» » Йога министрлігі құрылды

Йога министрлігі құрылды

Йога министрлігі құрылды"Үндістанда Йога министрлігі құрылды. Сонымен қатар, Халықаралық Үндістан философиясы күні белгіленбек", деп хабарлады «Жаңалықтар» РАА. Енді Үндістанда йога, аюрведа, унани, гомеопатияға арналған жеке арнайы министрлік болады.

Ведомство басшысы қызметіне Шрипад Наик ресми бекітіліп, кірісті.
«Шрипад Наик мырза қызметінің статусы тәуелсіз және ол AYUSH мемлекеттік министрі ретінде денсаулық сақтау және отбасы ауқаттылығы мемлекеттік министрі лауазымына кірісті», деп хабарланды үкімет аппаратынан.
Бұдан бұрын дәстүрлі емес медицина мәселелерімен Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы жеке департамент айналысқан. Алайда, бұл саламен жеке министрлік айланысуы қажет болды. Үндістан жаңа Йога министрлігін құрумен шектелмек емес. Қазір елде халықаралық йога күнін белгілеу туралы мәселе көтеріліп отыр. Бұл жайында, бұдан бұрын да Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди хабарлаған болатын.

ҚазАқпарат
 
Дуанабай Жолдасбек
http://aikyn.kz/articles/view/60953
12-11-2014, 23:33
717 просмотров