» » АУДИТ ПЕН АККРЕДИТТЕУ - ЕЛІМІЗДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

АУДИТ ПЕН АККРЕДИТТЕУ - ЕЛІМІЗДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

АУДИТ ПЕН АККРЕДИТТЕУ - ЕЛІМІЗДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІӘлемдік тәжірибе медицина қызметі сапасын көтеру үшін кәсіби мамандарды үздіксіз даярлау, медициналық көмекті стандарттау, денсаулық сақтау ұйымын аккредиттеу қажет екенін көрсетеді. Ол үшін медициналық қызметтердің сапасын үздіксіз арттыру мақсатында сараптама жүргізетін тікелей денсаулық сақтау ұйымы жүргізетін ішкі аудит болып танылады. Бүгінде қолданыстағы сапаны сыртқы мемлекеттік бақылау басымдығын құрылған тәуелсіз сараптама институты біртіндеп ауыстыруда.
Бұл шаралар пациентердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің мемлекеттік бақылау қызметіне сенім білдіреді. Келешекте бақылаудың негізгі деңгейі ішкі сапаны басқару болады, бұл ретте сапа медициналық көмек берудің әрбір кезеңінде қамтамасыз етіледі. Ол үшін медицина ұйымында ішкі аудит қызметін дамыту жалғасады, оның мақсаты - тұрақты түрде проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын іздестіру. Күнделікті жасалып отырған ішкі аудиттің жұмысы халық шағымының санын азайтады және жұмыстың сапасын арттырады.
Медициналық көмек көрсету деңгейлерін ұтымды ету мақсатында медициналық экономикалық хаттамаларды жетілдіріп, оларды емдеу барысында пайдалануды күнделікті қадағалап отырады.Аккредиттеу, медицина  қызметтерінің  сапасын арттырудың элементінің бірі болып ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің негізгі элементіне айнала бастады.
Аккредиттеуден өту тегін медициналық көмектің кепілді көлемін ұсыну барысында мемлекеттік тапсырысты орналастыруға конкурсқа қатысу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының міндетті шартына айналады. Аккредиттеуді жүргізу үшін халықаралық стандарттарға бағдарланған және елдің қолданыстағы құқықтық аймағына бейімделген ұлттық аккредиттеу стандарттары негіз болады.
Сөйтіп, аккредиттеуді, ішкі аудит қызметін, тәуелсіз сараптаманы енгізу медициналық қызметті көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді, бәсекелестік ортаны қалыптастырады және пациент пен дәрігерді немесе медицина ұйымын еркін таңдау негізін қалайды.
Стационар деңгейіндегі медициналық көмектің сапасына сараптама жүргізу кезінде емдеуге жатқызудан бас тартудың негізділігін бағалау, стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде медициналық көмек көрсетудің сапасын бағалау, халықтың стационарлық көмекке қолжетімдігін бағалау - ауруханананың ішкі аудит қызметіне тиесілі. Темір жол ауруханасында да  осындай жұмыстар жүргізіліп, тексерулер жасалады.
Аурухана бойынша медициналық қызметтерді көрсетудің сапасын бағалаудың ішкі индикаторлары уақтылы қадағаланып отырады. Жалпы ішкі аудиттің қызметі жақсы жұмыс істесе, пациент емделу барысында ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шығып, негізсіз арыз-шағым тудырмайды.

Алтынгүл ДӘРІБАЙ,
"Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ
«Қазалы темір жол ауруханасы» директорының емдеу жөніндегі орынбасары,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы  
 
Сілтеме: http://med-kz.ucoz.com/publ/d_riger_ma_alalary/audit_pen_akkreditteu_elimizdegi_medicinalyq_qyzmet_sapasyn_arttyrudyn_tiimdi_tetigi/2-1-0-203
4-07-2014, 23:13
1821 просмотров