Сервистік қызмет бөлімшесі

Сервистік қызмет бөлімшесіСервистік қызмет бөлімшесі 3 қабатты ғимараттың 1-ші қабатында орналасқан.Науқастарға қолайлы емделуі үшін 1 орындық стандартты 2 палата және 2 кісілік 4 палата бар. Олар себізгімен,  тазалық - торабымен,  теледидармен, тоңазытқышпен жабдықталған және барлық палатада  әжетхана орналасып, ыстық сумен жабдықталған. Барлық палаталар жарық, таза бөлімдегі бөлмелердің барлығына пластикалық есік терезелер орнатылып, едендеріне паркет жабдылған.
Көк тамырға және бұлшық етке егу үшін ем қабылдау бөлмесі бар. Ол барлық қажетті құралдармен, дәрі-дәрмекпен жабдықталған.
Ем қабылдау  арасында сіз тыныш холда туыстарыңызбен сұқбаттаса аласыз және медицина саласындағы,  ауруханамыз жайлы барлық жаңалықтарды, бұйрықтарды холда орналасқан «Емдеушілер назарына»  деген  ақпараттық тақтадан оқып білуге болады.
Сервистік қызмет бөлімшесі Емдеудің ең бір негізгі құрылымы дұрыс емдік тамақтану болып табылады. Оны сізге аурухананың кәсіби аспаздары дайындайды. Асты әдемі, жарық, таза асханада қабылдай аласыз, асханада ыстық су үнемі үзіліссіз ағып тұрады. Асханада науқастарға арналған «Денсаулық дастарханы»  деген  диеталық тағамдар тақтасы бар.
Сервистік қызмет бөлімімен теміржол саласындағы мекемелердің келісім-шартқа отыруы дағдыға айналған. Мекеменің қаражатымен науқастанған жұмысшы-қызметкерлерге жолдама беріледі. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың да өз қалтасынан ақы-пұл шығарып профилактика мақсатында емделуіне болады. Бұл бөлімшеге озық үлгідегі аппараттар қойылған.
Сервистік қызмет бөлімшесі"Қазалы теміржол ауруханасы” ел талғамынан табылып жүрген іргелі мекеме. Нарықтың сынағынан сүрінбей өтіп, қалыптасуына бас дәрігердің сіңірген еңбегі ерекше. Ол «өзіне талап қоя білу, ұстамдылық пен мақсат қоюшылық – нағыз медициналық қызметкердің сапасын анықтайтын қасиеттер» - дейді. Мекеме табысының кепілі ұжымның жоғары кәсіби біліктілігі, қызметкерлер білімдерін жетілдіру, оның ішінде науқастарға деген мейірімділік пен қамқорлық қарым-қатынастың жасалуы екенін атап көрсетеді.
Талмай ізденетін басшы өзгелерден де соны талап етеді. Ауруханадағы дәрігерлердің басым бөлігі жоғарғы және бірінші санатты болуы сөзіміздің дәлелі.
Сервистік қызмет бөлімшесіҚарыштап алға басқан медицина саласы білім жетілдіруді қатал талап етері хақ. Ауруханада емделу кезінде қолайлы жағдайлар жасау, аурухана ғимаратындағы мінсіз тазалық пен тәртіп, дәрігерлердің мүлтіксіз  кәсібилігі, медициналық қызметкерлер тарапынан моралдық көмек пен мейірімді қарым-қатынасты барлық сервистік қызмет бөлімінде  емделген науқастар атап өтуде.
Қиын жағдайға тап болған жағдайда адамдар көбінесе осы сервистік қызмет бөлімшесінде   ем қабылдауға тырысады. Себебі олар өздеріне стационарда ауруларын жеңіп шығатындай сапалы кепілдендірілген көмек көрсетілетініне сенімді.
Емделушілерге қамқорлық көрсету — бұл үлкен құрмет және жауапкершілік. Өз денсаулықтарын ауруханамыздың кәсіби мамандарына сеніп тапсырып, мыңдаған адамдар күн сайын денінің саулығына, болашақтағы еңбек қабілеттігіне деген сеніммен өмір сүреді.
 
 
 Сервистік қызмет бөлімшесі
Сервистік қызмет бөлімшесі
Сервистік қызмет бөлімшесі
Сервистік қызмет бөлімшесіСервистік қызмет бөлімшесі
Сервистік қызмет бөлімшесі
Сервистік қызмет бөлімшесі 
 
 
4-07-2014, 16:11
4571 просмотров