Министр: Хиджама медициналық қызметке жатпайды

Министр: Хиджама медициналық қызметке жатпайды

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кейінгі кездері халық медицинасында қолданылып жүрген хиджама, яғни денеден қан алдыруға қатысты түсініктеме берді.

Үкіметтің баспасөз орталығында журналистер министрден денсаулық сақтау министрлігінің ағзадан қан алдыруға қатысты ұстанымы қандай екенін сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл қызмет медициналық қызмет түріне жатпайды, заң бойынша мемлекет тарапынан беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кірмейді. Министрлік бақылайтын медициналық қызметтер тізіміне кірмегендіктен, мұны медициналық қызмет деп санамаймыз. Бірақ егер қоғамдық денсаулықты бақылау комитетіне ақпарат келсе, заң бойынша тиісті шаралар қабылдаймыз”,— деді министр.

Айта кетсек, хиджама – емдік мақсатта қолданылатын, ағзадан қан алдырудың бір жолы. Оны дененің кез келген жеріне жасауға болады. Бірақ, көбіне хиджаманы желкеге, жауырынның ортасына жасайды. Бұл әдіс Ислам елдерінде қолданылады.

20-03-2018, 10:50

Ақша тым көп: Канадада 500 дәрігер өз жалақыларының көтерілуіне қарсы шықты

Ақша тым көп: Канадада 500 дәрігер өз жалақыларының көтерілуіне қарсы шықты

Канада елінде жүздеген дәрігерлер, медицина мамандары мен медицина факультетінде оқитын студенттер өз жалақыларының көтерілуіне қарсы шығып, петиция ұйымдастырды. Олар айлық жалақының өсуін негізсіз деп танып, ол қаржыны мейірбикелер мен мұқтаж науқастарға бөлуді ұсынды.

Бұл туралы шетелдік newsweek.com басылымына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Біз, Квебек дәрігерлері, өз жалақымыздың көтерілуіне қарсымыз», – деп жазылған хатта.

Аталған құжатқа 700-ге жуық адам қол қойған. Оның ішінде: 213 дәрігер, 149 дәрігер-резидент пен 162 студент бар.

Дәрігерлердің айтуынша, мейірбикелердің жұмысы артып, науқастарға тегін көрсетілетін қызмет түрлері қысқарып жатқанда дәрігерлердің жалақысын жоғарылату негізсіз.

«Біз, Квебек дәрігерлері жалақымыздың көтерілуіне қарсымыз және артылған қаражатты денсаулық сақтау саласының өзге қызметкерлері мен науқастарға бөлуді ұсынамыз», – делінген хатта.

Статистикаға сәйкес, 2016 жылы Канадада әр дәрігер орта есеппен бір жылда 260 мың АҚШ долларынан аса пайда тапқан.

stan.kz

19-03-2018, 10:49

Дертті бет пен қолға қарап та білуге болады

Дертті бет пен қолға қарап та білуге болады
Адамның бет-жүзі мен қо­лына қарап та оныңқандай дертпен ауыратынын бі­луге болады екен. Төменде жа­зыл­ған жайларды назарыңызда ұстай жүріңіз! Егер өзі­ңіз­ден сол белгілердің бірін байқасаңыз, тез арада дәрі­гер­ге қаралуға кеңес береміз.
Шекеңіздің терісі қызара бөртсе, оны ішек қыз­меті­нің бұзылғандығы деп біліңіз. Маңдайыңыз қызарың­қырап тұрса, онда сіз тұтынатын тағамдардың құ­рамында тұз көп бол­ғаны. Тұз бүйректің жұмысына кедергі келтіре­ді. Ал маңдайыңыз бозарыңқы тартса, тәттіге аса құмар жанның бірісіз. Тәттіні шектен тыс жеу ағзаға зардап тигізеді.
Екі қасыңыздың арасындағы әжімдердің сызығы көлденең болса, бауырдың қызметі нашарлады деген сөз. Маңдайдағы түзу және көлденең тартқан әжім белгілерінің көптеп кездесуі – құрамында ақуызы мол тағамдарды аса көп пайдаланудың салдары.
Қос жанарыңыздың астыңғы және үстіңгі жағы қошқылданып, қатпарланып кетсе, бүй­ректің ауыратыны шүбәсіз.
Беттің ұшы мен танаудың айналасындағы тері қабаттарының қызарып кетуі бұл ішек-қарын ауруларының туындағанын ұқтырады. Ал танау ұшындағы тамырлар көлемі кеңейіп кетсе, сөз жоқ жүрек-қан тамырлары жүйесінің қалыпты жағдайдан ауытқығаны.
Бет ұшы мен еріннің арасындағы бөлікте ақ не­ме­се қара бөртпелер болса, сіз қант пен сүт тағамдарын молынан тұтынатын адамсыз. Сондай-ақ бронхит­ ауруының белгілері де беттің осы бөлігінде аңғарылады.­
Иек пен жақ терілеріндегі ауытқушылықтар жыныстық қатынастың себеп-салдарынан хабар бе­реді. Әйелдің иек терісі қызара бөртсе, менструальді кезеңнің басталғаны. Ал сол бөртпелер ағарыңқы түсті, әрі қаттырақ болса, ол әйелдердің жыныс мүшесіндегі саңырауқұлақты инфекциямен байланысты.
Қолыңыз қысы-жазы жылымайтын болса, онда аяқ-қолдағы қан айналымының бұзыл­ғаны. Ал алақаныңыз үнемі қызып жүрсе, ба­уырдың уытқа қарсы «қайратының» кеми бастағаны.
Алақаныңыз тершіп, дымданып немесе құрғап, бозарып жүрсе, қалқанша без жұмысындағы ақаудың салдары. Қолыңыздың терісі ақжарғақтанып, сыдыры­лып түсе бастаса, тәніңізде А, Д дәрумендері тапшы.
Шынашағыңыз ауық-ауық жансызданып қал­ғандай сезілетін болса, жүрек-қан тамырлары жүйесінде ақау бар. Егер жансыздану үлкен саусақтарыңыздан байқалса, ол – тыныс жолындағы кеселдің хабаршысы.
Саусақтың ең төменгі, яғни алақанға ұш­тас­қан тұсындағы буынға терең, көлбеу әжімдер түссе, сусамырға шалдығуыңыз ғажап емес. Саусақтарыңыздың ұшы қан қызыл түске енсе, ас қорыту жүйесіндегі ақауды, қоңыр-қызыл түске енсе, бауыр мен бүйректегі кеселді аң­ғартады.
Оң қолдағы сұқ саусақ ұшының екі қапталы дуылдап қыши берсе, тоқ ішегіңізді бір тексертіп алыңыз. Сұқ саусақтың ішкі жағы ақжарғақтанып, терісі түлей берсе, онда ол өт қалтасы жұмысы бұзылғанының белгісі.
С. ИКРАМҚЫЗЫ.
http://www.zamana.kz/kz/akparat/2342-dertti-bet-pen-kolga-karap-ta-biluge-bolady

16-03-2018, 16:46

ҚЫМЫЗДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ПАЙДАСЫ

ҚЫМЫЗДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ПАЙДАСЫ


Қымыздың құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп.

Қымыздың құрамында жыныс гармондарына жақсы әсер ететін ферменттер бар. Бұл әйелдерді бедеуліктен, ерлерді белсіздіктен қорғайды. Қуаттандырады. Құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне жақсы ықпал етеді. Саумал қымызды ем ретінде буын ауруларына ішсе тіпті пайдалы. Сондай-ақ, ол салданудың алдын алады. Жаңа босанған келіншектің сүтін молайтып, нәрлі етеді. Демек, емізулі балаға да пайдасы орасан. Ашыған қымыз шөлді басып, қантамырды қордаланған зиянды қалдықтардан тазартады. Іш қатудың алдын алады. Ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына өте пайдалы. Адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды қанықтырады, қан тамырларын тазалайды. Буын аурулары мен сүйектің қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді. Қымыз адамның физикалық жағдайын оңалтып, тәбетін ашады, ас қорытуды жақсартады. Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады. Кез келген сүттегі ең бағалы зат – ақуыз. Бие сүтінде ол 1,8 - 2 % болады. Қымызда шамамен 1,3 - 2,0% май бар, бұл сиыр сүтіндегіден 2 есе кем.

 

Дереккөзі: © www.ZHARAR.com
15-03-2018, 15:16

РИПСЫ ЖЕУ – ЖҮРЕККЕ ЖАҚСЫ

РИПСЫ ЖЕУ – ЖҮРЕККЕ ЖАҚСЫ

«Бидай – қырда, күріш – Сырда» деген қазақ. Енді Қызылорданың ақ маржаны халықты рекордтық көрсеткіштерімен ғана қуантпайтын болды. Себебі, күрішті елден ырысты өнім шығарылуда.

«МеаПрим» ЖШС өнімдерінің сауда белгісі «Бай-Кот» деп аталады. Қытырлақ өнімдердің (чипс) негізгі шикізаты күріш болғандықтан, ол ел арасында «рипсы» деген атаумен танылып жүр. Негізгі компанияның мағынасы да көңіл қоярлықтай. Ол күріш астығына негізделген тех­но­ло­­гияны игеруде бәрінен биік тұру­ды көздейді. Mea – мен, біз, Prim – бірінші. Яғни, біз – бәрінен біріншіміз деген ұранды ұстаным еткен.

Кәсіпкер Владимир Павлов Қармақшы аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы құжаттар әзірлеп, жоба дайындаған. Еуразия кеңіс­тігінде алғаш рет тіркелген өнім жобасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 8 млн теңге қаржылай қолдауға ие болды. Нәтижесінде, Қармақшы ауданы Ақай ауылында күріш жарнасынан тұзды таяқшалар дайындайтын цех ашылды. Идея авторы инженер- электрик Влади­мир Александро­вич­пен жаңа өнім жайында әңгіме өрбіттік.

− Рипсы дайындау идеясы қалай туындады? Кәсіпорын қай жылы құрылды?

− Біздің өңіріміз күрішке бай. Алайда оны өңдеп, жаңа өнім шығаратын кәсіпорын жоқтың қасы. Тіпті тұтастай Қазақстан аума­ған алғанда мұндай өнім тіркел­меген. Біз осы олқылықты ескере отырып, «Бай-кот» өнімін ойлап таптық.

«МеаПрим» ЖШС 2015 жылғы 17 тамызда мемлекеттік тіркеуден өтті. 2017 жылдың шілдесінде кәсіпорын экструдталған астық өнімдерін өндіре бастады. Тамыз айында шикізат (ұнтақталған күріш және балық өнімдері) және тағамдық қоспаларды (тұз, қант, дәмдеуіштер, өсімдік майы және тағы басқа) дайындадық. Қыркүйек айы­нан бастап кәсіпорын облыс­та­ғы тағам өнімдерінің нарығын толық меңгерді. Қазіргі уақытта «MеаПрим» ЖШС «Скиф трейд» ЖШС-мен (Қызылордадағы SMALL дү­кендері) келісімшартқа отырды.

− Өнім құрамы, негізгі шикізаты қандай? Өнім өндіру қандай кезең­дерден тұрады?

− Өнімнің негізгі шикізаты – күріш. Тұздалған таяқшалар Арал теңізі балықтарының кептіріл­ген ұнтағы арқылы әзірленеді. Сон­дай-ақ өнім құрамында табиғи және шығыс дәмдеуіштері, мақта майы бар. Рипсының тәтті түрле­рін­де құрғақ жеміс-жидек ұнтағы қол­данылады. Шикізаттың 95 пайы­зын Қызылорда облысында бар.

Өндірістік желінің негізгі жабдығы – экструдер болып табылады (оның ішінде таяқшалар дайын­далады). Күріш дәнін өңдеудің барлық сатысы экструзио­логиялық технологиямен жасалады. Бұл технологияның ерекшелігі – күрішті жоғары қысымда дайындай алады. Компаниямыз Қазақстанда алғаш рет бұл технологияны күріш астығын өңдеу үшін пайдаланып отыр.

− Рипсы адам ағзасына қанша­лық­ты пайдалы?

− Күріш – әлемде қарсы көр­се­ті­лімі жоқ негізгі өнім әрі бала­лар тағамында да жиі қолданылады .

Рипсы басқа дәнді дақылдар мен көкөністі тағамдарда жоқ тоғыз ерекше қасиетке ие. Біріншіден, күріш – қуаттылығы төмен, жеңіл, сіңімді өнім. Сондықтан ол артық салмақтан арылғысы келетін адамдар үшін пайдалы. Күріштің құрамында глютен жоқ. Глютен деп отырғанымыз – адам ағзасында ауыр аллергия тудыратын ақуыз. Рипсы – аллергиялық реакцияларға бейім балалар мен ересектер үшін қауіпсіз тағам. Күріштің тағы бір қасиеті ол денеге сіңген барлық зиянды заттарды жұтып, ағзадан артық тұзды, улы заттарды арылтып, табиғи сіңіргіш қызметін атқарады. Рипсы құра­мын­да Е дәрумені (жастық пен сұлулық витамині) және мақта майы бар. Біздің миымыздың 70 пайызы майдан тұрады. Омега-3 және моно­синтезделген май қышқыл­дары өнім құрамында бар. Өнім майда қуырылмайды. Сондықтан оның құрамында пальма майы, жасанды тағамдық қоспалар және бояғыштар жоқ. Күріш құрамындағы кремний тісті белсенді түрде тазартады әрі қатайтады. Тағы бір ерекшелігі, рипсы құрамындағы калий жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсартады.

− Өнім неліктен «Бай-кот» деп аталады?

− Өнімнің ұраны – «Байлардың дәмді асы қолжетімді бағада» деп аталады. Таңба ретінде, компания ұлттық киім киген мысықты таң­дады. Сонымен қатар бұл сөз «бойкот» сөзіне ұқсас. Онда фраза­лан­баған үндінің «o» әрпі «а» деп дыбысталады, нәтижесінде, бұл сөз «баикот» деп айтылады. Осылайша, «МеаПрим» ЖШС импорттық өнім­­дерге бойкот жариялауды көздей­ді.

Өнім 1001-161 БК кәсіпорнының стандарты бойынша дайындалған, сапа сертификаты бар.

− Қазіргі таңда кәсіпорында қандай қиындықтар кездеседі?

− Бүгінде кәсіпорын «Тұздалған балықтар қаптамасы» (ысталған лососьтің дәмі бар), «Хош иісті балықтар мен рыцарлар» (лосось мен васабий дәмі бар), «Мексика­дағы рипс» (мексика тұздығының дәмі мен хош иісі бар), «Хош иісті қауын» (қауынның дәмі мен хош иісі бар), «Қылқалам», «Аязды шие» (шие мен жалбыздың дәмі мен хош иісі бар), «Тропиктік рипс» (лайм, банан және манго дәмі мен хош иісі бар) деп аталатын өнім түрлерін шыға­рады. Кәсіпорында айтарлық­тай қиындықтар жоқ. Болашақ ше­тел­де шығарылатын өнімдерді өзі­міз­де өндіру үшін технологиялық желі­лердің жаңа түрлерін сатып алу қа­жет­тілігі бар. Мысалы, күріш майы, күріш соусы сынды тағамдық зат­тар.

− Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Гүлдана ЖҰМАДИН

aikyn.kz
14-03-2018, 13:38

24 САҒАТТА ТҰМАУДАН АРЫЛУДЫҢ ЖОЛЫ

24 САҒАТТА ТҰМАУДАН АРЫЛУДЫҢ ЖОЛЫ

Жапондық фармацевтикалық Shionogi&Co компаниясы ғалымдары жуырда тұмауды 24 сағат ішінде адам организімінен мүлде жойып жіберетін дәрілік зат ойлап шығарды.

Көктемнің басы талдардың бүршік атып, табиғаттың оянуынан басталады десеңіз қателесесіз. Көктем жеңілсе де майдан даласын тастап кетуге қимаған қарт батыр мен жеңіске бір қадам қалғанына көзі жетіп тұрып, қайта-қайта ұрыс даласында атой салған жас батырдың арасындағы қоян-қолтық ұрысқа ұқсайды. Яғни, бірде қар жауып, бірде жаңбыр тағы бірде күн шектен тыс ысып адамдарды әбігерге түсіреді. Мамандардың айтуынша, дәл осындай ауа-райында иммунитеті төмен адамдар тез тұмауға шалдығады. Статистикаға сенсек адамдардың жаппай тұмаурататын уақыты, тұмау вирусының өршитін қолайлы мезгілі күздің соңы мен көктемнің басы екен. Бірақ, енді алаңдауыңыз орынсыз.
Жақында ғана ғалымдар тұмаудан әп-сәтте құтылатын препарат ойлап тапты. Тәжірибе барысында Shionogi&Co компаниясы препараты басқа тұмауға қарсы дәрілерге қарағанда тез әсер ететіні дәлелденді. Басқа дәрілерді сіз күніне 3 реттен апта бойы ішсеңіз, жаңа препаратты бір-ақ рет қолдану жеткілікті. «Супер дәрінің» тұмауға қарсы сатылымдағы дәрілерден айырмашылығы – тұмау вирусы адам организміне енгеннен кейін организмді ақуызбен бірге вирусты өндіруге, көбейтуге, таратуға мәжбүрлейді. Қолданыстағы дәрілер вирусты адам клеткасына енгізбеуге тырысады. Ал, вирус организмге еніп, орнығып алса оны денеден жоюға ұзақ уақыт жұмсайды. Жаңа дәрі керісінше вируспен күреспейді екен. Тек, организмде белокпен бірге вирустың көбеюіне таралуына жол бермейді.
Жапондық компания сату құқығына рұқсат алса, наурыз айынан бастап жаңа препаратты сатуды жоспарлап отыр. Аталған жоба тек, тұмау вирусымен ғана емес, әлемдегі зиянды барлық вирус атаулымен күресудің жаңа белесі болмақ дейді мамандар.
Massaget

14-03-2018, 13:36

Медицинаны өзгерткен әйелдер

Медицинаны өзгерткен әйелдер

Медицинаға өзгеріс әкеліп, өздерінің өнертабысымен миллиондаған адамның өмірін сақтап қалған әйелдерді ұсынамыз. Мария Кюри – радийді ашу Жүз жыл бұрын «радиоактивтік» сөзін ешкім білген жоқ. Оны Мария Склодовская-Кюри ойлап тапты. Радий жаңа элементінің сиқырлы қасиеттері болды. Ол осы қасиетті радиоактивтілік деп атады. Бір жылдан соң Мария Нобель сыйлығын алған алғашқы әйел болды.
Бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдары ол мобильді рентгенографикалық аппараттар мен радоны бар іші қуыс инелер ойлап тауып, миллионға жақын жараланған жауынгерлердің жұқтырған дене бөліктерін залалсыздандырған. Розалинд Франклин – ДНҚ құрылымының суреті Дәрігер Франклин рентген көмегімен ДНҚ құрылымын суретке алғаш болып түсіріп, оның пішіні шиыршық деп болжады. Розалинд бірден осы мақсатта ізденіп жүрген бірнеше ғылыми институттардың алдына шықты. Алайда, «ДНҚ-ханымы» жиі сәулелендірудің себебінен ісік ауруына шалығып, жаңалық ашқан соң, көп ұзамай қайтыс болды. Оның негізінде Фрэнсис Крик, Джеймс Уотсон және Морис Уилкинс Нобель сыйлығын алды. Ал Розалинд аманаты ұмытылды. Біреулер бұл тек сәтсіз жағдай десе, басқалары оның әріптестері суретті ұрлап алған деп ойлайды. Кристина Нюсляйн-Фольхард – эмбрионның дамуына әсер ететін гендерді ашу Биолог Нюсляйн-Фольхард Эрик Вишауспен бірге мыңдаған жеміс шыбындарының гендерін тексеріп, бір жасушадан толық ағза шығатынын дәлелдеген. Сонымен қатар, олар мыңдаған жәндік-мутанттар балалатып, осы ауытқуларға қандай ДНҚ бұзылуы жауапты екенін анықтаған. Кейінірек адам ұрығындағы өзгеріс те осыған ұқсас тәсілмен жүретіндігі анықталды. Енді Нюсляйн және Вишаус зерттеулері түсік пен баланың дүниеге ауытқумен келу қаупін төмендетеді. Ол өз еңбегі үшін Нобель сыйлығын алды. Гертруда Белл Элион – көптеген ауруға қарсы дәрілер шығару Бұл әйелсіз фармакология әлемі тіптен басқаша болар еді. Безгектен, ұшықтан және құяңнан емдейтін дәрі болмас еді. Ол аққандылықпен де күресетін дәріні ойлап тапты. Ол басқа да көптеген дәрілерді ойлап тапты және оның қасында дәрілерді зерттеу кезінде көп бөлігінде еркек-ғалымдардың болғаны да рас. Барбара Мак-Клинток – мобильді гендер Барбара өз өмірін жүгеріні зерттеуге жұмсады. Сол үшін оны ғалымдар қоғамдастығы есуас деп санаған. Оны есі ауысқан Барбара деп атайтын болған. Бірақ ол мұндай әңгімелерге мән бермей, жүгеріні зерттеуді тоқтатпаған. Бір күні ол көкөністің ДНҚ-сында секірмелі гендердің бар екендігін анықтап, әріптестеріне хабарлаған. Отыз жыл бойы оған ешкім сенбеген. Тек 1980 жылдардың басында технологияның дамуына байланысты ғалымдар шынымен де секірмелі гендердің болатынын анықтады. Одан кейін адам ДНҚ-сында шамамен жартысы сондай екенін біліп, Барбараға Нобель сыйлығын берді. Содан бері ғалымдар қозғалмалы гендер себепші болуы мүмкін жүзге жуық ауруларды (өкпе аурулары, балалар аутизмі, ерлер бедеулгі және т.б.) анықтады. Нетти Стивенс – жыныстық хромосомалар Стивенс өткен ғасырдың басында хромосомалар аталық және аналық болатындығын жазып қойған. Көпшілік бұл жаңалықты ашқан оның ұстазы Эдмунд Уилсон деп есептейді. Себебі ол да оған ұқсас зерттеу жүргізген. Бірақ Нетти әйелдерде екі үлкен ХХ-хромосома болатындығын бірінші анықтап, ұн қоңызынан Y-хромосоманы тапты. Оның жаңалығының әсерінен Уилсон өз жұмысына түзету енгізді. Ал Нетти Стивенс ғылымға үлесін ресми мойындаған ең алғашқы генетик әйел болды. Джеймс Барри – кесарь тілігі Медицина әлеміндегі атақты әйелдер тізімінде неліктен ер адам есімі жүр? Себебі XIX ғасырдың басында әйел адамның ғылыммен айналысқаны әдепсіз болып саналатын. Өмірін медицинаға арнағысы келген Маргарет Энн Бакли еркектік лақап атпен медициналық факультетке оқуға түседі. Джеймс Кейптаундағы ағылшын мекенінде хирург болып жұмыс істеді. Ол медицинаны дамытты, індетпен күресті, алыс ауылдарға дәрі-дәрмектер тасыды және Африка бойынша ең бірінші кесарь тілігін жасап, әйел мен бала өмірін сақтап қалды. Джеймстің әйел екенін тек ол өлген соң, денесін жерлеуге дайындау кезінде ғана білген.

https://zhanaqorgan-tynysy.kz/kogam/1084-medicinany-zgertken-yelder.html

13-03-2018, 14:30

ТУБЕРКУЛЕЗ ТЕГІН ЕМДЕЛЕДІ

ТУБЕРКУЛЕЗ ТЕГІН ЕМДЕЛЕДІ

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2017-2018 жылдарға арналған жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес Қазақстан 2017 жылдың қорытындысымен туберкулездің таралуы бойынша өзінің жағдайын 2016 жылмен салыстырғанда 2 позицияға жақсартып, 138 елдің ішінен 90-орын алды.

Қазақстанда туберкулез бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Соңғы 10 жылда бұл дертке шалдығу жағдайы 2,4 есеге төмендеп, 2017 жылы 100000 адамға шаққанда (2007 жылы 126,4) 52,2-ні құрады. Өлім-жітім жағдайы 100000 тұрғынға шаққанда 6 есеге төмендеп 3,0-ді құрады.

Ал біздің облыста аурушаңдық көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 100000 тұрғынға шаққанда 64,9-дан 59,2-ге, ал өлім-жітім көрсеткіші 3,4-тен 3,2-ге төмендеді.

Қазақстанда және облысымызда туберкулезді біріккен (интеграцияланған) бақылау стратегиясы жүзеге асырылуда. Соған сәйкес, облысымызда аурушаңдықтың азаюына байланысты төсек-орын саны 400-ге дейін қысқартылды. Арал, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандық туберкулезге қарсы ауруханалары жабылып, үнемделген қаржы диагностикалық зерттеулерді жетілдіруге, жаңа құрылымдар алуға жұмсалды. Ал, барлық аудандардағы туберкулезге қарсы диспансерлер жергілікті аудандық аурухананың құзырына берілді. Мұндағы мақсат – туберкулезді анықтау және емдеуде науқастарды бір жерден қарап, кеңес беру, аудандық аурухана құрамындағы диспансер мамандарының науқастарға медициналық көмекті барынша жақсартуы болып отыр.

Аймақта туберкулезді ерте анықтау үшін диагностиканың халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи әдістері қолданылуда. Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бактериологиялық зертханасында ауруды және оның көптеген дәрілерге көнбейтін түрін тез анықтау (2 сағаттан 2 күнге дейін) бойынша алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар енгізіліп жұмыс жасауда. Бұл әдістер БАКТЕК қондырғысы, Хайн-тест, Джейн-эксперт әдістері арқылы іске асырылуда.

Туберкулезді анықтауды жетілдіру мақсатында 3 ауданға (Арал, Шиелі, Сырдария) жылжымалы флюоромашина алынды. 2 флюороқондырғы жаңадан алынып, облыстық перинаталдық орталық пен №1 емханаға орнатылды. Науқастардың қосымша ауруларын емдеуге 41561630 теңгеге жаңа үлгідегі аппараттар мен құрал-жабдықтар алынып, жұмыс жасауда. Туберкулез уақытылы анықталып, дұрыс емделген жағдайда, одан толық айығып кетуге болады.

Туберкулез микобактерияларын бөлмейтін және айналасындағыларға қауіп төндірмейтін пациенттер, егер үй жағдайында емделуге ынталы болса, тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда амбулаториялық ем қабылдай алады. Мысалы, облысымызда 2017 жылы туберкулез микобактериясын бөлмейтін 462 науқастың 152-сі немесе 32,9 проценті емін амбулаториялық жағдайда бастады. Әрбір науқасқа әлеуметтік қаржылай көмек берілуде. Өткен жылы 1490 науқас 185768,8 мың теңге (2016 жылы 1219 науқас – 139745,9 мың теңге) әлеуметтік көмек алды.

Ауруды емдеуде де өзгерістер бар, яғни көптеген дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастар бұрын 24 ай емделсе, қазір жаңадан дәрілердің емге қосылуына байланысты емнің ұзақтығы 9-12 айға дейін қысқарды.

Туберкулез бактерия бөліп шығаратын науқастан ауа арқылы беріледі. Туберкулезге шалдыққандардың тек 40 проценті ғана бактерия бөліп шығаратын және жұқпалы ауруы бар науқас болып табылады. Ол науқас адамдардың тек 10 процентінде ғана дамиды, ал қалған 90 проценті иммунитеті жоғары болса, туберкулез микобактериясын жұқтырғанмен ауырмайды. Дер кезінде анықталып, ем шаралары қабылданатын болса, туберкулезден толықтай айығуға болады.

Туберкулезді анықтау мен емдеу тегін және ол мемлекет есебінен жүргізілетіндігін ескерте кету қажет. Тез диагностикалау әдістері мен тиімділігі жоғары дәрі-дәрмектер арқасында туберкулезді толығымен емдеуге болады. Туберкулезді еңсеріп, айығып кеткен адамдар оқып, еңбек етіп, дүниеге дені сау сәбилер әкеліп, мәнді де мағыналы өмір сүре алады.

Әсіресе, кәсіпкерлердің туберкулездің бизнеске ықпал ету қаупінің жоқ екендігін объективті түрде бағалауы еліміздің бәсекеге қабілеттілік рейтингінің өсуіне және инвестиция тартудағы өзіндік тартымдылығының арттыруына септігін тигізеді.

 

Әбдіғабит ӘБЛӘЗІМ,

облыстық туберкулезге

қарсы диспансерінің бас дәрігері.

http://syrboyi.kz/negizginews/18635-tuberkulez-tegn-emdeled.html
13-03-2018, 14:29

Түсік (аборт) жасатудың салдары қандай?

"Ұрпағына қиянат еткен адам - тірліктегі ең азғын пенде".

(РУДАКИ)

Түсік жасату дегеніміз- ағат істі жасыру яки əлі де ұрпақ сүюге əзір болмау. Жəне əйел ағзасындағы сан түрлі ауруларды тудыратын жəне бастысы бедеуліккe апаратын нəрсе.

Түсік (аборт) жасатудың салдары қандай?

Батыс медицинасының белді ғалымдары, соңғы бес жылдықта жиі дабыл қағуда. Оның басты себебі ,15 - 24 жас аралығындағы қыз-келіншектердің жиі түсік жасатуы. Кəрі құрлықтағы түсік жасатқан қыз -келіншектердің 57, 8 %-ы денсаулығында түсік жасатқан соң мəселе туындағанын айтқан.

inform.kz

12-03-2018, 15:28

Ғалымдар ер адамды бедеулікке шалдықтыратын дәріні атады

Ғалымдар ер адамды бедеулікке шалдықтыратын дәріні атады

Аллергияны емдеу кезінде ішілетінкейбір препарат ер адамдарды бедеуліккешалдықтыруы мүмкін. Бұл туралы Буэнос-Айрестегі Биологияжәне эксперименталдық медицинаинституты ғалымдары айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Reproduction журналында жарияланғанзерттеу жұмысына сілтемежасап.

Зерттеу барысындағалымдар аллергия туралы соңғы 40 жылда жазылғанғылыми жұмыстарды қарап, препараттардың жануарларденсаулығына қалай әсер еткенін тексерген. Нәтижесіндеғалымдар гистамин белсенділігінің төмендеуітестостеронның бөлініп шығуынакері әсерін тигізетінінанықтады. Яғни осылайшасперматозоидтар пішіні өзгеріп, олардыңбелсенділігі мен мөлшерітөмендеуі мүмкін.

Мамандар антигистамдық препараттармен сперматозоидтардың бөлініпшығуының арасында қандай байланыс барын анықтап жатыр. Мұныменқатар, биологтар мұндай препараттарды көп қолданбауға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқадейін халықаралық ғалымдартобы ибупрофеннің жүктіліктіңалғашқы триместрінде әйелдердіңденсаулығына кері әсерін тигізіп, іштегі шақалақтыңтүсіп қалуына әкеліп соғатынын анықтады. Ақпан айының соңындаденсаулық сақтау министріЧуваши Владимир Викторовбосанғанға дейін жеті ер адамментөсектес болған әйелдердіңбедеулікке сөзсіз шалдығатынын айтқан еді.

http://syrboyi.kz/zedelnews/18611-alymdar-er-adamdy-bedeulkke-shaldytyratyn-drn-atady.html

12-03-2018, 15:26