» » Электронды Үкімет елді әбігерге салып, уақытша тіркеу кезіндегідей дүрбелең туғыза ма?

Электронды Үкімет елді әбігерге салып, уақытша тіркеу кезіндегідей дүрбелең туғыза ма?


23.05.17, 23:06

Электронды Үкімет елді әбігерге салмай, уақытша тіркеу кезіндегідей дүрбелең туғызбай жұмыс істейтін болсын. Бүгін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Ақпарат министрі мен корпорация басшысына медициналық сақтандыру үшін азаматтардың санатын анықтау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Үкімет басшысы балабақшадағы кезек пен жер телімдерін бөлу де тамыр-таныс, қолы ұзындарға қоңырау шалу арқылы емес, онлайн түріне өзгеруі керек деді.

 

Алдағы жылдан бастап дүниеге сәби әкелген аналар бұрынғыдай халыққа қызмет көрсету орталықтарын жағалап жүгірмейтін сияқты. Бүгін Үкімет бала өмірге келген сәттен бастап тіркеліп, балабақшаға кезекке автоматты түрде тұратын жаңа жобаны бекітті. Жаңа әдіспен аналар енді туған сәбиге куәлік алып, бөбекжайға кезекке қоюға бір барып, бір жасқа дейін төленетін өтемақыға құжат өткізуге жүгіріп әуреленбейді...

АБЫЛАЙХАН ОСПАНОВ, "Азаматтарға арналған Үкімет" корпорациясының төрағасы:

- Поздравить и родители дадут фамилии и загс поступить и присвоиться ИИН.

 

Балаға жеке сәйкестік нөмір берілгеннен кейін, бірден өтемақы тағайындалып, балабақшаға кезекке тұрады. Электрондық үкімет айыппұл төлеудің жолдарын да жеңілдетпек. Жол ережесін бұзғандарға ақпарат онлайн режимінде жіберіледі. Ал, маусымнан бастап шетелге шығып бара жатқандар айыппұлы үшін кеденнен өте алмаса, тура әуежайда тұрып төлеп, кете беруіне болады. Бақытжан Сағынтаев электрондық Үкіметтің адамдарды бір жапырақ қағаз үшін жүгіртпеудің жаңа тәсілдеріне қолдауын білдірді. Дегенмен, министр мен корпорация басшысына медициналық сақтандыруда сақ болуды тапсырды...

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР Премьер-министрі:

- Даю поручение министру ситуация не повторилась.

 

Премьердің бұлайша қадап тапсыратындай жөні бар. Өйткені, уақытша тіркеу кезінде адамдар заңды түсінбей, жаппай халыққа қызмет көрсету орталықтарына ағылған еді. Ал, жаңа жылдан бастап міндеттелген медициналық сақтандыру үшін халық статусын әзірден барып анықтап алуы тиіс. Тіркеу кезіндегідей түсінбей жүре берсе, кезектің көкесі емханаларда болатынын министрдің өзі де мойындап отыр...

ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі:

- Олар қазір тіркелмесе 1 қаңтардан кейін ажиотаж болуы мүмкін.

ГҮЛБАНУ ӘНИЯТҚЫЗЫ, тілші:

- Айтпақшы, азаматтар өз статусын үйден шықпай ақ e-gov порталы арқылы анықтауына болады. Бірақ, электронды Үкіметті пайдасына жаратып, тіркелгендердің саны өте аз. Ал жауапты министрлер жаңа жылға дейін 17 миллион халықты тіркеп, қандай санатқа жататынын анықтап үлгеретініне сенімді.

 

Гүлбану Әниятқызы, Нұркен Тоқмурзин

http://31.kz/video/show/id/18375/show/ib

25-05-2017, 11:53
363 просмотров