МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК!

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК!

2018 жылдың 1 қаңтарынанМіндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізіледі.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әр-бір азамат сақтандыруқорынажарна төлеуге міндетті!!!

Қорға жарна аудару үшін әрбір адам қай санатқа жататынын анықтау қажет!

 

тұрғындардың төменДегі көрсетілген санаттарына жарнаны Мемлекет төлейді:

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) іс жүзінде үш жасқа толғанға дейінгі баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтімі бойынша демалыста отырған адамдар;

6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі ең төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

9) тергеу изоляторларындағы адамдар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар;

11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;

12) мүгедектер;

13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын адамдар;

14) оқуды аяқтағаннан кейінгі келесі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқуын аяқтаған адам.

Егер отбасы мүшесі:

·Жұмыс беруші, дара кәсәпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушы, адвокат, кәсіби медиатор, азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс алатын жеке тұлға болса, Қорға аударымдар мен жарналарды 2017 жылдың 1 шілдеден бастап төлеуге тиіс.

·Жалдамалы қызметкерлердің жарна төлеуді бастау мерзімі — 2019 жылғы 1 қаңтар.

·Белсенді емес халық қатарында болса 2018 жылдың 1 қаңтарынан төлеуі тиіс.

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРжалдамалы қызметкерлері үшін 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жарна төлеуге міндетті.

 

 

2017ж.

2018ж.

2019ж.

2020ж.

Мемлекет жарналары

3,75%

4%

4%

Жұмыскерлер табысынан

1%

2%

Жұмыс берушілердің аударымдары

1%

1.50%

1.50%

2%

Дара кәсіпкерлердің жәнеөзін-өзі жұмыспен қамтушыларжарналары (2АЖ-дан)

5%

5%

5%

5%

Белсенді емес халық (1 АЖ-дан)

5%

5%

5%

* АЖ – ЕҢ ТӨМЕНГІ айлық жалақы:

2017ж.

2018ж.

2019ж.

2020ж.

1АЖ

24 459 тг.

 

28 284 тг.

 

29 698 тг.

 

30 886 тг.

 

2АЖ

48 918 тг.

 

56 568 тг.

 

59 396 тг.

 

61 772 тг.

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна уақытылы төленген жағдайда жоғарыда көрсетілген медициналық көмек түрлерінің барлығы қолжетімді болады.

Ол үшін:

·жергілікті емханаға тіркелуге тиіссіз! (05.04.2017ж.-30.06.2017ж. аралығында)

·міндетті жарналарды бекітілген уақытта төлеуге тиіссіз!

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша толық ақпаратты төмендегі байланыс құралдары арқылы Абай даңғылы №27 «Денсаулық үйі» ғимаратынан жұмыс уақытында ала аласыздар.

Бірыңғай байланыс орталығы –8 7242 400001

Веб-сайт:http://fms.kz/index.php/ru/

Facebook:https://www.facebook.com/fondosms/

http://zhanaqorgan-tynysy.kz/mindetti-leumettik-meditsinaly-sa-tandyru-sapaly-ri-olzhetimdi-meditsinaly-k-mek/
16-05-2017, 20:54

БОЛСА ЕКЕН БАСШЫЛАРДЫҢ БӘРІ ОСЫНДАЙ


Іргетасы 1904 жылы қаланған үйде темір­жол­шыларға арналған тораптық ауруханасы орналасты. Бұл ғасырдан астам тарихы бар киелі шаңырақ. Кезінде талай қиындықты бастан кешіріп, 1996 жылы жаңа ғимаратқа көшті. Осы уақыттың ішінде үлкен аулаға неше түрлі ағаштар мен гүлдер егілді. Сөйтіп олар өздерінің қай нәр­сеге де бейім екенін көрсете білді.

Медициналық антын өмірлік ұста­нымы етіп, адам денсаулығының сақ­шысына айналған Құбыл Ршымбет­ов басқарған ұжымда шипалы емі, жылы лебізбен жан дүниеңді орнына келтіретін ақ халатты абзал мамандар аз емес. Атап айтсақ Бақыт Айжарықова, Жасұлан Қуанышбаев, Жолдас Елеуов, Садуақас Ахметов, Сейілхан Артықбаев, Қазбек Еспаев, Айгүл Құлмағамбетова, Аманкелді Қанатов, Серік Адаев, Алтын Дәріба­ева, аға медбике Райкүл, медбикелер Гүлназ, Шамшагүл, Гүлхан, Алуа, Сәуле, Ұлмекен, учаскелік медбикелер Жеңіскүл, Миуа, тағы басқа да жайдары жандар жиналған. Дәрігерлер күн демей, түн демей науқастарға меди­циналық көмек көрсетуге бар күш-жігерлерін салады. Тораптық теміржол ауруханасы қазіргі кезде заманауи меди­циналық құрал-жабдықтармен қам­­та­масыз етілген. Тұп-тура шипажай­да­ғыдай жағдай жасалған. Физкабинетте жаныңа не керектің бәрі бар. Электрлі массаждың небір түрі, ванна, душ сияқты жоғары дәрежедегі емдеу технологиялары түгел қол­данылады.

«Даулы адам сандалады, ауру адам сандалады» деген аталы сөзді әркім басына түскенде ғана біледі. Олай дейтінім, менің қосағым көп жылдан бері сырқаттанады, қант диабеті үнемі көтеріңкі, үш рет жүрегіне ота жасатқасын аяқ астынан ауыр жағдаймен ауруханаға жиі түседі. Менің өзім де ота арқылы өт жолын алдырып, содан кейін де ес-түссіз ұйқы безінің асқынуымен аурухананың тау­қыметін тартқан едім.

Жақында кемпіріміз екеуміз облыс орталығынан жүрекке ота жасатып келгенбіз. Аяқ асты қатты ауырып, жедел жәрдем арқылы теміржол ауруханасына түстік. Барған бойда айнала қаумалаған ақ халатты дәрігерлер ойласып, пікірлесіп шұғыл медициналық шаралар жасап, біздің есімізді жинауы­мызға көмектерін берді.

Қазалы тораптық теміржол ауруханасы Қазалы, Арал, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласының халқына медициналық қызмет көрсе­теді. Үсті-бастары мұнтаздай ақ халатты медбикелер қолдарындағы дәрі-дәрмегін егіп, жайдары жарқын жүзбен «жағдайыңыз, жақсы болады» деп көңілдендіріп, екінші біреулерге барады. Қандай жайсаң жандар десеңші! Науқастардың көпшілігі мұңайып келіп, шамалы күнде ауруынан айы­ғып, аяғына тұрып, батасын жаудырып, күліп-ойнап, жадырап-жайнап рахметін айтып, үйлеріне қайтып жатады. Менің шамалы күнде ұққаным, дәрігерлер мен медбикелердің тынымсыз тірлігі науқасқа деген жана­шырлықтары бөлек. Міндеті қызмет­теріне ынта-ықыласымен, үлкен жауап­кершілік сезіммен қарайды. Терапия, хирургия бөлімдерінен ардагерлерге арналған палата бөлініп, жоғары меди­циналық көмек тегін көрсетілуде. Бөлме тазалығы ойдағыдай, телевизор, кондиционер, тоңазытқышпен қам­тылған, жылы су, салқын суы ағып тұр. Науқастың бас жағына медбикені шақы­ратын электр нүктесі орнатылған. Нау­қастарды тексеретін жаңа технологиялар, узи, рентген, кардио, физкабинеттер дейсің бе керегіңнің бәрі табылады, сыртқа шықпайсың. Науқастың диагнозына байланысты үш мезгіл диеталық тамақ берілуде.

Құбыл Ршымбетов өзгенің кемші­лігінен сабақ алып, кемшін тұсын түзеп жүретін, артыққа да, жамандыққа да, астамшылыққа да бармай өзін бір қалыпты ұстайтын азамат. Ол айналасынан кемшілік іздеу үшін, әуелі әрдайым өзін-өзі бақылайды, сосын барып өзгелерге ақыл-кеңесін айтып, жолға қоюды әдетіне айналдырған. Мұндай адамдар болашақ ұрпақтың бойына рухани ізгілік қасиеттерін сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге жалпы азаматтық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға үлкен үлес қосатыны анық. Осындай тәсіл мен тәжірибе жастардың көңілін көтеріп, адами болмысын қалауға, бір-бірімен сыйластық дәрежесі артып, қарым-қатынасы күшейіп, мейірімділік пен сенімге жүгі­нері сөзсіз. Құбыл сияқты әрбір басшы өз саласына заман талабына сай жағдай жасап, оңтайлы жұмыспен қамтып отырса қарамағындағы қызметкерлер ешқайда кетпей, туған жерінде еңбек етіп, мамыражай, жайбарақат өмір сүре берген болар еді.

«Жанған шырақ жан-жағын­дағы­ларға жарық берер, жарық берген шырақты халық білер» дегендей әрбір азамат өзінің туған жерін түлетіп, халқына Құбылдай жанашыр болса өзінің де өзгенің де діттегені түгел болар еді.

Ол осы ұжымнан зейнетке шыққан­дарды әрбір мерекеде жинап, ақ дастарханын жайып, төрден орын беріп, тілек айтқызып, ақ батасын алуды үрдіске айналдырған. Дүниеден озғандардың отбасына ұжымын бастап барып, көңіл айту, кемтарларға көмек беру, ардагерлерге арнайы палата ашып, тегін емдеуді облыста бірінші болып қолға алған. Аудандық ардагерлер үйіне меди­циналық жабдықтарды тегін беріп, қамқорлық жасап, өзгелерге өне­ге көрсете білгенде осы ұжым.

Кезінде нарықтың қыспағына қайыспай, қарсы тұрған Құбыл Ршымбетов бастаған темірдей тәртіппен бір кісінің баласындай бірлікпен тынымсыз еңбек еткен мекеме өздерін қиындықты жеңудің, жетістікке жету­дің жолын өзгелерге көрсете білді. Нәтижесінде жабылу қаупінен аман алып қалып, қазір халыққа қалтқысыз қызмет жасап, жаңа технологияларды игеріп, ауруды ажалдан арашалап қалуға күн-түн демей жұмыс жасап, ерінбейтін ізденістері арқылы ауданда, облыста жоқ жаңа технологиялар әкеліп, орнатып, кадрларын жоғары мамандар арқылы оқытып, кәсіптері бойынша жаңа жетістіктерге қол жеткізіп, үлкен абырой мен құрметке, алғысқа кенелуде.

Қаншама жылдар бойы заман­ның ағымынан қалмай жоқтан бар жасап, мекемеге төніп тұрған қауіп­тердің көзін тауып ізін сақтап, ұжым­ның ауызбірлігін қамтып, намыс­тарын қорғап, жігерлендіріп, тынымсыз еңбекке бастап, ақыры рес­публикалық дәрежеге жеткізіп, аудан­ның абыройын асқақтатуға үлес қо­сып жүрген ғасырдан асқан жасы бар киелі шаңырақты халық жақсы біледі. Демалыс күндері Құбылдың өзі келіп, палаталарды аралап, емделіп жатқандардың жағдайын сұрап кеткеннен кейін олардың: «Шіркін-ай, болса екен басшылардың бәрі осындай» – деп ағынан жарылып айтқан сөздерін көзбен көріп, өз кұлағымызбен естідік.

Әрдайым алға қойған мақсат­тарың сәтті болып, ұжымның ынтымағы одан сайын нығая берсін дейміз.

Оразғали БЕКБАНОВ,

Қазақстан Республикасының құрметті ардагері,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

http://qazaly.kz/bolsa-eken-basshylardy-b-ri-osyndaj/
13-05-2017, 17:45

12 мамыр — Халықаралық мейірбикелер күні

12 мамыр — Халықаралық мейірбикелер күні

Қадірлі мейірбикелер!

Сіздерді 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінде мейірбике тек дәрігер көмекшісі ғана емес, сонымен қатар өз бетінше ойлап және шешім қабылдай алатын орта медициналық білімді маман. Мереке құтты болсын! Бұл күні Сіздердің өздеріңізге және отбасы мүшелеріңізге мықты денсаулық, игі жұмыстарыңыздың табысты болуына тілектеспін.

Директор Құбыл РШЫМБЕТОВ

Сурет tostun.ru сайтынан алынды
12-05-2017, 14:52

Дені саудың - жаны сау (бейнебаян)

Дені саудың - жаны сау (бейнебаян)

Ғасырдан астам тарихы бар Қазалы теміржол ауруханасы 20 мыңнан астам халықтың денсаулығын ұдайы бақылауда ұстап келеді. Емдеу мекемесіндеөткен жылдың ақпан айында нейроинсультбөлімі жұмысын бастады. Бүгінде бұл бөлім Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының тұрғындарынасапалы қызмет көрсетуде.

«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы. 26 сәуір 2017 жыл.

Дереккөз: http://kyzylordatv.kz/kz/news/medicine/deni-saudyn-zhany-sau


27-04-2017, 17:35

Директор мақаласы "Сыр медицинасы" газетінде

Директор мақаласы "Сыр медицинасы" газетінде Директор мақаласы "Сыр медицинасы" газетінде
26-04-2017, 22:09

Иммундау апталығы (бейне)

Иммундау апталығы (бейне)

Осы күндері еліміз бойынша «вакциналарәрекет етуде" деген атаумен иммундау апталығы өтуде. Бұл шараның негізгі мақсаты - тұрғындарғаекпе егудің маңызы мен қажеттілігінтүсіндіру.

«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы. 25 сәуір 2017 жыл.

Сілтеме: http://kyzylordatv.kz/kz/news/society/immundau-aptalygy


26-04-2017, 11:10

ЖАҢА ЖҮЙЕ – ЕЛ САУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢА ЖҮЙЕ – ЕЛ САУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІБіздің елімізде адам саулығы алғашқы кезекте тұр. Оған денсаулық сақтау саласында қабылданған түрлі бағдарламалар дәлел болады. Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері Құбыл Ршымбетовпен болған әңгімеміз осынау жағымды жаңалықтардың мән-жайын оқырмандарға тереңірек жет­кізуден туындаған болатын.

 

Құбыл Ршымбетұлы, ең алдымен МӘМС жүйесі дегеніміздің мәнісіне тоқталып өтсеңіз.

– Ұлт жоспарында қойылған басты міндеттердің бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу болатын.100 нақты қадамның 80-ші қадамында оның мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатыны айқын көрсетілген. Сондай-ақ жаңа жүйе бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) бірінші кезекте қаржыландыруға басымдық бермекші. Бұл іс бұған дейін үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып атқарылады. Қазіргі кезде Еуропаның көптеген елінде, Түркияның Жапонияда бюджет жоспарлаудың орнына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру моделі қолданылады. Бұл елдерде медицина жоғары деңгейде. Халқының өмір сүру ұзақтығы да орташа есеппен 80-85 жылды құрайды.

Мемлекет экономикалық белсенділігі төмен топтар үшін жарна төлеу тәртібін орнықтырады.

Өз кезегінде жұмыс берушілер мұндай жарнаны жалдамалы жұмысшылар төлейді. Сонымен бірге қызметкерлер салық органдарына тіркелу арқылы өзін-өзі қамти алатын азаматтар аталған жарнаны өздері төлейтін болады. Денсаулық сақтау жүйесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) сәйкес мемлекет әрі қарай да азаматтарға қаржылай қолдау көрсетуді жалғастыра бермек. Сондай-ақ, мұның қатарына әлеуметтік астары мәні бар ауруларды қамту, төтенше жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация және екпе егу кіреді. Сақтандырылмаған азаматтарға 2020 жылға дейін ТМККК аясында амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

Ал МӘМС аясында сақтандырылған азаматтар артықшылықтарға ие бола алады. Оларға жоғары технологиялық –медициналық қызметтер көрсетіледі. Стационарды алмастыра алатын тетіктер қолданылады. Ұзақ мерзімді мейіргерлік күтімдер жасалады. Мұның сыртында олар үшін дәрілермен қамтылған амбулаторлық- емханалық көмек қашанда әзір. Бұған қоса егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, МӘМС жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмектерге де қол жеткізе алады. Бұл мәселе жеке сақтандыру компанияларымен келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.

– Ендігі кезекте әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры жайлы түсіндіріп өтсеңіз.

– Алдағы жылдың 1 қаңтарынан бас­тап мемлекет, жұмыс берушілер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) жарна төлеуді бастай алады.Жұмыс берушілер жарнасының жалпы көлемі кірістің 5 пайызына тең болады.Төлемдерді аудару 2017 жылдан 2 пайыздан басталып, 2020 жылы 5 пайызға дейін көтеріледі. Табыс табатын тұрғындар мен өзін-өзі қаржымен қамти алатын азаматтар үшін (дара кәсіпкерлер, жеке нотариустер мен сот орындаушылар, адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар) олардың кірісінің 7 пайызы жарна мөлшерлемесі болмақ, төлемдерді аудару 2017 жылдан 2 пайыздан басталып, 2020 жылы 7 пайызға дейін көтеріледі.Жалдамалы жұмысшылар жарнаны 2019 жылдан бастап 1 пайыз, 2020 жылдан бастап 2 пайыздық мөлшерде төлейді. Жарна төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады. Оның 12-сі халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары саналады.Олардың қатарына балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ 1,2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері, мүгедектер, жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар, интернаттық ұйымдарда оқитын және кәсіптік, жоғары білім, резидентура формасындағы білім беру ұйымдарында оқитындар, бала тууына, жаңа туған бала асырап алуына байланысты демалыстағы, бала 3 жасқа толғанша күтімі бойынша, жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, сондай-ақ бала 3 жасқа толғанша тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлғалар, зейнеткерлер, сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүргендер, уақытша ұстау және тергеу изоляторында отырған тұлғалар, әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жатады. Медициналық сақтандырудың шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі қорға түсіп тұрған жарнаның сомасына тәуелді болмайды, тек бұл төлемдер тұрақты аударылып тұрса жеткілікті. Еліміздегі қолданыстағы тәжірибеге сай ӘМСҚ-ға түсетін жарналарды Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті өз бақылауында ұстайтын болады.

– Бұл тұрғыда өзіңіз басшылық жасайтын ұжымда қандай шаралар атқарылып жатыр?

– Жаңа жүйе ұлт денсаулығын сақтау мен аурудың алдын алудың қамын ойлайды. Қазалы теміржол ауруханасының ұжымы МӘМС жүйесімен бұрын да жұмыс істеген, оны қолдайды және халыққа тиімділігін көрсете алады. Қаржы науқастың емделуге кеткен шығынына байланысты төленгені дұрыс. Қазіргі жағдайда глобальдық бюджет жүйесіндегі аудандар бойынша аурухана мен емхана қызметкерлерінің айлық жалақысын көтеру қиын. МӘМС жүйесі енгізілгеннен кейін еліміздегі БМСК көрсетудің сапасы мен деңгейі одан әрі арта түседі. Сондай-ақ, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру мүмкіндігі пайда болады. Әрі аурухана мен емхана қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және емдік қасиеті жоғары дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеді. Ең бас­тысы, МӘМС азаматтардың жоғары санатты медициналық-скринингтік тексерулерден өтуіне қажетті алғышарттар туғызады. Аурудың алдын алу дегеніміздің өзі де осы. Өйткені, адам денсаулығы–қоғамның басты байлығы, ал еліміздің әрбір азаматы – кең-байтақ Отанымыздың келешегі.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан:

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

http://qazaly.kz/zha-a-zh-je-el-sauly-yny-kepili-2/

11-04-2017, 13:23

Аудан әкімі теміржол ауруханасы туралы

Аудан әкімі теміржол ауруханасы туралы«Қазалы теміржол ауруханасы облыс орталықтарында ғана бар қуаты мықты компьютерлік томография, аса жоғары дәлдіктегі ультрадыбыстық, рентгендік аппараттармен, нейрохирургиялық, стоматологиялық құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ сумен емдеу, сүлік салу, «алтын ине», түрлі физиотерапиялық аппараттар арқылы емдеу жолымен ем ықпалдылығы артуда. Аурухана қызметі Қазалы ауданының тұрғындарына ғана емес, көршілес Арал және Қармақшы аудандарының тұрғындарына да көрсетіліп келеді.»


Аудан әкімі Н.Ш.Шамұратовтың 2016 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы атқарылатын негізгі міндеттері туралы есебінен

2-03-2017, 13:03

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі туралы

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі туралы  

Уважаемые граждане!

 

 

Филиал АО «Железнодорожные госпитали медицины катастроф» - «Казалинская железнодорожная больница» сообщает о том, что с 2017 года оказывает гарантированный объем бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) на следующие виды медицинской помощи: доврачебная, квалифицированная, специализированная в том числе: стоматологическая помощь, дорогостоящие услуги (компьютерная томография), медико-социальная.

 

Формы медицинской помощи: амбулаторно-поликлиническая, первичная медико-санитарная, консультативно-диагностическая, стационарная и стационарозамещающая, восстановительное лечение и медицинская реабилитация.

1) Первичная медико-санитарная помощь: доврачебная или квалифицированная помощь.

2) Консультативно-диагностическая стационарная и стационарозамещающая медицинская помощь взрослому населению по специальностям: анестезиология и реаниматология, нефрология, терапия общая, хирургия общая, акушерство и гинекология, невропатология, оториноларингология, эндокринология, физиотерапия кардиология, гастроэнтерология, дерматовенерология, стоматология (терапевтическая), стоматология (ортопедическая), стоматология (хирургическая), офтальмология, травматология и ортопедия, аллергология, пульмонология, онкология, рентгенология, гирудотерапия, нейрохирургия, медицинская реабилитология, традиционная медицина, урология, трансфузиология, психиатрия, наркология, физиотерапия, лечебная физкультура, массаж.

3) Консультативно-диагностическая и стационарозамещающая медицинская помощь детскому населению по специальностям: педиатрия, физиотерапия, урология, хирургия общая, офтальмология, невропатология, массаж, лечебная физкультура, оториноларингология, нейрохирургия, медицинская реабилитология, акушер гинекология, трансфузиология, стоматология.

4) Лабораторная диагностика: общеклинические исследования, биохимические исследования, цитологические исследования, бактериологические исследования, серологические исследования, иммунологические исследования, функциональная диагностика

5) Диагностика: компьютерная томография, рентгенография, флюорография, доплерография, маммография, холтер СМАД, эхоэнцефалоскопия, электроэнцефалография, ЭКГ 1 канальный, ЭКГ 3 канальный, эндоскопическое исследование, спирография, аудиометрия, бесконтактная тонометрия, ультразвуковая диагностика, эндоскопическая диагностика.

6) Нетрадиционная медицинская деятельность: рефлексотерапия

7) Экспертная медицинская деятельность: экспертиза временной нетрудоспособности и профессиональной пригодности (профилактический и периодический медицинский осмотр).

8) Консультативно – диагностическая медицинская помощь взрослому и детскому населению: врачебная общая практика.

9) На оказание стоматологических услуг(оздоровление детей школьного возраста).

10) Фармацевтическая деятельность: Розничная реализация лекарственных средств.

11) Деятельностью связной с приобретением, хранением, использованием на занятие и уничтожением наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров.

12) На занятие видами деятельности, связанной с оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров.

 

 

 

Рабочий телефон: 8 724 38 4-23-26, 4-26-68 (приемное отделение),

21-0-11, 4-22-27 (приемная директора филиала),

41-1-53, 23-2-09 (регистратура поликлиники)

4-22-28 (заместителя директора по поликлинической работе)

Фото с сайта Главная страница - МЦФЭР-Казахстан 
1-03-2017, 20:37

Мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтайық! (бейнебаян)

Мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

ГУ ЮРАОСО КЧС МВД РК

 


27-02-2017, 13:15