» » ЗЕРТТЕУ: Зейнеткерлік жасқа шыққан соң жұмыс істеу өмірді ұзартады

ЗЕРТТЕУ: Зейнеткерлік жасқа шыққан соң жұмыс істеу өмірді ұзартады

ЗЕРТТЕУ: Зейнеткерлік жасқа шыққан соң жұмыс істеу өмірді ұзартадыАСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар зейнетке шығудан кейін жұмыс істеуге кеңес береді. Орегон штаты университеті ғылыми қызметкерлерінің анықтауынша, жұмыс істеп жүрген зейнеткерлердің арасындағы өлім белсенді еңбек қызметін жалғастырмаған құрдастарына қарағанда 11 пайыз сирек кездеседі.

Мамандар зейнетке шығудың адамның денсаулығына қалай әсер ететінін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жүргізген.

Бұл зерттеу 18 жылға созылды. 1992-2010 жылдар аралығында оған еңбек демалысына шыққан шамамен 12 мың адам қатысты.

Зерттеу қорытындысы бойынша, 65 жастан кейін жұмыс істеуді жалғастырған адамдар жұмыс істемейтін құрдастарына қарағанда 11 пайыз ұзақ өмір сүргені анықталды. Егер зейнеткерлердің денсаулық проблемалары болған жағдайда бұл сан 9 пайызды құраған.

Тәулігіне 10-12 сағаттан жұмыс істеп үйренген егде жастағы адамдар өздерін жақсы сезінгені атап өтіледі.

Зерттеу жұмыс істеудің зейнеткерлердің қартайған ағзасы мен ойлау қабілетінің қызметіне жақсы әсер ететінін көрсетті, деп жазады шетелдік БАҚ.

 

http://inform.kz/kaz/article/2898304

27-04-2016, 14:22
500 просмотров