» » Күн сайын шай ішудің сегіз себебі

Күн сайын шай ішудің сегіз себебі

Күн сайын шай ішудің сегіз себебіТабиғи шай - адамзатқа қажетті сусындардың бірі. Фитхакерге сілтеме жасап Day.Az хабарлағандай, оның әр алуан, пайдалы, тыныштандыратын, сергітетін қасиеттері бар.
Адамға күш-қуат беретін осынау сусынның маңызды қасиеттеріне және оны не себепті күн сайын тұтынатынымыздың сырына үңіліп көрейік:
1.   Кофеге қарағанда шайды демдеу жеңілірек. Кофеүгіткіш пайдаланып, кофе қайнатқанша, қайнаған суға демдеп шай әзірлеу әлдеқайда жылдам бітетін іс.
2.   Көк шай сүйектің сыну қаупін азайтады. Ол қан-тамырларын тазартып, егде адамдарда остеопороз қаупін едәуір төмендетеді.
3.   Қант қосылмаған қара шай ауыздан шығатын жағымсыз иісті кетіреді. Зерттеу шайда полифенолдың бар екенін көрсетті. Ол ауызда жағымсыз иістің пайда болуына әсер ететін бактерияларды жояды.
4.   Қытайлықтар шайды ең қажетті сусын деп санайды. Олардың танымында күнделікті адам өміріне ең қажетті заттардың қатарына ағаш, тұз, күріш, май, сірке суы, сонымен бірге шай жатады.
5.   Шайдың тыныштандыратын қасиеті бар. Шөп қосылған шай егде адамдарды тыныштандыратын, сергітетін қасиетке ие.
6.   Шай көктемгі аллергиялық әсерді төмендетеді. Маусымдық аллергияңыз болса, таңертең қалақай қосылған шай ішіңіз. Бұл аллергиялық әсерді төмендетеді. Қалақай жапырағы қанды тазалап, жұмсақ қабынуға қарсы әсерге ие.
7.   Суға қарағанда, шайдың пайдасы көп деген ғалымдардың пікір бар. Шайдың құрамындағы  антиоксидант оның  пайдалылығын арттырады.
8. Шайды түскі астан кейін ішпей тұра алмайсыз. Түскі ас пен кешкі ас арасында шайды ішпейтін адам кемде-кем. Шай кофеден жиынына, тал-шілікті сұрпына, өңдеу әдісіне, сақтау мерзіміне қарай ерекшеленеді. Пуэр сұрыпты шайда жапырақ, өркен, бүршіктері болады, оның сақталу мерзімі 10 жылға дейін жетеді.  Улунг сұрыпты шай қара және көк шай қасиеттерін қатар қамтиды.

ҚазАқпарат
Дуанабай Жолдасбек
 
http://aikyn.kz/articles/view/63067
29-12-2014, 17:39
653 просмотров