» » Ақ халатты жандарға ризамын

Ақ халатты жандарға ризамын

Ақ халатты жандарға ризамынІшкі құрылыс - асқазан мен бауырым мазалап, қаңтар айының ортасында теміржол ауруханасының терапия бөліміне түстім. Мұнда алғаш рет емделуім еді. Онда болған он күнде жақсы істерге көңілім сүйсінді. Іші тап-таза, шыбын даусы естілмес тыныштық. Әрбір науқастың бас жағында бір-бір қоңырау нүктесі орнатылған. Бассаң, қасыңа медбике келіп тұрады. Барлық жағдай жасалған. Ортада кезекшілікте отыратын медбикенің қарсы алдында «Тәкаппарлық Сізге жараспайды, ақылыңнан адасасың ұмытпа», «Сіздің әр қылығыңыз өзгелерге үлгі», «Не қиындық болса да қиналма», «Жақсы сөз-жарым ырыс», «Сіз дәрігердің әрі досы әрі көмекшісіз» деген өсиет сөздер тайға таңба басқандай етіп жазылған.

Сондағы көргенімді айтпай кетуді лайық демей, газетіміз арқылы халыққа жеткізуді жөн көрдім. Қайсыбір шаруашылық болмасын, көріп жүргеніміздей, мекеменің жақсы болып, халыққа көріне білуі оның басшысына байланысты екені анық. Аурухана басшысы Құбыл Ршымбетов ерте демей, кеш демей науқастардың жағдайларын сұрап, бірнеше рет келіп, әрқайсымызға тоқталып өтуі қызметкерлерге өнеге болардай. Мұндағы Сейілхан Артықбаев, УЗИ, уролог, кардиолог дәрігерлерінің жүйелеп жағдайымызды сұрап өтуі бұл емхананың қалыптасқан үрдісіндей көрінді.

Бізді емдеуші бірінші санатты дәрігер Бақыт Айжарықованың әрбір науқасқа егілген дәрілерді сұрап, қадағалап тұруы оның білікті маман, өз жұмысына берілген жан екендігін байқатады.

Жақсы сөздер мен алғыс алған аға медбике Райкүл Жақсылықова, медбикелер Сәуле Досанова, Алуа Игілікова, Гүлназ Әжімбетова, Ләззат Айнағұлова, Жамал Маманова сияқты жандардың бізге деген қызметтеріне риза болдық.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, өзіміздің сүйікті газетіміз арқылы үлгілі ұжымның жұмыстарына толағай табыс, отбасыларына аманшылық, дендеріне саулық тілеп, әрқашан биіктен көріне берулеріне тілектестігімді білдіремін.

 

Ертас Садуақасұлы.

тыл ардагері

 

"Қазалы” газеті, 14 ақпан 2015 жыл

 

Ақ халатты жандарға ризамынАқ халатты жандарға ризамын

16-02-2015, 11:48
672 просмотров