Спорт миды жасартады

Спорт миды жасартады

«Спорт – денсаулық кепілі» екені рас. Алайда көп адамдар спортпен шұғылданғанды ұнатпайды. Мұның барлығы да спорттың пайдасын, ағзаға қалай әсер ететінін білмегендіктен дейді спортсүйер қауым. Егерде сіз спорттың артықшылықтарын бала күніңізден білген болсаңыз, күн сайын жаттығу жасаудан жалықпай, отбасыңызбен бұл істі қолға аласыз. Сонымен қатар, бүгінде бос тұрған бассейндер мен стадиондар адамға лық толы болар еді.

 

Спорт жалпы адамның бүкіл ағзасына пайдалы деп айтамыз. Дегенмен, дәл қай жерлерге ерекше әсер ететіндігіне тоқталып өтейік.

 

Спорт миға қалай әсер етеді?

 

Американдық зерттеуші Джон Медина «Правила мозга» деп аталатын кітабында спорттың миға қандай пайдасы бар екендігін айтқан екен. Бірақ та қаншалықты пайдалы әрі әсер ету қарқындылығын ешкім дөп басып айта алмайды. Дегенмен, адам көп қимыл-қозғалыс жасаған сайын оның миы да белсенді жұмыс жасай бастайды. Есте сақтау қабілеті де артады.

 

Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей үнемі жаттығулармен айналысып жүретін болсаңыз, мидың дамуына, ойлау қабілетінің артуына, қартайған шақта да түрлі ақпараттарды қабылдауға көмектесетін көрінеді. Сондай-ақ, спорт:

 

- Eсте сақтауды жақсартады;

 

- Логикаңызды дамытады;

 

- Өзіңізге таныс емес мәселелерді шешуге белсенді боласыз;

 

- Жаңа ақпараттарды қабылдауға, есте сақтауға көп септігі тиеді.

 

Алайда спортпен шұғылдануды тастап кететін болсаңыз, ми қайтадан бұрынғы қалыпқа келеді. Өйткені қозғалыс кезінде ми барынша белсенді жұмыс істейді, ал бір орында отырғанда ми толықтай іске қосылады деп айту қиын. Жалпы мидың қалыпты әрі белсенді жұмыс істегенін қаласаңыз, аптасына екі рет спортпен шұғылданыңыз. Егер апта ішінде 3 немесе 4 рет жаттығу жасап, денеге физикалық күш түсіретін болсаңыз, ми жұмысы да екі есеге артады.

 

Жүйке жүйеңіз нығаяды

 

Спортпен шұғылдану барысында барлық дене мүше іске қосылатындықтан, адамның жүйке жүйесі де бұл уақытта белсенді бола түседі екен. Бірақ қимыл-қозғалыстың жай немесе қарқынды болуына қарай нерв жүйелерінің қызметі де өзгеріп отырады. Сол себепті де барынша қарқынды болуға тырысыңыз. Ал, айарлықтай нәтижеге жету үшін күн сайын немесе екі күнде бір рет спортпен шұғылдануға тура келеді. Сонда ағзадағы барлық жүйке жүйесінің атқаратын міндеті де жақсара түседі.

 

Жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысы жақсарады

 

Жоғарыда айтып өткеніміздей спорт бүкіл ағзаға әсер етеді. Әсіресе жүрек-қан тамырларының қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етіп, денсаулықты нығайтады. Бұлшықеттерге жаттығу кезінде салмақ түсетіндіктен қанайналымның да тез жүруіне септігін тигізіп, соның арқасында жүрек бір минут ішінде 10-20 литр қан айналдырып, барлық бұлшықеттерді белсенді ете түседі. Ал, қалыпты жағдайда жүрек 5 литр қан айналдырады екен.

 

Тыныс алу жүйесі

 

Физикалық жаттғулармен айналысу барысында тыныс алу жиілей беретінін білеміз. Яғни, жүгіру, жүзу, секіру кезінде тыныс алу органдары арқылы 100 литрге дейін ауа өтеді делінеді. Ал, қалыпты жағдайда бір минут ішінде 8 литр ауа жұтасыз. Осыған орай тыныс алу жүйесінің жұмысы қаншалықты жақсаратынын бағамдай беруге болады.

 

Иммунитет көтеріледі

 

Спортпен шұғылданатын жандардың аз ауыратынын білесіз бе? Өйткені олардың ағзасы үнемі белсенді жұмыс істеп, кез келген ауруға қарсы тұруға дайын. Сондықтан да олар ауыруға бейім болмайды. Үнемі спортпен шұғылданған жағдайда қан құрамындағы эритроциттедің саны 5 млн-ға дейін артатын көрінеді. Сонымен қатар, лимфоциттер көлемі де ұлғая түседі дейді мамандар. Қан құрамындағы лимфоциттердің негізгі қызметі - ағзаға сырттан түсетін зиянды заттарды жою болып табылады. Мұның өзі спорттың денсаулықты нығайта түсетінінің дәлелі болып отыр.

 

Физикалық тұрғыда белсенді адамдар ауырып қалған жағдайда да онымен күресіп, тез жазылуға қауқарлы. Сырттан келген вирустар мен бактерияларды тез жоюға олардың ағзасы көмектеседі. Сондықтан да қай уақытта да спортпен шұғылдану кеш емес.

 

Спорт балаларға қалай әсер етеді?

 

Медициналық статистикаға сүйенетін болсақ, жиі ауырып, сырқаттанып қалатын балалардың 70 пайызы спортпен шұғылданбайтындар екен. Қазіргі уақытта балалар жаттығу жасауға емес, телефонды қолдарына алғанша асығады. Смартфоннан ойын ойнап, қызықты видеоларды тамашалағанды қалайды. Міне, осыдан кейін балалар аурушаң, әлжуаз болады.

 

Ата-аналарға айтарымыз: ұл-қыздарыңызды спортпен шұғылдануға шақырып, өздеріңіз де үлгі болуға тырысыңыздар. «Спорт – денсаулық кепілі» екендігін тағы бір рет ескертеміз!

ernur.kz

3-04-2018, 08:00

Жәндіктер шағып алса…


Жәндіктер шағып алса…

Көктем - сапарға шығудың, тауда серуендеудің және табиғатта демалудың уақыты. Таза ауада жылан мен жәндіктердің шағуынан сақтану қажет.

Өрмекші шаққан кезде…

Елімізде улы өрмекшілердің 3 түрі мекендейді. Олар: қара құрт, шаян және бұзаубас. Қара құрт еліміздің оңтүстік аудандарында көп кездеседі. Адам өмірі үшін қара құрттың ұрғашылары қауіпті. Өйткені олардың жоғары жақтарында екі улы без бар. Сол арқылы адамға зақым келтіреді.
Шаян да адам өмірі үшін қауіпті. Оның ұзындығы 50-100 мм. Ұзындықтарында ғана айырмашылық болады.
Жәндіктер шағып алса…©ru.wikihow.comБұзаубас құмда, шөлде жәнде орманды жерлерде кездеседі. Бұл жәндіктердің кейбір жерлерінің аурулары жыланның уынан да өткір боалды.

Белгілері

Егер адамды қарақұрт шақса, кішкене дақ пайда болады. Бірнеше минуттан соң қатты ауырып, басқа дене мүшелеріне таралады. Уланған адамның басы ауырып, тұншығады және лоқсиды. Әлсіздік болып, тіпті тынысы тоқтап қалуы да мүмкін.
Ал шаян шаққан кезде у нерв талшықтарымен таралатындықтан, аса қатты белгілер болмайды. Тек бұлшық еттері тартылу белгілері байқалуы мүмкін.

Алғашқы көмек көрсету

  • Шаққан жеріне суық басады және қимылдатпай ұстайды;
  • Анальгин, новокаин, аспирин секілді ауруды сездірмейтін дәрілерді ішу керек.
  • Тынысы тежелсе, оттегі берген жөн.

Жылан шаққан кезде…

Жыландар әлемнің барлық аймақтарында бар. Оның улы 14 түрі елімізде кездеседі. Адамды жылан шаққанда, у тері астына, қан тамырларына енеді.
Жәндіктер шағып алса…©natural-medicine.ruЖылан шаққанда ауырсыну сезімдері, ісіктер, қан тоқтамау секілді белгілер байқалады. Бастың айналуы мен әлсіздік, лоқсу, тершеңдік, тырыспа пайда болады. Естен танып қалуы мүмкін.

Жедел көмек беру тәсілі

  • Жылан шаққан жерді жуып, қозғалтпай жгутпен байлап тастау керек;
  • алкоголь қабылдауға және қан қысымын көтеретін дәрілер салуға тыйым салынады;
  • алғашқы минутта бірден жарадағы у-ды сорып тастау керек;
  • витаминдер мен у-ға қарсы антибиотиктер егіледі.

Тыйым салынады:

  • шаққан жерді күйдіруге;
  • тістелген жерді кесуге;
  • алкоголь ішуге.

Жәндіктер шағып алса…©natural-medicine.ruУланған кезде аталған нәрселер адамды одан сайын әлсірете түседі. Сол үшін жоғарыдағы әрекеттерден аулақ болған дұрыс.

Сона мен ара шаққан кезде…

Алдымен жәндіктің уы бар безгекті денеден алып тастау керек. Сосын шаққан жерді йод ерітіндісімен сүрту керек. Ауырғанда және ісікті қайтару үшін денеге салқын су басу керек. Бұдан кейін бірден медициналық мекемеге жеткізген дұрыс. Әйтпесе, алғашқы көмек дұрыс берілмей, у ішке өтіп кетуі де мүмкін.

https://aqmeshit-zhastary.kz/zanalyk/2080-zhndkter-shayp-alsa.html

2-04-2018, 09:42

Медицинадағы жаңа жобалар

Медицинадағы жаңа жобалар

Патронаж мейірбике»

Бұл патронаж мейірбикелер мен жас ата-аналардың кішкентай балаларға күтім жасауына көмектесуге арналған мобильді қосымша Ұлыбритания, Австрия, Шығыс Еуропа елдерінде пайдаланылады. Жоба Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп әзірленген.

"Патронаж мейірбикесі" мобильді қосымшасын пайдалану бала туралы деректерді толтыру жұмыстарын жеңілдетеді. Яғни, мейірбикелер үй жағдайында балаға көбірек көңіл бөледі. Бала екі жасқа толғанша ата-ана үй жағдайында баланы қаратып, мейірбике сол жерде-ақ мәліметтерді қосымшаға енгізе алады. Сондай-ақ онлайн-режімде баланың жағдайы туралы мониторинг жасауға мүмкіндік туады.

Медицинадағы жаңа жобалар«Электрондық денсаулық төлқұжаты»

Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп әзірлеген емделушілерге арналған электрондық денсаулық төлқұжат (ЭДТ) әр адамға өз денсаулығы туралы ақпаратты, дәрігерлердің ұсыныстары мен ескертулерін, клиникалық шешімдерді көруге мүмкіндік береді.

Бір айта кетерлігі, жобаның дәрігерлерге және емделушіге арналған екі нұсқасы болады. Мысалы, халықаралық стандарттар мен дәрігерлер этикасына сәйкес емделушіге диагнозды белгілі бір психологиялық дайындықтан кейін хабарлайтын жағдайлар болуы мүмкін. Ондай жағдайда ақпарат емделушіге дәрігерлер консилиумынан кейін 20-25 күннен кейін қолжетімді болмақ.

Медицинадағы жаңа жобалар«Бірыңғай электрондық пошта сервисі»

 

Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлескен жобаларының бірі – Бірыңғай электрондық пошта сервисі. Ұлттық mail.kz электрондық сервисінің порталында @med.mail.kz атты домен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналады.

Аталған сервис барлық медицина қызметкерлеріне бірыңғай ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Бұл жоба биыл барлық медицина қызметкерлеріне қолжетімді болады деп жоспарланған. Бұл қызмет арқылы медицина қызметкерлері Қазақстан бойынша кез келген әріптесіне поштамен хат жібере алады. Денсаулық сақтау министрлігі де осы қызмет арқылы қызметкерлерге тікелей хат жолдау мүмкіндігін алады. Ақпарат алмасу жылдамдығы өте жоғары.

Енді «Қазақтелеком» АҚ Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, дәрігерлерге электрондық түрде жазылу, дәрігерлер мен емханалар рейтингі секілді жобаларды қарастыруда. Сонымен қатар емханалардың бухгалтерлік есеп жобасын ерекше атап өтуге болады. Ол бюджеттік процестердің айқындығын және медициналық ұйымдар қызметінің қаржылық-шаруашылық қызметін есепке алуды қамтамасыз етеді.

 

Әзірлеген А.Сағида

https://aqmeshit-zhastary.kz/zanalyk/1998-medicinaday-zhaa-zhobalar.html

31-03-2018, 09:18

Медициналық нысандардың қатары артты

Медициналық нысандардың қатары артты

Соңғы 5 жыл ішінде аймақтың денсаулық сақтау саласындағы 57 нысанның 49-ы апатты нысандардың орнына қайта салынды. Қалған 8 нысанның құрылысы екі жылда аяқталады. Өткен жылы аймақта 12 нысан пайдалануға берілді.

Оның ішінде, Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі 150 орындық орталық аудандық аурухана іске қосылды. Дәл осындай емдеу мекемесі жуырда Арал ауданында да пайдалануға беріледі. Жаңақорған кентінен 250 адамға арналған орталық емхана ашылады. Ал, жыл соңында Шиелідегі аурухананың құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, биыл Жалағашта орталық аурухананың іргесі қаланады. Сапалы медициналық қызмет Байқоңыр қаласында тұратын жерлестеріміз үшін де қолжетімді. 2016 жылдың тамызынан бастап Байқоңыр қаласында облыстық медициналық орталықтың филиалы, биыл қаңтардан бастап 30 мың қазақстандық азаматқа қызмет көрсететін емхана жұмыс істеуде. Сонымен қатар, Қазалы ауданында 250 орынға арналған емхана және Қызылорда қаласының сол жағалауында онкологиялық бөлімі бар 300 орындық көпсалалы аурухана құрылыстарының жобалық құжаттары әзірленуде.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
31-03-2018, 09:16

ТОРШАЛЫҚ ТЕРАПИЯ ЕКІ ПАЦИЕНТКЕ ЖАНАРЫН ҚАЙТАРДЫ

ТОРШАЛЫҚ ТЕРАПИЯ ЕКІ ПАЦИЕНТКЕ ЖАНАРЫН ҚАЙТАРДЫ

 

Ұлыбританияның мамандары жас шамалық макулярлық дегенерацияны емдеудің төңкерістік әдісін алғаш қолданды. 80 жасар еркек пен 60 жастағы әйел тіпті көзілдірік арқылы да оқи алмайтын. Бірақ діңдік торшалар қолданылған терапияның нәтижесінде пациенттердің жанары қалпына келді деп хабарлайды The Daily Mail.

Процедураны денсаулық сақтау саласындағы зерттеулердің Ұлттық институты қызметкерлерінің көмегімен Лондонның Университеттік колледж ғалымдары ойлап тапқан. Ол жергілікті анестезия арқылы бар болғаны 45 минутте атқарылады. Бір ғана эмбрионалдық діңдік торшадан тор қабықтың 100000 пигменттік жасушасы бар 6 миллиметрлік телім алынады.


Одан соң телімді орап, жұқа түтікке айналдырып кішкене есік арқылы көзге енгізеді. Кейін орау ашылып, жарамсыз жасушаны алмастырады. Бұл тор қабықтың ар жағына орналастырылады. Телімді тор қабықтың астына қою үшін арнайы жобаланған хирургиялық аспап қолданылды. Пациенттер 12 ай бойына бақыланды. Олардың жанары елеулі түрде жақсарды. Емнің нәтижесінде еркек пен әйел енді оқуға арналған көзілдірік арқылы минутына 60-80 сөз оқи алады.

 

«СМ-ақпарат»

 

Дереккөз:http://www.meddaily.ru
30-03-2018, 06:56

АҚЫЛДЫ КОМПЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА ДИАГНОСТ-ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ОРНЫН БАСУҒА УӘДЕ БЕРЕДІ

АҚЫЛДЫ КОМПЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА ДИАГНОСТ-ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ОРНЫН БАСУҒА УӘДЕ БЕРЕДІ

 

Қытай ғалымдары ауру адамның тін (ткан) үлгілерін сау адамнан ажыратып, аталық без (простата) обырын (рагін) нақтылауға қабілетті өзі оқитын жасанды интеллектті ойлап тапты. Жүйенің бақылау дәлдігі шынайы дәрігердің нақтылығымен теңесе алады деп хабарлайды The Deccan Chronicle.

Келешекте жүйе диагнозды қою процесін толығымен автоматтандырады деп есептейді құрастырушылар. Мұндай жүйеге қажеттілік аса жоғары, өйткені простата рагі – ерлер арасында кең тараған онкологиялық дерт (жылына миллионнан астам жаңа оқиға диагностикаланады). Диагнозды дәлелдеу үшін оны кейін дәрігер зерделейтін материал алынатын биопсия қажет болады.

Алайда жаңа жүйеде бәрі өзгереді. Ол қатерлілік дәрежесін дәл сыныптайды. Жүйе 283 пациенттен алынған патологиялық тіннің 918 үлгісін сынақтан өткізді делінеді. Деректер өз жұмысын ұдайы жетілдірген және диагноз туралығын арттырған жүйе арқылы сүзгіден өткізілген. Нәтижесінде 99,38% дәлдікке қол жетті.

 

«СМ-ақпарат»

 

Дереккөз: http://www.meddaily.ru
29-03-2018, 12:54

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығын өткізу туралы

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығын өткізу туралы

         «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары»  ЖШС филиалы- «Қазалы  теміржол  ауруханасы» 2018 жылдың 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында  туберкулезге қарсы «Өзіңді туберкулезден қорға!» ұранымен айлық ұйымдастырып, өткізді. 
         Айлық барысында аурухана бойынша көрнекті жерлерге салауатты өмір салтын және туберкулездің алдын алуды насихаттайтын ақпараттық-танымдық материалдар, санбюллетендер, стендтер ілінді.  Емхананың сыртқы қабырғасына орналастырылған электронды таблоның жүгірме жолдары арқылы  туберкулездің алдын алу туралы ақпараттар таратылды. 
           Емхана мен ауруханада иммундау артықшылықтары мен БЦЖ вакцинасынан бас тартудың салдары, сонымен қатар туберкулездің алдын алу, салауатты өмір салтының артықшылығы, үйлесімді тамақтану, темекі мен ішімдікті тұтынудан бас тарту туралы бейнероликтер күнделікті айналымға берілді. 
          24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған «ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ҚАЛАЙ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ?» атты мақала 05.03.2018 жылы  Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің және «АМТГ»  ЖШС филиалы- «Қазалы  теміржол  ауруханасының» сайттарында жарияланды. «Өзіңді туберкулезден қорға!» тақырыбында аудандық «Қазалы» газетіне бір материал берілді. 
         2018 жылғы наурыз айының 12-16 аралығында емханада «Ашық есік» күндері жарияланып, оған 32 медицина қызметкерінің қатысуы қамтамасыз етілді. Олар өз қызмет аймақтарына қарасты тұрғындарға туберкулездің алдын алу туралы нақты ақпарат беру, жыл сайын міндетті түрде флюорографиялық тексеруден өту, созылмалы өкпе ауруы, қант диабеті, маскүнемдік, нашақорлық және т.б. аурулармен диспансерлік есепте тұрған тұлғаларға ақпарат беру арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу және кеңес беру ұйымдастырылып, барлығы 247 адам қамтылды. Туберкулезді ерте анықтау мен алдын алу, салауатты өмір салты аспектілері туралы ақпараттық білім беру материалдарын үнпарақтар, бүктемелер, кітапшалар таратылды. 
           Қазалы теміржол емханасының ұйымдастыруымен емхананың қызмет аймағында орналасқан №165,  №204 мектептерде 163 оқушы қамтылған және  Қазалы вагон жөндеу депосында 85 адам қатысқан «Өзіңді туберкулезден қорға!» тақырыбында 3 акция өткізіліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
         Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығын өткізу туралы
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығын өткізу туралы
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығын өткізу туралы
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығын өткізу туралы
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығын өткізу туралы
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығын өткізу туралы
Серік ЕРДАЛИЕВ

28-03-2018, 06:27

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шараларының орындалуы жөнінде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шараларының орындалуы жөнінде

         2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы ҚР Президентінің Жарлығына, ҚР 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес жұмыс жасау үшін «Апаттар  медицинасының  теміржол  госпитальдары»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалы -  «Қазалы  теміржол  ауруханасы» бойынша 2018 жылға арналған жоспары жасалып, бекітілген.
          Аурухана бөлімдерінде сыбайластық тәуекелділігіне үнемі  ішкі талдау жүргізіледі және ол бойынша қажетті шараларды қабылданып отырады.
         Мекемеде Әдеп кодексінің талаптарын жүзеге асыру мақсатында әкімшілік ғимараттың және емхананың баршаға көрінетіндей жерлеріне «Әдеп кодексінің» мәтіні, бөлімдерде тегін және ақылы медициналық қызметтердің тізілімі көрсетілген тақталар орналастырылған, пациенттердің құқықтары туралы ескертпелер ілінген. 
Қызметкерлердің қызметтік этика нормаларын қатаң сақтауы қамтамасыз етілген. Бұл ретте, тек қана жұмыс уақытында емес, күнделікті жүріс-тұрысында сақтауды және кез келген орын алған жат қылық бойынша тиісті шара көрілуі тәжірибеге енгізілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында қызметкерлердің қызметтік жағдайын жеке мүддесі үшін пайдалануына жол бермеу туралы мәселе үнемі назарда.
          Ғимараттардың  іргелес жатқан аумақтары, бас және қосалқы кіру есіктері, адамдар көп жиналатын орындар телевизиялық бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қоса бейнебақылау жүйесі өзге де заңсыз деректерді анықтау мақсатында пайдаланылады. Өз кезегінде бейнекамералар арқылы азаматтарды қабылдау барысында бақылау жүргізу, дәрігерлердің заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қою, өтініштерді объективті және жан-жақты қараумен қатар тұрғындар тарапынан медицина қызметкерлеріне қатысты берілген жалған мәліметтерді анықтау мүмкіндігі туындайды.
        2017 жылы емхана кабинеттеріне (тіркеу орны, зертхана, флюорография, УДЗ және т.б.) пациенттердің кезегін азайту және арыз-шағымдарды болдырмау мақсатында «электронды кезек», e-gov веб-порталы арқылы  «дәрігерді үйге шақыру» және «дәрігерге жазылу»   жүйелері енгізілді. 
        Аурухананың заңгері тарапынан қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясындағы заңнамаларға түсіндірмелік жұмыстарын ұдайы жүргізіліп отырады. Ауруханада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тоқсан сайын пациенттер мен медициналық қызметкерлер арасында жасырын сауалнама жүргізіледі. 
       «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңының талаптарының сақталуы қамтамасыз етіліп, келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініші уақытында қарастырылады. Бөлімдерде белгіленген орындарда «Сенім телефондары», пациентті қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі мен Coll-орталығы туралы ақпараттар, арыз-шағымдарға арналған жәшіктер орналастырылған. 
Аурухананың  «Сенім телефондары»  аудандық  газет басылымдарына жарияланды. Осы телефондар арқылы және жәшіктерге келіп түскен ұсыныстар мен арыз-шағымдар есепке алынып, белгіленген тәртіп бойынша шұғыл түрде шаралар қабылданады. 
2017 жылдың қорытындысымен  жалпы аурухана бойынша халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерге байланысты пациенттер мен келушілердің тарапынан 11 ұсыныс пен арыз-шағым тіркелген (2016 жылы -5), оның  4-і негізді деп табылып  және сол бойынша жауапты 4 қызметкерге ескерту берілді. Ағымдағы жылдың 3 айында 5 арыз-шағым тіркеліп, оның 3-і негізді деп табылып, 3 қызметкерге бір сөгіс, екі ескерту түрінде әкімшілік шара қолданылды.  
         Азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінен келіп түскен арыз-шағымдар мәтінінде сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар немесе олардың орын алуына ықпал ететін себептер туралы мәліметтер болса, бірінші басшы жеке қабылдауды өткізеді.         
        Ауруханаға 2017 жылға республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының игерілуі туралы мәселе ауруханалық кеңес мәжілісінде қаралып, тиісті іс-шаралар қабылданды. Мекеме бойынша ақылы қызмет көрсету заңдылықтарының сақталуын және жариялылығын анықтау мақсатында құрылған арнайы комиссия әр тоқсан сайын тосын хронометраждар жасап отырады. Мемлекеттік сатып алу және қаржы мәселесіне байланысты құқықтық актілердің талаптарын катаң сақтау негізінде аурухананың заңгер-кеңесшісі мен экономисі білімін жетілдірген.
          Бақылауда тұрған құжаттардың мерзімінде орындалуын қадағалау, оның ішінде медициналық ұйымдардан сұраныстар сұратылған жағдайда мерзімінде жауап жолдау филиал директорының емдеу ісі және ішкі аудит жөніндегі орынбасарларының қатаң бақылауында.
          Еліміздің медициналық ұйымдарында қызмет атқаратын мамандардың сот процесінде қаралып жатқан қылмыстық істері туралы ақпараттар болған жағдайда ұжым мүшелеріне тез арада хабарланып отырады.
         Алдағы уақытта жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны жою бағытында «Нұр-Отан» Халықтық-демократиялық партиясымен бірлесіп, шаралар өткізу қабылданды.

Сурет Tengrinews.kz сайтынан алынды.

Серік ЕРДАЛИЕВ

28-03-2018, 06:24

Денсаулық саласында серпіліс бар

Денсаулық саласында серпіліс бар

Қазақ қоғамында адам өмірінен қымбат нәрсе жоқ. Бүгінгі қоғамда да қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығы ұдайы назарда. Елбасы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауында денсаулық сақтау ұйымдарының жаңартылуына, ауруханаларға жөндеу жұмыстарын жүргізуге, олардың заманауи құралдармен жабдықталуына, білікті мамандар даярлауға ерекше мән берді. Сондай-ақ, жолдауда отандық медицина саласына жаңа технологиялық әдістерді қолдануды ұйымдастыру жұмыстарын қолға алу керектігі айтылған.

ХХІ ғасырдың технологиясын медицина саласына енгізу – адамның өмір сүру жасын ұзартудың кепілі. Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа жеткізгені де еліміздегі медицина саласының жыл санап дамып келе жатқанын аңғартады. Соның ішінде Сыр елінің денсаулық сақтау саласында да серпіліс бар. Соңғы жылдары өңірімізде аталған саланың материалдық-техникалық базасы нығайып, науқастарды диагностикалау мен емдеуге бөлінетін қаржының көлемі де ұлғайды.
Аймақ басшысының биылғы жылы халыққа берген есебін тыңдаған Сыр жұртшылығы медицина саласындағы оң өзгерістер мен толымды жетістіктерді естіп көңіл тоғайтқан болатын. Мәселен, 2017 жылы денсаулық сақтау саласындағы маңызды басымдықтың бірі – апаттық нысандардың мәселесін шешу және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту болды. Соңғы 5 жыл ішінде салынған 57 нысанның 49-ы апатты нысандардың орнына қайта салынып, жаңғыртылды. Ал, қалған 8 нысанның екі жыл ішінде аяқталатыны айтылды. Өткен жылы Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі 150 орындық орталық аудандық аурухананы іске қосылса, биыл Арал ауданындағы 150 орынға арналған орталық аудандық аурухана пайдалануға беріледі. Жаңақорған кентіндегі 250 адамға арналған орталық аудандық емхана да толық іске қосылады. Сол секілді жыл аяғында Шиелі ауданындағы орталық аудандық аурухананың құрылысы аяқталып, Жалағаш ауданындағы аурухананың құрылысы басталады. Ауданымыздың орталығындағы тоқырау жылдары асар әдісімен салынған орталық аурухана тұрғындарға заман талабына сай жоғары дәрежеде медициналық қызмет көрсете алмай отыр. Міне, биыл аудан орталығынан типтік жобадағы жаңа аурухананың құрылысы басталатынын естіген жергілікті тұрғындардың қуанышында шек болмады. Медицина саласының кем-кетігін тізбелегенде жетістіктерін де айналып өтуімізге болмайды. Қазіргі уақытта бас ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ. Науқас ауруханаға жатпас бұрын алдымен емхана арқылы диагностикалық тексеруден өтеді. Ал, бұрын біздің аудандағы емхананың жағдайы да мәз емес еді. Дәрігердің қабылдауына келіп қуықтай тар дәлізде тұрып сағаттап сарылып кезегін күткен науқастардың өкпе-назы көп болатын. Бүгінде ол мәселе де түбегейлі шешімін тапты. 2015 жылы аудан орталығынан жаңадан бой көтерген ауысымына 250 келушіге арналған үш қабатты типтік жобадағы емхана ғимараты ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл медицина орталығы заман талабына сай жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталды.
Аймағымыздағы медицина саласында атқарылған жұмыстар мұнымен шектеліп қалған жоқ. 2016 жылдың тамызынан бастап Байқоңыр қаласында облыстық медициналық орталықтың филиалы ашылса, 2018 жылғы қаңтардан бастап 30 мың қазақстандық азаматтарға медициналық қызмет көрсететін емхана жұмыс істей бастады. Сонымен бірге биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) аясында Арал ауданының Бекбауыл, Қазалы ауданының Өркендеу және Сырдария ауданының Ақжарма ауылдарында 3 дәрігерлік амбулаторияның құрылысын бастау жоспарланып отыр. Ал, Қазалы ауданында 250 орынға арналған жаңа емхананың және Қызылорда қаласында онкологиялық бөлімі бар 100 келушіге арналған емханасымен 300 төсекке арналған көпсалалы аурухана құрылыстарының жобалары әзірленетіні айтылды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 15 дәрігерлік амбулаторияның, 3 емхана құрылысының жобалары әзірленіп, құрылысы басталуға таяу. Сондай-ақ, медициналық жабдықтарды сатып алу бойынша 6 жоба жүзеге асатынын да айта кетуге тиіспіз. Қазалы орталық аудандық ауруханасының негізінде Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін 3 тері асты қантамырлары орталығын ашу жоспарланып отыр.
2018 жылы денсаулық сақтау мекемелерін заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтуды 90 пайызға жеткізетін боламыз. Салыстырсақ, 2015 жылы бар болғаны 43 пайыз болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 76,5 пайызға жеткен. Бірнеше жыл қатарынан біздің аймақта орта республикалық көрсеткіштерден жоғары және өлім жағдайларына жиі кездесетін ауру түрлері бойынша арнайы «жол картасын» іске асыру тәжірибесі енгізілді. Қазір тұрғындардың өлім көрсеткішінің 52 пайызын анықтайтын аурудың 5 тобы бойынша 5 «Жол картасын» жүзеге асырылып келеді. Нәтижесінде, 2017 жылдың қорытындысы бойынша қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім көрсеткіші 2,2 пайызға, сәби өлімінің көрсеткіші - 10,5 пайызға, туберкулезден өлім көрсеткіші - 17 пайызға, қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші 8 пайызға төмендеді. Ал, өткен жылы ана өлімі тіркелмеген.
Міне, өңіріміздегі денсаулық сақтау саласының бүгінгі жетістіктері мен көрсеткіші осындай. Ал, бүгін жаңа жүйеге көшіп, медициналық нысандар заманауи жабдықтармен жаңартылып жатқан аймағымыздың денсаулық сақтау саласының көрсеткіші алдағы уақытта көтерілмесе, төмендемесі анық.

 

Қ.АХЕТОВ.

https://zhalagash-zharshysy.kz/kogam/1679-densauly-salasynda-serpls-bar.html

28-03-2018, 04:10

Ұйқының өмір ұзақтығына әсері бар ма?

Ұйқының өмір ұзақтығына әсері бар ма?

Тәулігіне жеті сағаттан кем ұйықтайтын адамдар қант диабеті, артериалды гипертония, иммунитет әлсіздігі, тағы да басқа ауруларға шалдығуы әбден мүмкін. Бұл туралы Сеченов атындағы МММУ ұйқы медицинасының меңгерушісі Михаил Полуэктов айтты. Сарапшының айтуы бойынша, ұйқының жетіспеушілігі ағза үшін үлкен мәселе туындатады. Мұндай адамдарда өлім көрсеткіші де жоғарылайтыны анық. Әсіресе тәулігіне жеті сағаттан кем ұйықтайтын адамдар бұл қатерге душар болады.Әзірге мамандар ұзақ ұйқының адамға тигізер зияны туралы сенімді түрде пікір айтпады, ең тиімдісі – тәулігіне жетіден тоғыз сағатқа дейін ұйықтау.
Бұған дейін АҚШ пен Австралия ғалымдары ең аз ұйықтайтын Жапония тұрғындары екенін (7 сағат 16 минут), ал ұзақ ұйқыға мән беретін аргентиналықтар екенін (10 сағат 17 минут) анықтаған болатын. Ресейліктерде ұйқының орташа ұзақтығы 9 сағатты құрайды.

https://tolqyn.kz/okigalar/961-yyny-mr-zatyyna-ser-bar-ma.html
27-03-2018, 04:31