» » ҒАЛЫМДАР ЖАҚЫНДА АДАМДЫ ЖАСАРТАТЫН ДӘРІНІҢ ШЫҒАТЫНЫН АЙТТЫ

ҒАЛЫМДАР ЖАҚЫНДА АДАМДЫ ЖАСАРТАТЫН ДӘРІНІҢ ШЫҒАТЫНЫН АЙТТЫ

ҒАЛЫМДАР ЖАҚЫНДА АДАМДЫ ЖАСАРТАТЫН ДӘРІНІҢ ШЫҒАТЫНЫН АЙТТЫМамандар қартаюдың алдын алуға барын салуда. Жақында тышқандарды тез жүгіруге және ұзақ өмір сүруге бейімдейтін дәрі жасалды деп жазады Stan.kz.

Дәрі кеміргіштердің жүнін өсіруге де көмектескен. Дәріні тері торшалары арқылы құйған. Осылайша олардың қартаю тежелді.
Адам ағзасында бөлінуді доғаратын тор болады. Ондағы түзілетін ақуыздар қасындағы тор қабатының қызметін тежейді. Сондықтан ағза мүшелері әрі қарай дамуын тоқтата бастайды. Майо емханасының мамандары тышқандардың қартаю тор қабатымен жұмыс істеп, нәтижесінде олардың өмір сүру ұзақтығының 25 пайызға артқанын байқады.
Осылайша қартаюды дәрінің көмегімен жоюға болады. Алайда, мамандар мұндай дәрінің артрут пен деменция дертімен ауыратындарға көмегі боларына сенімсіз. Эразма университетінің дәрігері Питер де Кайзердің айтуынша, қартайтатын тор қабаттарын жоймай оларды ауыстару керек. Ол осылайша кәрілікті тежеуге болатынын түсіндіреді.

http://aqmeshit-aptalygy.kz/alymdar-zha-ynda-adamdy-zhasartatyn-d-rini-shy-atynyn-ajtty/

24-01-2017, 13:21
429 просмотров