Әйелдер кеңесханасы

Әйелдер кеңесханасыҚазалы теміржол емханасында әйелдер кеңесі бөлмесі үздіксіз қызмет атқарып келеді. Ол әйелдер кеңесі бөлмесі және әйелдерді қарау бөлмесінен тұрады. Әйелдер кеңесі бөлмесінің міндеті екіқабат әйелдерді есепке алу, бақылау және босанғаннан кейін оңалту (реабилитация) жасау. Сонымен қатар гинекологиялық науқастарды қарау, оларды диспансерлік ("Д") есепке алу, емдеу атқарылады. Кіші операциялық манипуляциялар жасалады. Диатермоэлектрокоагуляция, пункция, диагностикалық зондтау, полипэктомия. Кольпоскопия аппараты жұмыс жасайды. Отбасын жоспарлау және контрацепция жұмысы жасалады. Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, скрининг жүргізіледі.
Санитарлық ағарту жұмыстары: лекциялар, әңгімелер, санбюллетеньдер шығарылады.
Әйелдер кеңесінде бірінші санаттағы акушер гинеколог Шакизада Медетбаевна Медетбаева қызмет атқарады. Еңбек өтілі 29 жыл.
Акушеркалар Ұлболсын Турдықұлова, Жанат Ізбасарова, Күлтай Жолжанова емханаға қарасты әйелдерге медициналық көмек береді.
Әйелдер кеңесханасы
Әйелдер кеңесханасы
Әйелдер кеңесханасы
Әйелдер кеңесханасы
15-05-2014, 21:11
1154 просмотров