» » Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі туралы

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі туралы

Елімізде пациенттің дәрігерді және медициналық мекемені еркін таңдау қағидатына, бәсекелестік орта құру мен медициналық қызмет көрсету үдерісінің айқындығына негізделген Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құрылды. Ол мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
1) нақты шығындарға ақы төлеу арқылы стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің бірыңғай ақы төлеушісін құру;
2) түпкілікті нәтижеге бағытталған тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің қаржыландырудың жаңа моделін енгізу;
3) денсаулық сақтау субъектілерін басқарудың қазіргі заманғы қағидаттарын енгізу, электрондық ақпарат жүйесін және салалық статистиканы дамыту;
4) аккредиттеуді өткізу, денсаулық сақтау субъектілерінің және медициналық қызметтердің сапасына тәуелсіз сараптаманың ішкі аудит жүйесін дамыту;
5) түпкілікті нәтижеге бағытталған сараланған еңбекақыны жетілдіру.
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тұжырымдасына сәйкес оны іске асыру үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
- денсаулық сақтау жүйесінде әкімшілік реформа жүргізу;
- медицина қызметтерінің сапасын үздіксіз көтеру;
- денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды жетілдіру.
Бұл мынадай екі кезең ішінде жүргізіледі:
1-кезең 2010 жылдан 2015 жылға дейін – психиатриялық, жұқпалы, туберкулез ауруларын қоспағанда, ауруларды емдеу кезінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бірыңғай ақы төлеушіні құру.
2-кезең 2016 жылдан 2020 жылға дейін – мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың жеке және қоғамдық денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігі теңгерімін белгілеу.
Мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру атқарушы және реттеуші функциялардың үйлесімсіздігіне әкеп соқты, нәтижесінде денсаулық сақтау ұйымдарын мемлекеттік басқару және иелену жөніндегі функцияларын жергілікті деңгейге біріктіру, олардан ТМККК қызметтерін сатып алу осы саладағы бәсекелестікті жоюға мүмкіндік берді.
Әкімшілік реформа жүргізу денсаулық сақтау жүйесінің нәтижелі және ашық түрін құруға, желіні мемлекеттік нормаларға сәйкес қайта құрылымдауға, кәсіби менеджмент институтын енгізуге, сыбайлас жемқорлықты азайтуға ықпал етедi.

Құбыл РШЫМБЕТОВ,
"Қазалы темір жол ауруханасы” -"Апаттар медицинасы темір жол госпитальдары” АҚ
Қазалы филиалының директоры

Сілтеме: http://med-kz.ucoz.com/publ/d_riger_ma_alalary/biryngaj_ulttyq_densaulyq_saqtau_zhujesi_turaly/2-1-0-91
3-07-2014, 23:04
2456 просмотров