АПТАП ЫСТЫҚТАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

АПТАП ЫСТЫҚТАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

Аптап ыстықта адамның дене температурасы 37,1ºС-ден жоғары немесе 38,8ºС болады. Бұл денсаулыққа қауіпті. Адамның жылулық шекті күйі ұзақ уақыт бойғы және қатты ысу кезінде пайда болады, нәтижесінде күн өтіп, жүрек жұмысы нашарлауы мүмкін. Адамның ысып кетуі мынадай белгілерден байқалады: терінің қызаруы, кілегей қабықшаларының құрғауы, шөл. Адам есінен танып, тынысы тарылып, жүрегі тоқтауы мүмкін.

Құрғақшылыққа (аптап ыстыққа) қалай дайындалуға болады? Қосымша су құюға арналған ыдыстар алып, оларды суға толтырып қойыңыз. Аптап ыстыққа арналған киім, тұрмыстық электр құралдарын (желдеткіштер, кондиционерлер) дайындап қойыңыз. Егер сіз ауылдық жерде тұрсаңыз – онда бастырма, сәкі, құдық жасаңыз, терезеге қалың перделер іліңіз. Мүмкіндігінше, электртұрмыстық құралдарының жұмысын қамтамасыз ететін автономды электрэнергия көзін сатып алыңыз. Суды ысырапсыз пайдаланыңыз. Аптап ыстық кезінде өзіңіз шара қолдана біліңіз және отбасы мүшелеріне үйретіп қойыңыз.

Құрғақшылық кезінде не істеу керек? (аптап ыстықта). Жоғары температураның әсер етуінен сақтаныңыз. Ашық түсті ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған), басыңызға міндетті түрде баскиім киіп жүру керек. Есіңізде болсын, күнге күйген теріден тер бөлінбейді және ол салқындатылмайды. Асықпай жүріңіз, негізінен көлеңкеде болуға тырысыңыз. Сыра не басқа алкогольді сусын түрлерін ішпеңіз, бұл ағзаның жалпы жағдайын нашарлатады. Аптап ыстық кезінде сізге қосымша тұз қолдану бойынша дәрігермен кеңесіңіз. Жылу әсер етсе, көлеңкеге немесе желге шығыңыз, душқа түсіп, асықпай көп мөлшерде су ішіңіз. Күн өтуден сақтану үшін денеңізді суытуға тырысыңыз. Егер қасыңыздағы адамдардың бірі есінен танып қалса, онда көмек көрсетіңіз (жүрегін уқалап, қолдан тыныс алу жасаңыз).

Егер сіз күн ыстықта жұмыс жасасаңыз. Кондиционер астында отыруға болмайды. Кеңсеге терлеп кірген бойда кондиционер астына барып отырсаңыз, кем дегенде мұрныңыз пысылдауы мүмкін, әйтпесе, радикулит пен пневмонияға шалдығасыз. Тіпті ең ыстық деген күннің өзінде кондиционерді 18 градустан төмен түсіруге болмайды. Ең тиімдісі – дала мен ғимарат ішіндегі температура айырмашылығының 10 градустай болғаны.

Көп жұмыс істеуге болмайды. Көп адамның демалысты жазда алатыны бекер емес. Өйткені ыстықта жұмыс жасау ыңғайсыз. Ауа температурасының 26 градустан әрі қарай әр градусқа жоғарылауы адамның жұмыс жасау қабілетін шамамен 10 пайызға төмендететіні дәлелденген.

Қоғамдық көліктерге мүмкіндігінше мінбеуге тырысу керек. Жабық кеңістікте оттегінің жетіспеушілігі байқалады. Нәтижесінде адам есінен танып, басы айналады, гипертониялық күйзеліс жағдайлары болуы мүмкін. Сондай-ақ ыстықта, қысқы суыққа қарағанда түрлі жұқпалы аурулар тез тарайды.

Егер Сіз автокөлік жүргізушісі болсаңыз. Жолға өзіңізбен бірге салқындатылған сусындар алып жүру керек. Дене ысып, өзіңізді нашар сезінсеңіз, онда көлеңкеге тоқтап, демалып алыңыз.

Автокөліктен шығып, далада жүре тұрыңыз, сол уақытта көлігіңіздің барлық терезелерін ашып қойыңыз. Өзіңізді жақсы сезінгеннен кейін ғана көлік айдауды жалғастырыңыз. Балаларды ешқашан жабық көлікте қалдырмаңыз.

Жолда қолайсыз жағдайларға тап болмайын десеңіз, мынадай кеңестерді есте сақтаңыз: көлікте салқындатқыш немесе климат-бақылау болса, оны ағзаңызға суық тигізбейтіндей ысырапсыз пайдаланыңыз, саяжайға немесе қала сыртына демалуға шығыңыз, аптап ыстықта мойынға дымқыл орамал тағып алуға да болады, ысып кетсеңіз онда су алдына тоқтап, қолыңызды шынтағыңызға дейін салқын сумен жуыңыз, жеңілденесіз, көлікті көлеңкеге қойыңыз, қозғалтқыштың салқындауын қадағалаңыз, ең бастысы – таза радиатор; антифриздің температурасы термометр сызығының қызыл сызығынан аспауын үнемі қадағалаңыз.

 

Massaget.kz



10-07-2018, 04:34

МАМАНДАР МӘҢГІЛІК ЖАСТЫҚТЫҢ КІЛТІ АДАМНЫҢ ӨЗ ІШІНДЕ ДЕГЕНГЕ СЕНІМДІ

МАМАНДАР МӘҢГІЛІК ЖАСТЫҚТЫҢ КІЛТІ АДАМНЫҢ ӨЗ ІШІНДЕ ДЕГЕНГЕ СЕНІМДІГейделбергтегі обырды (ракты) зерттеу неміс орталығы қартаю үдерісін баяулатудың жаңа тәсілін көрсетті. "Ридус" хабарлағандай, сарапшылар адамдарда да және жануарларда да өмір ұзақтығын бақылауда маңызды рөл атқаратын TXNIP ақуызын (белогын) өшіруді ұсынады.


TXNIP оттегінің белсенді формаларының (ОБФ) тепе-теңдігін (балансын) бұзады. Ал олардың жоғары көлемінде организмнің қартаюы басталады. Оған қоса ОБФ иммундық жүйенің жұмысы тұрғысынан да маңызды. Зерттеулер TXNIP-тің артық ОБФ-ны жеңе алатын TRX-1 ферментін бөгейтінін көрсетті.

 

55 жастан асқан адамдар мен 20-25 жастағы еріктілердің жағдайының салыстырмалы талдауы жүргізілді. Сарапшыларды Т-лимфоциттер қызықтырды. Аталған иммундық торшалар егде адамдардың организмінде TXNIP ақуызын көп бөлетін болып шықты. Дегенмен, шындығына келгенде ғалымдар TXNIP-ті өшірудің қаншалықты қауіпсіз екенін әзірше білмейді.

Дереккөз:www.meddaily.ru

 

«Сыр медицинасы» газеті
28-06-2018, 12:06

ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚ ПРОФЕССОРЫ АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫНДА

ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚ ПРОФЕССОРЫ АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫНДА

Астана қаласындағы Ана мен Бала ғылыми орталығының профессоры, акушер-гинеколог Талшын Үкібасова бір апта облыстық перинаталды орталықта болмақ.

Профессор облыстың емдеу алдын алу ұйымдарының ана мен бала денсаулығы жөніндегі орынбасарларына, акушер - гинекологтарға, акушерлерге дəрістер оқып, жұмыс барысында тəжірибелік біліктілікті үйретеді. Жергілікті дәрігерлер медицинаның соңғы жетістіктері, ауыр потологиялық жағдайдағы күтім, сепсис, жүктілік кезіндегі қосымша аурулардың емі туралы сабақ алып жатыр.

Астаналық мейман әр дəрістен соң, білім жетілдірушілерден сынақ тұрғысында қарап шеберліктерін шыңдауда.

ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚ ПРОФЕССОРЫ АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫНДА

https://syr-media.kz/news/4209-ylymi-ortaly-professory-ana-men-bala-ortalyynda.html
27-06-2018, 10:47

Жиенқұловтың жемісті жолы

Жиенқұловтың жемісті жолы

 

«Ине ұшындағы ғұмыр» дегенді есітуіңіз бар ма?! Мән-мағынасына денсаулығыңыз сыр бергенде терең үңілесіз десем, шамдана қоймассыз. Ауырлау болса да мойындауға тура келеді. Мен Талғат Жиенқұловты бұған дейін өнегелі отбасының иесі, парасатты азамат ретінде білетінмін. Ал білікті дәрігер, өз ісінің нағыз шебері екендігіне жақында көзім жетті. Ең бастысы, Алладан соң өзіне сеніп қаралған науқас жандарға мейлінше жылы сөйлеп, кішіпейілдік танытатын дағдысы да осынау сабырлы мінезді жігіт ағасының шоқтығын асырып тұрғандай. Мұның өзі «кейбір дәрігерлерге көрінуге барсаң, қабағын түйіп сызданып отырған жандарға тап келесің» деген (бәріне бірдей күйе жағу емес) ауыл арасында оқта-текте айтылып қалатын пікірдің ұшқары екендігіне еріксіз келісесің.

Талғат Жиенқұлов – Қазалының төл перзенті. Әкесі Алдан ғұмыр бойы теміржол саласында еңбек етіп, зейнет демалысына шықты. Марқұм артық ауыс сөзге жоқ, біртоға мінезді жан тұғын. Өмірден өткенше адалдық қасиеттерін ту көтерді. Талғаттың анасы Кәмпит теміржол ауруханасында тура 30 жыл кіші мейіркеш болып жұмыс істеп, ұжымдастарының құрметіне бөленді. Апайдың еңбек кітапшасында «жұмысқа қабылданды, зейнеткерлік демалысына шықты»деген бір ғана сөйлем жазулы тұр. Міндетті жұмысына жауапкершілік деген осы шығар.

Талғат – Семей мемлекеттік медицина институының емдеу ісі факультетінің түлегі. Бұлар оқуды аяқтаған шақ еліміздің еңсесін толық тіктей алмай жатқан мезгілге тап келді. Алғашқы еңбек жолын Жанқожа батыр ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі лауазымымен бастаған жас дәрігерді баба ұрпақтары жатсынған емес. Қайта биязы мінезді, тәуліктің қай бөлігінде шақырту алса да, сырқаттың жанынан табылатын қараторы жігітке өз перзенттеріндей іш тартты. Жақын көргендері емес пе?! Қосалқы бөлшегі табылмай, қаңтарылып тұрған жедел жәрдем көлігін ауыл ағалары көптеп көмектеп жүргізіп берді. Атақты әскери қолбасшының «жаттығуда ауыр болса, ұрыста жеңіл болады» деген қанатты сөзі баршаға аян. Талғаттың институт қабырғасында жүргенде алғашқы көмек көрсету бағытына баса назар аударғаны баба ауылындағы қызметінде үлкен септігін тигізді, Анау-мынау жара, шығу дегендерді өзі тіліп, емін жүргізе беруші еді. Мұндай әрекет те сол кездегі жоғары білім ордасынан жаңа түлеген, жас дәрігердің өмірлік тәжірибесін шыңдай түскені хақ.

Талғаттың мұнан кейінгі қызмет жолы Қазалы жедел жәрдем стансасында, аудандық емханада жалғасты. Арада өткен уақыт ағынымен емдеу саласындағы тәжірибесі де молая түсті. Теміржол ауруханасына қызметін ауыстырғанда Талғат Жиенқұлов ел аузына «білікті дәрігер» ретінде көпшілікке танылған, өз ісінің шынайы шеберіне айналған маман болатын. «Жігітке жеті өнер де аз». Ел ішіндегі жалпақ тілде «алтын ине» атанып кеткен инемен емдеу тәсілін жетік меңгеруі – Талғат Алданұлының соны қыры. Әрине, бұл жетістікке жету жолында телегей тер төгілді. Десе де, хас шеберден істің қорқатыны босқа айтылмапты. Жиенқұлов жетістікке жетті. Біздің кейіпкеріміз аудан көлеміндегі инемен емдеу терапиясының майталманы саналады.

Нақты кезеңде Талғат Алданұлы Қазалы теміржол ауруханасының неврология бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарады. Мереке қарсаңында бес аспап дәрігерді тілге тартқан едік. Қашанда қарапайымдылығынан танбайтын Талғат өзінің жеке басынан гөрі бөлімшенің ахуалын әңгіме өзегіне айналдырды. Білгеніміз, ағымдағы жылдан бастап теміржол ауруханасы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылыпты. Білікті дәрігер Құбыл Ршымбет басшылық жасайтын ауруханада ауданаралық (Қазалы, Арал, Қармақшы аудандарының халқына арналған) Нейроинсульт орталығы жұмыс істейді. Осы орталықтың құрамындағы неврология бөлімшесі 12 төсекке арналған.

- Аталмыш орталық невролог, реаниматолог, кардиолог, нейрохирург, физиотерапевт, реабилитолог, психолог, логопед мамандары, орта, кіші буын мейіркештермен қамтылған. Тәулік бойы компютерлік томография, лабораториялық зертхана, реанимация бөлімі жұмыс істейді. Науқастарға барынша жағдай жасалған, - дейді І санатты невропатолог-дәрігер Талғат Жиенқұлов.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=9271:2018-06-14-06-35-57&catid=2:2011-11-18-08-59-27&Itemid=2

15-06-2018, 09:43

МЕНИНГИТ ПРОФИЛАКТИКАСЫ: ҚАУЫРТ ЖЕЛІ АШЫЛДЫ

МЕНИНГИТ ПРОФИЛАКТИКАСЫ: ҚАУЫРТ ЖЕЛІ АШЫЛДЫ

Қазір барлық өңірлерде жұмыс істеп тұрған Call-орталықтары базасында менингитпен сырқаттанудың алдын алу мәселелері бойынша қауырт желі ашылды. Барлық телефон нөмірлері Комитет пен Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында орналастырылған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұлбосын Аханаева мәлімдеді.

Қауырт желілер тәулік бойы жұмыс істейді. Оған әрбір адам тәуліктің кез келген уақытында қоңырау шалып, менингитке қатысты туындаған мәселелер бойынша инфекционисттің немесе эпидемиологтың сауатты консультациясын ала алады.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысында жұмыс істеп тұрған Call-орталықтары базасына 67 қоңырау түскен. Операторлардың айтуынша, қоңыраулардың жартысынан көбі күндізгі уақытта түссе, түнгі уақытта да орталыққа қоңыраулар белсенді түрде қабылданды.

Бүгінде менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықтың жоғарғы шегінен төмендеп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін облыста менингококты инфекция жұқтырған 1 жағдай тіркелді. Осы жылдың 31 мамырында Жаңақорған ауданының тұрғынынан инфекция анықталған болатын. 27 жастағы азамат аудандық ауруханаға жатқызылды. Алайда, дәрігерлер науқасты аман алып қала алмады, азамат 2 маусымда аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы Ұлбосын Аханаеваның айтуынша, науқаспен қарым-қатынаста болғандарға медициналық бақылау әлі жүргізілуде. Ал, науқастан алынған жұлын сұйықтығы зертханалық зерттеу үстінде.

http://www.syrboyi.kz/negizginews/21291-meningit-profilaktikasy-auyrt-zhel-ashyldy.html

8-06-2018, 09:46

Менингит суық тию сияқты жасырын өтеді

Менингит суық тию сияқты жасырын өтеді

Менингококк инфекциясы — бактериялар тудыратын жіті инфекциялық ауру, ол әртүрлі клиникалық белгілермен – симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттен (мұрын мен жұтқыншақ сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менингококк сепсисіне (қанның жұқтыруы) дейін болады.

Менингит кенеттен басталады: күтпеген жерден қатты бас ауыру, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады, температура 39-40°С-қа жетеді, адам қалтырайды. Тері бозарады. Жалпы әлсіздік, арқаның және аяқ-қолдың сырқырауы байқалады. Науқас адам шөлдейді, тәбеті нашарлайды. Ауру жеңіл түрде өтуі мүмкін, сондықтан өте қауіпті түрде өтетінін айта кету керек, ол тұмау, баспа, суық тию, тонзиллит және т.б. сияқты «зиянсыз» ауруларға ұқсас болады. Тоңу, ауыру, қатты шаршаудан организмнің қорғаныш күштерінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдай пайда болғанда менингококк бас миының қабығына тез өтеді және қабынуды тудырады.

Инфекцияның көзі науқас адамдар және «дені сау тасымалдаушылар», яғни қандай да бір клиникалық белгілер жоқ, бірақ менингококк тасымалдаушылары болып табылатын адамдар.

Менингит кезінде қандай әрекет жасау керек?
Шұғыл дәрігерге бару.

Аурудың әдеттегі суық тию сияқты жасырын өтуі мүмкін екендігіне байланысты дәрігерге уақтылы қаралу қажет. Менингитке күдік пайда болған жағдайда пациент инфекциялық аурулар ауруханасына шұғыл емдеуге жатқызылады.
Менингиттің алдын алу үшін:
- Қажет болмаса, адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруды шектеу;
– Суықтамау және ауа-райына қарай киіну керек.
- Қолды жуыңыздар. Ауру жұқтыруды болдырмау үшін қолды мұқият жуған өте маңызды. Балаларыңызды қолын жиі жууға үйретіңіздер, әсіресе тамақ ішу алдында, қоғамдық орында болғаннан кейін, сондай-ақ жануарларды ұстағаннан кейін;
- Өз денсаулығыңызды бақылаңыздар. Жақсы демалып, жүйелі түрде спортпен айналысып және дұрыс тамақтануды ұстана отырып, өздеріңіздің иммундық жүйелеріңізді сақтаңыздар;
– Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медицина қызметкерлерінің бақылауымен профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдау жөніндегі дәрігердің тағайындауын орындауы керек.

http://www.syrboyi.kz/densaylik/21177-meningit-suy-tiyu-siyaty-zhasyryn-ted.html

6-06-2018, 08:17

Сырбойылық дәрігерлер телекоммуникациялық құрылғыларды операцияларда қолдана бастады

Сырбойылық дәрігерлер телекоммуникациялық құрылғыларды операцияларда қолдана бастадыСырбойылық дәрігерлер телекоммуникациялық құрылғыларды күрделі операцияларда қолдануды үйреніп жатыр, деп хабарлады 24 кз.

Репродуктивті медициналық институтының хирургтері жасаған лапароскопиялық 9 операцияны барлық жергілікті ауруханалардан келген мамандар онлайн режимде көріп, тың тәсілдерді үйренді. Жалпы жаңа жүйе арқылы қызылордалық ақ халаттылар операция жасаумен қатар өзге өңірлердегі тіпті шетелдегі операцияларды бақылауға мүмкіндік алып отыр. Балалар медицинасын дамыту өңірлік денсаулық сақтау саласының басым бағыты саналады. Сондықтан аймақ дәрігерлері жыл сайын техникалық жарақтандыруды арттыра отырып, балғындарға жарқын болашақ сыйлауды көздейді.

Гүлнар Жұмашева, ана мен бала орталығының бас дәрігері:

– Өзімізден дайындап жатқан дәрігерлер бар. 3 дәрігер жан-жаққа оқуға жіберілді. Бір дәрігер Кореяға дейін барып оқып келді. Қалған дәрігерлерді Қазақстанда қайта-қайта Астана, Алматыда осындай шеберлік сабақтарының бірнешеуіне барып келді. Шымкентте болды жақында ғана, Алматыда болды. Үлкен мүмкіндіктер бар тағы да шақырып, үйреніп кетемін дегенше жеңілдеу операцияларды жасап жатырмыз. Күрделі операцияларды жасауға профессорларды шақырып, үйренуге мүмкіндік бар.

 

5-06-2018, 10:11

Ғалымдар адам денесінен тағы бір ми тапты

Ғалымдар адам денесінен тағы бір ми тапты

Ғалымдардың айтуынша, "екінші ми" ішектерде орналасқан. Адам ағзасында ішектерде орналасқан "екінші ми" бар, австралиялық ғалымдар оның қалай жұмыс істейтінін анықтады, деп жазады РИА Новости.
Энтеральды (ішек – автор ескер.) жүйке жүйесі (ЭЖЖ) ішек-қарын жолының қызметін реттейтін миллиондаған нейроннан тұрады. Бұл жүйе ми мен жұлыннан тұратын орталық жүйке жүйесінен бөлек жұмыс істейді.
"Бұл шынымен де өз алдына бөлек бір ми",— деген Флиндерс университетінің профессоры Ник Спенсер ЭЖЖ-ны "алғашқы ми" деуге болатынын, себебі бұл жүйенің эволюция барысында орталық жүйке жүйесінен бұрын пайда болғанын атап өтті.
Ғалымдар тышқандардың тоқ ішектерінің нейрондарындағы электрлік импульске сараптама жасады. Белгілі болғандай, энтеральды жүйке жүйесі ішектегі бұлшықеттің жиырылуына себепші болатын қоздырғыш және кедергі келтіретін нейрондарды қозғалысқа келтірді.
Зерттеу авторларының айтуынша, бұған дейін ғылым ЭЖЖ-ның миллиондаған жасушасы электр импульстарын бір мезетте түрлендіріп отыратынынан бейхабар болды.

sputniknews.kz

4-06-2018, 09:06

Елімізге соңғы күндері атышулы болған менингитке қарсы вакцина әкелінді

Елімізге соңғы күндері атышулы болған менингитке қарсы вакцина әкелінді

Астанадағы балалар инфекциялық ауруханасына кеше шұғыл түрде жеткізілген үш жарым жастағы бүлдіршін болжам бойынша менингококк инфекциясын жұқтырған. Бұл деректі бүгін аурухана дәрігерлері айтты. Жүргізілген тексеруден кейін балаға алдын ала «менингококк инфекциясының генерализдік формасы» деген диагноз қойылған. Ал нақты клиникалық диагнозы үш күннен соң белгілі болады. Оған дейін баланың арқа-ми сұйықтығына бактериологиялық тексеру жүргізілді. Балақай қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты. Тиісті емін қабылдауда. Белгілі болғандай, менингококк инфекциясын жұқтырған бүлдіршін бассейнге барған. Ол отбасымен бірге Алматы қаласында бір ай болған. Астанаға 24 мамыр күні оралыпты. Бала 14 адаммен қарым-қатынаста болған. Оның бесеуі үйдегі туыстары болса, қалғаны – бассейнде болған адамдар. Анна Бринстер, балалардың жұқпалы ауруы кафедрасының доценті: – Менингококк инфекциясы өзгелерге жұғу үшін адамдар науқаспен ұзақ уақыт қарым-қатынаста болуы керек. Баламен байланысқан азаматтардың бәрі медициналық тексеруден өтті. Аталған дерт қаламызда биыл бірінші рет тіркеліп отыр. Сондықтан бір ғана жағдай болғандықтан оны эпидемия деп айта алмаймыз. Ал елімізге соңғы күндері атышулы болған менингитке қарсы 6700 вакцина әкелінді. Бірақ бұл дәрілер кепілдендірілген медициналық көмек тізіміне кірмейді. Құнын да тасымалдаушы кәсіпкерлердің өздері белгілейді. Вакциналар жергілікті бюджет есебінен сатып алынады. Мұның бәрін Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері үйлестіреді. Людмила Бюрабекова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің төрайымы: – Өзім өткен жексенбі күні Астана қалалық балалар инфекциялық ауруханасында болдым. Ондағы дәрі-дәрмектің қорына көз жеткіздік. Барлық жасқа қажетті антибиотиктер бар. Тиісті препараттар мемлекет тарапынан жүз пайыз қамтамасыз етілген.

24.kz

31-05-2018, 08:33

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ


Қызылорда медициналық жоғарғы колледжінің спорт алаңында Қызылорда қаласының 200 жылдығы және медицина ардагері Ақмырза Сыздықов 80 жылдық мерейтойына арналған облыстық медицина қызметкерлерінің 52-ші спартакиадасының ашылуы болды. Бұл туралы қалалық аурухананың баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыстың ашылуында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық, Абдусаметов, Қызылорда медициналық жоғарғы колледжінің директоры Салтанат Тасмағамбетова және сала ардагері Ақмырза Сыздықов қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бір айға жуық созылатын жарыста қатысушылар спорттың 8 түрінен бақ сынамақ.

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ

https://syr-media.kz/sport/3538-medicina-yzmetkerler-spartakiadasyny-ashyluy.html
21-05-2018, 11:20