» » Ғалымдар жасанды жүректің жаңа түрін жасап шығарды

Ғалымдар жасанды жүректің жаңа түрін жасап шығарды

Ғалымдар жасанды жүректің жаңа түрін жасап шығарды

Еуропа елдері жасанды жүректің жаңа түрін сынақтан өткізіп жатыр. Аталған аппаратты ешбір сымсыз адамға салуға болады. Арнайы сөмкені ұстаудың қажеті жоқ. Себебі аккумулятор батареясы да ішінде орналасқан. Осы аппаратты зерттеу жұмыстарына ҚР Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығы да атсылысып келеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Орталық басшысы Юрий Пяның айтуынша, әзірше жасанды жүректің жаңа түрін жануарларға салып жүр. «Зерттеу жұмыстары Бельгия мен Францияда жүргізіліп жатыр. Оған Израиль және Еуропаның басқа да мемлекеттері қатысып жүр. Жаңа аппаратты адамға салу үшін алдымен жануарларға салып, бақылап көру керек. Біз бірнеше қойға жасанды жүректің жаңа түрін салдық. Олар екі жылдан бері сонымен жүр. Жалпы, бұл бағдарламаның басталғанына бес жылдай болды. Алдағы уақытта арнайы комиссия тәжірибенің нәтижесін зерделеп, клиниканы анықтайды. Сол жерде жасанды жүректің жаңа түрін имплантациясына алғашқы операция жасалады. Меніңше, алдағы бес жылда оны адамдарға сала бастайды», - деді Ю.Пя журналистерге берген сұxбатында.

 

Оның айтуынша, жаңа аппараттың аккумулятор батареясы ішінде орналасқан. Ол электрмагнитті толқындар арқылы қуат алады. «Адамға контур іспетті «индукциялық катушка» кигізіледі де, сол арқылы электрмагнитті толқындар жасанды жүректегі контурға беріледі. Сол арқылы энергия өндіріледі. Сөйтіп, баттарея қуат жинайды. Жасанды жүректің жаңа түрі қазақстандықтарға да жетсе екен деймін. Бұл - менің мақсатым. Өзіме сондай міндет қойдым. Оған жетуім керек. Содан кейін зейнеткерлікке де шығуға болады», - деп атап көрсетті Ю.Пя.

 

Айта кетейік, Қазақстанда тағы екі адамға толығымен жасанды жүрек салынды. Барлық операциялар Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығында жасалды. Алайда «Carmat SA» үлгісіндегі аппараттың арнайы сөмкесі бар. Оның салмағы - 3 келі. Ішінде аккумулятор батареясы және басқа да датчиктер орналасқан. Барлығы сымдар арқылы жасанды жүрекке жалғанып тұрады. Бүгін Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығының мамандары тағы бір операцияның сәтті жасалғанын мәлімдеді. 60 жастағы Құнанбай Абыраевке донорлық жүректің салынды. Ондай операция әлем бойынша алғаш рет жасалып отыр. Оған алдымен жасанды жүрек салынды, артынан оны донорлық жүрекпен ауыстырды.

http://www.syrboyi.kz/zedelnews/23056-alymdar-zhasandy-zhrekt-zhaa-trn-zhasap-shyardy.html
2-08-2018, 05:31
66 просмотров