МӘМС: САУАЛДАРЫҢЫЗҒА ЖАУАП ДАЙЫН

МӘМС: САУАЛДАРЫҢЫЗҒА ЖАУАП ДАЙЫН


Белсенді емес тұрғындар медициналық қызметтерді қалай алады? Осы және басқа да сұрақтар бойынша медсақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиал қызметкерлеріне жолығып біле аласыз.

Назарларыңызға сала кетейік, әр аптаның сәрсенбісі күні сағат 15.00-ден бастап Қызылорда қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы ғимаратында медсақтандыруға байланысты кеңестер беріледі.

Бұл жерден тұрғындар ТМККК /тегін медициналық көмекке кепілдік берілген көлемі/ және МӘМС /міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру/ жайындағы медициналық пакеттер бойынша, оған қоса жұмыс жасамайтын тұрғындарға және экономикалық белсенді емес халыққа медициналық көмектер қалай көрсетіледі, жұмыс берушілер қандай қаражат арқылы аудырымдар жасалынып жатқаны және де тағы да басқа сұрақтарға жауап ала алады.

МӘМС: САУАЛДАРЫҢЫЗҒА ЖАУАП ДАЙЫНҚазіргі таңда жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлердің айлық жалақысының 1,5 % мөлшерінде өзінің табысынан төлем жасап жатыр, яғни олар қызметкерлердің айлық жалақысынан аударым жасамайды.

2018-2019 жылы жеке кәсіпкерлер өздеріне жарна аудармайды, бірақ, қарамағындағы қызметкерлеріне жұмыс беруші болып табылып, сол жұмыс беруші ретінде 1,5% мөлшерінде аударымдар жасайды.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Әр аптаның сәрсенбінің сәтті күнінде сағат 15.00-18.00 аралығында Қызылорда қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы орталық ғимаратында филиал қызметкерлері сіздерді күтеді және де сіздерге осы МӘМС жүйесіне байланысты толғандырып жүрген сұрақтарға толыққанды жауап береді.

https://syr-media.kz/news/5280-mms-saualdaryyza-zhauap-dayyn.html

4-09-2018, 09:03

Медициналық ЖОО түлектері үш жыл жолдамамен жұмыс істеуге міндеттеледі

Медициналық ЖОО түлектері үш жыл жолдамамен жұмыс істеуге міндеттеледі

2019 жылдан бастап медициналық ЖОО түлектері үш жыл жергілікті жерлерде жолдамамен жұмыс істеуге міндеттеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жаңа жүйе жергілікті жерлерде медицина қызметкерлерінің тапшылығын азайту мақсатында қолға алынып отыр. «Мемлекеттік грант бойынша оқыған бітірушілер өңірлерде міндетті түрде үш жыл жұмыс істеуге тиіс болады. Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың осы және басқа да мәселелері Кодекс жобасында ескерілмек», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. Бұған дейін айтқанымыздай, елімізде денсаулық сақтау туралы жаңа кодекс жобасы әзірлену үстінде. Ол өз кезегінде қол жеткізілген жетістіктерді бекітуге және дамытуға, денсаулық сақтауда орын алған проблемаларды шешуге бағытталатын, сондай-ақ саланың жоспарлы және пәрменді дамуының негізі болады деп күтілуде. Өз сөзін қорытындылай келе, Алексей Цой Кодекс жобасы барлық диалог алаңдарында мүдделі тараптармен талқылауға дайын екенін атап өтті.

http://www.syrboyi.kz/zedelnews/24054-medicinaly-zhoo-tlekter-sh-zhyl-zholdamamen-zhmys-steuge-mndetteled.html
28-08-2018, 09:58

МӘМС: Жаңа жүйенің тиімділігі неде?

МӘМС: Жаңа жүйенің тиімділігі неде?

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының 80-ші қадамында айтылғандай, еліміздің денсаулық сақтау саласының қызметі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі негізінде іске асырылуда.

«Міндетті әлеуметтікмеди­ци­­налық сақтандыру жүйесі» ту­ра­лы заң 2015 жылдың 16 қара­ша­сында қабылданды. Осы Заң аясында «Әлеуметтік меди­циналықсақтандыру қоры» КЕАҚ (әрі қарай Қор) құрылды. 2017 жылдың маусым айында аталғанқордың филиалдары еліміздіңәрбір облыстарында ресми түрде ашылды. Шілде айынан бастап жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер жә­не азаматтық құқықтықшарт арқылы жұмыс атқаратындардан ауда­рымдар мен жарналартұрақ­ты аударылыпкеледі. Осы орайда жүйеге енгізілгенөзгерістер мен бүгінгіжұмыс барысы туралы «Әлеуметтікмедициналық сақ­тан­дыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиа­лының директоры Бақыт Исмаханбетовпен сұхбаттасқан едік.

Бақыт Торғайбайұлы, өт­­­кен жылдың шілде айынан бас­­­­­­­тап жұмыс берушілер мен кәсіп­­­­керлер және азаматтық құ­қықтық шарт арқылы жұмыс жасау­шылар тұрақты түрде жар­на төлеуге кірісті. Бірқатар өзгерістер енгізілгенінен хабар­­­дар­мыз. Нақ­ты қандай өзгеріс­тер орын алуда?

– «МӘМС» заңына сәйкес әлеуметтікмедициналық сақ­тандыру қорына төленетін жарналармен аударымдар 5 түрлі форматпенжүргізіледі. Олар: әлеуметтік қорғал­маған азаматтарға мемлекеттіңжарнасы; жұмыс берушініңәрбір жұмысшыға аударатынаударымдары; жұмыскерлер жарналары; жеке кәсіпкерлер жарналары (2 ЕТЖКдан) және Белсенді емес тұрғындар (1 ЕТЖКдан).

2017 жылдың шілде мен жел­тоқсан айларында жұмыс берушілер жұмыскерлеріне ай­лық табысының 1% көлемінде өз пайдасынан төледі, ал жеке кә­сіпкерлерсол жылғы ең тө­мен­гі айлық жалақының 2 есе­леген мөлшерінің 5%-і көле­мінде және азаматтыққұ­қықтық келісім-шарт негізінде жұмыс атқаратындарға айлық табы­сының 5%-і көлемінде жарна мен аударымдараударып отырды. Әлеуметтік қорғалмағаназа­маттарға мемлекетжарнаны 2020жылдың 1 қаңтарынан бастап өткен екі жылды қоса алғандағы орта айлық жала­қы­ның 4% көлемінде 14 санат бойын­ша ай сайын аударыпотырады. Аударылған аударымдармен жарналар Ұлттық банкте сақ­талады және Қордың ресми сайтындаашық көрсетілім табады.

МӘМС жүйесініңзаңына то­лықтырулармен өзгерістер енгізілуінесебепкер болған елі­міздегіәлеуметтік мәрте­бесініңмемлекеттік ақпараттық жүйелердеөзектендірілмеген белсенді емес халықтардың санағынабайланысты болып келді. Соған сәйкес тек МӘМС жүйе­сіндегікөрсетілетін меди­циналық қызметтердің енгізілуіекі жылға кейінгешегерілді, яғни 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады және аударымдар мен жарналарды төлеу тәртібі мен мөлшерлерінде де өзгерістер болды. Атап айтқанда, 2018-2020 жылдарға белгіленгенМӘМС жарналары мен аударымдарының мөлшеріжұмыс берушілер (оның ішінде ЖК мен ШҚ иелері өз жұмыскерлері үшін жұмыс беруші ретінде) 2018-2019 жылдары – 1,5%, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап – 2%, жеке тұлғалар 2018-2019 жылдар төлемейдіде, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖК (өзі үшін) екі еселенген ең төменгі жалақыдан – 5%, АҚК негізіндееңбек ететін тұлғалар 2020 жылы айлық табысынан – 1%, 2021 жылдан бастап – 2%, өзге санаттарең төменгі жалақыдан – 5%. Мемлекет 2020 жылы жеңілдігібар санаттар үшін мемлекеттік статистикаорганы тарапынан өткен 2 жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4% көлеміндежарна аударады («МӘМС» заңының 26-бабы 2;3 тармақтарыбойынша), жұмыс беруші жалдамалы жұмыскерлердің табысынаналынатын жарнаны ұстап қорға аударыпотырады(2020ж – 1%, 2021ж – 2%).

Айта кету керек, қазіргі кезде арнайы Денсаулықсақтау заңына және Міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру заңдарынаөзгерістер мен толықтырулар жасау жағдайлары қаралуда. Сол себептен МӘМС жүйесінің толық жұмыс жасауынакедергі келтірген белсендіемес тұрғындар жыл соңына дейін нақтыланса, онда жүйе 2019 жылдың 1 қаңтарынаненгізіліп кетуі мүмкін. Осы уақытта тегін медициналық көмектіңкепілдендірілген көлемі пакеті және Медициналықсақтандырудың медициналық пакеттеріннақты бекіту жұмыстарыжүргізілуде.

Қордың қазіргі жағдайы туралы айтып өтсеңіз.

– Әлеуметтік медициналықсақтан­ды­ру қорыныңмақсаты – кепілден­ді­­ріл­ген тегін медициналықкөмек па­ке­­ті­нің қаржы операторы, ал жақын бо­ла­шақта медсақтандыру пакеті бойынша стратегиялық сатып алушы ретіндеже­ке­меншік сектордықызмет көрсетуге көбіректарту, сол арқылы медицина нары­ғында бәсекелестікті күшейту. Өйт­кені, бәсеке бар жерде сапа болады. Осы мақсатта өткен жылдың қыркүйекайында Қор аталғанбағдарлама шеңберінде қызмет көрсетуге ниетті денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорынжасаған болатын. Дереққорға енгізілгенмедициналық мекемелер 2018 жылға халыққа «Тегін ме­дициналық көмектіңкепілдендірілген көлемі» бойынша көмек көрсететіндер. Еліміз бойыншамемлекеттік тапсырыс­ты орындауғаниетті, әрі әлеуетіжетеді де­ген 1600-ден астам денсаулықсақтау субъектісі дерекқорғаенді. Оның 49 про­центі – жекеменшікклиникалар. Бұл же­ке­меншік ұйымдардың қор бастамасын қол­­дап, медициналыққызмет көрсетуде бел­­сенділіктанытқанын көрсететін негізгідәйек.

Облыс бойыншаайтар болсақ, Қордың дерекқорынақазіргі таңда 83 ме­дициналықмекеме тіркелді, оның 49-ы – жеке клиника, бұл былтырғыжылмен са­­лыстырғанда 2 есеге артық. Қазіргіуа­қытта облыс бойынша 36 млрд теңгеге 65 ме­дициналықмекемемен келісімшарт жа­салды. Оның 34-і, немесе 52%-і жеке­мен­шік клиникалар үлесінде. Биыл кепіл­ден­ді­рілген көмек пакеті шеңберінде қызмет көр­сететін жекеменшікклиникалар саны өт­кен жылмен салыстырғанда 30 %-ке артты.

Өткен жылы Қор тұңғыш рет меди­циналыққызметтерді жеткізу­шілермен, соның ішінде емханалармен жұмыс істеуді қолға алған болатын. Оларменбекітілетін келісімшарт сомасы тіркелген тұрғындарсанына тәуелді. Жыл басынанбері елімізде кейбір емдеу мекемелерінің азаматтаратынан тіркеу жөніндежалған өтініштер жазып, оларды өздеріне тіркегенітуралы, сондай-ақ, тіркеуденешбір негізсіз бас тарту фактілерітуралы шағымдар түсті. Қазір Қор мамандарыосындай шағымдар негізіндежан-жақты жұмыс істеуде. Алайда мәселенітүбегейлі шешу үшін азаматтардың құжаттарынқабылдау тәртібін өзгертіп, процестіадам факторларының қатысуынсызықпал ету керек. Сондықтанқазір осыны ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттікқызметтер реестріне енгізу туралы ұсыныс дайындалып жатыр. Жоғарыдаайтылған жағдайларды ескере отырып, тіркеу ережесінеде толықтырулар енгізу көзделуде. Әрине, жаңа қызметтерді іске қосуға біраз уақыт қажет. СондықтанҚор осы бағыттажұмыс басталған кезде қосымша хабарлайтынболады. Оған дейін азаматтарды емханағатіркеу тәртібі бұрынғыша: egov.kz порталы немесе емханалардың тіркеу бөлімі арқылы жүргізіле бермек. Бұдан басқа, қазақстандықтарға сақтандырутөлемдері жайлы мәліметалуға мүмкіндік беретінжаңа мемлекеттік қызмет түрлерін әзірлеп, емханағатіркеу процесін жетіл­діру жоспарланып отыр. Атап айтсақ, бұл бағыттаазаматтар МӘМС жүйесінеқатысу және төленгенжарналар туралы мәліметтіхалыққа қызмет көрсетуорталықтары арқылы алу мүмкіндігіне ие болмақ. Мысалы, қазір осыған ұқсас қызметтерді «электрондыүкіметтің» egov.kz порталы арқылы алуға болады. Ол үшін электронды цифрлыққолтаңба қажет. Цифрлыққолтаңбасы бар кез келген азамат «жеке кабинетке» кіріп, МӘМС төлемдерінің соңғы рет қашан жасалғанын анықтапбіле алады.

Тегін медициналық көмектің ке­піл­дендірілген көлемі пакеті (ТМККК) пен МӘМС жүйесінің меди­циналық пакеттері туралы жан-жақты түсіндіре отырсаңыз.

– Тегін медициналықкөмектің кепілдендірілген көлемі Мемлекет басшысыныңбиылғы Жолдаудағы тапсырмасынегізінде оңтайландырылып жатыр. Тегін медициналық көмектіңжаңа нұсқасы әрбір адамға шұғыл және алғашқымедициналық көмек көрсетуге, қоғамдықмәні бар аурулардымемлекеттік бақылауға алуға негізделген. Ал, тегін меди­циналық көмектіңкепіл­ден­дірілген көлемі паке­ті­нің жаңа үлгісіменқатар енгі­зілетінміндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру пакеті оның кем-кетігін толықтырып, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, ұлт саулығының іргетасынқалауға ықпал етпек. Яғни, шұғыл көмек пен мем­лекет тарапынанреттеуді талап ететін саланың бәрі тегін медициналықкөмектің кепілдендірілген көлемі пакеті есебіненжүзеге асырылады. Ал, кепілдікберілген тегін көмеккекірмейтін қосымша қызметтерМӘМС жүйесі арқылы көрсетіледі.

Амбулаторлық деңгейде берілетін тегін дәрі-дәрмекті әлеуметтік маңызы бар аурулар да, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шең­берінде динамикалық бақылауға алынатын науқастар да ала алады. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кірмейтін науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету МӘМС есебінен жүргізіледі. Сонымен қатар қазіргі кезде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен МӘМС жүйесінің медициналық пакеттері кезең-кезеңмен жүзеге асуда. Тегін меди­ци­налық көмектің кепілдендірілген кө­ле­мі жаңа үлгісіндегі меди­циналық паке­ті бойынша барша азаматтарға жедел жәрдем және санитарлық авиация, бастапқы медициналық-санитарлық кө­мек, шұғыл жағдайларда ста­ционарды ал­мас­тыратын және стационарлық кө­мек пен паллиативті көмек кіреді. Ал, әлеу­меттік маңызы бар аурулар, негізгі созылмалы аурулар кезінде консультативті-диагностикалық қызмет, ам­бу­латорлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жос­парлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек және туберкулезге шалдыққандарды медициналық оңалту жатады.

МӘМС (сақтандырылғандарға ар­нал­­ған) жаңа үлгісіндегі меди­ци­на­лық пакетіне консуль­тативтік-диаг­нос­тикалық көмек, ересектерді про­фи­лактикалық тексеруден өткізу, бала­ларды мамандандырылған деңгейде тексеру, бағасы қымбат зертханалық қызметтер кіреді.

Сұхбаттасқан

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы».

http://www.syrboyi.kz/suhbat/23778-mms-zhaa-zhyen-timdlg-nede.html

22-08-2018, 06:06

ӨМІР СҮРУ КӨРСЕТКІШІ

ӨМІР СҮРУ КӨРСЕТКІШІ


2018 жыл денсаулық сақтау саласына жаңа белес кезеңі, яғни, «еліміздің дамуындағы жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін жетілдіру» болып табылады.

– Денсаулық сақтау саласында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында, соның ішінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары шеңберінде жұмыстар жасалуда, - деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.

Оның айтуынша, бағдарламаның негізгі индикаторлық көрсеткіші ретінде, күтілетін өмір сүру ұзақтығы алғашқы көрсеткіш болып табылады.

Қызылорда облысы бойынша бұл көрсеткіш 2018 жылдың қорытындысымен 72,2 жасқа жетуі тиіс, республикалық индикатор 72,6 жас.

Жалпы соңғы 3 жылда өмір сүрудің күтілетін ұзақтығының 72,6 (2017ж) тұрақты жоғарылауы байқалуда.

2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша жалпы өлім көрсеткіші 8,1%-ға төмендеп, 1000 тұрғынға шаққанда 5,4 құрады. 2018 жылдың нысаналы индикаторы-5,5. Еліміз бойынша 13 орында.

https://syr-media.kz/news/5052-mr-sru-krsetksh.html
17-08-2018, 09:16

ЕМДЕУ ҰЙЫМДАРЫНА 21 МЛРД 535 МЛН ТЕҢГЕ АУДАРДЫ

ЕМДЕУ ҰЙЫМДАРЫНА 21 МЛРД 535 МЛН ТЕҢГЕ АУДАРДЫ

«3 тамыздағы мәліметтерге сүйенсек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қызмет көрсеткен емдеу ұйымдарына 21 млрд 535 млн теңге аударды. Бұл – кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 59 пайызы», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда ҚОФ «МСҚ» мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 65 медицина ұйымымен бекіткен. Оның 34-і – жеке меншік клиникалар.

ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын ҚОФ «МСҚ» емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде 95 келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 36 млрд 470 млн теңге.

https://syr-media.kz/news/5018-emdeu-yymdaryna-21-mlrd-535-mln-tege-audardy.html
15-08-2018, 05:52

Денсаулық саласы қарқынды дамып келеді

Денсаулық саласы қарқынды дамып келедіБиылғы жыл денсаулық сақтау саласында жаңа белес кезеңі болып отыр. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

 

2016-2019 жылдарға арналған «Ден­саулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бағдарламаның негізгі индикаторлық көр­сеткіші өмір сүру ұзақтығы. Облыс бойынша бұл көрсеткіш биылғы жыл­дың қорытындысымен 72,2 жасқа жетуі тиіс болса, республикалық индикатор 72,6 жас. Соңғы 3 жылда өмір сүрудің күті­летін ұзақтығы 71,06-ға дейін тұрақты жоғарылауы байқалған. 2018 жылдың алты ай қорытындысы бойынша өлім көрсеткіші 8,1 процентке төмендеген. Жылдың алты айында 9031 нәресте дүние келген.

Республика көлемінде алғашқылардың бірі болып, облыс халықаралық ұйым­дармен бірлесіп жұмыс жасай бастады. Мәселен, 5 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналарға күтім жасау бойынша «Бала кездегі аурулардың интеграциялық бақы­лау» жаңа жобасы енгізілді. Осы жоба аясында барлық БМСК ұйымдарында дені сау бала кабинеттері ашылды. Онда 5 жасқа дейінгі балаларға профилактикалық тексеру жүргізіледі. Сонымен бірге, перзентханалар мен босануға көмекші мекемелердің медициналық құрал-жабдықтармен қам­тылу деңгейі жоға­рылаған. Үшінші дең­гейлі облыстық перинаталдық орта­лықтың жабдықталуы 91,1% құрап, алдыңғы үштікке еніп отыр.

Жиында басқарма басшысы Ақмарал Шәріпбайқызы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық стандарттарға сәйкес келетін «Дені сау аймақ» жобасы жайлы айтты. Мұндай жобаны бірінші болып біздің облыс қолға алған. Осы мақсатта облыс әкімінің қолдауымен 2018-2021 жылдарға арналған «Салауатты өмір салтын қалыптастыру және қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу жөніндегі іс-шаралар» жоспары бекітілген.

Облыста туберкулездің негізгі эпиде­мио­­логиялық көрсеткіші тұрақтанған. Өңір­­­де туберкулездік инфекциясының ошақ­­тарының паспортизациясы мен кар­тогра­фиясы жасалған. Бұл дертті ерте анықтау мақсатында тұрғындар флюорографиялық тексеруден өткізілді. Нәтижесінде туберкулезбен аурушаңдық 2,9 процентке, деструкция үлесі 1,5 есеге төмендеген.

Сонымен бірге денсаулық сақтау сала­сының маңызды салааралық бағыттарының бірі – жол- көлік оқиғасы кезінде уақытылы медициналық көмек көрсету. Осы мақсатта аймақтардың картографиясы жасалып, рес­публикалық тас жолдарға жақын орна­ласқан медициналық ұйымдардың базасын­да 13 тірек бекеті ашылды. Бұл жол-көлік оқиғасы орын алған жерге жедел жәрдем бригадасының жету көрсеткішін 2 есеге қысқартады.

Брифингте басқарма бас­шысы медицина мамандарының білік­тіліктерін арттыру бойынша жұмыс жасалып жатқанын айтып өтті. Бұл бағытта Кореяға 7 маман, Татарстанға 24 дәрігер біліктілігін арттыруға жіберілген.

Облыста Елбасының «Цифрлық Қазақс­тан» бағдарламасы аясында ден­сау­лық сақтау саласында ақпараттық жүйе­лерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Медициналық көмектің сапасына тіке­лей қатысы бар мәселенің бірі меди­циналық мекемелердің материалдық техникалық жағдайына байланысты. Облыс қазынасынан бұл салаға бөлінетін қаржы айтарлықтай өсіп отыр. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 6,5 млрд теңгеге қажетті медициналық құрал-жабдықтар алынған.

Соңғы 2 жылда 25 медициналық нысан ел игілігіне берілген. Соңғы 15 жыл көлемінде күн тәртібінен түспеген, апаттық жағдайдағы Арал, Шиелі аудандық орта­лық ауруханаларының құрылысы жүр­гізілуде. Қанайналым жүйесі аурулары себебінен болатын өлім-жітімді төмендету және Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының және Байқоңыр қаласының тұрғындарына мамандандырылған ме­ди­циналық көмектің қолжетімділігін арт­­тыру мақсатында биыл Қазалы аудандық орталық ауруханасы базасында кардиологиялық орталық ашу көзделіп отыр. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде облыстық медициналық ор­талығына ангиографиялық зертхана және компьютерлік томограф орнату қолға алынбақ.

Биылғы жылдың басында Байқоңыр қаласындағы облыстық медициналық орталықтың филиалында емхана ашылды. Қазір 18 мыңнан астам тұрғын тіркелген. Енді Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы Үкіметаралық келісім ратификациясынан кейін 15 мыңға жуық қазақстандық тіркелмек. Сонда Байқоңыр қаласының барлық тұрғынының медициналық көмекке қолжетімділігі артады.

Қысқасы, денсаулық саласына қа­тыс­ты барлық деректерді келтірген басқарма басшысының баяндамасынан оң өзгерістерді байқадық. Ана мен бала денсаулығы үшін барлық жағдай жасалған. Түрлі аурулардың алдын алуға бағытталған шаралар жүйелі жүргізілуде. Заман талабына сай емханалар аудандарда да белсенді жұмыс атқаруда. Соңғы шыққан, мүмкіндігі кең медициналық құрал-жабдықтар да алынып, ауруханалардың қызмет көрсету мүмкіндігі артқан.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы».

http://www.syrboyi.kz/kogam/23399-densauly-salasy-aryndy-damyp-keled.html
11-08-2018, 12:42

Ғалымдар жасанды жүректің жаңа түрін жасап шығарды

Ғалымдар жасанды жүректің жаңа түрін жасап шығарды

Еуропа елдері жасанды жүректің жаңа түрін сынақтан өткізіп жатыр. Аталған аппаратты ешбір сымсыз адамға салуға болады. Арнайы сөмкені ұстаудың қажеті жоқ. Себебі аккумулятор батареясы да ішінде орналасқан. Осы аппаратты зерттеу жұмыстарына ҚР Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығы да атсылысып келеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Орталық басшысы Юрий Пяның айтуынша, әзірше жасанды жүректің жаңа түрін жануарларға салып жүр. «Зерттеу жұмыстары Бельгия мен Францияда жүргізіліп жатыр. Оған Израиль және Еуропаның басқа да мемлекеттері қатысып жүр. Жаңа аппаратты адамға салу үшін алдымен жануарларға салып, бақылап көру керек. Біз бірнеше қойға жасанды жүректің жаңа түрін салдық. Олар екі жылдан бері сонымен жүр. Жалпы, бұл бағдарламаның басталғанына бес жылдай болды. Алдағы уақытта арнайы комиссия тәжірибенің нәтижесін зерделеп, клиниканы анықтайды. Сол жерде жасанды жүректің жаңа түрін имплантациясына алғашқы операция жасалады. Меніңше, алдағы бес жылда оны адамдарға сала бастайды», - деді Ю.Пя журналистерге берген сұxбатында.

 

Оның айтуынша, жаңа аппараттың аккумулятор батареясы ішінде орналасқан. Ол электрмагнитті толқындар арқылы қуат алады. «Адамға контур іспетті «индукциялық катушка» кигізіледі де, сол арқылы электрмагнитті толқындар жасанды жүректегі контурға беріледі. Сол арқылы энергия өндіріледі. Сөйтіп, баттарея қуат жинайды. Жасанды жүректің жаңа түрі қазақстандықтарға да жетсе екен деймін. Бұл - менің мақсатым. Өзіме сондай міндет қойдым. Оған жетуім керек. Содан кейін зейнеткерлікке де шығуға болады», - деп атап көрсетті Ю.Пя.

 

Айта кетейік, Қазақстанда тағы екі адамға толығымен жасанды жүрек салынды. Барлық операциялар Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығында жасалды. Алайда «Carmat SA» үлгісіндегі аппараттың арнайы сөмкесі бар. Оның салмағы - 3 келі. Ішінде аккумулятор батареясы және басқа да датчиктер орналасқан. Барлығы сымдар арқылы жасанды жүрекке жалғанып тұрады. Бүгін Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығының мамандары тағы бір операцияның сәтті жасалғанын мәлімдеді. 60 жастағы Құнанбай Абыраевке донорлық жүректің салынды. Ондай операция әлем бойынша алғаш рет жасалып отыр. Оған алдымен жасанды жүрек салынды, артынан оны донорлық жүрекпен ауыстырды.

http://www.syrboyi.kz/zedelnews/23056-alymdar-zhasandy-zhrekt-zhaa-trn-zhasap-shyardy.html
2-08-2018, 05:31

Медициналық ұйымдардағы қағазбастылыққа тыйым салынады

Медициналық ұйымдардағы қағазбастылыққа тыйым салынады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық мекемелердегі қағаз түріндегі құжат айналымға тыйым салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы, еліміздің медициналық ұйымдары электрондық форматқа ауысып жатыр, яғни медициналық құжатнама электрондық нұсқада жүргізіледі. Осы орайда қағаз түріндегі амбулаторлық карталардан бас тартамыз. Сонымен бірге, медициналық ұйымдар жүргізетін белгілі бір статистикалық құжаттар да электрондық форматта болады. Алдағы жылдың 1 қаңтарынан медициналық ұйымдарда қағаз түріндегі құжат айналымы болмайды деп қарастырып отырмыз», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева ведомствоның Фейсбуктегі парақшасындағы сауалдарға жауап беру кезінде.

Осы орайда ол қазіргі кезде азаматтарға дәрігерге жазылу, дәрігерді үйге шақырту мен медициналық ұйымға тіркелу секілді онлайн қызметтер қолжетімді екенін еске салып өтті.

«Цифрландыру медициналық ұйымдардың жұмысын жеңілдетеді. Еліміздің әрбір азаматы денсаулығының электрондық паспортын алады. Ол қай жерде ем қабылдаса да, барлық мәліметтер оның жеке кабинетіне енгізіледі. Бұл өз кезегінде басқа дәрігерге барған кезде ем-дом шараларын жеңілдетеді», - деді ол.

http://www.syrboyi.kz/kogam/22843-medicinaly-yymdarday-aazbastylya-tyyym-salynady.html
27-07-2018, 05:57

ЖАҢА ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР ҚОЙЫЛДЫ

ЖАҢА ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР ҚОЙЫЛДЫ

Қызылорда облысының 15 емдеу алдын алу ұйымдары заманауи телемедициналық қондырғылармен жабдықталды. Ол үшін облыс қазынасынан 21 208,0 мың теңге қаржы бөлінді.

2006 жылы облыстық медицина орталығына орнатылған телемедициналық қондырғылар, облысқа қарасты 7 аудандық ауруханалармен және Астана мен Алматыдағы ғылыми орталықтармен байланыса алатын еді. 12 жылдан астам науқастардың денсаулығын саралауға қызмет көрсеткен қондырғылар техникалық тұрғыда көнере бастады. Шет елдің және ірі ғылыми орталықтармен байланысудың шектеулі болуы, тіпті облыстағы өзге де салалық емдеу ұйымдарымен байланыстың болмауы кедергілер тудыра бастады. Тығырықтан шығудың мақсаты қойылды. Ол үшін 2018 жылдың 1 тамызына дейін салалық 6 емдеу және 8 аудандық ауруханалар базасында соңғы үлгідегі телемедициналық қондырғыларды орнату.

Бүгінгі күні жоба өз мәресіне жетті. Облыстық медицина орталығы, онкология, туберкулезге қарсы диспансер, перинаталды орталық, балалар ауруханасы, жұқпалы аурулар ауруханасы, қалалық аурухана заманауи бейне камералар, мониторлар және өзге де қажетті құрылғылармен жабдықталды. Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандық ауруханалары мониторлар және өзге де қажетті құрылғылары жаңартылды. Ендігі кезекте, телемедициналық байланыс арқылы аталған емдеу ұйымдары өз ара және өзге де ғылыми орталықтармен жылдам әрі үзіліссіз тікелей байланыса алады. Медицинаның соңғы жетістіктерін пайдалану, жылдам ақпарат алысу, науқастарды қозғамай кеңес алу, мамандардың жұмыс орнында тұрып білімін көтеруі, тәжірибе алмасуы қажеттілігі артатын болады.

Медицина – сәт сайын дамып отыратын ғылым. Ғылымның дамуы техникалық өзгерістерге әкеледі. Техниканың соңғы жетістігі – науқастарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады. Облыстың емдеу ұйымдарына орнатылған телемедициналық байланыс – халықтың игілігі үшін жасалған шара.

ЖАҢА ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР ҚОЙЫЛДЫ
ЖАҢА ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР ҚОЙЫЛДЫ

https://syr-media.kz/news/4606-zhaa-telemedicinaly-ondyrylar-oyyldy.html

25-07-2018, 10:07

Қалалық ауруханаға жаңа аппарат орнатылды

Қалалық ауруханаға жаңа аппарат орнатылды

Қызылорда қалалық ауруханасының материалдық-тех­никалық базасы жаңа құрал-жабдықтармен толықты. Соның ішінде рентгенологиялық денситометр, «TRITON» тракциялық құрылғысы, логопедиялық жаттықтырушы (Дельфа 142,1) аппараты облыс бойынша осы ауруханада ғана бар.

Денсаулық сақтау министр­лігі елімізде медициналық рентген­ологиялық қызмет көрсе­тудің сапасын арттыру, озық тәжірибені енгізу мақсатында жұмыс жүргізуде. Айталық, остеопорозды анықтаудың бір ғана стандартты жолы бар. Сүйектің минералды тығыздығының жағдайына нақты диагностиканы рентгенологиялық денситометр аппараты ғана жасай алады. Компьютердегі арнайы бағдарламаға науқастың туған жылы, бойы, салмақ өлшемдері енгізіледі. Құрылғы осы мәліметтерді қорытып, науқастың сүйек бөліктерін тексеріп, сүйек құрамындағы жетіспеушіліктің нақты мөлшерін, тиісті көлемі қандай болу керегін анықтап береді. Ревматолог-мамандар Оңтүстік Корея елінде жасалған бұл құрылғының сүйек құрамын зерттеуде таптырмас мүмкіндік болғанын айтады.

– Сүйектің тығыз болуы үшін кальций үлкен рөл атқарады. Сондықтан оның мөлшерін үнемі анықтап отыру қажет. Бұл, әсіресе, әйел адам­дар үшін аса маңызды. Зерттеу 15 пен 95 жас аралығындағы оптималды сал­мағы 200 ке­ліге дейінгі аза­маттарға жа­салады. Құрылғы арқылы ағзаға түскен сәуленің ешқандай қаупі жоқ. Бұрын рентгеннің көмегіне жүгінетін едік. Оның өзінде тек болжалды қорытынды жасайтынбыз. Қазір ауруханадағы рентгенологиялық денситометр аппаратының көмегіне тәулігіне 15 шақты адам жүгінеді, − дейді қалалық аурухананың дәрігер-ревматологы Гүлназым Қожахмет.

Айта кетейік, бүгінде аймақ бойынша буын ауруларын емдейтін ревматология бөлімі қалалық ауруханада ғана бар. Алдағы уақытта қалалық аурухананың материалдық базасы әлі де жаңартылатын болады.

А.Нұртайқызы

http://www.syrboyi.kz/negizginews/22707-alaly-auruhanaa-zhaa-apparat-ornatyldy.html
24-07-2018, 16:05