» » EGOV АРҚЫЛЫ БІР АЙДА 6 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕЛГЕН

EGOV АРҚЫЛЫ БІР АЙДА 6 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕЛГЕН

EGOV АРҚЫЛЫ БІР АЙДА 6 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕЛГЕН«Емханаға тіркел де, міндетті әлеуметтік мемлекеттік сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңді анықтанауқанының алғашқы айында eGov порталы арқылы 6 654 адам тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

2017 жылдың алғашқы тоқсанында 19 мыңнан астам тұрғын емханаға онлайн-тіркеу қызметін пайдаланған. Еске сала кетсек, 5 сәуірден басталған халықты емханаларға тіркеу науқаны 2017 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. Аталған жұмыс міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу аясында жүргізіліп жатыр. Емханаға тіркелу әдістерінің бірі — электронды үкімет порталындағы онлайн-қызметті пайдалану. Бұл ретте электронды-сандық қолтаңба талап етілмейді. Онлайн қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталына тіркеліп, «Денсаулық сақтау» бөліміне өту қажет. Кейін «Бастапқы медико-санитарлық көмек көрсететін медициналық мекемеге тіркелу» қызметін таңдайсыз. Одан әрі «Онлайн-қызметке тапсырыс беру» батырмасын басып, азамат туралы мәліметтерді көрсете отырып, өтінішті жіберу керек. Емханада жауапты қызметкер өтінішті қабылдайды және тіркеу туралы талон дайындайды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі және оны көрсету мерзімі — 1 жұмыс күні. Қызмет көрсету уақыты белгіленген мерзімнен асып кеткен жағдайда, тіркеу туралы өтініш жіберілген медициналық ұйымға хабарласу керек. «Бастапқы медико-санитарлық көмек көрсететін медициналық мекемеге тіркелу» қызметі 2013 жылы электронды үкімет порталында іске қосылды. Бұл қызмет барлық өңірлерге қолжетімді. 2016 жылы eGov.kz порталының емханаға тіркеу қызметін 24 173 адам пайдаланған.

 

inform.kz

http://zhalagash-zharshysy.kz/egov-ar-yly-bir-ajda-6-my-nan-astam-adam-emhanalar-a-tirkelgen/
8-05-2017, 16:37
408 просмотров