» » Балық сүйегі тамағыңызға тұрып қалса не істеу керек?

Балық сүйегі тамағыңызға тұрып қалса не істеу керек?


Өзен балығы дәмді әрі пайдалы. Бірақ, ұсақ сүйектері денсаулығыңызға қауіпті. Балық сүйегі тамағыңызға тұрып қалғанда не істеу керек?
Балық сүйегі тамақты ауыртып, ыңғайсыздық тудырады. Теріні жарақаттағандықтан біраз уақыттан соң тамағыңыз ісініп, тұншығуыңыз мүмкін. Бұл әсіресе, балаларда көп кездеседі. Сондықтан сүйекті өз бетіңізше жоюға тырыспаңыз. Баланың арқасынан ұрудың керегі жоқ. Нан жеп кетірем деп әуре болмаңыз. Ол сүйекті одан әрі қадап тастауы мүмкін.
Сүйекті алып тастау үшін нені пайдаланған жөн?
Егер сүйек біраз уақыт қадалып тұрғандай болса, қан ағып тамағыңыз ауырған болса, дәрігерге қаралған жөн.
Аздап жөтеліп көріңіз. Жөтел сүйектің сыртқа шығуына көмектеседі. Егер ауырсынса, жөтелмеңіз.
• 15-20 см пинцетпен айна мен фонарь жағып алуға болады.
• Су ішіңіз. Асқазан майда сүйекті еш қиындықсыз қорыта береді.
• Сүйекті асқазанға түсіретіндей жұмсақ зат жеңіз. Банан, зефир, арахисі бар нан, суға бұқтырылған күріш, картоп пюресі. Оларды суға араластырып ішсе де болады.
• Жылытылған сұйық май ішіңіз. Май сүйекті өткізіп, тамағыңыздың ауырғанын басады.
Сүйек алынған соң орны біраз уақыт ауырып тұрады. Душ қабылдасаңыз, тамағыңыздың ауырсынғаны басылады.

 

Stan.kz

http://syrboyi.kz/zedelnews/11750-baly-syeg-tamayyza-tryp-alsa-ne-steu-kerek.html
5-06-2017, 17:47
271 просмотров