» » Алматыда гастроэнтерология және гепатологияны дамыту халықаралық конгресі өтіп жатыр

Алматыда гастроэнтерология және гепатологияны дамыту халықаралық конгресі өтіп жатыр

Алматыда гастроэнтерология және гепатологияны дамыту халықаралық конгресі өтіп жатырАстана. 3 қазан. Baq.kz – 2014 жылғы 3 қазанда Алматы қаласында «Almaty Hepatology 2014» деген атпен халықаралық конгресі гепатология саласындағы ең озық жетістіктерді талдап, оларды тезірек тәжірибеге енгізу мақсатымен өз жұмысын бастады.
 
Алматыда алғаш рет Еуропаның бауырды зерттеу жөніндегі қауымдастығының ресми қолдауымен осындай ауқымды халықаралық форум ұйымдастырылып, оған Франция, Израиль, Германия, Австрия, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Жапония және әлемнің өзге де 20 елінен гепатология саласындағы жетекші сарапшылары қатысады.
Конференцияны ұйымдастырушы: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Кардиология және ішкі аурулар аурулары ғылыми-зерттеу институты және Қазақ бауырды зерттеу қауымдастығы.
Еуропаның бауырды зерттеу жөніндегі қауымдастығының білім беру курсында С созылмалы вирустық гепатиті терапиясының жаңа режімі, бауыр патологиясының кезеңдерін инвазивтік емес жолмен бағалаудың заманауи әдістері Конгрестің маңызды оқиғасына айналады.
Форум шеңберінде кең ауқымды ғылыми бағдарлама және білім беру курсы қарастырылған. Ғылыми симпозиумдарда медициналық көмекті ұйымдастыру, профилактикалық және емдеу шараларының тиімділігін бағалау, скринингтік бағдарламалар және гепатобилиар аумағының негізгі аурулары менеджменті мәселелері қарастырылатын болады.
Аталған іс-шараның ерекшелігі – гастроэнтерологиядағы мультидисциплинарлық әдіске, яғни гастроэнтерологтар, хирургтер, морфологтар, онкологтар мен инфекционистердің тығыз байланысына баса назар аударылатын болады.
Конгресс жұмысы нәтижесінде негізгі стратегиялық бағыттар және Қазақстанда гастроэнтерология мен гепатологияны дамытудың міндеттері анықталады. Олар – гастроэнтерологиялық, оның ішінде ас қорыту органдарының ісік ауруларын, интервенциялық гастроэнтерология және гепатологияны дамыту, сондай-ақ, «гастроэнтерология мен гепатология» және «эндоскопия» мамандықтарын енгізу.
 
Ая ӨМІРТАЙ
3-10-2014, 22:42
826 просмотров