» » Еліміздегі неонатологтар АҚШ дәрігерлерімен тәжірибе алмасуда

Еліміздегі неонатологтар АҚШ дәрігерлерімен тәжірибе алмасуда

Еліміздегі неонатологтар АҚШ дәрігерлерімен тәжірибе алмасудаАстана. 9 қыркүйек. Baq.kz - Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында жаңа туған нәрестелерге жансақтау бөлімінде көрсетілетін алғашқы көмектің маңыздылығы тақырыбына арналған мастер-класс өтіп жатыр деп хабарлайды «АБҰҒО» баспасөз қызметі.
 
 
 
  - Оқытудың басты мақсаты – жаңадан туған нәрестелерге көрсетілетін алғашқы көмек көрсету тәжірибесіне жаңа тәсілдер енгізу, нәрестелер арасындағы шетінеу көрсеткішін азайту мен мүгедектіктің алдын алуға бар күшін салу, енгізілген жаңа технологияны аймақтардағы емханаларға тарату. Шара Дүниежүзілік денсаулық сақтауы ұйымы қолдауы және Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының педиатрия жөніндегі бас ғылыми қызметкері Тамара Құрманғалиқызының жетекшілігімен ұйымдастырылып отыр,-дейді.
Аталған шараға Астана қаласының қалалық емханалары мен басқа да медициналық ауруханадан келген неонатолог мамандар қатысуда. Мұнда нәресте дүниеге келген сәтте жансақтау бөлімінде қандай көмек көрсетілу керек, күрделі зардаптардың алдын қалай аламыз деген сұрақтар көтеріліп жатыр.
Дәрігерлерді оқыту – ауқымды шаралар қолданылуға болатын арнайы жиынтықпен қамтамасыздандырылған нәресте манекендердің көмегімен жүргізілуде. АҚШ-нан демеушілер алып келген қуыршақ манекендер Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында жуырда ашылатын арнайы оқытулар жүргізілетін орталықта (симуляциялық технологиялар орталығында) кеңінен пайдаланылмақ.
Америка Құрама Штаттарынан келген оқытушылар қыркүйек айының 8-9 күндері арасында өз тәжірибесімен бөлісіп, бұдан былай болашақта Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығымен қарқынды байланыста болатындығын айтты.
Ұйымдастырушылар манекен негізіндегі жүргізіліп жатқан оқытудың арқасында медициналық қызметкерлердің ұжымда нәтижелі жұмыс істеуіне қол жеткізуге болады деген сенім білдірді. Сонымен қатар жақын болашақта отанымыздың барлық неонатолог мамандарына жансақтау тақырыбына арналған оқытулар жүргізуді жоспарлап отыр.
 
Ая ӨМІРТАЙ
10-09-2014, 19:37
770 просмотров