Емхана зертханасы

Емхана зертханасыАҚФ «АМТГ» Қазалы теміржол емханасының клиникалық-диагностикалық лабораториясы – 21000 халыққа қызмет етеді, оның ішінде балалар мен ересектер бар. Лабораторияда 2 лаборант жұмыс жасайды.
1. Ли Надежда, жұмыс өтілі- 36 жыл.
2. Байдилдаева Каншайым, жұмыс өтілі- 34жыл.

Лабораторияда келесі құрал- жабдықтар бар: Mythic -18 (гемотологиялық  аппарат), медициналық  микроскоп  «Микмед-5», құрғақ пісіргіш шкаф.  Сонымен қатар лаборатория кабинеті бактериоцидтік кварц шамымен қамтамасыз етілген.

Қабылдау уақыты күнделікті  таңертеңгі  8.00 – ден  10.30-ға дейін.
Сенбі, жексенбі күндері демалыс.

Емхана зертханасыЛаборатория мына зерттеулерді жүргізеді:
Гематологиялық:
• Жалпы қан талдауы (анализі).
Жалпы клиникалық:
• Жалпы несеп талдауы (анализі);
• Нечипоренко әдісі бойынша несепті зерттеу;
• Қарапайымдылар мен ішек құрттарын зерттеу;
• Нәжісті копрологиялық зерттеу;
• Нәжіс құрамындағы жасырын қанды анықтау;
Осы зерттеулерге  қабылдау күнделікті жүргізіледі.
 
Зерттеу қорытындысын күнделікті және сол күні емдеуші дәрігер алады.
Емхана зертханасы
Емхана зертханасы
18-06-2014, 21:20
2296 просмотров