Рентген және маммография кабинеті

Рентген және маммография кабинетіРентген және маммография кабинеті аурухананың ІІ-ші қабатында орналасқан. Онда төмендегі диагностикалық жұмыстар жүргізіледі:
1. Бас сүйектерін тексереді.
2. Мойын, кеуде, бел омыртқаларын тексереді.
3. Иық, шынтақ, жамбас, тізе және тобық буындарын.
4. Өкпеге – флюорография, рентгенография және томография жасалады.
5. Бауыр, өт жолдары (холецистография).
6. Гинекологиялық ауруларда (сальпингография).
7. Асқазан, өңеш, тоқ ішектерді тексереді (рентгеноскопия).
8. Ішекті тексереді (ирригоскопия).
Рентген және маммография кабинетіКабинетте 33 жыл жұмыс өтілі бар дәрігер рентгенолог - Ерболат Тәжібайулы Дәрібай және рентгентехниктер - Карасай Баймаханович Караногаев пен Нурболат Мынбосынулы Мынбосын жұмыс істейді.
 
 
Рентген және маммография кабинетіМаммография
Рентген кабинетінің ішінде орналасқан «Melody» маммограф аппараты Италиядан 2006 жылы шыққан, қосымша өңдеуші процессоры бар, сүт бездерін тексеретін аппарат.
Мұнда тиісті оқу орнында оқып, маман сертификаттарын алған дәрігер рентгенолог Ерболат Тәжібайулы Дәрібай қызмет атқарады.
Рентген және маммография кабинеті
 
 
Рентген және маммография кабинеті
12-07-2014, 11:32

Емхана зертханасы

Емхана зертханасыАҚФ «АМТГ» Қазалы теміржол емханасының клиникалық-диагностикалық лабораториясы – 21000 халыққа қызмет етеді, оның ішінде балалар мен ересектер бар. Лабораторияда 2 лаборант жұмыс жасайды.
1. Ли Надежда, жұмыс өтілі- 36 жыл.
2. Байдилдаева Каншайым, жұмыс өтілі- 34жыл.

Лабораторияда келесі құрал- жабдықтар бар: Mythic -18 (гемотологиялық  аппарат), медициналық  микроскоп  «Микмед-5», құрғақ пісіргіш шкаф.  Сонымен қатар лаборатория кабинеті бактериоцидтік кварц шамымен қамтамасыз етілген.

Қабылдау уақыты күнделікті  таңертеңгі  8.00 – ден  10.30-ға дейін.
Сенбі, жексенбі күндері демалыс.

Емхана зертханасыЛаборатория мына зерттеулерді жүргізеді:
Гематологиялық:
• Жалпы қан талдауы (анализі).
Жалпы клиникалық:
• Жалпы несеп талдауы (анализі);
• Нечипоренко әдісі бойынша несепті зерттеу;
• Қарапайымдылар мен ішек құрттарын зерттеу;
• Нәжісті копрологиялық зерттеу;
• Нәжіс құрамындағы жасырын қанды анықтау;
Осы зерттеулерге  қабылдау күнделікті жүргізіледі.
 
Зерттеу қорытындысын күнделікті және сол күні емдеуші дәрігер алады.
Емхана зертханасы
Емхана зертханасы
18-06-2014, 21:20

Әйелдер кеңесханасы

Әйелдер кеңесханасыҚазалы теміржол емханасында әйелдер кеңесі бөлмесі үздіксіз қызмет атқарып келеді. Ол әйелдер кеңесі бөлмесі және әйелдерді қарау бөлмесінен тұрады. Әйелдер кеңесі бөлмесінің міндеті екіқабат әйелдерді есепке алу, бақылау және босанғаннан кейін оңалту (реабилитация) жасау. Сонымен қатар гинекологиялық науқастарды қарау, оларды диспансерлік ("Д") есепке алу, емдеу атқарылады. Кіші операциялық манипуляциялар жасалады. Диатермоэлектрокоагуляция, пункция, диагностикалық зондтау, полипэктомия. Кольпоскопия аппараты жұмыс жасайды. Отбасын жоспарлау және контрацепция жұмысы жасалады. Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, скрининг жүргізіледі.
Санитарлық ағарту жұмыстары: лекциялар, әңгімелер, санбюллетеньдер шығарылады.
Әйелдер кеңесінде бірінші санаттағы акушер гинеколог Шакизада Медетбаевна Медетбаева қызмет атқарады. Еңбек өтілі 29 жыл.
Акушеркалар Ұлболсын Турдықұлова, Жанат Ізбасарова, Күлтай Жолжанова емханаға қарасты әйелдерге медициналық көмек береді.
Әйелдер кеңесханасы
Әйелдер кеңесханасы
Әйелдер кеңесханасы
Әйелдер кеңесханасы
15-05-2014, 21:11

Күндізгі стационар

Күндізгі стационарКүндізгі стационар (бөлім) 15  төсек орынға арналған. Бөлімше емхананың жаңа типті ғимаратының 2-ші қабатында орналасқан. Бөлімшеде 4 палата, егу бөлмесі, дәрігерге арналған бөлме,ЭЭГ аппараты орналасқан бөлме, аудиометрия, ЭКГ, «Валента»  холтер тәуліктік монитор, ҚҚ «BPLAB»  тәуліктік мониторы, УДЗ аппараттары бар бөлме. Бөлімше әр тақырыптағы үнпарақтармен безендірілген. Ауруханада «Күн тәртібі» туралы, «АҚТҚ/ЖҚТВ» сақтану туралы, «Ішек инфекциясы», «Обаға қарсы киімнің киініп шешінуі», «Туберкулездің алдын-алу», « Салауатты өмір салты» ақпараттары ілінген.
Бөлімшеде дәрігер невропотолог Шолпан Өтеулі, жоғарғы дәрежелі  дәрігер Айсұлу  Жақсылыққызы Қапашова жұмыс істейді. Ол 1985 жылдан бері аймақтық –өндірістік терапевт-дәрігер, 1995-96 жылдары емхана бөліміндегі терапевтердің бөлім меңгерушісі болды, еңбек өтілі 30 жыл. 2013жылдан  бастап күндізгі бөлімнің дәрігері.
Бөлімшеде  мейіркеш Жазира Кеңесбаева, кіші буын медицина қызметкері Гүлнұр Қосжанова жұмыс жасайды .
Бөлімшеге түскен науқастар тез арада қаралып, қажетті ем-домы тағайындалады. Науқастарға қосымша кеңестер жасалып, ем –дом беріледі. Науқастарды соңғы үлгідегі  ультрадыбысты диагностикалық орталық  « HD 7PHILLIPS and MEDICAL SISTEMS CO» аппаратына түсіреді.  
Күндізгі стационар
Күндізгі стационар
Күндізгі стационар
Күндізгі стационар
Күндізгі стационар
Күндізгі стационар
Күндізгі стационар
Күндізгі стационар
Күндізгі стационар
Күндізгі стационар
Күндізгі стационар

7-05-2014, 21:14