1,5 мыңнан астам отандық дәрі-дәрмектерді сатып алады

1,5 мыңнан астам отандық дәрі-дәрмектерді сатып алады

Отандық фармацевтикалық өнім өнірушілер Бірыңғай дистрибьютормен ұзақ мерзімді жеткізілім шарттарын жасауға арналған номенклатураны кеңейту жөнінде өз ұсыныстарын бере алады. Бұл туралы отандық өндірісті қолдау және қазақстандық фармацевтикалық саланы дамытуды ынталандыру шарасы ретінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасауға өтетін конкурс мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел барысында Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова мәлімдеді, - деп хабарладыBNews.kzкомитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз барлық сатып алу рәсімдерін неғұрлым айқын етуге ұмтылудамыз. Сондықтан отандық фармацевтика өндірушілерін 14 наурызға дейін конкурс жариялау үшін дәрілер мен медициналық бұйымдардың атаулары бойынша өз ұсыныстарын енгізуге шақырамыз, оның нәтижесі бойынша ұзақ мерзімді жеткізілім шарттары жасалатын болады. Бұл өндірушілерге 10 жыл бойына мемлекеттік тапсырыс арқылы өз фармөнімдерін өткізетін кепілді нарықты қамтамасыз етеді. Мұндай кепілдік отандық кәсіпорындардың инвестициялар тартуына көмектеседі», - деді Людмила Бюрабекова.

Бірыңғай дистрибьютор қызметкерлері әлеуетті өнім берушілерге ұзақ мерзімді жеткізілім шарттарын жасауға арналған конкурстың қатысушыларына қандай талаптар қойылатынын түсіндірді. Олардың ішіндегі бастылары – ұзақ мерзімді шарт жасалған сәттен бастап бес жыл ішінде қолданыстағы фармацевтикалық өндірісті GMP тиісті өндірістік практикасының стандарттарына сай жаңғырту немесе жаңадан салу.

Айта кетейік, қазіргі күнде Бірыңғай дистрибьютор отандық тауар өндірушілермен дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 1659 атауын жеткізуге арналған 52 ұзақ мерзімді шарт жасаған. Отандық фармацевтикалық зауыттардан сатып алынатын атаулардың саны жоспарлы түрде өсіп келеді. ОТӨ-ден сатып алынатын атаулардың тізімі 464 атауды қамтыса, ол іс жүзінде Бірыңғай дистрибьютор тізімінің жартысын құрайды. СҚ-Фармация жұмыс істеп келе жатқан жылдарды отандық өнімді сатып алу көлемі ақшаға шаққанда іс жүзінде 10 есеге – 2010 жылғы 4,8 млрдд теңгеден 2018 жылы сатып алудың болжамды көлемі шамамен 50 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Заттай көрінісінде отандық өнімді сатып алу қазірдің өзінде 75 процентті құрап отыр.
11-03-2018, 10:59

Елордадағы медициналық мекемелер қыркүйекке дейін сандық жүйеге көшеді

Елордадағы медициналық мекемелер қыркүйекке дейін сандық жүйеге көшеді


Астана қаласындағыбарлық медициналық мекеме қыркүйек айына дейін цифрлы-ақпараттықжүйеге көшеді.

Емхана қабылдауына жазылу, түрлі қоңыраулар, дәрігер шақыру секілді қызмет түрлері бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы сала мамандарының бақылауында болады. «Смарт-медицина» жобасының үш артықшылығы бар», – дейді мамандар. Біріншіден сырқаттың денсаулығы жайлы жеке электронды құжаты болады. Оның ішінде барлық анализ бен іш құрылысына қатысты деректер жинақталады. Анықтама қағаздарын жинау қажет болмайды. Екіншіден медицина қызметкері аталған электронды құжат арқылы қағазбастылықтан құтылады. Сондықтан сырқаттарды қабылдауға уақыт та көбейеді. Қазір нарықта қандағы қанттың деңгейі мен қысымды бақылай алатын гаджеттер бар. Сол арқылы дәрігерлер қашықтықтан емделушінің денсаулығын қадағалап отыруға мүмкіндік алады.

Қамалжан Надыров, Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Қолыңыздағы гаджет арқылы жеке кабинетіңізге кіріп, денсаулығыңызға қатысты барлық ақпаратты көре аласыз. Жеке басыңызға қатысты мәліметтер мен алдыңғы анализдеріңіз де сақталады. Қабылдаған ем-дом да сізге көрініп тұрады. Ол мәліметтерді дәрігерлер де ашып, қадағалай алады. Сондықтан олар ескі құжаттарды іздеп әуре болмайды. Бұл жүйе жыл аяғына дейін қолданысқа енуі тиіс. Ақпараттық жүйе енгізілген соң әрбір пациенттің жеке кабинеті болады.

http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/225844-elordada-y-meditsinaly-mekemeler-yrk-jekke-dejin-sandy-zh-jege-k-shedi
9-03-2018, 05:50

Санкт-Петербургтік дәрігерлер қабылдау жүргізуде (video)

Санкт-Петербургтік дәрігерлер қабылдау жүргізуде (video)Qyzylorda Tv

 

 

Статистикалық көрсеткіштер бойынша Қызылорда облысы тұрғындарының басым бөлігі бас және мойын омыртқасы ауруларынан, остеохондроз, қан қысымынан зардап шегеді екен. Дегенмен Швейцар медицинасы бұл мәселелерді жеңіл әрі қауіпсіз шешудің жолдарын тапқан.


7-03-2018, 06:49

Денсаулыққа пайдасы көп кеңестер

Денсаулыққа пайдасы көп кеңестер

Денсаулыққа пайдасы тиетін кеңестерімізді ұсынамыз:
1. Дүкеннен күнделікті алып ішіп жүрген газдалған сусындардан бас тартып, орнына таза ауыз суды ішуді бастаңыз.

2. Екі апта бойы аш қарынға ұйықтауға тырысыңыз. Жағымды түстер көріп, таңертең жақсы көңіл-күйде оянатын боласыз.

3. Екі апта бойы кофе мен шай ішпесеңіз, тыныш әрі терең ұйықтайтын боласыз. Бетіңіздегі әжімдер де азаяды.

4. Бір апта бойы жүргенде де, отырғанда да денеңізді тік ұстаңыз, есте сақтау қабілетіңіз жақсарып, тез ойлай бастайсыз.

5. Ұйықтауға 1-2 сағат қалғанда компьютер, теледидарды өшіріңіз. Армандарыңыз бен ойларыңыз айқындала бастайды.

6. Көліктер қозғалысы мен қала шуынан алысырақ жерге барып, ағаштардың арасында, шөп үстінде жатып, біраз демалыңыз.

elana.kz

2-03-2018, 12:47

КІМ КӨБІРЕК ҰЙЫҚТАУЫ ТИІС – ЕРКЕКТЕР МЕ ӘЛДЕ ӘЙЕЛДЕР МЕ?

КІМ КӨБІРЕК ҰЙЫҚТАУЫ ТИІС – ЕРКЕКТЕР МЕ ӘЛДЕ ӘЙЕЛДЕР МЕ?

Еркектер мен әйелдердің ұйықтау уақытының ұзақтығындағы айырмашылық – бұл гендерлік стереотип емес, ғылыми дәлелденген факт. Әйелдер, әдетте, жұмыс істеп қана қоймай, олардың мойнында бұған қосымша үй шаруасы мен бала күтімі тағы бар. Сондықтан, әйелдердің ұйқысы қанық болғаны дұрыс.
Медицина ғылымдарының докторы әрі невролог Кристофер Винтер әйелдер ер кісілермен салыстырғанда 20 минут артық ұйықтауы тиіс деп есептейді. Себебі, әйелдердің ми құрылысы ер кісілерге қарағанда әлдеқайда күрделірек және бір мезгілде бірнеше функцияны қатар атқара алады.
Бұған қоса, егер әйелдердің ұйқысы қанбаса, олар ашуланшақ болып келеді. Ал ұйқының қанбауы әйелдердің жүйке жүйесі мен жалпы денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Ұйқыға көптеген сыртқы факторлар көп ықпал етеді. Әйелдер көп міндетті режимде жұмыс істейді: негізгі жұмыс, балалар, үй шаруасы, өзін күтіп ұстау. Ал, ер кісілер (барлығы емес, әрине) үйге көбіне тек демалу үшін ғана келеді.

https://qarmaqshy-tany.kz/zanalyk/1382-km-kbrek-yytauy-tis-erkekter-me-lde-yelder-me.html
1-03-2018, 18:46

Дәріхана косметикасы

Дәріхана косметикасы


Жақында ғана дәрі-дәрмектер, емдік майлар мен медицинада қолданылатын сұйықтықтарға басқа қырынан қарап, қасиеттерін тері күтім саласында да пайдалануға болатындығы жайлы айтып кеткен болатынбыз. Осы тақырыпты жалғастырып, дәріханадан табуға болатын "косметикалық құралдар" топтамасының екінші бөлігімен тансайық.
1. Апилак
Апилак – араның жатырлық сүтінен жасаланатын дәрілік зат. Бұл дәрі Кеңес заманында шығарыла басталып, бүгінде актуалдылығын жоғалтқан емес. Апилак – жалпы иммунитетті жоғарылататын зат алмасу прцесстерінің биогенді ынталандырушысы, адаптоген, аминқышқылдар мен макроэлементтер мен көптеген дәрумендердің қайнар көзі.
Апилак емдей алатын аурулар тізімі ұзын-ақ. Тәбеті жоқ балаларға, стресс пен аурудан кейін қалпына келу кезінде, тіпті белсіздікті емдеуде қабылданатын апилак, күнделікті қарапайым терінің қиындықтарымен де күрес алады екен.
Майын жағып, биологиялық белсенді қоспаны қабылдау нәтижесінде терінің майлылығынан арылуға, ісінген жерлерді басуға, терінің қозғыштығын жазуға болады.
Теріңіз өте майлы болса, Апилак майын аптасына бір рет теріге қалың қабатпен жағыңыз. Ал биологиялық белсенді қоспаны қабылдау нәтижесінде шаршағандық сезімінен арылып, стресстерден сауығуға, жалпы сергіп алуға болады.

2. Шайқурай, түймедақ, қалақай, әректікен (репей), кастор майлары
Өсімдік майларының барлығы кез келген дәріханада кездеседі. Табиғи өсімдік майлары шашты жақсы қоректендіріп, ылғалдандырады, шашты жалтыратып, қалпына келтіреді. Бағалары да арзан екенін есепке алсақ, олар жарнамаланған бальзам мен маскаларға жақсы балама бола алады.
Осы майлардың түр-түрін сатып алып, оларды ысытып шашқа жағыңыз. Аптасына бір-екі рет жасауға болатын бұл дауа шашыңызға табиғи беріктік пен жылтырды қайтарады.

3. Ағылшын тұзы
Ағылшын тұзы деп аталатын магний сульфаты немесе магнезия гипертония және бауыр ауруларына шалдыққан адамдарға таныс болуы керек. Магнезия жылдам қан қысымын төмендету үшін қолданылады.
Ұнтақ ретінде жасалған магнезия қосылған ванна арықтата алады. Ол ағзадан артық сұйықтықтарды шығаруға көмектеседі, сол себепті ісінулермен ауыратындарға, бүйрек ауруына шалдыққандарға жақсы көмектеседі.
Ағылшын тұзының тағы да бір жақсы қасиеті бар. Ол теріні жақсы, терең тазартады, сондықтан тері кемшіліктері бар аруларға пайдалы бомақ. Тері аурулары, арқадағы безеулерден арылу мақсатында осындай тұз қосылған ванна қабылдау керек. Алайда бұл дауаны бір айда бір реттен артық жасамаңыз.

4. Косметикалық саз (глина)
Косметикалық саз маскалары тері күтіміне қолданылатыны жайлы бәрімізге мәлім. Оған қоса, саз балшық қосылған ванналар, теріні орау өте пайдалы және әсерлі. Бұндай косметикалық сазды дәріханадан сатып алып, түрлі дауаларда қолданыңыз. Ақ саз құрғақ тері мен шашқа, жасыл саз кемшіліктері бар майлы теріге, көгілдір саз жалпы барлық тері түрлеріне келеді.

5. Сульсена пастасы
Біздің ата-аналарымыз заманында танымалдылыққа ие болған Сульсена пастасы селен дисульфиді негізіндегі эмульсия. Оны шаш күтіміне кең қолданады. Ол қайызғақты кетіріп, бас терісінің ауруларын жаздырады. Сондай-ақ өңі кеткен, ұштанатын, тез майланатын, көп түсетін шашқа пайдалы болмақ. Ол шашты ішінен берік қылып, қалың, жылтыр, сау қылады. Сульсена пастасын қолдану нәтижесінде шаш тазалығы ұзаққа сақталады.

6. Ромазулан

Ромазулан – микробтар мен ісінуге қарсы құрал. Оның құрамында түймедағы экстракты басты дәрілік эффектісін береді. Ромазуланды ваннаға, жасанды сусабын мен сабын, душқа арналған гельдерге, шаш пен теріге арналған маскалардың бәріне қосуға болады. Оны майлы және кемшіліктері көп теріге лосьон ретінде қолдануға әбден болады. Оны терінің тіпті қызыл иектің зақымданған жерлеріне жағып, дезодарант сияқты да қолдануға болады екен.

 

https://tirshilik-tynysy.kz/kogam/1368-drhana-kosmetikasy-.html

27-02-2018, 19:36

«Ұлт саулығы» (video)

«Ұлт саулығы» (video)

Qyzylorda Tv

Опубликовано: 26 февр. 2018 г.

Үздік тележүргізуші - Бекзада Үкітаева «Ұлт саулығы»,хабарларының редакторы әрі жүргізушісі.


27-02-2018, 19:34

ҚАНДАУЫРДЫҢ ЖҮЗІНДЕ ҚЫЛПЫЛДАҒАН ӨМІР ТҰР

ҚАНДАУЫРДЫҢ ЖҮЗІНДЕ ҚЫЛПЫЛДАҒАН ӨМІР ТҰР

 …Түнгі кезекшілік. Облыстық ауруханадағы науқастарға арналған дәрігерлік процедуралар аяқталып, медицина қызметкерлері таңғы қызметтеріне дайындыққа кірісіп кеткен. Тәулік бойы бір тыным таппайтын қабылдау бөлімі конвейер тәрізді. Науқастарды ауру түріне қарай бөлімшелерге жөнелтіп, дәрігерлер жедел жәрдеммен әкелінген келесі науқасқа қарай құстай ұшты. Кезекші хирург Сағымбай Құлсартов қансырап жатқан пациенттің жағдайы өте ауыр екенін бірден байқады. Жүрегіндегі пышақ жарақаты өмір мен өлімнің арасындағы жанталасқа себеп болған. Науқас ес-түссіз, медициналық анықтамалықтарда ғалым Чейн Стокс бұл жағдайды «тыныс алудың соңғы сәті» деп сипаттаған. Күретамыр соқпайды, артериалды қан қысымы анықталмайды.

Науқас дереу операция столына жеткізіліп, жасанды дем беретін аппарат қосылды. Дәрігер Құлсартов жансыздандыруды күтіп тұрмастан кеуде қуысын кесіп, жүректің сыртқы қабатын тіліп, жиналған қанды алды. Жүрек соғысы тым нашар. Толық жиырылмай, тек жыбырлап тұр. Әр минут түгілі секундтың бағасы артып барады. Жасанды дем беру құрылғысы да жан берісіп, жан алысқан жауынгерлердей күресіп жатқан дәрігерлерге болысуда. Бір кезде… жүрек тоқтап қалды. Тез шешім қабылдап, жедел әрекет ететін уақыт – осы кез. Операция столы ойланатын орын емес. Мұнда тек хирург, оның ассистенті, анестезиологтың іс-қимылы жеміс береді. Шұғыл түрде адреналин егіліп, ашық массаж жасалды. Әлгінде соғуын тоқтатқан жүрек біртіндеп қозғала бастады. Түн баласы тікесінен тік тұрып, өліммен арпалысқан дәрігерлер иығынан ауыр жүк түскендей терең дем алды. Пышақ тиген жарақат тігілген соң, біртіндеп науқастың қан қысымы көтеріліп, жағдайы жақсара бастады. Дер кезінде көрсетілген жедел хирургиялық көмек­тің арқасында адам аман калды.

Хирург С.Құлсартовтың мойнын­дағы жауапкершілік салмағы бас­қаларға қарағанда ауырырақ еді. Екі дүниенің ортасын жалғаған тінді қолымен ұстап тұрғандай, сол нәзік тін тарқатылып кетсе, қандауыр жүзіндегі қылшылдаған ғұмырды үзіп алатындай өз ісін беріле атқарады. Жүректің қайта соға бастағаны – жедел қабылданған шешімнің дұрыстығы.

Бұл – Сағымбай Құлсартов жасаған мыңдаған операцияның біреуі ғана. Қазір сексен жастың ауылын еркін аралап жүрген елімізге белгілі хирургтың медицинаның осы ауыр да жауапты саласын таңдайтыны институтта оқып жүрген кезде белгілі болды.

Сағымбай Қарақұлұлының балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Ауылдық амбулатория­да жұмыс істейтін фельдшерді жұрт ерекше сыйлап, «доктор» деп атайтын. Әкесі «балам, дәрігер бол, таза жұмыс, жылы жерде, ақ халатпен жүресің, барлығы сені құрметтейді, жұмысы да көп емес сияқты ғой» дейтін. Жанашыр адамының арманы орындалды. Расында баласы ел сыйлаған, кіші үлгі тұтып, тұстастары құрметтеген дәрігер болды. Әкесі «жұмысы көп емес сияқты» деген тұста ғана қателесіпті. Хирург ақ халат киіп, жылы, таза жерде отыратын маман емес екен.

Институтты бітірген 1961 жылы Сағымбай Қарақұлұлы өзі оқыған оқу орнының түлегі Мира Қасымқызына үйленіп, еңбек жолдарын Ақтөбе қаласында бастады. Арада төрт жыл өткенде Қызылорда қаласына қоныс аударып, отағасы – хирург, ал жұбайы облыстық ауруханада терапевт болып жұмыс істеді.

Білікті дәрігер облыстық ауру­хананың жалпы хирургия бөлімшесін басқарды. Кейін ұзақ жылдар бойы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі болып еңбек етті. Облыстық хирургтар ғылыми қоғамының төрағасы қызметінде жүріп хирургиялық саладағы дәрі­гер­лердің біліктілігін арттыру, дәрі­герлер мен орта буын медицина қызметкерлерін аттестаттау және қайта аттестаттау, жергілікті тұрғындардың аурушаңдығын зерттеу және оны барынша төмендету бағытындағы жұмыс­­тарымен айналысқан. Еліміздің Хирургтер қауымдастығы облыстық филиалының алғашқы төрағасы болу да өз саласының білгіріне жүктелді.

Жақсы дәрігер болу үшін жақсы оқу, оқуды бітірген соң біліміңді жетілдіріп отыру, дәрігерлер бір-бірінен үйреніп, бір-бірінің кемшілігінен сабақ алу керек. Бұл – өз кәсібінің шыңына шыққан адамның өмір бойы ұстаған қағидасы.

– Бір күні қабылдауымдағы науқас әйелдің «ішім ауырып бара жатыр, ұстатпайды» деген шағымын тексеруге кірістім. Ол кезде жас хирургпын. Әйелдің денесін жазып жатуына шамасы жоқ. Хирургия бөлімшесіндегі тәжірибелі дәрігерге телефон шалдым. Жағдайды айтып түсіндіріп едім: «жас хирург, тыңдап ал, ол жатырдан тыс жүктілік болуы мүмкін, құрсақ қуысы жарылып, жиналып қалған қан қысым жасап тұрған болуы керек» деп кеңес берді. Бірнеше жылдан кейін Тереңөзектен телефон шалған жас хирург тура сондай белгілермен науқас әйел түскенін айтып, кеңес сұрады. Бірден «дереу операцияға ал, жатырдан тыс жүктілік» дедім. Міне, білмегенді сұрағанның айыбы жоқ, өзімбілемдік біздің кәсібімізге жат қылық, – дейді ол.

С.Құлсартов өңірдің емдеу меке­мелеріне кеңес беру, жоспарлы және шұғыл операциялар жасау үшін іссапарға жиі шығатын. Аудандардағы дәрігерлер, әсіресе жедел хирургиялық көмек көрсетудің нағыз маманы жасаған көрнекі операцияларға қатысуға асығатын. Ол ұйымдастырған хирургиялық қоғамның көшпелі отырыстары мен ғылыми-практикалық, патологиялық-анатомиялық конференцияларда адам өлімі себептері жан-жақты талқыланатын. Бұл жұмыс­тармен қатар Сағымбай Қарақұлұлы асқазан және ұлтабар ойық жарасын емдеудің жаңа әдістерін ендіру, бауыр, ұйқы безі, өт жолдарына операция жасау, қалқанша безін, өкпе және көкірек, паразитарлық ауруларды, іріңді-септикалық ауруларды хирургиялық емдеу практикалық қызметімен айналысты. Облыстық онкология орталығында білікті дәрігердің қатысуымен асқазанды хирургиялық жолмен алып тастау, асқазанның бір бөлігін алып тастау, тоқ ішек пен тік ішектің бөліктерін резекциялау, ішекаралық безді сылып тастау, т.б. операция түрлері тәжірибеге енгізіліп, жасалған. Жаңа әдістемелерді тану талпынысы, эксперимент жасаудағы батылдығы мыңдаған адамдардың өмірін құтқарды.

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы науқастың жан әлеміне үңіліп, өткір қандауырдың жүзіндегі суық­тықты сездірмей, жылы сөзі мен жанашырлығын аямаған Сағымбай Құлсартов сияқты «алтын қолды» дәрігердің жасаған еңбегі ізсіз емес. Отандық медицинаның үздіктері атан­ған шәкірттері, өз ісінің шебері ретінде мойындалған беделі бар. Өмірден көрген-түйгені мол, еңбегінен берекет тапқан адамдардың арамызда жүргені қандай жақсы.

 

Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА,
«Сыр бойы».

http://syrboyi.kz/tagilim/18145-andauyrdy-zhznde-ylpyldaan-mr-tr.html

26-02-2018, 12:57

Биыл Медициналық сақтандыру қоры жаңа мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді

Биыл Медициналық сақтандыру қоры жаңа мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді

2018 жылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» қазақстандықтарға сақтандыру төлемдері жайлы мәлімет алуға мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік қызмет түрлерін әзірлеп, емханаға тіркеу қызметін жетілдіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы аталған қордың басқарма төрайымы Елена Бахмутова мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біздің жоспарымыз бойынша, осы тоқсан соңында азаматтар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) қатысу және төленген жарналар туралы мәліметті Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы ала алады. Мысалы, қазір осыған ұқсас қызметтерді «Электронды үкіметтің» egov.kz порталы арқылы алуға болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген азамат «жеке кабинетке» кіріп, МӘМС төлемдерінің соңғы рет қашан жасалғанын анықтап біле алады», - деді ол.

Осы орайда Елена Бахмутова аталған қызметті қолдану азаматтарға қиын болып жүргенін айтып қалды.

«Алайда, бұл қызмет ХҚКО арқылы көрсетіле бастағаннан кейін тұрғындар өз атына аударылған жарналар мен аударымдар туралы мәліметті, сондай-ақ МӘМС жүйесінің қатысушысы деген анықтама қағазын да сол жерден ала алады. Ал жетілдірілген тіркеу қызметі 2018 жылдың үшінші, төртінші тоқсанында пайдалануға берілмек. Нәтижесінде қазақстандықтар емханаға ХҚКО арқылы тіркеліп, қай жерде тіркелгені туралы мәліметті де сол орталықтардан алатын болады. Қазіргі таңда бұл қызметтер онлайн режимде egov.kz порталы арқылы, оффлайн режимде емханаларда көрсетіледі», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрайымы.

Сонымен қатар, аталған ұйым басшысының айтуынша, өткен жылы Қор тұңғыш рет емханалармен жұмыс істей бастаған. Алайда, жыл басынан бері аталған қорға кейбір емдеу мекемелерінің азаматтары атынан тіркеу жөнінде жалған өтініштер келе бастапты.

«Тіркеуден ешбір негізсіз бас тарту фактілері туралы шағымдар түсті. Қазір біздің мамандар осындай шағымдар негізінде жан-жақты жұмыс істеп жатыр. Алайда, мәселені түбегейлі шешу үшін азаматтардың құжаттарын қабылдау тәртібін өзгертіп, процесті емханалардың тіркеу бөлімі қызметкерлерінің қатысуынсыз ұйымдастыру керек. Сондықтан біз қазір аталған қызметті ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер реестріне енгізу туралы ұсыныс дайындап жатырмыз», - деп түсіндірді Елена Бахмутова.

24-02-2018, 10:08

"Қытай" кеспесі неге қауіпті?

"Қытай" кеспесі неге қауіпті?

"Бичпакеттің" неден жасалатынын білесіз бе?

Жылдам пісетін кеспе, әсіресе, балаларға, қарттар мен жүкті әйелдерге өте қауіпті.

Осы күні пойызға міне қалсаңыз, екі қазақтың бірі жылдам пісетін кеспе жеп отырғанын көресіз. Тіпті ол балалардың да сүйікті асына айналып кеткен. Оның денсаулыққа зияны туралы ойлайтындар кемде-кем. Тағамның бұл түрі аш қарынды тойдыруы мүмкін, бірақ ағзаға ешқандай пайдасы жоқ. Бүгін біз TakProsto.cc интернет-журналының материалы негізінде жылдам пісетін кеспені неліктен жеуге болмайтынын жіліктеп айтамыз.

Натрийдің мөлшері жоғары

Жылдам пісетін кеспеге глутамат натрийі – дәмді күшейтуге арналған тағам қоспасы қосылады. Сондай-ақ гуанилат натрийі – дәм мен хош иісті күшейткіш, инозинат натрийі – дәмді күшейткіш болады. Бұл компоненттердің бәрі гипертонияның, жүрек және бүйрек ауруларының даму тәуекелін арттырады.

Мұндай кеспенің бір порциясында 800 мг-ден астам натрий болады екен, бұл күндізгі нормадан жарты есе көп. Глутамат натрийі ағзадағы сұйықтықты кідіртіп, бронх демікпесін қоздырады. Кей адамдардың басы ауырады.

Маңызды нәрлі заттардың сіңуіне кедергі келтіреді

Жылдам пісетін кеспе ағзаның өзге өнімдердегі нәрлі заттарды сіңіру қабілетіне ықпал етеді. Сондықтан, егер сен кеспеге тойып алып, бір-екі сағаттан кейін көкөніс немесе жеміс-жидек жесең, ағза сол өнімдегі нәрлі заттарды толығымен сіңіре алмайды.

Пропиленгликоль және трет-бутилгидрохинон қосылады

Жылдам пісетін кеспенің құрамында темекі өнеркәсібі мен антифриз өндірісінде қолданылатын пропиленгликоль болады, бұл сұйықтық кеспенің текстурасын сақтау үшін қолданылады.

Бұл тағам қоспасы қауіпсіз деп есептеледі, соған қарамастан ол ағзаға сіңіп, бауырда, бүйрек пен жүректе жиналып, осы органдарға зақым келтіруі мүмкін. Сондай-ақ кеспеде трет-бутилгидрохинон – лапшаның дәмдеуішін сақтайтын антиоксидант болады. Ол парфюмерияда, лак пен шайырды шығару кезінде де пайдаланылады.

Қатерлі ісік тудыратын ингредиенттер қосылады

Мұндай кеспенің құрамында атеросклероз (жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруы) мен қатерлі ісік тәуекелін арттыратын трансмайлар кездеседі.

Түйіндей айтқанда, егер сіз жылдам пісетін кеспені жиі тұтынатын болсаңыз, сау басыңызға сақина тілеп алатыныңыз анық. Әсіресе мұндай тағам балаларға, қарттар мен жүкті әйелдерге өте қауіпті. "Ас – адамның арқауы" екенін естен шығармағайсыз.

Дереккөз: Sputniknews.kz.

Фото: livejournal.com.

24-02-2018, 10:07