Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 381 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 381 бұйрығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 381 бұйрығы 

2014 жылғы 8 шілде, Астана қаласы

«Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Қазақстан Республикасы Кодексiнің 7-бабының 28) тармақшасына, 176-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 991 қаулысымен бекітілген Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтердің және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдері тізбесінің 39, 40-тармақтарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін автоматтандыру мақсатында бұйырамын:
1. «Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5884 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарының 2010 жылғы № 1 Актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М. Ахметниязова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. ҚАЙЫРБЕКОВА.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау агенттігі төрағасының міндетін атқарушы _____________ Ж. Бекшин
 
Бұйрықтың толық мәтінін өзіңізге жүктеу осы жерде R-DSM-381-byryy.doc [141,5 Kb] (cкачиваний: 23)

7-09-2014, 11:19

Медициналық этика және деонтологияның өзекті сауалдары

 Медициналық этика және деонтологияның өзекті сауалдарыОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТI

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДӘРIГЕРЛЕРI МЕН
ПРОВИЗОРЛАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ

Медициналық этика және деонтологияның өзекті сауалдары


Облыс дәрiгерлерiнiң ғылыми-практикалық
конференция материалдары мен жинағы

ҚЫЗЫЛОРДА, 2005 жыл

Жалпы редакциясын басқарған:
медицина ғылымының докторы, профессор,
облыстық денсаулық сақтау департаментiнiң директоры
Марат Шәдiбайұлы Абдуллаев

медицина ғылымының кандидаты, ҚР дәрiгерлерi мен
провизорлары Қауымдастығының облыстық филиал
президентi, ҚР еңбегi сiңген дәрiгер, облыстық
медициналық орталықтың құрметтi директоры
Тұрғанбай Маханов

Құрастырған:
жоғары санаттағы дәрiгер-педиатр, ҚР Журналистер
Одағының мүшесi Серiкбай Смағұлұлы

Бұл кiтап денсаулық сақтау сала қызметкерлерiне аса қажет медициналық этика мен деонтология ғылымының өзектi сауалдарын баяндайды. Кiтапқа осы проблемаларға қатысты
облыс медицинасының әр түрлi саласында қызмет атқарып жүрген маман дәрiгерлердiң жеке тараулар бойынша жазылған материалдары топтастырылған.
Кiтап медицина мекемелерiнiң барша қызметкерлерiне, практикалық дәрiгерлерге және медициналық оқу орындарының студенттерiне арналады.
 
Кітапты осы жерден жүктеп алуға болады. Deontologiya.pdf [567,02 Kb] (cкачиваний: 12)
1-09-2014, 19:01

«Трансфузиологияның негізгі мәселелері»

«Трансфузиологияның негізгі мәселелері»ДӘРІС «Трансфузиологияның негізгі мәселелері»

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ЕДШ және физиотерапия курсымен әскери-далалық хирургиясы бар  
№1 хирургиялық аурулар кафедрасы

HRМІ - 3213 Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі бойынша
051101 – Мейірбике ісі мамандығы үшін, 3 курс

Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат

Қарағанды 2010
Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
«____»_________________ 2010 ж.      № ____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі
        м.а., доцент                                                                  Бегежанов Б.А.

Көшіріп алу мына жерде transfuziologiya-daris.doc [165,5 Kb] (cкачиваний: 15)

29-08-2014, 20:47

Төтенше жағдайдағы халықты тіршілік қауіпсіздігі мен медициналық қамтамасыздандырудың ұйымдасқан негіздері

Төтенше жағдайдағы халықты тіршілік қауіпсіздігі мен медициналық қамтамасыздандырудың ұйымдасқан негіздері "Төтенше жағдайдағы халықты тіршілік қауіпсіздігі мен медициналық қамтамасыздандырудың ұйымдасқан негіздері”.
 
Файлды мына жерден көшіріп алуға болады. totenshe-jagdai.doc [54 Kb] (cкачиваний: 33)
27-08-2014, 12:12

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы және психологиялық қызмет басқармасы туралы ереже

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы және психологиялық қызмет басқармасы туралы ережеҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Апаттар медицинасы және психологиялық қызмет басқармасы туралы ереже
 
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы   «25» 10   № 430  бұйрығымен
бекітілген Мына жерден көшіріп алуға болады. ereje.doc [50,5 Kb] (cкачиваний: 7)
27-08-2014, 12:10

«Жер сілкінісі туындаған жағдайдағы жүріс-тұрыс ережелері туралы»

«Жер сілкінісі туындаған жағдайдағы жүріс-тұрыс ережелері туралы»Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Сәлеметсіздер ме құрметті қатысушылар!

Бүгін біз Сіздермен «Жер сілкінісі туындаған жағдайдағы жүріс-тұрыс ережелері туралы» деген тақырыпқа интерактивті сабақ өткіземіз.

Қазақстан аумағының үштен бір бөлігі сейсмикалық қауіпті болып табылады, онда 6 млн. астам адам және Республика тұрғындарының шамамен жартысы тұрады, 400-ден аса қала мен елді мекен орналасқан,өнеркәсіптік әлеуеттік 40% шоғырланған.
Сейсмикалық қауіптің жоғары әлеуетіне Алматы қаласының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағы ұшыраған.
 
Мақаланың толық мәтінін осы жерден жүктеп алуға болады. jer-silkinu.doc [38,5 Kb] (cкачиваний: 12)

26-08-2014, 12:00

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ

УДК 621.039.58
А.Жаханов , Д .М.Байтілесова, Л.Б.Сейдуанова
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Тіршілік қауіпсіздік негізі және радиобиология курсы

Тіршіліктің қауіпсіздік негізі мен жеке тұлғаның радиациялық  қауіпсіздігі  осы уақыттағы  ғылым саласындағы өзекті мәселелердің  бірі.  
 Мақалада  жеке тұлғаның тіршілі пен радиациялық қауіпсіздікті  қамтитын негізгі ережелер,қауіптіліктің алдын алу іс шаралар мен  нормалары келтірілген.
 
Мақаланы мына жерден көшіріп алуға болады. ZhEKE-TLANY-RADIACIYaLY-AUPSZDG.doc [70 Kb] (cкачиваний: 10)
26-08-2014, 11:54

Алғашқы көмек бойынша кітапша

Кітапшаны сайттан тегін жүктеп алуға болады. algashky_komek-BAD.doc [624 Kb] (cкачиваний: 67)
11-07-2014, 19:45