Автокөлікпен мұзда жүру қауіпті! (бейнебаян)

Автокөлікпен мұзда жүру қауіпті!


ГУ ЮРАОСО КЧС МВД РК

 


27-02-2017, 13:14

МҰЗ ҮСТІНДЕ АБАЙ БОЛ!

МҰЗ ҮСТІНДЕ АБАЙ БОЛ!Әрбір адам мұз үстінде балық аулау, аңға шығу кезінде төтенше жағдайға тап болуы мүмкін.

Қыс мезгілінде табиғат адамға аяушылық жасамайды. Ол жеңілтектік, білімсіздік, ырықсыздарды қатты жазалайды. «Мұзды аймақта» жарақат алу, адам өлімі, мұз астына түсіп кеткенде, далада қалып қою, ауыру т.б. Мұзда қалу жағдайында әрбір адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарын, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.

Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде (-50 градус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8 см, 5-7 адамға 12-14 см қауіпсіз болады.

Ең қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз — мұз, сүттүсті (қатты қардан соң) жарылмай-ақ сынады. Мұздың үсті мен аяқ астында майда жарықшақтар болмаса жүруге болады.

Егер сіз қыс уақытында балық аулауға барсаңыз, мына талаптарды 

САҚТАУЫҢЫЗ КЕРЕК:

Бір-біріне жақын көп шұңқырды жалаушамен белгілеп қойыңыз (түнімен қар үйіліп қалмас үшін);

Балық аулаушының өзімен бірге құтқару заттары болуы керек (12-15 м жіп);

Жалғыз адам балық аулауға болмайды;

Шұқанақта балық ауламаған жөн.

Ең қауіпті мұз: көктемгі күн жылына бастағанда, жаңбыр жауғаннан кейінгі мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы ескертеді: күз бен қыста, боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағысты өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажет.

Төтенше жағдайлар комитетінің

«Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр

жедел құтқару жасағы» ММ

http://tolqyn.kz/m-z-stinde-abaj-bol/
13-02-2017, 20:10

1 жасқа дейінгі сәбилерді тексеру туралы

19 қаңтар 2017 жылы Ислам деген сайт тұтынушысы http://kazaly-jdb.kz/ сайтынан Білдіріс тақырыбымен төмендегі мәтіндегі хабарлама берген (Жазу стилі сақталды). 


«Себеби темиржол емханасы халыкка немкурайлы карайды.Тартип жок када калатын басшы жок жануялык.бала даригерлери мулдем келмейд менин жана туган сабим бар 1ай болд сонда олар 2рет келди.Сондай жауапсыз болуга болама болмамса шара кориниз. Шара колданбасаныз кузырлы органдарга жазамын осы шагымымды.Даригерлер каншалыкты баланы тексерип туруга миндетти»

IP адрес отправителя:88.204.157.11

 

ЖАУАП

 

1 жасқа дейінгі сәбилерді тексеру туралы«АМТГ» АҚФ - «Қазалы темір жол ауруханасы» емханасында 1 жасқа дейінгі балалар саны - 425, оның ішінде 1айлық балалар - 72 «Ана мен бала денсаулығын сақтау саласында медициналық көмекті жетілдіру бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 164 Бұйрығы бойынша дәрігер бір айға дейінгі сәбиге екі рет баруға міндетті. Перезентханадан шыққанда және 14-ші күні ана мен сәбидің денсаулығын және өсу процесстерін қадағалап, тексеріс жүргізеді. Ал бір айға толғанда баланы ата-ана емханаға әкеліп, салмағын өлшетіп, невролог, балалар хирургі маманы кеңестерін алуы қажет. 22.01.2017 жылы аурухана сайтына шыққан, 1 айлық сәбиіме емхана дәрігерлері 2 рет қана келіп,сәбидің денсаулығын тексеріп кетті - деген белгісіз адамның шағымын жалпы тәжрибелік дәрігерлер мен мейіркештердің қатысуымен тексерілді.

1-5 айлық 178 сәбилердің аналарымен үйлеріне барып тікелей сөйлескенде аналар емхана дәрігерлеріне қоятын кінәміз жоқ деп көрсетіп, қол хаттарын берді.

ҚР ДСМ-нің 04.11.2011 жылғы №768 бұйрығы бойынша көрсетілген аурулар тізімі негізінде ғана сәбилерге тегін сүт беріледі.

2016 жыл қортындысында аурухана бойынша ана мен бала өліміне жол берілмеді.

Тексеріс нәтижесінде сайтта көрсетілген шағымның негізсіз жазылғаны 178 аналардың көрсетуімен дәлелденді.

Аурухана әкімшілігі
30-01-2017, 12:24

Хабарландыру. Жамбас буынын ауыстыру

Құрметті азаматтар!

 

Хабарландыру. Жамбас буынын ауыстыру"Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары” АҚФ – "Қазалы теміржол ауруханасы”

2017 жылы бізде орналастырылған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген, жоғары мамандырылған медициналық көмек көрсетілетінін хабарлайды:

-Жамбас буынын ауыстыру (протезирование тазобедренного сустава).

Байланыс телефоны: 8724 38 4-23-26, 4-26-68 (қабылдау бөлімі),

21-0-11, 4-22-27 (бас дәрігердің қабылдау бөлмесі)

28-01-2017, 12:55

"ҚР егемендігіне - ширек ғасыр" журналында филиал туралы

 

 

"ҚР егемендігіне - ширек ғасыр" журналында филиал туралыДиректор - Главный врач ФАО «ЖГМК» — «Казалинская железнодорожная больница» РШЫМБЕТОВ Кубыл Ршымбетович

 

 

История Казалинской железнодорожной больницы ухо­дит в далекий 1904 год, когда в Казалинском уезде с це­лью оказания медицинской помощи населению была откры­та амбулатория, в которой работали фельдшер и акушерка. С тех пор, сменив несколько названий и претерпев немало из­менений административного характера, больница преврати­лась в крупное многопрофильное, лечебно-диагностическое учреждение районного центра, располагающее современной медицинской аппаратурой и имеющее солидную матери­ально-техническую базу. В Казалинской железнодорожной больнице оказывают специализированную стационарную и амбулаторно-поликлиническую помощь населению города и области, в том числе работникам и пенсионерам железно­дорожного транспорта. Больничный комплекс представляет собой типовое трехэтажное здание и отдельно стоящее одно­этажное здание. Стационар больницы рассчитан на 140 коек и имеет 6 отделений: хирургическое, гинекологическое, не­врологическое, детское, общей терапии, платной терапии, реанимационное отделение, нейроинсультное отделение и реабилитационное отделение. Консультативно-диагности­ческое отделение рассчитано на 250 посещений в смену.

"ҚР егемендігіне - ширек ғасыр" журналында филиал туралы
"ҚР егемендігіне - ширек ғасыр" журналында филиал туралы
"ҚР егемендігіне - ширек ғасыр" журналында филиал туралыВ 2016 г. на основании приказа ГУ «Управление здраво­охранения Кызылординской области» за №178 от 11.02.2016 года в рамках коечного фонда больницы открыли нейро­инсультное отделение на 10 коек и реабилитационное от­деление на 10 коек. Приемное отделение для оказания экс­тренной медицинской помощи нейроинсультным больным укомплектовали необходимым оборудованием и колясками для транспортировки больных. Подготовлены большой и малый операционный блоки для проведения круглосуточ­ных операций. Оснащенное современной аппаратурой от­деление реаниматологии и анестезиологии расширили на 9 коек, 4 койки предназначены для послеоперационных нейроинсультных больных.

 



 

"ҚР егемендігіне - ширек ғасыр" журналында филиал туралыС 1994 года и по сей день больницу возглавляет главный врач, директор филиала - Кубыл Ршымбетович Ршымбетов, врач-терапевт высшей категории, организатор здравоохра­нения высшей категории, который вложил немало сил в ее развитие и процветание. Во времена застоя и становления рыночной экономики он сделал все возможное для улучше­ния качества оказываемой медицинской помощи, обновле­ния материально-технической базы больницы, комплекта­ции высокопрофессиональными кадрами. По достоинству оценив его титанический труд в деле развития здравоохране­ния, народ избрал его депутатом поселкового совета, позже депутатом районного маслихата. Кубыл Ршымбетович на­гражден знаком «Отличник здравоохранения», нагрудными знаками «Қазакстан Республикасы денсаулық сақтау ісініц үздігі», «Төтенше жагдайларжүйесін дамытуға қосқан үлесі ушін»,знаком «Алтын дәрігер» и «Знак Почета», медалями «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Шапағат», «Еңбек ардагері», «Сыр медицинасының үздігі», дипломами «За внедрение новых технологий в лечебно-диагностическую работу районного масштаба», «Врач года», также он удостоен звания «Лучший врач района». В 2015 году за активное участие в выборах Президента РК он полу­чил Благодарственное письмо от Президента РК. К.Р. Ршым­бетов регулярно участвует в крупных международных съез­дах, семинарах и симпозиумах. Кубыл Ршымбетович имеет достойных помощников - Адаев Серик Адаевич, заместитель директора по поликлинической работе, организатор здраво­охранения и социальной защиты первой категории, в 2012 году награжден нагрудным знаком «Отличник здравоохране­ния Республики Казахстан»; Дәрібай Алтынгүл Асхатқызы, заместитель директора по лечебной работе, организатор здравоохранения и социальной защиты высшей катего­рии, в 2002 году награждена медалью «Ерен еңбегі үшін».

За годы становления и развития железнодорожной больницы в ней работали главные врачи: Глушко, Е.С. Сте­панова, Б. Есмамгамбетова, Ж. Казмагамбетов, В.Н. Лим, К. Сансызбаев, а также целая плеяда врачей и медицинских сестер, более 35 лет отдавших любимому делу. Один их них - К.С. Сансызбаев, возглавлявший больницу 17 лет. За свой плодотворный труд в деле развития здравоохранения он на­гражден знаками «Почетный железнодорожник», «Отлич­ник здравоохранения» и множеством других наград.

Н.А. Бисембаева - первая участковый врач-педиатр, проработала 35 лет, награждена званием «Почетный желез­нодорожник», на заслуженной пенсии врачи: К. А. Канатова, А.С. Сейсенов, Қ.О. Каликов, А.Т. Тлекешова. Бывший глав­ный врач Б.Е. Есмагамбетова была депутатом Верховного совета Республики. Хирурги Ж. Казмагамбетов и В.Н. Лим воспитали отличных преемников - хирургов У.А. Чликова, У.Т. Досжанова, Т.А. Абишева, Ж.Б. Елеуова.

В настоящее время в больнице работает 363 медицин­ских работника. Особенно хочется отметить имена таких врачей, как Елеуов Ж.Б., Еспаев Қ.К., Торебай М., Дәрібаев Е.Т., Ахмет С.А., Байбазарова Ш., Тулегенов С.Т., Медетба- ева Ш., Капаш А., Айжарыкова Б., Кулбаева А., Досбергено- ва Ж., Артыкбаев С., Карибаев, а также главного бухгалтера Жаксылықову К.К. Еспаев Қазбек Көшерүлы, врач акушер- гинеколог, награжден юбилейной медалью «Қазақстан Кон- ституциясына 10 жыл». Многие сотрудники награждены нагрудным знаком «Төтенше жагдайларжүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» и почетными грамотами Министерства по чрезвычайным ситуациям РК.

Основная цель Казалинской железнодорожной боль­ницы - оказание медицинской лечебно-профилактической помощи населению, работающим железнодорожникам и членам их семей. Обслуживаемая территория - от ст. Саксаульск до ст. Торетам. В больнице ведут прием такие спе­циалисты, как терапевт, хирург, акушер-гинеколог, ото­ларинголог, рентгенолог, онколог, окулист, кардиолог, пульмонолог, эндокринолог. В Казалинской железнодорож­ной больнице функционируют лаборатория, физиотерапев­тический кабинет, ЭКГ, ФГДС, УЗИ, ЭЭГ, маммография, рентген, компьютерная томагрофия, стоматологический кабинет. Проводится оказание лечебно-профилактической и медицинской помощи, с предприятиями железнодорожного транспорта составлены договора на прохождение профилак­тических осмотров, организованы предрейсовые осмотры.

С каждым годом обновляется и улучшается материаль­но-техническая база больницы, внедряется современная высокоэффективная медицинская аппаратура. Больница явля­ется гордостью района, а ее врачи пользуются заслуженным авторитетом.


 


Кызылординская область, кент Айтеке би, ул. К. Ерімбет 92, тел.: +7(72438) 21-0-11, 4-22-27

 
"ҚР егемендігіне - ширек ғасыр" журналында филиал туралы
"ҚР егемендігіне - ширек ғасыр" журналында филиал туралы
24-01-2017, 12:42

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ ЕРЕЖЕСІҚыс мезгілінде төтенше жағдайларды алдын алу және адам шығынын болдырмау мақсатында төмендегі жағдайларды және ережелерді ескергеніңіз жөн.

Көмірқышқыл газымен улану жағдайлары:
2016 жылғы жылыту маусымында көмірқышқыл газымен уланудың 8 оқиғасынан 16 адам (2015 жылы 5 улану оқиғасынан 13 адам) зардап шеккен. Улы газға барынша абай болған жөн, оның иісі мен түсі де жоқ, ғимарат немесе тұрғын үй ішіне газ тарағанда қабырғалар мен айналадағы заттарға қонбайды, суға сіңбейді. Адамдардың газдан улану жағдайы көбінесе түнгі уақытта орын алып отырады. Түтіндеген кезде ұйықтап жатқан адамға улы газдың мөлшерін алу үшін бірнеше минут жеткілікті, пештің немесе газ қондырғысы орнынан алыс тұрса да, оның салдары адамға зиян келтіріп тұрады. Көбіне улы газдың зардабы балалар және қарт адамдарға тиеді. Аяқ астынан шыққан газдың зардабы, орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасауы керек.
Қыста жолға шыққанда есте сақтауды кажет ететiн қарапайым ережелер бар:
- метеорологиялық мәлiметтердi тыңдап немесе қоршаған табиғатты бақылап, ауа райының өзгерiсiн байқауға тырысыңыз;
- аязды күні ең алдымен адамдардың аяқтары, қолдары және бетi жиiрек тоңады, сондықтан жылы киімдер киініңіз, аяқ киiм кез келген жағдайда кең болуға тиiс;
- автокөлікпен алыс сапарларға шыққан жағдайда, көліктің ақауын жөндеңіз, өзіңізбен бірге қағаз түріндегі картаны алып жүріңіз, автожолдардың бойында орналасқан жылыту пункттерін (қонақ үй, дүкен, кафе және т.б.) және медициналық көмек көрсету бекеттерін нақтылап алыңыз;
Мұзда жүру ережесі:
- тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінетін кезде (тұман, қар басу, жаңбыр) ешқандай жағдайда мұзға шығуға болмайды;
- өзеннен өтерде мұз өткелдерін пайдаланыңыздар;
- аяқ соққысымен мұздың қаттылығын тексеруге болмайды. Егер бірінші қатты соққыдан кейін, шаңғы таяқшасымен қатты ұрғаннан кішкене су көрінсе – бұл мұздың жұқалығын білдіреді, онымен жүруге болмайды. Мұндай жағдайда өз ізіңмен жылжып, адымдармен мұздан аяғыңды алмай және иықтың өлшемімен салмақ салмай жағаға қайтадан шығу қажет. Мұздың жарылуы кезінде де дәл осылай жасау керек.
- амалсыз су айдындарынан өтер кезде, ең бастысы тапталған соқпақтармен жүру қажет. Егер де ондай жол болмаса, мұзға түспес бұрын, жүретін бағыт пен ізіңізді нақтылап алыңыз;
- топпен су айдынынан өтер кезде, бір-біріңіздің араларыңыздағы қашықтықты сақтау қажет.(5-6 м)
- қатқан су айдындарында жүкпен бірге соңында ілмегі бар, ұзындығы 20 – 25 м болатын берік бау алып жүру қажет. Ілмек оқыс жағдайға ұшыраған адам сенімді ұстап алу үшін қажет.
Төтенше жағдайлар мен оқиғалар орын алған кезде «101», «102», «112» телефондарына хабарласыңыздар.
Айтып келмейтін табиғи құбылыстар – су, от, дауыл-жел, тілсіз жау екенін ұмытпаңыздар!
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті

http://kyzylorda-news.kz/zhanalik/lifnews/12905-ys-mezglnde-aupszdkt-satau-erezhes.html

13-01-2017, 11:45

ПЕШТІ ҚОЛДАНҒАН КЕЗДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Әдетте, күн суытып, жылыту маусымы басталған кезде электр жылыту құралдары мен пештердің ақаулығы немесе оларды орнату және пайдаланудағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылық салдарынан орын алатын өрттердің саны күрт өседі.

Тілсіз жаудың алдын аламын десеңіз, келесі қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыз. Жылу беру маусымы басталар алдында пештер тексеріліп, жөнделуі керек. Жарамсыз пештер мен басқа от жағу құралдары пайдалануға жіберілмейді, жеке меншік үйлерде жылту кезеңінің алдында және 3 ай сайын түтіндіктер мен мұржаларды күйеден тазарту қажет.
Пештің алдындағы еденге көлемі 50×70 см темір қаңылтыр қағылмаған жағдайда, пешті пайдалануға болмайды. Пештерді қатты қыздыруға және қатты отынмен жағылатын пештерді жағу үшін бензин, керосин, басқа да тез жанатын сұйықтарды пайдалануға болмайды.
Пеште от жағу кезінде тиым салынады:
от жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сонымен қатар кішкентәй балаларға қарауға тапсыруға;
отынды, басқа жанғыш заттар мен материалдарды оттық алдындағы қаңылтырға қоюға;
пешті шамадан тыс қыздыруға жол берілмейді.
Егер сіз электр жылыту пешін пайдалансаңыз, мына қағидаларды білуіңіз қажет:
электр жылытқыштар тек зауытта жасалған болуы қажет.
Электр жылытқыштарды жанғыш заттар мен жабуға, олардың үстіне кір кептіруге болмайды.
Қосылған құралдарды үнемі бақылау қажет, үйден кеткен кезде оларды міндетті түрде өшіру керек.
Уақытша металл пештерді орнатқанда келесі өрт қауіпсіздігі талаптары толық орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Металл пештердің аяқтарының ұзындығы 0,2м аз болмау керек.
Пештің астындағы жанғыш едендер саз балшықпен жапсырылған кірпіш қатарымен немесе үстіне болат қаңылтырмен жабылған қалыңдығы 12 см, асбест қатты қағазымен оқшаулануы керек.
Металл пештері ағаш құрылымдар мен жиһаздан 1м, жанудан қорғалған құрылымдардан 0,7 м қашықтықта орнату керек.
Пеш жағумен байланысты өрттердің себептері, мұржада жиналатын күйенің жануынан қабырғаларының қызуы нәтижесінде мұржаның кірпіш қалауында пайда болатын жарықтар болып табылады.
Айтылған ережелермен жеңіл және оңай іске асырылады.Осыларды бұлжытпай орындау Сіздің үйіңізді өрттен, жанұяңызбен туысқандарыныздың және жақын адамдарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтайды.
Орын алған Төтенше жағдайлар мен оқиғалар кезінде «101», «102» телефондарына хабарласуларыңызды сұрайды.

Сырдария ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі

http://tirshilik-tynysy.kz/peshti-oldan-an-kezdegi-auipsizdik-erezheleri/
10-01-2017, 12:33

СІЗГЕ КЕРЕК КЕҢЕСТЕР

СІЗГЕ КЕРЕК КЕҢЕСТЕРТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлауынша 101 және 112 нөмірлерін теру арқылы өрт сөндірушілерді қалалық және ұялы телефон арқылы шақыруға болады.

Ұялы телефоннан қоңырау шалу.
Телефонда SIM-карта болмаса немесе баланс жоқ болса да 101 және 112 нөміріне хабарласуға болады,. Өйткені, телефондар өндірушілердің көбісі жалпы ережелерді ұстанып, жылдам шақыру қызметіне мән береді. Әдетте, нөмірді тіпті пернетақта құлпын ашпастан теруге болады. Бұл үшін шұғыл көмек көрсету нөміріне қоңырау шалу әрқашан тегін болатынын естен шығармаңыз. Сізге өрт сөндіру қызметін шақыратындай жағдай болмауын тілейміз, бірақ кез-келген жағдайда сіз қалай шақыру керектігін жақсы білуіңіз қажет.
НЕ АЙТУ КЕРЕК?
Өрт сөндірушілердің көмегі шынымен де жедел және тиімді болу үшін кезекші операторына хабар бергенде, белгілі бір тәртібі бар мәліметтерді ұсыну керек. Сондықтан, телефон нөмірін термес бұрын, қандай ақпаратты хабарлайтыңызды алдын ала ойланып алғаныңыз жөн.
ХАБАРЛАНАТЫН МӘЛІМЕТТЕРДІҢ БЕРІЛУІ ТӘРТІБІ
Ең алдымен өрт жайлы, нақты мекенжайды айту керек, егер байланыс кенеттен үзіліп кетсе, олардың көмегі қай жерге керек екенін құтқарушылар білетін болады.
Нақтылайтын ақпарат: подъезд нөмірі, ғимараттың қабат саны, адам өміріне қауіп төнгендігі, т. б.
Шалушының аты-жөні, тегі, оның телефон нөмірі. Оқиға орнына келген кезде өрт сөндіру қызметі мамандары ең алдымен телефон соққан адамды іздейді.
Мүмкіндігінше асықпай, анық және түсінікті етіп айту керек. Алаң болмаңыз — өрт шығу мекен-жайы хабарлаған соң, өрт сөндірушілер бірден аттанады, ал қосымша мәліметтер рация бойынша беріледі. Ереже бойынша, әңгімені бірінші диспетчердің аяқтағанын күтіңіз, содан кейін өзіңіз телефонды қоясыз. Енді үйден шығып, өрт сөндірушілерді күтіп алу керек. Өрт сөндіру техникасының қалай тез келуін ойластырып, жол нұсқағаныңыз дұрыс.
Егер күтпеген жағдай ата-анасы үйде жоқ кезде болса, бала сасқалақтап, бойында қорқыныш пайда болу мүмкін. Сондықтан, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу жолын оқушыға алдын-ала үйрету керек.
Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

http://syr-media.kz/habarlandyrular/sizge-kerek-ke-ester/

 

 

6-01-2017, 16:05

Тәуелсіздік Күнімен құттықтау

Тәуелсіздік Күнімен құттықтауҚұрметті әріптестер!


Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық – ширек ғасырлық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл күн - біздің еліміздің әрбір азаматы үшін аса қастерлі мереке.

Тәуелсіздік күні – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған ең асқақ арманының орындалған күні.
Осы мерекеде әрбір шаңыраққа - береке, елімізге - тыныштық тілеймін.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Еліміздің ұлық мерекесі құтты болсын!

 

Құбыл РШЫМБЕТОВ,

директор

15-12-2016, 13:53

Ақпараттық-насихаттық топ жұмысы туралы

«Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» Акционерлік Қоғамының Қазалы филиалы - «Қазалы теміржол ауруханасында» Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлт жоспары - елдің 5 институционалды реформаларын орындауға бағытталған 100 нақты қадам» Бағдарламасын денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму саласы бойынша халық арасында насихаттауды күшейту мақсатында іс-шаралар ұйымдастырып, жүргізуде.

Аталған бағдарламаны насихаттау үшін филиал директорының 11.08.2015 жылғы №147-НҚ бұйрығымен аурухана бойынша ақпараттық-насихаттық топ құрылған. Есепті кезеңде қызмет аймағындағы тұрғындармен, теміржолшылар және олардың отбасыларымен кездесулер, аурухана ұжымы мүшелерімен жалпы жиналыстар өткізіліп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу (80-қадам), жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу (81-қадам), ДСӘД министрлігі қасынан медициналық қызмет сапасы бойынша бірлескен комиссияны құру (82-қадам) жөнінде көтерілген мәселелер мен жолданған сауалдар бойынша ақпараттық насихаттық топ мүшелері тарапынан жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

 

 

Сурет shymkent.inform.kz сайтынан алынды

 

 

Филиал директоры Қ. Ршымбетов

 

 

5-09-2016, 11:50