ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ЖАҢҒЫРМАҚ

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ЖАҢҒЫРМАҚ

Қазіргі таңда, медициналық көмек көрсетуде облыс тұрғындарын электронды төлқұжаттармен қамту 95,6% құрап отыр.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз – конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Баян Бурамбаева мәлімдеді.

«Электронды денсаулық төлқұжатының көмегімен дәрігерлер пациенттің денсаулық жағдайы, оның анамнезі, созылмалы аурулары, препараттарды қабылдау аллергиясы туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады. Көмек көрсету жері мен медициналық ұйымдарда пайдаланатын ақпарат жүйесіне қарамастан адам денсаулығы туралы барлық түйінді мәліметтер бір базада жиналады. Нәтижесінде пациентке дәрігерге баруды алдын ала жоспарлау, электрондық жолдамалар мен талдау нәтижелерінің есебінен дәрігерге барудың санын 2 есе қысқарту, дәрігердің пациенттің денсаулығы туралы ақпаратты бір жерге жинақтау және дәрігерлер мен орташа медицина персоналының еңбегін оңтайландыруға мүмкіндік береді», - деді Б. Бурамбаева.

Сондай-ақ, баспасөз – конференциясы барысында облыстық онкология орталығы директорының орынбасары Жандос Әділхан өз саласында атқарылып жатқан жұмыс барысымен алдағы жоспарларды баяндады.

«Жолдауда көрсетілгендей, облыста онкологиялық қызметті жетілдіру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Қызылорда қаласының солжағалауында салынуға жоспарланған онкологиялық профильді көпсалалы 300 төсек орындық аурухананың жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге 150,5 млн. теңге қаржы бөлініп, жыл соңына дейін жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама қорытындысы алынатын болады. Облыста онкологиялық аурулардың алдын алу, оларды емдеуде көптеген тың тәсілдер енгізіліп отыр. Өздеріңізге белгілі, 2016 жылы онкологиялық орталықта паллиативтті көмек көрсететін бөлімше, 2018 жылы диагностикалық палаталар ашылды. Диагностикалық палаталар арқылы қысқа уақытта күмәнді онкологиялық ауруларды анықтауға қол жетсе, паллиативті көмек ІҮ сатыдағы онкологиялық сырқаттардың толық ем алуына жағдай туғызды.

Сонымен қатар, биыл аймақ басшысының қолдауымен облыстық онкология орталығы Корея елінің жетекші клиникаларымен меморандумға отырды. Жыл бойына Корея елінің профессорлар мен білікті дәрігерлері, облысымызға келіп, науқастарды қарап, оталар жасаса, зертханалық тұрғыда да тәжірибе бөлісті», - деді Ж. Қойшыбайұлы.

 

https://syr-media.kz/news/6269-densauly-salasy-zhayrma.html


25-10-2018, 13:23

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ


Медициналық қызметтердің сапасы мен көлемінің мониторингі дәлелді медицина принциптеріне, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібін, стандарттарын және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін регламенттейтін денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес медициналық қызметтерді көрсету сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Филиалда білікті мамандар бар, олар нақты уақыт режимінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге тұрақты түрде сараптама жүргізеді.

Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді орындау мониторингі тиісті ақпараттық жүйелерде және денсаулық сақтау субъектісіне бару жолымен жүргізіледі.

Ақпараттық жүйедегі Мониторинг күнделікті негізде медициналық көмек көрсету ақауларын растау немесе қабылдамау жолымен жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау субъектісіне бару жолымен ағымдағы мониторинг Қор филиалының басшылығы бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Мониторинг барысында медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша анықталған проблемалар:

БМСК деңгейінде:

- Кадрлардың жеткіліксіздігі, әсіресе қалалық БМСК объектілерінде, кейде 70% - ға дейін және дәрігерлік аймақтың жоғарғы тығыздығы.

- шұғыл емдеуге жатқызу кезінде алғаш рет анықталған ауруларды уақытылы диспансерлік есепке алу мақсатында стационарлық, стационарлық-алмастыратын көмек және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін кейбір медициналық ұйымдар арасындағы сабақтастықтың әлсіздігі.

- Диспансерлік бақылауға жататын пациенттерді динамикалық бақылаудың және тағайындалған емнің тиімділігін бақылаудың, зертханалық және аспаптық бақылау зерттеулерінің уақтылы тағайындалуының жеткіліксіз сапасы.

стационар деңгейінде:

- 5% - ға дейін науқастар айғақсыз немесе сәйкес емес бейін бойынша ауруханаға жатқызылды;

– Емдеу-диагностикалық іс-шаралардың Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан негізсіз ауытқу жағдайлары, бұл өз кезегінде емдеудің жеткіліксіз сапасына және емделушінің емдеу нәтижесімен қанағаттанбауына әкеп соғуы мүмкін.

2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 53 денсаулық сақтау объектісі бойынша жұмыс жоспарына сәйкес мониторинг жүргізілді.

Филиалмен жүргізілген сапа мен көлем мониторингінің және КООЗ сапасының сыртқы сараптамасының нәтижелері бойынша жалпы сомасы 427 158 409,9 теңгеге медициналық көмек көрсетудің ақаулары анықталды.

Мониторинг нәтижелері бойынша ұсталған барлық қаражат халыққа сапалы көмек көрсететін басқа медициналық ұйымдар арасында қайта бөлінеді, яғни айыппұл санкцияларының сомасы салаға қайта инвестицияланады.

Филиал пациенттің құқықтарын қорғау мақсатында және болашақта облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту және көлемін пәрменді бақылау бойынша өз жұмысын жалғастырады.

 

Гульнара КЕНЖЕБАЕВА,

КЕАҚ "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҚФ медициналық қызмет сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы.

https://syr-media.kz/news/6256-medicinaly-yzmetterd-sapasyna-monitoring-zhrgzld.html

24-10-2018, 13:27

РЕСЕЙЛІК ҒАЛЫМДАР АНА СҮТІН ОБЫРДЫ (РАКТЫ) ЕМДЕУГЕ ҚОЛДАНАДЫ

РЕСЕЙЛІК ҒАЛЫМДАР АНА СҮТІН ОБЫРДЫ (РАКТЫ) ЕМДЕУГЕ ҚОЛДАНАДЫ

 


 

Ресей Ғылым Академиясы (РҒА) Сібір Бөлімшесі (СБ) химиялық биология және фундаменталды медицина институты (ХБжФМИ) ана сүтінен бөлінген ерекше антиденелерді алу үшін жұмыс істеуде деп жазады "Российская газета". Ғалымдардың пікірінше, антидене обырлық кеселдерді еңсеруге ерік береді.


Кәдуілгі антидене бірдей байланыстырушы орталықтарды иеленеді. Алайда олар кейде обырлық торшалармен байланысу үшін жетіспейді. Мұнда, белгілі болғандай адамның денесінде екі түрлі байланыстырушы орталығы бар бейерекшеліктік (биспецификалық) антиденелер болады. Егер оларды обырлық торшаларға бағыттаса, онда ракты барынша ықпалды танып-білудің жолы ашылады. Бұл- иммундық терапияның жаңа сатысы.


РҒА СБ ХБжФМИ ғылыми қызметкері Сергей Седых былай түсіндіреді: "Ана сүтіндегі 50%-ке дейінгі антидене бейерекшеліктік. Бұл өз бетінше "қос қолды бандиттер" антигендерді организмнен барынша ықпалды шығаруға қабілетті ". Айта кету керек, ана сүтінің к-казеинінің фрагменті – лактаптиннің негізінде жасалған препарат бұрыннан бар. Ол обырлық торшаларда бағдарланған өлім процесін іске қосады.

 

«Syr medicinasy - ақпарат»

 

Дереккөз:http://www.meddaily.ru/article/24oct2018/ihbifm

19-10-2018, 11:58

"ҰЗАҚ ЖАСАУ КОКТЕЙІЛІН" ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ТЕСТТЕН ӨТКІЗДІ

"ҰЗАҚ ЖАСАУ КОКТЕЙІЛІН" ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ТЕСТТЕН ӨТКІЗДІ


 

Мамандар Caenorhabditis elegans (C. elegans) құртының өмір сүру ұзақтығын арттыратын және қартаю жылдамдығын төмендететін препараттар комбинациясын тапты. Яғни, құрттар өз денсаулығын ұзақ сақтап өмір сүре алады деп атап өттіMedical Expressбасылымы. Ал бұл Жер тұрғындарының арасында кәрі адамдар процентінің өсуін ескерсек, аса маңызды.

Ғалымдар өмір ұзақтығымен сабақтас алуан түрлі биологиялық механизмдерге әсер ететін препараттарды пайдаланды. Мысалы, препараттардың арасында рапамицин бар. Бұл бұйымды дәстүрлі түрде ауыстырылған ағза кері итерілмеуі үшін қолданады. Алайда аталған бұйым C. Elegans құртының да, жеміс шіркейлерінің де және тышқандардың да өмірін ұзартатыны жөнінде деректер бар.

Мамандар соңғы зерттеулер шеңберінде екі немесе үш қосындының комбинациясын қолданды. Нәтижесінде құрттардың өмірін ұзартып қана қоймай, сондай-ақ оларды дені сау ететін препараттардың екі жұбы бөлініп алынды. Ал үшінші қосындыны қосқанда өмір ұзақтығын тіпті екі еседей ұлғайтуға қол жетті. Кері әсерлер анықталмады.

 

«Syr medicinasy - ақпарат»

 

Дереккөз:http://www.meddaily.ru/article/23oct2018/kkte

15-10-2018, 05:57

НЕВРОЛОГТАР: КӘРІЛІК АЛЖУДЫҢ СЕБЕБІ ВИРУСТАН БОЛУЫ МҮМКІН

НЕВРОЛОГТАР: КӘРІЛІК АЛЖУДЫҢ СЕБЕБІ ВИРУСТАН БОЛУЫ МҮМКІН

 

1-ші типтегі қарапайым герпес вирусы (HSV1) Алцгеймер дертінің дамуының негізгі факторы болып табылады дейді Манчестер Университетінің профессоры Рут Ицхаки. Бұл ғалым әйел деменция мен вирустың байланыс мәселесімен 25жылдан бері айналысып келеді деп хабарлайды New Atlas.

Жуықта Тайванда жинақталған деректер көпшілік назарына ұсынылды. HSV1 вирусын жұқтырған адамдарда кәрілік алжудың даму қауіпі жоғары болып шықты. Сондай-ақ вирусқа қарсы терапия жұқпаланғандардағы сол қатерді анағұрлым жеңілдетуге мүмкіндік береді екен.

 

Сонымен, 50 жастан арғы және денесінде вирусы бар 8000-нан астам адамның мәліметтері жинақталған. Бақылау тобы ретінде вирус жұқтыру белгілері жоқ шамамен 25000 адам болды.

 

10 жылғы бақылау барысында анықталғаны: бірінші топтағы адамдарда деменцияның даму қауіпі 2,5 есе артқан. Бірақ вирусқа қарсы дәрілік бұйымдарды қолдану бұл қауіпті 10 есе азайтқан.

 

 

«Syr medicinasy» - aqparat

 

Дереккөз:http://www.meddaily.ru/article/23oct2018/ystraslaboy

9-10-2018, 11:38

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ФОРМАТЫНА ТОЛЫҚТАЙ КӨШЕДІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ФОРМАТЫНА ТОЛЫҚТАЙ КӨШЕДІ

ОКҚ алаңында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Брифинг барысында вице-министр 2019 жылдан бастап Қазақстан медициналық қызмет көрсету бойынша толықтай электронды нұсқаға көшетінін айтты.

Баспасөз мәслихатында аталған саланы цифрландыру, ақпараттық жүйелерді, мобильді денсаулық сақтау элементтерін енгізу, емдеу жоспарларын диагностикалау және басқару, жасанды интеллект құру және енгізу, ақпараттық және интероперабельділік үшін платформаны жеткізу сияқты сандық мәселелер талқыланады.

Вице-министр сонымен бірге, Медициналық ақпараттық жүйелерді «Қала, аудан орталығы» деңгейінде қамту 96,7 құрағанын атап өтті. Ал осы жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланған.

Сонымен қатар О. Әбішев 2017 жылы 14 қыркүйекте ҚР ДСМ мен IBM компаниясы арасында Watson for oncology - жасанды интеллектті енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғандығын ескертті. Оның сөзіне қарағанда, онкология және радиология ҒЗИ базасындағы пилоттық тестілеу кезінде онколог дәрігерлердің қатысуымен 13 нозология түрі бойынша 57 ем жүргізілген.

Дәргерлер жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардың 90 пайызы пилоттық тестілеудің тиімділігін көрсеткен.

Сонымен қатар, вице-министр электрондық денсаулық паспортының тиімділігі туралы айтты. Науқас туралы барлық ақпаратты бір репозиториінде сақтайтын электрондық денсаулық паспорты елдегі медициналық ұйымдарда науқасты қарау және емдеу нәтижелері туралы мәліметтерді қамтиды. Электрондық денсаулық паспортында әр адамныңдәрі-дәрмектерге аллергиялық реакциясы, қарапайым диеталық жағдайға дейінгі барлық мәліметтер сақталады. Сонымен қатар, паспорт арқылы ұрпақ қуалайтын, яғни хронологиялық ауруларды, дұрыс тамақтану жүйесін, денсаулық сақтаудың барлық қағидасын білуге болады.

ҚР ДСМбаспасөз қызметі

http://www.syrboyi.kz/zedelnews/24639-medicinaly-elektrondy-yzmet-krsetu-formatyna-tolytay-kshed.html
18-09-2018, 04:48

ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ ҚАЛАЙ РЕТТЕЛЕДІ?

ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ ҚАЛАЙ РЕТТЕЛЕДІ?

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларын тұрақтандыру үшін жыл сайын кәсіпкерлермен меморондум жасалып келеді. Аймақтағы 200 ден аса дәріханалармен дәрі-дәрмек бағасын белгіленген мөлшерден асырмау жөнінде келіссөздер жүргізілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Ғалия Бәйменова мәлімдеді.

Биылғы жылдың 19 ақпанында облыс әкімдігінің өңірлік штаб отырысының хаттамасы негізінде 2018 жылдың 2 наурызында облыстық денсаулық сақтау басқармасы, департамент және фармацевтикалық ұйым басшыларымен 150 атауға шекті бағалары бекітілген меморандум жасалды. Меморандумға 100 субъект (225 объект) қол қойды. Меморандум жарамдылық мерзімі 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Жұмысшы топтармен дәріханаларда рейдтік тексеру жүргізіліп, 150 атаулы ДЗ мен ММБ бағаларына, олардың дәріханалық ұйымдарда болуына бақылау жүзеге асырылуда, түсіндіру жұмыстары әрі қарай жүргізілуде.

Рейдтік тексерулермен облыстағы дәріхана ұйымдары қамтылды.

ДЗ мен ММБ бекітілген шекті бағалармен сатылуда, дәріханалар ұйымдарында көрнекті жерде тізім орналасқан.

https://syr-media.kz/news/5549-dr-drmek-baasy-alay-retteled.html
17-09-2018, 04:47

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНА 24 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ТӨЛЕДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНА 24 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ТӨЛЕДІ

«10 қыркүйек мәліметтерге сүйенсек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қызмет көрсеткен емдеу ұйымдарына 24 млрд. 172,6 млн. теңге аударды, - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда ҚОФ «МСҚ» мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 65 медицина ұйымымен бекіткен. Оның 34-і – жеке меншік клиникалар.

Жеке медициналық ұйымдармен жасасқан келісім-шарттардың саны ағымдағы жылы 3 млрд. 426,8 млн. теңгені құрайды, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 2 есе көп.

ТМККК /тегін медициналық көмектің кепілдік/ және МӘМС /міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру/ пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын ҚОФ «МСҚ» емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде 95 келісімшарттар бекіткен болатын.

Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 36 млрд. 630 млн. теңге.

https://syr-media.kz/news/5525-halya-tegn-yzmet-krsetken-medicina-yymdaryna-24-mlrd-tegeden-astam-arazhat-tled.html

15-09-2018, 12:07

Біртанов дәрігерлердің айлығын көтеру үшін қандай шаралар қарастырылғанын айтты

Біртанов дәрігерлердің айлығын көтеру үшін қандай шаралар қарастырылғанын айтты

2018 жылғы5 қыркүйек 17:45

 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлердің айлығын көтеру үшін қандай шаралар қолға алынғанын айтып берді,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір мәселе- ол кадр даярлау мәселесі,кадрдың жетіспеушілігі.Қазірі күні жылдан жылға кадр тапшылығын төмендетіп жатқанымызбен, шынын айту керек,жергілікті деңгейде, әсіресе ауылдарда кадрлар жетіспейді.Осы мәселені шешу үшін біз біріншіден жергілікті деңгейде түрлі-түрлі материалдық қолдау беріп жатырмыз.Осы жұмысты әкімдіктермен күшейту бойынша Үкімет басшысы тиісті тапсырма берді.Қай әкімдік қандай көмекті беріп жатқанын көріп отырмыз», - дейді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша,жүйелі түрдегі медициналық қызметкердің айлығы туралы да айту қажет. «Біз мемлекеттік Денсаулық сақтау бағдарламасы негізінде арнайы шараларды жоспарлағанбыз. Әр медициналық мекеме өз мүмкіндіктеріне қарай айлықтың деңгейін өздері белгілейді.Қазір мемлекеттік ұйымдардағы 85 пайыз жаңа формаға көшті.Содан біз ай сайын мониторинг өткіземіз.Әрине, кадр тапшылығы жылдам шешіліп жатыр деп айтуға болмайды.Бірақ, көп жағдайда әкімшілік шығыстарды,көп ұйымдардың санын қысқарттық.Осы арқылы дәрігерлердің айлығын көбейту мүмкіндігі бар.Соны біз бақылап отырмыз», - дейді министр. Елжан Біртанов сонымен қатар,алғашқы медициналық көмек деңгейінде жалпы практикалық дәрігер,учаскелік дәрігер мен мейірбикелердің жалақысын көтеру үшін ұсыныстар енгізілгенін тілге тиек етті. «Жаңа технология енгізіп жатқан әріптестерімізге келесі жылдан бастап жалақысына қосымша төлем енгіземіз деп жоспарлап отырмыз.Айтып өткеніміздей көп жағдайда дәрігерлерге түсетін жүктеме өте жоғары.Оған дәлел ретінде поликлиникада кезекті көп күтіп отырған азаматтарды айтуға болады.Әрине, біздің стандарт бойынша әр дәрігерге тіркелген халықтың саны1 700 адамнан аспауы керек.Бірақ, өкінішке қарай дәрігерлердің жетіспеушілігіне байланысты қазіргі күні бұл көрсеткіш1 950 адамнан болып тұр.Біз оны бақылауға алып отырмыз.Ай сайын мониторинг жасалады.Бір жылдың ішінде бір дәрігерге түсетін жүктеме60 адамға азайды. Нәтиже ретінде көріп отырмыз,профилактикалық қызметтердің саны23 пайызға көтерілді. Ол алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі жақсарып келе жатқанын көрсетеді», - деді Елжан Біртанов.

 

Автор: Аян Бекенұлы


https://www.inform.kz/kz/birtanov-darigerlerdin-aylygyn-koteru-ushin-kanday-sharalar-karastyrylganyn-aytyp-berdi_a3380320

6-09-2018, 08:44

Денсаулық сақтау жүйесіне арналған кодекс дайындалуда

Денсаулық сақтау жүйесіне арналған кодекс дайындалуда

Ұлт саулығы – елдің гүлденіп, көркеюінің негізі. Осы қағиданы бетке ұстаған еліміз халық денсаулығына барынша көңіл бөлуді басты міндет санайды. Бұл ретте байыпты бағдарлама қабылдап, жүйелі жұмысқа негіз болып жүрген құқықтық нормаларды да реттеп, түзеп отыру маңызды.

Денсаулық сақтау саласы – ауқы­­мы өте кең әрі әлеуметпен тіке­­лей жұмыс істейтін бірден-бір ірі сала. Ондағы түрлі реформалар, қол­ға алынған бастамалар ха­лықтың тұр­мыс-тіршілігіне тіке­лей әсер етеді. Ен­деше қазіргі таңда әзір­леніп жатқан «Ха­лық денсау­лы­ғы және денсаулық сақ­тау жүйесі тура­лы» жаңа Кодекс­тің жобасы да па­циенттердің қажет­тілігіне бағыт­талғаны құба-құп.

Президенттің биылғы Жолдауын іске асыру шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі жылдың басынан бері аталған Кодекс жобасының жаңа редакциясын әзірлеуді бастаған болатын. Заң жобасын қабылдау меншікті және халықаралық тәжірибенің үздік үлгілеріне негізделген денсаулық сақтаудың ұзақ мерзімді, тиімді және тұрақты моделін әзірлеумен енгізуге бағытталған. Бұл медициналық қыз­мет­тердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етпек.

Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойдың айтуынша, заң жобасының мақсаты – денсаулық сақтау жүйесіндегі қолданыстағы заңна­маны жетілдіру және дамыту, қо­ғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту, еліміздегі медициналық білім беру мен ғылымды, электронды ден­саулық сақтауды жетілдіру, меди­циналық көмек көрсетудің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіндегі қолданыстағы заңнаманы жетілдіру.

Жаңа кодексті əзірлеу барысында басты бағыттар ретінде Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стра­тегиялық жоспары, Қазақ­стан­ның əлемнің 30 дамыған елінің қа­та­­рына қосылу жəне «Қазақ­­стан-2050» Стратегиялық даму жос­па­­ры басшылыққа алынған.

«Заң жобасын денсаулық сақтау жүйесінің стратегиялық бағыттарын жетілдіру мен дамытуға бағытталған бірнеше негізгі блоктарға шартты түрде бөлуге болады. Біріншісі – қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту, екіншісі – медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру, үшіншісі – денсаулық сақтау саласындағы білім беру мен ғылым қызметін жетілдіру, төртіншісі – фармацевтикалық қыз­мет және дәрі-дәрмек айналымы саласында жасушалық биотехноло­гиялар саласындағы қызметтің құқық­тық негіздемелері берілетін бола­ды. Бесін­шіден, ағымдағы жылы интеро­пе­рабильділік платформасын іске қосу жоспарланып отыр, бұл барлық медициналық ақпараттық жүйені кезең-кезеңімен интеграциялауға және халықтың электронды денсаулық сақтау паспорттарының бірыңғай банкісін іске қосуға мүмкіндік береді. Алтыншы – жергілікті атқарушы орган­дардың бірінші кезекте халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсетудің тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілігін күшейту жоспарлануда. Жетіншісі – медициналық кадрлардың тап­шы­лығын төмендету мақсатында жер­гілікті жерлерде 2019 жылдан бастап мемлекеттік грант бойынша оқыған бітірушілердің өңірлердегі міндетті үш жылдық жұмыспен өтеуі енгізіледі. Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың осы және басқа да мәселелері Кодекстің жобасында ескерілетін болады», дейді вице-министр А.Цой.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, адам денсау­лығының бар болғаны 10 проценті ғана денсаулық сақтау жүйесімен байланысты, ал одан басқа бөлігі адамның өз жеке басының жағдайына қатысты екен. Яғни денсаулық жағдайы адамның өмір салты, оның ішінде ақпараттық ортасы, таңдау құқығы, әлеуметтік мәрте­бесі және қолжетімділік мүмкін­­­діктері, тағы басқа да адамның өмір сүру ортасымен, болмысымен қалып­тасады. Демек қоғамдық денсаулық сақтау саламатты өмір салтын, дұрыс тамақ­тануды, созылмалы инфекциялық емес аурулардың алдын алу шараларын насихаттауға бағытталады.

Қазірдің өзінде ел Үкіметі қоғам­дық денсаулық сақтау қызметінің үлгі­сін мақұлдады, бұл оның инсти­туцио­налдық дамуына және меди­ци­налық-санитарлық алғашқы кө­мекпен бірігуіне мүмкіндік береді. Қа­былданған үлгі шеңберінде мемлекет ДДСҰ белгілеген барлық он негізгі оперативтік функцияларды жүзеге асыруға міндеттеледі. Қоғамдық ден­сау­лық сақтаудың негізгі функ­ция­ларының бірі – адамдардың ден­сау­лығына жауапкершілігін артты­руға және адамдарға сау болуына көмек­тесуге бағытталған ақпараттандыру жұмыстары.

Бүгінгі таңда адамдар интернеттің арқасында өз денсаулығы туралы ха­бардар бола алады. Адамдардың денсаулығы мықты болуы үшін бар­лық заманауи және инновациялық ақпа­раттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға барынша әрекет жасалуда. Қазақстанда сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау аясында жаңа нарықтарды қалыптастыру мақсатында мемлекеттік және жеке сектор арасындағы серіктестік дамуда. Елі­мізде іске асырылып жатқан ден­саулық сақтауды дамыту бағдар­ламалары ауруларды емдеу және алдын алуда кешенді тәсілді қамтамасыз етеді және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арт­тыруға бағытталған. Осыған орай халық денсаулығының, мысалы, ана, нәресте, баланың өмір сүру ұзақ­тығы және жалпы өлім-жітімнің ста­тистикалық көрсеткіш­терінің дәйекті жақсаруы байқалады.

Мәліметке сүйенсек, бүгінде қа­зақ­стандықтардың жалпы өмір сүру ұзақ­тығы 1,85%-ке (1,3 жыл) артып, 72,95 жасқа жетті. Ал өткен жылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының саны 6%-ке артқан. Медициналық ұйымдардың 96%-не медициналық ақпараттық жүйелер енгізілген. Сондай-ақ халық­тың қалыптасқан электронды паспорт­тарының саны 11 миллионнан астам бірлікті құрады. Ал 2020 жылы халық 100 процент электронды денсаулық паспортымен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған. Сонымен қатар биыл 3,5 млн адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

«Халық денсаулығы және денсау­лық сақтау жүйесі туралы» заң жобасы осы қол жеткізілген жетістік­тер­ді сақтауға және дамытуға, денсау­лықты сақтау мәселелерін шешуге бағытталады, сондай-ақ саланың жос­парлы және пәрменді дамуының негізі болады деп күтіледі. Тағы бір айта кетерлігі, қазірдің өзінде министрлік Кодекстің жобасын барлық алаңда мүдделі тараптармен талқылауға да­йын. Кодекс жобасымен Денсаулық сақтау министрлігінің mz.gov.kz сайтында танысуға және ұсыныстарды кері байланыста болу үшін Kodeks_zdorovya_RK@mail.kz электрондық мекенжайына жіберуге болады екен. Сондай-ақ қазіргі кезде Кодекс тұжырымдамасының жобасы тәуелсіз сарапшыларды, ҮЕҰ мен БАҚ-ты тар­та отырып, жұмыс топтарында қаралуда.

Динара БІТІК,

egemen.kz

https://qazaly.kz/kogam/5199-densauly-satau-zhyesne-arnalan-kodeks-dayyndaluda.html
5-09-2018, 08:42