Облыстық медициналық мекемелерге автокөліктердің кілті табысталды

Облыстық медициналық мекемелерге автокөліктердің кілті табысталды

ҚР Тұңғыш Президенті күні Қызылорда қаласында медициналық мекемелерге арнайы автотехникалардың кілтін табыстау рәсімі, сондай-ақ 112 бірыңғай диспетчерлік қызметінің тұсаукесері өтті.
Облыстың медицина мекемелеріне 7 мамандандырылған реанимобиль, шақыруларға қызмет көрсететін 15 "Ларгус" және 37 "УАЗ" автокөлігінің кілті табысталды.

Аймақ басшысы Қ.Көшербаев денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін құттықтап, Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрбір Жолдауында адам капиталын дамытуда халықтың денсаулығын нығайтудың маңыздылығын атап өтетіндігін айтты. Мәселен, биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Үкіметке 5 жыл ішінде денсаулық сақтау саласына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажеттігін тапсырды, бұл осы саланың халықаралық деңгейде дамуына мүмкіндік береді.

"Денсаулық сақтау саласы аймағымыз үшін қашанда маңызды салалардың бірі болып табылады. Соңғы 5 жылда республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен, апатты деп танылған медициналық нысандардың 64 пайызын жаңадан салуға мүмкіндік жасадық. Соның ішінде, Арал, Қазалы, Шиелі ауруханаларын салуға қол жеткіздік. Сондай-ақ, Жалағаш ауданында орталық аудандық аурухана құрылысын қаржыландыру мәселесі шешіліп, құрылыс ақпан айында басталады. Медицина саласына мемлекеттік-жекеменшікті әріптестікті тартып, 61 жобаны қарастырып отырмыз, бұл республика бойынша үздік көрсеткіш. Денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлауға облыс әкімінің гранттары бөлінді, қазір 72 бакалавр мен резидент еліміздің медициналық ЖОО-да білім алуда. Біздің дәрігерлер бірнеше ай бойы Корея, Ресей Федерациясының клиникаларында білімін жетілдірді", - деді аймақ басшысы.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Ким жедел-жәрдем, полицей, төтенше жағдайлар, өрт сөндіру, газбен қамту, анықтама қызметі біріктірілген «бірыңғай кезекші диспетчерлік 112» қызметі жобасын таныстырды.

Жол көлік оқиғасы кезінде жарақаттан кейінгі өлім-жітімді азайту мақсатында жергілікті полиция қызметінің 400-ге жуық жол патрульдік полиция қызметкері жарақат алған науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсету қағидаттары бойынша оқудан өтті. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің жол бойындағы 30 бригадасына зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасы берілді.

Облыстық медициналық мекемелерге автокөліктердің кілті табысталдыСоңғы жылдары жарақаттар мен уланулардан болатын өлім себептері аймақ тұрғындарының қаза болу себептерінің алғашқы бестігіне кіреді. Осыған байланысты «2018-2019 жылдарға арналған жарақат алу және жазатайым оқиғалар, оның ішінде жол көлік апаты кезіндегі медициналық көмек көрсету кезіндегі интеграциялық моделін енгізу бойынша» Жол картасы бекітілді. Жол картасының аясында 2016 жылдан бері облыс тұрғындарына травматологиялық көмек көрсетудің 3 деңгейлі жүйесі ұйымдастырылды.
Жедел жәрдем қызметінің жұмысы облыс бойынша емделушілер туралы барлық деректер базасын басқаратын бірыңғай орталыққа шоғырланған. Бұл науқастарға уақытылы және тиімді көмек көрсету үшін емделушілер туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жазатайым оқиғалардан өлім биылғы 10 айда 31,3 пайызға төмендеді.

Аймақта барлығы 75 бригада, арнайы санавиация техникасы және бірыңғай медициналық Сall-орталық жұмыс істейді. Барлық санитарлық автотехника GPS қондырғылармен жабдықталған, қызметкерлер халықаралық шұғыл медициналық көмек стандарттары бойынша оқудан өтті, жедел жәрдем қызметінің жұмысын жетілдіру мақсатында емханаларға 10 жедел жәрдем бригадасы берілді,

Нәтижелі реанимация көрсеткіші 2 есеге жақсарды, ауруханаға дейінгі өлім жағдайлары 2,9% төмендеген, жол көлік оқиғасы орнына жету уақыты 31,7 пайызға жақсарды, шақыруларға кешігу көрсеткіші а 47,3 пайызға төмендеді.

http://www.syrboyi.kz/negizginews/26486-oblysty-medicinaly-mekemelerge-avtoklkterd-klt-tabystaldy.html
2-12-2018, 06:40

1 қаңтардан денсаулық саласындағы 200 мыңға жуық қызметкердің жалақысы өседі

1 қаңтардан денсаулық саласындағы 200 мыңға жуық қызметкердің жалақысы өседі2019 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау саласының 191 мың қызметкердің жалақысы көтерілетін болады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын іске асыру шеңберінде барлық мемлекеттік ұйымдарда ұйымдастырушылық-құқықтық нысанға қарамастан денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбекақысы аз лауазым санаттарының 191 мың жұмысшының жалақысын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап көтереді. Денсаулық сақтау жүйесінің жұмысшыларына жалақыны көтеруге арналған шығыстарға қажеттілік (еңбекақысы аз лауазым санаттары) - 27,2 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 25,8 млрд теңге «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шарттар шеңберінде медициналық қызметтердің барлық түрлеріне белгіленген бірыңғай тарифтер бойынша қаржыландырылатын ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар мен шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар бойынша. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны көтеруге қаржыландыру «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына өзгерістер енгізу арқылы медициналық қызметтердің барлық түрлеріне арналған тарифтерді ұлғайту арқылы көзделген.
Медициналық қызметтерге арналған бекітілген тарифтердің негізінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ медициналық ұйымдармен 2019 жылға денсаулық сақтау саласының еңбекақысы аз жұмысшылар санаттарының жалақысын көтеруге шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді міндетті түрде қоса отырып, келісімдер жасалатын болады. Еңбекақысы аз лауазым санаттарына жалақыны төлеу мониторингісі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жасалған келісімдердің шарттарына сәйкес жүргізетін болады.

30-11-2018, 07:29

Наурызбек Сырымбаев, дәрігер-хаджам: “Арнайы білімсіз ем жүргізіп, тәуекел етуге болмайды”


Қазір адамдар арасында денеден қан алдыру арқылы емдеу, яғни хиджамаға жүгінетіндер қатары артқан. Хиджама қандай ем? Ол қалай жүзеге асады? Оның пайдасы мен зияны қандай? Біз көптің көкейінде жүрген сауалдар төңірегінде дәрігер-хаджам, дәрігер-терапевт, ультрадыбыстық зерттеу және компьютерлік томография дәрігері Наурызбек Сырымбаевты әңгімеге тартқан едік.

– Наурызбек Өтебалыұлы, Сіздің мамандығыңыз дәрігер-терапевт. Өзіңіз хиджама жасау үшін арнайы білімнің болғаны өте маңызды деп есептейсіз бе?
– Иә, мамандығым дәрігер-терапевт. Қазіргі таңда теміржол ауруханасында Ультрадыбыстық зерттеу және компьютерлік томография дәрігерімін. Дұрыс айтасыз, арнайы білімсіз ем жүргізіп, тәуекел етуге болмайды. Мен Ақтөбе қаласындағы «АПОДИТ» дәстүрлі халық медицинасы филиалы арқылы арнайы курста білім алдым. Онда дәстүрлі емдеудің бірнеше түрін меңгердім. Маған дәрігер-хаджам мамандығы берілді. Сол білім негізінде жұмыстан тыс уақытымда хиджама жасаумен айналысудамын.
– Хиджама туралы жұртшылыққа жалпы түсінік берсеңіз...
– Хиджама — емдеудің исламдық әдісі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) жеткен хадисте үш нәрседе ем бар деген. Олар қан алдыруда (хиджама), бал шарапатында және отпен күйдіруде. Хиджама сөзі – араб тілінен аударғанда «сору» дегенді білдіреді. Бұл ежелден келе жатқан емдеу тәсілі. Ата-бабаларымыз хиджаманың көп сырқатқа шипа екенін біліп, қан қысымы, бас ауруы, қан қоюлануы мен рухани кеселдердің алдын алып отырған. Хиджаманы бұрындары шертпе, мүйізбен арам қан шығару деп те атаған.
– Адам ағзасында арам қан қайдан пайда болады?
– Қан әрдайым қозғалыста болуы керек. Көп жағдайда адам ағзасындағы қан толық айналымға түспей, тамырлар мен артериялар бойымен тек жартысы қозғалып жатады. Қанның қалған бөлігі резервте сақталып, қан кету, гипоксия, интенсивті жұмыс және тағы басқа жедел жағдайларға жұмсалады. Қозғалыссыз тұрған қан ескіре бастайды, өз қасиетін жоғалтады, ағзаға түскен зиянды нәрселерді жинайды. Бұндай тұрып қалған қан кесірінен денедегі әр мүше өз жұмысын қажетті дәрежеде атқара алмайды. Хиджама – тұрып қалған арам қаннан құтылудың тәсілі. Бұның денсаулыққа айтарлықтай пайда әкелетіні даусыз.
– Көпшілікті «Ағзадағы арам қан алынған соң белгілі бір уақыттан соң тағы да хиджама жасатуға мәжбүрлі етпей ме? Хиджама бизнестің бір түрі емес пе?» деген сауалдар мазалайтыны анық.

– Адамдар арасындағы бұл қорқыныш орынсыз деп санаймын. Ағзаны қанның бір бөлігінен босатудың нәтижесінде, оның ішкі резервті қалыпқа келтіру фунциясы қосылып, жаңа қан бөліне бастайды. Соның арқасында көптеген аурулардан емделеміз. Хиджама ағзаны дәрі қабылдамай, өзінің ішкі ресурстарымен емдейтін ем. Медициналық сүлікпен емдеу де хиджама болып табылады. Бұл жерде адамдар арасындағы қорқыныш орынсыз.
– Қан алдыру көптеген аурудың алдын алады және емдейді дедіңіз. Нақтырақ айтқанда, қандай түрі?
– Хиджама иммунитеттің төмендеуі, тамырлардың тарылуы, мойын және иық, бас, буын, бұлшықет, жүрек, арқа аурулары мен туберкулез, простатит, қалыпсыз қан қысымы, геморрой, ревматизм, сал ауруларын, тағы басқа ауруларды емдейді.
– Хиджама қалай жүзеге асады?
– Терінің жоғарғы жағындағы белгілі бір орындарды тілу арқылы қан шығарылады. Оған қазіргі заманауи құралдарды пайдаланған дұрыс. Ауру бір науқастан екіншісіне жұқпау үшін әрбір емделушіге жеке құрал-жабдықтары қарастырылуы тиіс. Хиджама жасалғанға дейін және кейін барлық құралдар тазаланып, дезинфекциялануы керек. Әрбір ем қабылдаушы үшін бұрын қолданылмаған жаңа кұралдарды пайдалану қажет. Хиджама жасаудағы ең бастысы – тілік дұрыс болуы қажет.
– Ем кезінде тілінетін жерлер туралы айтсаңыз...
– Алдымен емделушінің қандай аурумен ауыратындығы анықталады. Соған орай денедегі ауырсыну аймағындағы нүктелер тілінеді. Бастың төбесі, еңбек, мойынның қапталдары (мойын тамырлары орналасқан жер), арқаның жоғарғы бөлігі (жауырындар арасындағы кеңістік), табанның жоғарғы бөлігі және желкенің терең бөлігі (желке сүйегінен бастап және төмен) тілінеді.
– Қай нәрсенің де екі ұшы болатын секілді хиждаманың да зиянды тұсы бар ма?
– Хиджаманы үлкен-кіші, сондай-ақ, жүкті әйелдер мен емшектегі баласы бар әйелдерге де жасауға болады. Айта кетерлігі, жүктіліктің үшінші айында ғана жасаған жөн. Ешқандай зияны жоқ деп айта аламын.
– Хиджама кезінде есінен танған адамдар кездескен. Бұл туралы не дейсіз?
– Бұл ретте мен тағы да арнайы маманға хиджама жасату керектігін айтамын. Қан алатын кезде тамыр тілігі жасалады. Ол жайдан-жай жасай салатын дүние емес. Тілікті кең етіп кесіп жіберу салдарынан қан көп кетіп, адам есінен тануы мүмкін. Бұл дұрыс емес. Қан шықса болды деп жұмыс жасауға болмайды. Аз мөлшерде жиірек әрі маманның көмегімен қан алдырған жөн.
– Кімдерге хиджама жасатуға болмайды?
– Қан қысымы төмен, қан жетіспеуімен ауыратын жандарға, қан ұйымайтын ауруларға болмайды.
– Емді қайда жүргізесіз және қанша уақытқа созылады?
– Әзірге науқастың үйіне барып ем жасаймын. Алдағы уақытта арнайы кабинет ашуды жоспарлап отырмын. Емделушіге ауруының түріне байланысты уақыт кетеді. Орта есеппен айтқанда 25-30 минутқа созылады.
Емді бастамас бұрын адамның хал-жағдайын сұрап, бұрын қандай аурумен ауырғандығы анықталады. Қан қысымы өлшенеді. Қан қысымы жоғары немесе гемоглобины аз сал ауруына шалдыққан жандарға хиджаманы міндетті түрде жатқызып жасаған жөн. Hijama_kazaly инстаграм парақшасынан жұмыс барысындағы суреттерді көре аласыздар.
– Емнің ақысы туралы айтсаңыз...
– Жоғарыда айтып өткенімдей әр адамның жеке заты болуы керек. Яғни, хиджаманы алғаш рет жасатушы қан алатын арнайы банка сатып алады. Оның 6-лық, 12-лік, 24-тік түрі бар. Көп жағдайда 12-лік банка алады. Оның бағасы 3 мың теңге, ем 4 мың теңге.
– Ел арасында түрлі пікір бар. Мәселен, хиджамаға дейін және одан кейін де сүт өнімдерін тұтыну зиян екен деп жатады. Бұндай әңгімелер қаншалықты рас?
– Хиджаманы аш қарынға жасаған жақсы әсер етеді. Қан алдырғаннан кейін белгілі бір уақытқа дейін сүт өнімдері мен майлы тағам жемеуге кеңес беремін. Сондай-ақ, қанды жерге көму, хиджамадан кейін ғұсыл құйыну міндетті емес. Жыл сайын бір мезгілде күндіз, не түнде жасау деген белгілі уақыт жоқ. Қан тоқтаған кезде ғана хиджама аяқталған болып есептеледі. Қан алдырудың барлық түрлерін бір күнде жүзеге асыруға болады.
– Наурызбек Өтебалыұлы, оқырмандарымызға хиджама туралы біраз мағұлмат бердіңіз деген ойдамын. Сұхбатыңызға рахмет. Ісіңіз берекелі болсын!

Сұхбаттасқан
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
https://qazaly.kz/zanalyk/suhbat/6554-nauryzbek-syrymbaev-drger-hadzham-arnayy-blmsz-em-zhrgzp-tuekel-etuge-bolmaydy.html 
29-11-2018, 12:37

13 491 қызылордалық емхана таңдау құқығын пайдаланған

13 491 қызылордалық емхана таңдау құқығын пайдаланған


Қазақстанда тұрғындарды емханаға тіркеу науқаны аяқталды. 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өткен кампания барысында 300 мыңға жуық адам медицина ұйымын еркін таңдау құқығын пайдаланып отыр.

Қызылорда облысында осы еркін емхананы таңдау құқығын 13 491 адам пайдаланған, оның ішінде 11 646 адам алғашқы медициналық-санитариялық қызмет ұйымына өтініш беру арқылы тіркелсе, қалған 1 845 адам онлайн қызметті таңдаған. Былтырғы тіркеу науқаны барысында облыс бойынша 18 мыңға жуық тұрғын емхана таңдау құқығын пайдаланған.

Алдағы уақытта емхананың тіркеу бөлімдері арқылы тіркелу тоқтатылады. Бұл шешім жүйелі проблемаларды жойып, қызметін асыра пайдалану және фальсификация фактілерінің алдын алу мақсатында қабылданды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Б.Исмаханбетов мәлімдеді.

«Бұған ешқандай алаңдаудың қажеті жоқ. Біріншіден, тіркелу үшін емханаға тікілей барып үйренген азаматтар халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметіне жүгіне алады. Аталған орталықтарда Connection Point бөлімшелері бар, олар egov порталына қосылған. Сол жерде арнайы кеңесшілер отырады. Екіншіден, Egov.kz жуырда Telegram ботын іске қосты. Смартфонның көмегімен осы бот арқылы бірер минутта тіркелуге болады. Үшіншіден, қазір өзіңізді ғана емес, балаларды да онлайн режимде тіркеуге мүмкіндік туды. Жүйе барлық мәліметтерді қысқа мерзім ішінде, автоматты түрде шығарып береді. Бұл процесті барынша жеңілдетеді әрі артық құжат талап етілмейді.Аймағымызда биылғы тіркеу науқанына 20 медицина ұйым қатысты. Оның 7-уі – жеке медициналық ұйымдар. Аталған емханалар келер жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде халыққа қызмет көрсетпек», – деді Б. Исмаханбетов.

https://syr-media.kz/news/6802-13-491-yzylordaly-emhana-tadau-yyn-paydalanan.html
28-11-2018, 05:37

Біз білмейтін 25 психикалық синдром

Біз білмейтін 25 психикалық синдром


Ақ қоян синдромы.
Бұл синдром кездесетін адам әрдайым баратын жерінен кешігіп жатқандай сезінеді. Қарбалас өмірде расында да, белгіленген уақытта жете алмай қалатындай асығып жүретініміз бар. Сондықтан, жер бетінде бұл синдромы бар адамдар біз ойлағаннан да көп екеніне шүбәміз жоқ.
Назар жетіспеушілік синдромы.Мұндай синдромға шалдыққан адамдар алаңғасар, шыдамсыз, сонымен қоса нақты бір нәрсеге зейін қоя алмайды. Әсіресе бала кезінде бұл синдром көбірек байқалады. Бала байыз тауып бір жерде отыра алмайды, айылған ақпаратты қабылдауы қиынға соғады, өте импульсивті. Кей ата-аналар бала табиғатына сілтеп, бұл синдромға мән бермейді. Есейгенде бұл симптомдар одан әрі ушығып, адамның интеллектісінің төмендеуіне, кәсіби тұрғыда қабілетсіздігіне және ауыр депрессияларға бейімшілдігіне әкелуі мүмкін.
Үйрек балапаны синдромы. Бұл синдром үйрек баласының өмірге келе сала, кез келген үйректі өз анасы деп есептей беретіндігіне байланысты айтылған. Ол кейде жансыз затты да жақыным деп қалуы мүмкін.
Ал мұндай ауытпаушылығы бар жандар алғаш бір затты көрсе, одан асқан ештеңе жоқ деп қабылдайды. Бірақ, ол керісінше болуы ғажап емес. Үйрек балапаны синдромынан айығу үшін сыни ойлауды іске қосып, өзіне тым сенімді болмай, жан-жақты ойланып, тез шешім шығармауға үйренуі қажет.
Көп мәселелік синдромы.Біз барлығымыз «екі қайықтың басын ұстаған суға кететінін» жақсы білеміз. Ілгеріде сөз еткеніміздей, қым-қуат тірлікте көптеген істі бітіруіміз үшін жан-жақты болуға тырысамыз. Бірақ, көбінесе одан жапа шегіп қалатынымыз бар. Барлық тапсырманы бірден шешкіміз келгенімен, соңында бір де біреуін толық орындамаған болып шығамыз. Бұл синдромнан арылу үшін нақты бір істі аяғына дейін жеткізуді ойлаңыз. Сосын әрине, әр іске жұмсайтын энергияңызды, күшіңізді, жоғалтатын жүйке талшықтарын алғашқы орынға шығарыңыз.
Үш күндік тақуа синдромы.Бұл синдромның мәні бастаған істі соңына дейін жеткізе алмауда жатыр. Ол жаттығу, жоба, шет тілі курсы болсын, бәрібір. Үш күндік тақуаның синдромына шалдыққандар ештеңені соңына дейін апара алмайды. Өз сылтауларының, жалқаулығының немесе жинақы бола алмағандығының кесірінен сүйікті ісін орта жолдан тастаудың қажеті жоқ.
Дүйсенбі синдромы.Кез келген саналы, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамда да осы синдромның белгілері кездеседі. Бұл синдромнан айналып өту үшін жұмыс аптасын дұрыс қарқынмен, жақсы көңіл-күймен бастау керек екен.
Алиса ғажайыптар елінде синдромы.Ғылымда бұл синдромды «макропсия» немесе «микропсия» деп атайды. Яғни, бұл жандар шындыққа басқалай қарайды. Мәселен, оның айналасындағы кей заттар тым үлкен не тым кішкентай болып көрінуі мүмкін. Ең аяныштысы – бұл кісілер қай жерде шынайылық барын ажырата алмайды.
Бұл дерт бас ауруымен бірге жүруі ықтимал. Сол сияқты оның пайда болуына психотроптық препараттардың да әсері бар.
Стендаль синдромы.Бұл синдром адамның жүрек соғысын жиілетіп, басын шыр көбелек айналдырып, галлюцинацияға ұрындырады. Оны сіз үлкен мұражай немесе галереяға барғанда байқауыңыз мүмкін. Сондай-ақ, Стендаль синдромы табиғат сұлулығына тамсанғанда пайда болуы да ғажап емес.
Стендаль «Неаполь и Флоренция: путешествие из Милана в Реджио» атты шығармасында осы дерттің алғашқы белгілерін жазған, синдром сол үшін француз жазушысының атымен аталады. Статистикаға сүйенсек, Флоренция, Венеция, Рим мен Стамбул қалалары осы синдромның тууына көп ықпал ететін көрінеді.
Диоген синдромы.Диоген синдромы кездесетін жандардың өздеріне деген бағасы тым төмен және менсенбеушілік басым, сол секілді өздерін қоғамнан оқшау ұстап, ескі-құсқыны коллекция етіп жинайды.
Жарқын мысал ретінде Гогольдың «Мертвые души» шығармасындағы Плюшкинді айтуға болады. Синдром көне грек философы, аңыз бойынша бөшкеде өмір сүрген Диогеннің құрметіне қойылған. Бірақ, ол өзін қоғамнан оқшаулап, әртүрлі қоқыс жинамаған. Сол үшін қазір синдромға Плюшкиннің атын беру қарастырылып жатыр.
Амели синдромы.Бұл синдромды түсіну үшін Жан-Пьер Жененің «Амели» фильмін көргеніңіз жөн. Яғни, бұл дертке шалдыққандар балалық шағына жиі саяхаттап, таныс емес жандарды бақылап, оларға тосын сый жасап, қала ішіне әртүрлі құттықтаулар мен хабарландырулар іліп және т.б іс-әрекеттер жасайды.
Адель синдромы.Адель синдромы – жауапсыз махаббаттан туған психикалық бұзылыс. Оның атауы атақты француз жазушысы Виктор Гюгоның қызы Адель Гюгоның есімімен тығыз байланысты. Адель өте тартымды, талантты болған. Оның психикасына әпкесінің қайтыс болуы қатты әсер етеді. Сәл кейінірек ол ағылшын офицері Альбертке ес-түссіз ғашық болып қалады. Бірақ, өкінішке қарай, Адельдің махаббаты жауапсыз болды. Ол офицердің ізінен қалмай, онымен некелескені туралы өсек таратады. Альберттің басқа қызбен құрған шаңырағы шайқалады. Кейінірек Адель одан сәбилі болып, оның шетінеп кеткенін айтып, жұртты шулатқан. Осындай сұлу қыздың тағдыры өте аянышты аяқталған, себебі ол қалған өмірін психиатриялық ауруханада өткізеді.
Аталған оқиға кейбір жандарға тым қияли болып көрінгенімен, қазіргі күні Адель синдромымен көптеген қыздар, жасөспірімдер ауырып жүруі мүмкін. Бұл дертке қарсы нақты бір емдеу жолдарын айту қиынның қиыны. Жай ғана «бақытсыз махаббат болмайтынын» есте сақтаса игі. Ең бастысы, өзіңді керек етпеген адам үшін қайғырудың түкке де қажеті жоқ.
Дориан Грей синдромы.Бұл дертпен өзін барынша жас қалпын сақтап қалғысы келген адамдар ауырады. Олар әдемілігі мен жас келбетін сақтап қалу үшін ақшасын да, күшін де аяп қалмақ емес. Бұл олар үшін өмірдегі басты мақсат. Аталған синдром Оскар Уайльдтің «Дориан Грей портреті» романынан белгілі. Синдром адамдардың өміріне елеулі жағымсыз өзгерістер енгізіп, психикалық бұзылыстарға апарады.
Капгр синдромы.Бұл синдром «жағымсыз егіздің сандырағы» деген атауға ие. Бар деректерге сүйенсек, осы синдромға шалдыққан адам өзіне де, өзіне жақын адамдарына да «екіншісі» кіріп алған деп түсінеді. Олар сол «егізіміз» барлық істеген іс-әрекеттерімізді жазып отырады деп ойлайды.
Отелло синдромы немесе патологиялық қызғаныш. Бұл синдромға шалдыққан адамдар өз сүйіктісін орынды-орынсыз қызғана береді. Тіпті, ешқандай себеп болмаса да… Ол жандар сүйгендерін әрдайым тексеріп, ізіне түсіп, бақылап отырады, көзіме шөп салады деген ойдан дұрыс ұйықтай алмайды, әрқашан күйіп-пісіп, басқа нәрсені ойлау мүмкіндігінен айырылады.
Ангедония.Ангедония - синдром емес, бірақ осы тізімге қосуды жөн санадық. Бұл – қуаныштың болмауы, бір нәрседен рахат алу сезімінің жоқтығы. Ангедоняға ұшырағандардың бұрын ұнатқан спортына, саяхаттауға, хоббиіне деген мүлде мотивациясы жоғалады. Бұдан айығу үшін жақсы тамақтанып, қалыпты ұйықтап, түрлі іс-шараларға қатысып, жақсы эмоция әкелетін орындарды аралау керек.
Питер Пэн синдромы.Бір ғана баладан басқасының бәрі, әйтеуір есейеді – дейді Джеймс Барри. Питер Пэн синдромы бар жандар ешқашан есейгісі келмейді. Олардың жасы 20-30 немесе 40 та болса да бәрібір. Мұндайларды кидалттар деп те атап жатады.
Жарылатын бастар синдромы.Көзі енді ілініп немесе ұйқысынан енді оянып жатқан кейбір жандар атылған мылтықтың немесе жабайы аңның ащы дауысын естуі мүмкін. Соның кесірінен, басы жарылып жатқандай сезім болады. Оның пайда болуына қауырт тіршілік, жиі шаршау, көп жұмыстармен басы қату деген сияқты күнделікті нәрселер әсер етеді. Оны болдырмау үшін 2-3 күн немесе бір жеті алаңсыз демалып алу керек.
Ұйқыдағы ару синдромы.Ғылыми деректерде мұны Клейн – Левин синдромы деп атайды. Аты айтып тұрғандай бұл синдромы бар жандар ұйқыға өте тәуелді болып келеді. Күніне 18 сағат немесе одан да көп ұйықтауы мүмкін. Ал оларға ұйқы бермесең, жүйке жүйелері сыр беріп, ашуға бой алдырады.
Мюнгхаузен синдромы.Өзінен көптеген аурулардың белгісін көріп, медицинаға жүгінетін жандардан Мюнгхаузен синдромын көруге болады. Олар өте ақылды, өнертапқыш, медицина ғылымынан хабардар жандар.
Гурман синдромы.Бұл синдром қымбат тамақты таңдап жеумен тығыз байланысты. Ал негізінде мидың оң жақ бөлігі, атап айтқанда лимбия жүйесі мен базальды ганглия зақымдалғанда туындайтын симптом. Белсенді сноубордист кенеттен пестоны аңсап, немесе тропикалық елдерде ешқашан болмаған көршіңіз мангустин коктейлінің құмары болып шыға келсе, оларда "гурман синдромы" байқалғанын біліңіз. Яғни адамдар бір мезетте қарапайым халықтың ас-ауқатын емес, деңгейі жоғары кулинария шедеврлеріне құмарлық танытуы осы синдромды білдіреді. Бұл ауытқу белгісі 1997 жылы ашылып, сипаттамасы жасалған. Жалпы, адамға ешқандай зияны жоқ, тек әмияныңызды «жұқартуы» мүмкін.
Квазимодо синдромы.Өте қауіпті психикалық бұзылыс. Оның дисморфия деген екінші атауы бар. Адамның өзін өте төмен бағалап, әрдайым бойынан мін іздеуі. Квазимодоға шалдыққандар ылғи айнаға қарап, түрінен кемшілік байқап, жайсыздана бастайды. Ондай адамдар өмірде көптеген қиындықтарға тап болады. Көпшілік ортада өзін ыңғайсыз сезініп, «кемшілігім» деп санаған жерін басқалар көрсе, мазақ етеді деген күдікпен өмір сүреді.
Фреголи синдромы.Бұл синдром кездесетін жандар өзін біреулер аңдып жүр деп есептейді. Синдром алғаш рет 1927 жылы анықталған: бір бойжеткен өзі жиі баратын театрдың екі актері ізінен қалмайтынын байқаған. Шын мәнінде, артынан еріп жүрген екен деп қалмаңыз. Тек қыз басқа бейтаныс жандардан сол қос әртістің образын көре берген. Бұл тақырып анимациялық «Аномализа» фильмінде ашыла түседі.
Мебиус синдромы.Бұл – туғаннан пайда болатын аномалия. Бас-ми жүйесінің дұрыс дамымауынан адамның бетіндегі мимиканың болмауы. Мебиус синдромы бар жандар күле алмайды, сол секілді тамақтану да қиындық туғызады. Бұл синдром ХІХ аяғында анықталған және оның даму себептері әлі күнге дейін белгісіз боп қалуда. Қуанышқа қарай, Мебиуспен шалдыққандар саны өте аз.
Бөтен қолдың синдромы. «Анархист-қол» синдромы күрделі психоневрологиялық бұзылыстан туындайды. Яғни, адамның өз қолдарының өзіне бағынбай, басқа іс-қимыл жасауы. Сол сияқты бұл дерттің доктор Стренджлав синдромы деген атауы да бар. Психиатрлардың сөзіне сенсек, бұл бұзылыс бас миының жартышарының өзара байланысуындағы өзгерісінен туындайды. Өзімізге белгілі Төлен Әбдіковтың «Оң қол» шығармасындағы Алманың оқиғасы осы дертпен тікелей байланысты.
Котара синдромы.Котара синдромы (тірі мәйіт синдромы) бітпейтін депрессия мен суицидке бейімділік белгісі. Мұндай синдромы бар адамдар осы өмірімен байланыстыратын барлық нәрседен айырылғандарын айтады. Мәселен, бір дүниеге қызығушылықтарынан, талғамынан, тіпті өз денесінен де. Олар ендігі адам емес, тірі мәйіт екенін сенімді түрде айтады. Өздерін өлдім деп есептеу олар үшін мәңгілік өмірдің бір белгісі іспеттес болуы да мүмкін. Кейде емделушілер өз денелерінің бөлшектеліп жатқанын, оның шірігендегі иісін сезіп тұрғанын, құрттардың ішіне түсіп жеп жатқандығын айтады. Бұл психикалық бұзылысты алғаш рет психиатр Жулье Котар 1880 жылы сипаттап берді.

http://el.kz/kz/news/psihologiya/arbirimiz_biluge_tiis_25_psihikalik_sindrom
27-11-2018, 06:04

Жеке денсаулық сақтау ұйымдарының құқығы қорғалды

Жеке денсаулық сақтау ұйымдарының құқығы қорғалды

Қызылордада стомотологиялық көмек көрсететін жеке денсаулық сақтау ұйымдары проблемаға кездесіп отыр.
Қыркүйек айында Кәсіпкерлер палатасына стомотологиялық көмек көрсететін жеке денсаулық сақтау ұйымдары «Дента Люкс» және «Қанат-Орда» ЖШС-терінен Қызылорда қалалық қаржы бөлімі мен «Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» ШЖҚ МКК-ын тарапынан стоматологиялық қызмет көрсету саласында бәсекелестікті шектеу іс-әрекеттеріне шағым түсті.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартының 6-тармағында «Стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинеті оқушылар саны кемінде 800 адам болатын білім беру ұйымдарында ұйымдастырылады», - деп көрсетілген.


2018 жылғы 3 қыркүйекте Қызылорда қалалық қаржы бөліміwww.gosreestr.kzвеб-порталында коммуналдық меншіктегі 19 мектеп ғимаратының ішінен 14 шаршы метрден кем емес тұрғын емес жайларды 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2021 жылдың
1 қыркүйегіне дейін стоматологиялық қызмет көрсету мақсатында мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тендерін өткізу туралы хабарлама жариялайды.

«Дента Люкс» ЖШС және «Қанат-Орда» ЖШС ұйымдары тендерге қатысу үшін тізілімнің веб-порталында өтінімдерін тіркеткен.
Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына сәйкес екі немесе одан да көп өтінім берілген жағдайда, оларды мүліктік жалдауға беру тендер өткізу арқылы жүзеге асырылуы тиіс болатын.


Дегенмен, тендерге қатысушылардың өтінімдерін қабылдау барысында Диагностикалық орталық Қаржы бөлімінен№№271, 257, 211, 261, 253, 6, 140, 197, 233, 235, 261, 7 мектептерде оқушыларға стоматологиялық көмек көрсету үшін тұрғын емес жайларды өтеусіз пайдалануға беруді сұраған. Аталған өтініш қалалық коммуналдық меншік нысандарын жалға беру үшін тендер өткізу жөніндегі тұрақты комиссия отырыстарында бірнеше мәрте қаралған.
Нәтижесінде тендер өткізуден бас тартылған.
Мәселені жан-жақты зерделеген Палата мамандары заң талаптарының бұзылғандығын анықтады.
Біріншісі, диагностикалық орталықтың заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысуы
Диагностикалық орталық шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ретінде мемлекеттік кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.
Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша заң қолданысқа енгенінен бері, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» облыстық филиалының мәліметінше 2016-2018 жылдар аралығында диагностикалық орталыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стоматологиялық көмек көрсету үшін 666 355 300 теңге бөлінген.
Дегенмен, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан диагностикалық орталықтың жүзеге асырып отырған қызмет түрлеріне қатысты тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау және кәсіпкерлік ортада мемлекеттің кәсіпкерлік ортаға қатысуының орындылығын анықтау мақсатында жүргізген талдау нәтижесіне сәйкес стоматологиялық қызмет түрімен айналысатын Қызылорда қаласы географиялық шекарасында 32 жеке нарық субъектісі бар екенін ескере отырып, осы қызмет түрі бәсекелестік дамыған ортаға жататындығы анықталған.
Осының негізінде департамент 2018 жылғы 1 қазанда Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасына бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасалуы туралы арнайы нұсқама жолдаған. Аталған нұсқамада диагностикалық орталықпен жүзеге асырудағы стоматологиялық қызметті тоқтатылуы көрсетілген.
Екіншісі, тұрғын емес жайларды диагностикалық орталыққа өтеусіз уақытша пайдалануға заңсыз берілуі
Қаржы бөлімінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы №33 және2018 жылғы 26 қаңтардағы №69 бұйрықтарымен 26 мектептің теңгеріміндегі тұрғын емес жайларды Диагностикалық орталыққа стоматологиялық кабинеттер ашу үшін жалдау ақысы өндірілмей орналастыруға берілген.
Дегенмен, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңында тұрғын емес жайларды Қаржы бөлімі тарапынан диагностикалық орталыққа өтеусіз уақытша пайдалануға беруге негіз жоқ. Бұл жағдайда мектептердегі тұрғын емес жайлар мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілу қажет.
Үшіншісі, тендерді өткізуден негізсіз бас тарту
Әдепкіде, барлық 19 мектеп директорларының мектеп ішіндегі бос тұрған кабинеттерді диагностикалық орталыққа беруіне орай, тендер өткізуден бас тартылғандығы туралы палатаға хабарланды. Одан кейін қаржы бөлімі 2018 жылғы 2 қазандағы хатымен барлық 19 мектептің тұрғын емес жайларды өз қажеттілігіне пайдалануына байланысты, оның ішінде 7 мектепте оқушылар көп болғандықтан тендер өткізуден ресми түрде бас тартылғанын хабарлаған.
Дегенмен, Қызылорда қалалық білім бөлімінің ресми мәліметіне сәйкес қаржы бөлімімен аталған мектептерде оқушылар орнының тапшылығы жоқ, керісінше, артық орындар бар екендігі анықталды.
Жалпы, осы мәселеге қатысты биыл наурыз және қыркүйек айларында екі мәрте тендер жарияланып, бас тартылған. Осылайша, кәсіпкерлер босқа әуре-сарсаңға салынған. Құжат дайындауға босқа қаржы шығындалған, уақыт жұмсалған.
Төртіншіден, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына негізсіз сілтеме
Диагностикалық орталықтың 2018 жылғы 18 қыркүйектегі№01-655 хатымен Қызылорда қаласындағы мектептердегі стоматологиялық кабинеттерді «Қызылорда қаласының тұрғындарына стоматологиялық көмекті жетілдіру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде жабдықтау жоспарланып отырғаны хабарланды.
Дегенмен, мұндай жоба 2018 жылғы 17 қазандағы жағдай бойынша өңірде іске асырылып жатқан 75 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының арасында жоқ. Сондықтан күні бұрын бұл жобаның экономикалық қорытындысына сілтеме жасау жөнсіз. Бұның үстіне, диагностикалық орталықтың мектептерде өз бетінше стоматологиялық кабинет ашуға ресурстары жоқ.
Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, бұған дейін диагностикалық орталыққа берілген 26 мектептегі тұрғын емес жайлардың сегізінде ү.ж. 16 шілдеге дейін стоматологиялық кабинеттер орналастыру бойынша ешқандай жұмыс атқарылмаған.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылғанның өзінде оның шеңберінде 20 мектептегі стоматологиялық кабинеттерді жабдықтау жоспарлануда. Ал, бүгінгі күні диагностикалық орталыққа 26 мектептен тұрғын емес жай беріліп отыр. Жобадағы көрсеткіштен де жоғары.
Бұған қоса, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің нұсқамасына сәйкес стоматологиялық қызмет көрсету нарығы Қызылорда қаласы географиялық шекарасында бәсекелестік дамыған ортаға жатады.
Сондықтан бәсекелестік дамыған ортада диагностикалық орталық арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске асырылуы мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу үлесін ұлғайтуға алып келеді. Керісінше, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік қызметке қатысу үлесін қысқартуға бағытталған шаралар қабылдау қажет.
Осыған байланысты нұсқамада диагностикалық орталықтың бұл нарықта кәсіпкерлік қызметке қатысуына тыйым салынған.
Кәсіпкерлер мен коммуналдық кәсіпорын арасындағы даудан туындаған әлеуметтік-экономикалық салдарына қатысты палата директоры Ғалымбек Жақсылықов:

«Осы проблема негізінде бүгінде бірқатар мектептің оқушылары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде мерзімінде стоматологиялық көмек ала алмауда. Оның үстіне соңғы 3 жыл ішінде стомотологиялық көмек көрсететін жеке денсаулық сақтау ұйымдары 666 млн.теңгенің тапсырысынан құр қалып отыр. Тағы да 26 мектепті мүліктік жалдауға бермеуден жергілікті бюджетке кіріс түспеуде. Сондай-ақ, жеке денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан 26 мектептегі стоматологиялық кабинеттерде шамамен 78 жаңа жұмыс орны ашылмай отыр», - дейді.


Аталған проблема жақында палата жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінде қаралды. Бұл мәселеге әлі нүкте қойылған жоқ. Әзірге мәселе Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыс бойынша департаменті мен облыстық прокуратурада қаралуда. Жұмыстың нәтижесі бойынша облыстық кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметі қосымша хабарлайтын болады.

https://syr-media.kz/news/6639-zheke-densauly-satau-yymdaryny-yy-oraldy.html

16-11-2018, 08:49

Қызылордада су тасқынының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Қызылордада су тасқынының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысында су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары және қыс мезгілінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.


Мәжілісті ашқан облыс әкімі Қ.Көшербаев дер кезінде мониторинг жүргізу және алдын алу шараларын ұйымдастыру аймақ тұрғындарына зиян келтірмей су тасқыны кезеңінен өтуге мүмкіндік беретінін еске салды.

"Жыл сайын облыста су тасқынының алдын алу, бөгеттердің жағдайын тексеру және зақымдалған аумақтарды нығайту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Биыл су тасқыны қауіпінен шығынсыз өтуіміз керек. Бірінші кезектегі міндетіміз - халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасау", - деді аймақ басшысы.

Көктем-қыс маусымына дайындық туралы облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Асылбек Шәменов баяндады. Сырдария бойында 56 ықтимал қауіпті аймақ анықталды, оларға 109 жауапты мекеме бекітіліп, отын мен шығын материалдары сатып алынды, 79 эвакуациялық және 99 қабылдау пункті, сондай-ақ, 2 "Қазавиақұтқару" тікұшағы қызмет көрсетуге дайын.

"Бөгеттер мен қорғаныс бекіністерінің жағдайын зерттеу барысында 37 нысан анықталды, оның ішінде 25-і бірінші кезекте жөндеуді қажет етеді. Қазалы ауданында 18 нысан жөндеуден өтті, қалғаны бойынша жұмыс жүргізілуде", - деді А.Шәменов.

Ауа-райы және басқа да төтенше жағдайлар кезінде аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы облыстық ТЖ департаменті бастығының м.а. Асқар Төлешов мәлімдеді. Оның айтуынша, қыс мезгілінде өңірде 232 адам мен 32 арнайы техника жұмылдырылып, 13 жылыту пункті мен радио және телефонмен жабдықталған 3 медициналық-құтқару пункті жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, қысқы маусымға дайындық туралы басқа да жауапты мекемелердің басшылары мен қала және аудан әкімдері баяндады.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев жауапты тұлғаларға Сырдария өзеніне тәулік бойы мониторинг жүргізіп, жеке құрамды тұрақты дайындықта ұстауды, сондай-ақ облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда қатты суықта жол-көлік қатынастарын тоқтатуды тапсырды.

https://syr-media.kz/news/6572-yzylordada-su-tasynyny-aldyn-alu-zhne-azamattardy-aupszdgn-amtamasyz-etu-mseleler-talylandy.html
12-11-2018, 09:18

«Трамадол» препаратының сатылымы қатаң бақылауға алынды

«Трамадол» препаратының сатылымы қатаң бақылауға алынды

ҚР Денсаулықсақтау министрлігі «Трамодол» медициналық препаратының дәріханаларда сатылымынқатаң бақылауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.

Аталған ведомствомәліметінше, «Халық денсаулығыжәне денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекскесәйкес, дәрігердің рецептісібойынша босатылуға арналғандәрілік заттарды рецептісізсатуға тыйым салынған. Бұл талапты бұзғандарға «Әкімшілікқұқық бұзушылық туралы» ҚР кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Дәрілікзаттарды рецептімен босату ережесіне сәйкес, «Трамадол» рецептіменбосатылатын дәрілік препаратқажатқызылған.

ҚР ДСМ осы жауапкершілікті тиімді қолдану мақсатында «Дәрілікзаттарды, медициналық мақсаттағыбұйымдар мен медициналықтехниканы көтерме және бөлшек саудадаөткізу» ережесіне, оның ішінде дәріханада клонидин, кодеин, тропикамид, трамадол, циклопентолат, прегабалин, зопиклон, дифенгидрамин, прометазинсияқты улы заттарды 3 жылға дейін сақтау мерзімін ұлғайтубөлігінде өзгерістер енгізді. Белгіленгенталаптардың сақталуын бақылауүшін жоспардан тыс тексеру ҚР ДСМ Фармациякомитетінің аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ аймақтық полициядепартаменттерінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы «Допинг» жедел операциясын жүргізуаясында, ал жекелегенөңірлерде ҚР ДСМ Фармация комитетініңаумақтық бөлімшелерінің мамандарынжібере отырып жүзеге асырады», - делінген министрлікмәліметінде.

2018 жылдың 10 айы бойынша «Трамадол» препаратын рецептісіз сатқаны үшін 11 млн 144 мың 920 теңгеден астам сомаға 52 әкімшілік айыппұл салынған.
10-11-2018, 09:37

Денсаулық сақтау министрлігі Digital Bridge жүлдесін жеңіп алды

Денсаулық сақтау министрлігі Digital Bridge жүлдесін жеңіп алды

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында Қазақстандағы цифрландыру саласындағы ең алғашқы Digital Bridge Awards жүлдесі табысталды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтың төрағалық етуімен үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.
Ресей Федерациясының байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрі Константин Носков «Үздік цифрлық бастама» номинациясын ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне табыстады. Жүлдені алуға министр Елжан Біртановтың өзі келді.
«Цифрландыру жөнінде ең үздік кеңсе» номинациясын «Оңай» компаниясы жеңіп алды. Жүлдені Эстония премьер-министрі Юри Ратас табыс етті. «Үздік IT-компания» номинациясына ие болған «Документолог» жүлдені ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың қолынан алды.
Айта кестек, бүгін Астанада «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы өтіп жатыр. Бұл ауқымды шараға халықаралық ІТ-қоғамдастық өкілдері, технология саласындағы белгілі сарапшылар, кәсіпорын басшылары, технологиялық кәсіпкерлер мен өзге де елдердің мемлекеттік секторлары өкілдері, ғалымдар, кәсіпқой цифрлық әзірлеушілер, сонымен бірге венчурлық капиталистер мен инвесторлар қатысып отыр.
Назерке Абибулла
baq.kz

5-11-2018, 10:10

БАЛАЛАРДЫ ЕМХАНАҒА ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ

БАЛАЛАРДЫ ЕМХАНАҒА ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ

Электронды үкімет порталы мен egov.kz Telegram-ботында балаларды емханаға тіркеу қызметі іске қосылды. Қызметті әзірлеген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлауынша, ол үшін пайдаланушы egov.kz порталына тіркеліп, электронды цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті. Тағы бір айта кетерлігі, онлайн-қызмет 2007 жылға дейін туған балаларға көрсетілмейді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Қызылорда облыстық филиалының сарапшылар айтқандай, қызметті пайдалану үшін алдымен порталдағы «Денсаулық сақтау» бөліміне кіреміз. «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркелу» қызметін таңдап, балаға қажетті қызмет түрін басамыз. Содан соң жүйе баланың ЖСН енгізуді сұрайды. ЖСН негізінде туыстық байланыстарды анықтау үшін АХАТ бөлімінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде сауал жолдайды. Бұл көп уақыт алмайды. Процесс аяқталғаннан кейін сіз онлайн-өтінімге тұратын аймағы, медицина ұйымы, тіркеу себебі, учаскелік дәрігер деген сынды тағы да басқа мәліметтерді толтыруға мүмкіндік аласыз.

Көрсетілген қызметтің нәтижесі өтініш жолдаушының порталдағы жеке кабинетіне жолданады. Қызмет көрсету мерзімі – бір жұмыс күнінен аспауы тиіс.

БАЛАЛАРДЫ ЕМХАНАҒА ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫАталған қызметті Telegram Bot арқылы алу үшін https://t.me/EgovKzBot сілтемесін пайдалануға болады. «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркеу» қызметін басып, чаттағы тиісті батырмаларды басу қажет. Қызметті бот арқылы алу үшін оған жазылу шарт (Чаттағы «Start» батырмасын басып, ұялы телефон нөмірін пайдалануға рұқсат ету).

Естеріңізге сала кетсек, қазір елімізде жыл сайынғы емханаға тіркеу науқаны жүріп жатыр. Екі айлық дәстүрлі кампания 15 қарашада аяқталады.

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі мен қазіргі уақыт аралығында Қызылорда облысының 5 мыңға жуық тұрғындары емхананы таңдау құқығын пайдаланған.

https://syr-media.kz/news/6368-balalardy-emhanaa-onlayn-rezhimnde-trkeuge-bolady.html
1-11-2018, 08:54