» » Есі дұрыс еркек денсаулығын ойлайды

Есі дұрыс еркек денсаулығын ойлайды

Есі дұрыс еркек денсаулығын ойлайдыЕр адамның өмір сүру ұзақтығы өзіне байланысты.Стокгольмның мамандары ер адам өмірінің ұзақтығына өзі әсер ете алатындығын айтуда. Ғылыми қызметкерлердің пікірінше,ер адам ұзақ өмір сүру үшін есірткі мен алкогольден және темекі шегуден аулақ болса болғаны.
Сондай-ақ велосипедпен жүру,  40 минуттай жаяу қыдыру да адам жасын ұзартуға септеседі. Өмірді ұзарту үшін ішкен тамағыңа да назар аударған жөн.
Мамандар темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, спиртті ішімдіктерге әуес болу бүйрекке, өкпеге, жүрек пен энодкриндік жүйе ауруларына алып келеді дейді. Сондай-ақ өмір сүру ұзақтығына көп отырып қызмет істеу де кері әсерін тигізеді. Егер адам ұзақ әрі бақытты өмір сүргісі келсе, пайдалы тағамдар жеп, уақытын белсенді өткізуі тиіс.
 
Дуанабай Жолдасбек

http://aikyn.kz/articles/view/58138
26-09-2014, 08:38
1153 просмотров