіру көмегімен дәрілік препаратқа бекітілген атауынан, қолдану тәсілі және дозасынан, сақтық шараларынан, қолдануға болмайтын жағдайларынан, дәрілермен өзара әрекеттесуі, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі қолдану тәсілінен, жүктілік және бала емізу кезінде препаратты қолдану жөніндегі ескертпелерден, сонымен бірге жанама әсерлерінен тұратын монография табуға болады. ҚҰФ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі шекті бағалары бар саудалық атаулары көрсетілген дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауларынан құрылған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің м.а. 2016 жылғы 15 шілдеде № 622 бұйрығымен бекітілген дәрілік заттар тізімі – бұл бөлінген бюджет қаражаттарын ескере отырып тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік қамтамасыз ету үшін Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярынан алынған дәрілік заттар тізімі. Дәрілік заттар Анатомиялық- терапиялық- химиялық (АТХ) жіктелуіне сәйкес келтірілген. Монографияларда Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының деректер қорына сілтемелер бар. Дәрілік заттардың топтарының сипаттамасы қолданушыларға фармакологиялық топқа препараттың тиістілігі туралы жалпы түсінік және топ ішіндегі дәрілік заттардың маңызды айырмашылықтары туралы қосымша ақпарат береді. Сіз шешімдер қабылдауда Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттар туралы дәлелді медициналық ақпарат көзі ретінде ҚҰФ сенім артуыңызға болады. ҚҰФ жұмысын жақсартуға арналған барлық ұсыныстарыңыздыknf@rcrz.kzэлектрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз.

 

Құрметпен «ҚҰФ» Редакциясы

 

Сурет Наше місто сайтынан алынды

4-10-2017, 17:07

САЛА АРДАГЕРЛЕРІНЕ САУЛЫҚ ТІЛЕДІ

САЛА АРДАГЕРЛЕРІНЕ САУЛЫҚ ТІЛЕДІ


 

«Қарты бардың қазынасы бар» деген қағиданы мықтап ұстанған теміржол ауруханасының ұжымы халықаралық қарттар күнін атап өтті. Бұл күні аға буын өкілдеріне тиісті құрмет көрсетіліп, ас мәзіріне толы дастархан жайылды.

Айтулы мерекені алғы сөзбен ашқан Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері Құбыл Ршымбетов емдеу орталығынан зейнетке шыққан қарияларды мейрамдарымен құттықтап, ауруханадағы жаңалықтармен бөлісті. Яғни, «Апаттар медицинасының теміржол госпиталдары» акционерлік қоғамынан жауапкершілігі шектеулі серіктестікке өткендігін айтып, әрқайсысы 35-40 жылдан жұмыс істеген ардагерлердің аман-саулығын тіледі. Сонымен қатар, зейнеткерлікке ұжым атынан сый-сияпат тарту етті.

Қуанышты басқосуда Ә.Сейтенов, Қ.Сәрсенбаев, Н.Матығұлова, Ж.Мылтықбаева, А.Прешова, Б.Сейтенова теміржол ауруханасының басшылығына шексіз алғыстары мен жылы лебіздерін жеткізді. Құрмет пен мейірім мерекесінде дәрігерлер: А.Дәрібай, С.Адаев, Ж.Қуанышбаев қонақтарға ақжарқын тілектерін білдірді.

САЛА АРДАГЕРЛЕРІНЕ САУЛЫҚ ТІЛЕДІ

 

 

 

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА,

«Қазалы» газеті, 3 қазан 2017 жыл. 
4-10-2017, 16:39

ЖОБАНЫҢ РЕЗЮМЕСІ

ЖОБАНЫҢ РЕЗЮМЕСІМейірбикелік қызметтің жаңа моделін өмірге енгізу бойынша қанатқақты ЖОБАНЫҢ РЕЗЮМЕСІ (орыс тілінде)rezyume-2.pdf [443,07 Kb] (cкачиваний: 1)

Сурет YouTube-тан алынды

 

27-09-2017, 17:33

ЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА (VIDEO)


Когам ТВ

Опубликовано: 18 сент. 2017 г.

Наш сайт:
http://kogamtv.kz/

 


18-09-2017, 11:55

Күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Тұрмыста күйіктің термиялық түрі жиі кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, қызу, ыстық салдарынан пайда болған күйік ауруы барлық жарақаттанғандардың арасында үшінші орында тұрады.

Күйік - дене ұлпаларының ыстықтан, қызудан, химиялық заттардан және сәуле энергиясынан жарақаттануын күйік деп атайды.

Сондықтан күйікті жарақаттанған ұлпалардың тереңдігіне және көлеміне байланысты төрт дәрежеге бөледі:

l - дәрежелі күйік - термиялық фактордың қысқа мерзімнің ішінде және қызуы төмендеу температураның нәтижесінде пайда болады. Терінің қабыну процесі бір аптаның ішінде жазылады. Күйіктің орнында пигменттік дақтар қалады және терінің сыртқы қабықтарының (эпидермис) түсуі мүмкін.

II - дәрежелі күйік - тері бүртікті қабатына дейін зақымданады, эпидермистің астына сары су жиналып күлбірек пайда болады. Бұл дәрежеде терінің қабыну жағдайы жоғары түрде байқалады. Егер жиналған сары суға инфекция қосылмаса, бір аптаның шамасында, терінің қабықшасы өз орнына келеді. Жазылу мерзімі 10-15 күнге созылады. Күйіктің іріңдеген түрінде жазылу процесі ұзаққа созылады және орнында тыртық пайда болады.

lll - дәрежелі күйік терінің жоғарғы қабаты жансызданса /lll-А дәрежесінде/, не болмаса, терінің барлық қабаты жансызданса lll-Б дәрежесінде деп есептейді. Күйіктің үстінде қара түсті қыртыс пайда болады.

lV - дәрежелі күйік кезінде теріден басқа тереңде жатқан ұлпалар,/ шелді майлар, бұлшық еттер, сүйектер / жансызданып өртенген көмір түріне айналады. Жазылу процесі өте нашар түрде жүреді, әртүрлі қыртыстар пайда болады.

Термиялықкүйік – денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтықпен газ, қызған және балқыған металдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудыңауырлығы әсер еткен температураның жоғарылығына,әсер етудің ұзақтығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктерәсіресе жалын мен қысымда тұрған будыңәсерінен пайда болады. Аяқ-қол, көз, дененің басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды.

Термиялықкүйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек зардап шегушіге жоғары температураныңықпалын тоқтатуға, яғни жанған киімді сөндіруге, оны жоғары температура аймағынанәкетуге, оныңденесінен күйген киімді шешуге бағытталады. Күйген жерді суықсудың астына 10-15 минут ұстаңыз. Егер дененің зақымдалған жері үлкен болса, оныңүстін суға малынған ақжаймамен жабыңыз. Егер зардап шегуші есінен айрылмаған болса, оған суық су беріңіз.

Күйіктіңасқынуын болдырмау үшін күйіктің бетіне таза таңғыштар жабу керек. 1- дәрежедегі күйік кезінде таңғышты спиртпен, арақпен, калий пермаганатымен ылғалдапқоюға болады. Көпіршіктерді қыздыруға, алуға немесе қандай да бір май жағуға (вазелин, май немесе өсімдік) болмайды. Жағылған май ауруды жазуға көмектеспейді. Есесіне жұқпалылардың енуіне жол береді. Бұл өз кезегінде алғашқы медициналық көмекті көрсетуге, теріні алғашқы хирургиялықемдеуге кедергі келтіреді.

 

А.Есахаев.

ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалыныңбөлім басшысы.

http://syrboyi.kz/densaylik/13498-kyk-kezndeg-alashy-medicinaly-kmek.html

13-09-2017, 12:14

ҚАЗАЛЫ ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА ИНСУЛЬТТЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

ҚАЗАЛЫ ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА ИНСУЛЬТТЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫҚызылорда облысында осы жылдың 6 айында УДДГ (ультрадыбыстық доплерография) зерттеуімен 1 886 адам тексеріліп, 80-де стеноз анықталып, 89%-на консервативті ем тағайындалып, 11%-на каротидті эндоартерэктомия отасы жасалған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Оның айтуынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен Жол карталардын индикаторлары толық орындалды. Осы ауруларға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыруда «алтын сағат» уақытын сақтау өте маңызды. Осыған байланысты, аймақтағы жол қатынастарының ұзақтығын ескере отырып, елді мекендерде орналасқан халыққа мамандандырылған көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдың ақпан айында Қазалы теміржол ауруханасының базасында ауданаралық II деңгейлі инсульттық орталық ашылған болатын.
— Бұл орталық Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоныр қаласының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, Қазалы аудандық орталық ауруханасының базасында 15 төсек орынға нейрореабилитациялық бөлім, №3 қалалық емхананың базасында инсультпен ауырған науқастарға кеш оңалтуды жүргізу мақсатында нейрореабилитациялық орталық ашылған. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап амбулаториялық деңгейде реабилитация жұмысын жүргізу мақсатында 6 ауданда 5 реабилитациялық төсек орыннан ашылды, — дейді басқарма басшысы.

http://syr-media.kz/o-am/azaly-temirzhol-auruhanasyny-bazasynda-insultty-ortaly-zh-mys-zhasajdy/

7-09-2017, 13:57