ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ

Аудан орталығы Әйтеке би кентінде 150 орындық орталық аудандық аурухана пайдалануға берілді.
Облыс әкімі Қ. Көшербаев жаңа емдеу мекемесінің ашылу салтанатына қатысып, дәрігерлер мен кент тұрғындарын жаңа аурухананың ашылуымен құттықтады.
Аймақ басшысы аурухана ұжымының жұмысына сәттілік тілеп, жаңа «Жедел жәрдем» көлігінің кілтін табыстады.
Аудандық аурухананың ашылуына қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Абай Тасболатов, Мұхтар Ерман және Геннадий Шиповских пен аудандық денсаулық сақтау саласының ардагері Орақ Кеубасов қазалылықтарды қуаныштарымен құттықтады.

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ

 

 

Қызылорда Облысының Әкімдігі


9-01-2018, 19:37

Медициналық сақтандыру бойынша ауруханада атқарылған шаралар

Медициналық сақтандыру бойынша ауруханада атқарылған шаралар
Медициналық сақтандыру бойынша ауруханада атқарылған шаралар
Медициналық сақтандыру бойынша ауруханада атқарылған шаралар
Медициналық сақтандыру бойынша ауруханада атқарылған шаралар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
VK әлеуметтік желісінде медсақтандыру бойынша жұмыстарды дәріптеу 
Медициналық сақтандыру бойынша ауруханада атқарылған шаралар
Медициналық сақтандыру бойынша ауруханада атқарылған шаралар
13-10-2017, 11:39

Ұжымның халықаралық қарттар күнін атап өтуі

Ұжымның халықаралық қарттар күнін атап өтуі
Ұжымның халықаралық қарттар күнін атап өтуі
Ұжымның халықаралық қарттар күнін атап өтуі
Ұжымның халықаралық қарттар күнін атап өтуі
Ұжымның халықаралық қарттар күнін атап өтуі
Ұжымның халықаралық қарттар күнін атап өтуі
Ұжымның халықаралық қарттар күнін атап өтуі
Ұжымның халықаралық қарттар күнін атап өтуі
Ұжымның халықаралық қарттар күнін атап өтуі
4-10-2017, 12:23

Дені саудың жаны сау (фото)

7 Сəуір 2017 жыл – Дүниежүзілік Денсаулық күні.

Дені саудың жаны сау (фото)
Дені саудың жаны сау (фото)
Дені саудың жаны сау (фото)

 

7-04-2017, 11:30

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА КЕЛДІ (ФОТО)

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА КЕЛДІ (ФОТО)Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған республикалық ақпараттық — насихаттық топ Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаҺандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында Қызылордаға келді. АНТ мүшелері Қызылорда облысының ахуалдық орталығының жұмысымен танысып,облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен және аймақ активімен кездесті. Сонымен қатар медициналық ақпараттық жүйені енгізудің таныстырылымын өткізді.
Облыстың актив отырысында Елбасы Жолдауының басым бағыттары, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің артықшылықтары түсіндірілді.
— 2016 жылы медицина қауымына, тұрғындарға, жұмыс берушілерге түсіндіру, талқылау жұмыстары жүргізілді. Облыс көлемінде арнайы штабтар құрылып, жұмысы ұйымдастырылса, ақпараттандыру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталды,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиынды аша отырып.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрайымының орынбасары Ерік Байжүнісов сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктері туралы айтып, жиынға қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Мұнан соң Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы мен «SANA-MED» ЖШС арасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде№2 қалалық емхана жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.
Осы күні ақпараттық-насихаттық топ мүшелері медициналық қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлермен және сала мамандарымен кездесті.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА КЕЛДІ (ФОТО)
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА КЕЛДІ (ФОТО)
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА КЕЛДІ (ФОТО)



http://syr-media.kz/news/r-densauly-sa-tau-ministri-yzylorda-a-keldi/
6-04-2017, 17:30

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЕЗЫ ҚАЗАЛЫДА

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЕЗЫ ҚАЗАЛЫДА

Фотосуреттер "Интернеттен" алынды
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЕЗЫ ҚАЗАЛЫДА
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЕЗЫ ҚАЗАЛЫДА
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЕЗЫ ҚАЗАЛЫДА
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЕЗЫ ҚАЗАЛЫДА
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЕЗЫ ҚАЗАЛЫДА
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЕЗЫ ҚАЗАЛЫДА
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЕЗЫ ҚАЗАЛЫДА
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЕЗЫ ҚАЗАЛЫДА
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЕЗЫ ҚАЗАЛЫДА
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЕЗЫ ҚАЗАЛЫДА
14-03-2016, 16:28

Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)

Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Мұндай орталық республикада бірінші болып Қызылорда облысында іске қосылып отыр. Қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған 30 төсектік оңалту орталығын іске қосу үшін облыстық бюджеттен 38 млн. теңге жұмсалған.

Дәрігерлер осындай бөлімшенің ашылуы жаңа босанған аналардың денсаулығын ұдайы бақылап, оларға тиісті медициналық көмек көрсету үшін, әсіресе ана мен бала денсаулығын жақсартуда септігі мол дейді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Денсаулығы нашар, ауыр халдегі және босанғаннан кейін де медициналық көмекке зәру аналарды үйіне жібермей осы бөлімшеде емдейміз. Сонымен қатар, орталықта жас аналар мектебі жұмыс істейді. Баланы күту, отбасын жоспарлау сияқты мәселелерде мамандар кеңес беріп отырады. Алдағы уақытта облыстың барлық аудандарында осындай оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда, - дейді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Ләйлә Құлтаева.

Перинаталдық орталықта қазір 273 әйел ем алуда. Ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында орталыққа облыс әкімдігі тарапынан ұдайы қолдау көрсетіліп келеді. Тек қана 2015 жылдың өзінде 91 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынған. Сонымен қатар, жүкті әйелдер үшін арнайы тіс емдеу бөлімшесі де іске қосылған.

Ана мен бала орталығының тағы бір жетістігі жақында медициналық-генетикалық бөлімше ашылды. Енді дәрігерлер соңғы үлгідегі құрал-жабдықтардың көмегі арқылы ерте мерзімінде, яғни нәресте туылмай тұрып оның денсаулығын тексере алады. Демек, дені сау ұрпақты дүниеге алып келуі үшін жүкті әйелдерге дер кезінде бағыт-бағдар беріп отырады. Медициналық тілмен айтқанда жүкті әйелдерді генетикалық скринингтік тексеруден өткізуге мүмкіндік алды. Бұл орталықта Израиль мемлекетіне барып, біліктілігін арттырып келген мамандар жұмыс істейді.

Жаңа технологиялардың арқасында қазір дәрігерлердің де жұмысы біршама жеңілдеген. Қазір облыстық ана мен бала орталығында аймақтың барлық елдімекендеріндегі жүкті әйелдердің жағдайына қатысты мониторинг жүргізіп отыруға мүмкіндік туды. Орталықтандырылған бұл жүйе арқылы денсаулығында ақауы бар немесе жүктілік кезеңі ауыр өтіп жатқан әйелдер үнемі мамандардың бақылауында болады деген сөз.

Бүгін орталықтың жұмысымен танысу үшін арнайы барған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қандай жағдай болмасын ана мен бала денсаулығы үшін барлық қолдау көрсетілетіндігін айтты.

«Кез келген уақытта ана мен баланың денсаулығын жақсарту үшін, оларға жағдай жасау мақсатында біз барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз. Денсаулық сақтау саласына қажет, әсіресе ана мен балаға керек көмек көрсетіледі, тиісті қаражат та бөлінеді. Бірақ қолдауға сай дәрігерлердің жұмысының да нәтижесі болуы тиіс», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Автор:Елубай Әуезов

http://inform.kz/kaz/article/2864435

Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
Қызылордада ана мен бала орталығының жанынан босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды (ФОТО)
28-01-2016, 16:00

Қызылорда облысында ҰОС ардагерлеріне қан қысымын өлшейтін тонометрлер тарту етілді (ФОТО)

Қызылорда облысында ҰОС ардагерлеріне қан қысымын өлшейтін тонометрлер тарту етілді (ФОТО)ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Қызылорда облыстық Ассамблеясының хатшылығы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ұла дала елі» тарихи-мәдени экспедициясы ауданымыздағы Сығанақ, Хорасан Ата, Сауран тарихи қалаларында болып, ежелгі тарихи орындармен танысты.

Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекелеріне орай жолға шыққан экспедиция тарапынан аудандағы бірқатар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қан қысымын өлшейтін тонометрлер сыйға тартылды. Бұл туралы Жаңақорған аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шара аясында аудан әкімдігі және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жаңақорған ауданы бойынша ұлтаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Біржан Өтебаев, ауылдық округ әкімдері, ауыл ауруханасының мейірбикесі және ауылдың белсенді жастары Ұлы Отан соғысының ардагерлері Нұрман Асанов, Сейітхан Байдүйсенов, Тұрсынбек Бейімбетов, Сайфулла Жұмадуллаев, Жүніс Қабетенов, Асылбек Қошқаров, Шаймерден Сүйіндіков, Әли Тасқынбаевқа қан қысымын өлшейтін тонометрлерді үйлеріне арнайы барып тапсырды.

Өз кезегінде ардақты ардагерлер келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Қызылорда облысында ҰОС ардагерлеріне қан қысымын өлшейтін тонометрлер тарту етілді (ФОТО)
Қызылорда облысында ҰОС ардагерлеріне қан қысымын өлшейтін тонометрлер тарту етілді (ФОТО)
Қызылорда облысында ҰОС ардагерлеріне қан қысымын өлшейтін тонометрлер тарту етілді (ФОТО)


Автор:Елубай Әуезов

http://inform.kz/kaz/article/2834256

31-10-2015, 11:44

Әр халық өзінің дәстүрлі тағамдарын көбірек тұтынса пайдалы, сіңімді болады (ФОТО)

Әр халық өзінің дәстүрлі тағамдарын көбірек тұтынса пайдалы, сіңімді болады (ФОТО)АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімбек Қазұлы - Қазақ технология және бизнес университеті, технология және стандарттау кафедрасының доценті, ветеринария ғылымдарының кандидаты. Ол - АҚШ-тың Андерсон атындағы Онкологиялық орталығында «Биотехнология» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен талапты маман. Біз, ХХІ ғасырдың бірегей ғылымы саналатын Биотехнология саласының бүгінгі таңдағы өміршең жаңалықтарын Елімбек Қазұлынан сұрап білдік.

- Ғалымдарбиотехнологияның қарқынды дамуы адамзат болашағына жаңа бетбұрыс әкеледі деп қарайды. Ендеше, биотехнология ғылымы әлемде қандай жаңа бағыттармен дамып келеді?

- Жаңа ғасырдың озық ғылымы атанған биотехнология әлемде өте жақсы дамуда. Бұл ғылымның өркендеуі заман талабынан туындап отыр.Қазіргі күні биотехнологияда мынадай бағыттар дамуда: энергия және басқа да материалдар элементтерінің биоөндірісі; генетикалық-модификацияланған астықтық дақылдар өндірісі; отын немесе химиялық заттар өндірісі үшін теңіз қорларын пайдалану; қалдықсыз биоөңдеу; көмірқышқыл газын шикізат ретінде пайдалану; жаңа дене мүшесін жасаудағы регенеративтік медицина мүмкіндіктері; дәрілер мен вакциналарды тез арада жоғары дәрежеде әзірлеу және өндіру; дәлдігі жоғары, жылдам әрі арзан арнайы диагностика; су және топыраққа арналған биотехнология; геном арқылы денсаулық сақтау жүйесін жақсарту. Міне Биотехнологияның осы және басқа да бағыттары, әсіресе, дамыған елдерде аса жоғары қарқынмен дамуда. Ол елдерде зерттеу жұмыстарына қыруар қаржы бөліп отыр.

- Қазақстан осы әлемдік ғылымның көшінен қалып қалған жоқ па?

- Ашқан жаңалықтарымыз аз болғанымен бұл бағыттағы жұмыстар Қазақстанда да жан-жақты зерттелуде. Жоғарыда айтқанымдай, биотехнология саласының дамып жатқан сан түрлі бағыттары бар, ауқымы кең ғылым. Мен жұмыс істеп отырған Қазақ технология және бизнес университетінде негізінен тағам биотехнологиясы оқытылады. Бұл биотехнологиядағы ең маңызды, болашағы зор сала. Өйткені бүгінгі таңда экологиялық ортаның нашарлауы секілді түрлі себептерге байланысты көптеген адамдарда макроэлемент, микроэлементтер, витаминдер тапшылығы туындап отыр. Сол аурулардың алдын алуға, емдеуге биотехнологиялық өнімдер көмектесе алады. Өкініштісі, бізде биотехнологиялық компаниялар дамымай тұр. Елде бұл салада зерттеу орталықтары ғана жұмыс істеп жатыр.

- Тағам биотехнологиясын пайдаланып, сапалы өнімдерді қалай дайындауға болады?

- Мемлекеттің экономикасына тірек болатын байлық қоры сарқылып, таусылатын көмір, мұнай сияқты шикізат көздері деп ойламауымыз керек. Біз мән бермейтін, көзге көрінбейтін микроорганизмдерсіз адамзаттың тіршілік етуі мүмкін емес. Ал микроорганизмдердегі бактериялар, түрлі вирустар, биотехнологиялық нысаналарды терең зерттеп, адам денсаулығының игілігіне пайдалансақ, ол сарқылмайтын нағыз байлық болар еді. Әлемде жоқ жаңа өнім түрін жасап, ел экономикасына серпін беруге де мүмкіндік туар еді. Микроорганизмдер кез келген жерде өсіп өнеді. Бір бактерияны миллион етіп өсіруге болады. Біз бактериялардан гендік инженериялық әдістермен өзімізге қажетті өнімдерді жасаймыз. Мысалы, қазір ғалымдар инсулинді бактериялардың көмегімен өндіреді. Оған дейін оны малдардың ұйқы бездерінен алып келді. Олар адамға аллергия беретін, тазалауда да қиындық тудыратын.

Қазіргі күні биотехнология мамандары жаңа функциялық, инновациялық тағамдарды немесе сүт өнімдерін жасауға ден қойды. Сүт өнімдері деп отырғанымыз жай сүтқышқылы өнімі емес, белгілі бір аурудың алдын алатын өнімдер. Бұл өнімдердің құндылығы құрамындағы бактериялардың сапасына байланысты болады. Олардың құрамы биологиялық белсенді қоспалар немесе микроэлементтермен байытылады.

- Шетелде бұл саладағы жұмыстар қарқынды дамып кеткенін айттыңыз. Ендеше отандық мамандардың зерттеуі ғылымдағы қайталау болып қалмай ма? Отандық өнімнің артықшылығы неде?

- Жер бетіндегі өсімдік және сыртқы факторлардың ұқсамайтындығы себепті бағалы микроорганизмдер де әр жерде әртүрлі қалыпта болады. Сол сияқты адамдардың да иммунитеті 70 пайызға дейін асқазан, ішек жолдарының ас қорытуына байланысты. Табиғатымызға жақын тағамдарды пайдаланбасақ, ас қорытудың қалпы бұзылады. Біздің асқазанымызда бөтен тағамдарды қорытатын ферменттер қалыптаспағандықтан кері әсері болады. Сондықтан өз жеріміздегі микроорганизмдерді зерттеп, оларды халқымздың қажетіне жаратуымыз керек. Сол себепті де шетелдік өнімдердің пайдасы өздеріне тисе де, бізге пайдалы болмауы мүмкін. Зияндылығы ұзақ жылдар бойы жинала келіп жарыққа шығады. Осындай себептерге байланысты шығар, қазіргі күні бұрын жоқ ауру түрлерінің шығып, жас адамдардың қатерлі ісікке оңай шалдығып жатуы. Әлемдік зерттеушілер де әр халық өзінің жанына жақын дәстүрлі тағамдарын көбірек тұтынса пайдалы, сіңімді болатындығын дәлелдеп отыр.

- Сіз қатерлі ісік ауруларын емдеу саласы бойынша АҚШ-тың ең үздік медициналық орталығына барып біліміңізді шыңдап келіпсіз. Сонда жүргенде қатерлі ісік ауруларына байланысты зерттеулермен де айналыстыңыз. Бұл білім ордасына қалай жолыңыз түсті?

- Мен бүгінгі жұмыс істеп жатқан оқу орнына келгенге дейін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық универсиетінде және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы болып жұмыс атқардым. 2010 жылы Еуразия ұлттық университетінде жүргенде «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та ғылыми тағылымдамадан өттім. Мен барған Техас университетінің МД Андерсон Онкологиялық Орталығы - медицинаның осы саласы бойынша дүние жүзіндегі ең атақты әрі мамандандырылған орталықтарының бірі екен. Бұл орталық қатерлі ісік ауруларын емдеу саласы бойынша АҚШ-тың ең үздік, № 1 медициналық мекемесі деп танылған. МД Андерсон орталығында өмірлерін қайырымды миссияға - қатерлі ісікпен күреске арнаған студенттер, медбикелер, дәрігерлер мен ғалымдар тынымсыз еңбек етуде.

Мен Андерсон атындағы Онкологиялық орталықтағы отандасымыз Дос Сарбасовтың зертханасында зерттеуші ғалым Т.Шайкеннің жетекшілігімен mTOR-дың биохимиясын зерттеу жобасы бойынша жұмыс істедім.

mTOR (mammalian target of rapamycin - рапаамициннің сүт қоректілердегі нысанасы) молекулалық массасы 289 кДа болатын, серин-треониндік протеинкиназа класына жататын ақуыз. mTOR-ды зерттеу тарихы 1990-жылдардың орта шенінен басталды. Бұл кезде зерттеушілердің назарын клиникалық практикада дәстүрлі түрде иммунодепрессант ретінде қолданатын антибиотик-рапамициннің кең әсер ету спектрі өзіне аударды. Рапамицин лимфоидтық жасушалардың ғана емес, басқа да ұлпалар, соның ішінде ісіктік ұлпалардың да пролиферативтік белсенділігін басатындығы анықталған, қазіргі уақытта қатерлі ісікке қарсы препарат ретінде қолданылады.

Біздің зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты сүт қоректілер жасушасында mTOR-дың жаңа кешенін табу және ол кешеннің қызметін зерттеу болды. Біз тапқан mТОR-дың жаңа кешені ядроның сыртқы қабығында орналасқан және жасушадағы атқаратын физиологиялық қызметі де белгілі екі кешеннен басқаша болып шықты. Зерттеу нәтижелері mТОR экспрессиясын азайту немесе mТОR киназа белсенділігін тежеу арқылы рибосомалдық ақуыздың ядролық тасымалын бақылай отырып, осы процесті реттеу мүмкіндігін көрсетті. Рибосомалар биогенезін реттеудің бұл механизмі қатерлі ісік жасушаларының өсуін бақылауға мүмкіндік береді. mТОR-дың биохимиясын зерттеу, зерттеу нәтижелері «Онкотаргет» журналында жарық көрді.

Бұл жерде ғылыми бәсекелестік өте жоғары деңгейде қалыптасқан. Ғылыми жұмыспен айналысуға барлық жағдай жасалған. Біз сол уақыттарда таңның атып, күннің батқанын білмей бар ынтамызбен, қызығушылықпен жұмыс істедік.

- Ғылыми жаңалықтар кездейсоқ ашылады екен. Өзіңіз құпиясын тапсам деп армандаған ғылым жолындағы болашақ жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

- Болашақтың бәрін болжап, жоспарлап тастауға келмес. Ғылыммен айналысуға кең жол ашылып, орай туса, бұл жолда білім-білігімді көрсетуден аянып қалмаспын. Қазіргі мүмкіндіктерге байланысты биотехнологияның үлкен бір саласы тағам биотехнологиясы бойынша, биотехнологиялық жолдармен функционалдық тағам өнімдері мен өсімдік және жануар текті шикізаттардан биологиялық белсенді заттарды бөліп ала отырып, инновациялық отандық тағамдық өнімдер мен препараттар алуды ойластырып отырмыз. Осы мақсатта бірнеше жобалар әзірленіп, университет зертханасында жұмыстар жүргізілуде.

Осыған дейін Испанияның Гранада университетінің профессоры Альберто Тинаутпен бірге Алматы облысы, «Алтын Емел» ұлттық паркі, «Шарын шатқалы» аумағында құмырысқалардың биологиясы және экологиясын зерттеу жөніндегі халықаралық ғылыми жоба құрамында зерттеулер жүргізіп, зерттеу нәтижелері шетелдік басылымдарда жарық көрді. «Бүкіләлемдік құмырсқа таксономистері» қатарында автор ретінде тіркелдім. Шетелдік ғалымның Қазақстанға келуі құмырсқаның ерекше бір түрінің біздің елдің аумағында өмір сүріп жатқандығымен байланысты болды. Аңсарын аударған сол құмырсқаны тапқанымызда оның қуанышында шек болмады. Ал Францияның «ВитамФеро» биотехнологиялық компаниясымен бірігіп қой және сиыр бабезиозына қарсы вакцина әзірлеу жөнінде «Анбаб» атты халықаралық ғылыми жобамызды ұсынып отырмыз. Бүгінгі күнге дейін 35 ғылыми мақалам жарық көрді.

Сұхбаттасқан: Бақытжол Кәкеш

Әр халық өзінің дәстүрлі тағамдарын көбірек тұтынса пайдалы, сіңімді болады (ФОТО)
Әр халық өзінің дәстүрлі тағамдарын көбірек тұтынса пайдалы, сіңімді болады (ФОТО)


http://inform.kz/kaz/article/2832350

27-10-2015, 13:58