Нейрофизиологтар ұзақ жасаудың сырын ашты

Нейрофизиологтар ұзақ жасаудың сырын ашты


Американың Солтүстік-Батыс университетінің бір топ ғалымы ұзақ жасаған адамдардың миын зерттеген. Зерттеу қорытындысы ұазқ жасап, егде жаста да интелектуалдық мүмкіндіктерді сақтап қалуа ұршық тәрізді нейрондардың қатысы барын көрсеткен, - деп хабарлайды mk.ru. Бұл туралы ғалымдар Америкалық ғылымға жәрдемдесу қауымдастығының конференциясы кезінде мәлімдеді. Ұршық тәрізді нейрондарфон Экономо нейрондары атымен де белгілі, ол мидың ірі жасушалары болып келеді. Адамдар мен приматтарда ол алдыңғы жәнеорбитофронталды қыртыста болады. Зертеу кезіндеұзақ жасайтын адамдарда бұл нейрондар саны көбірек екені анықталған. Ғалымдардың пайымынша, бұл ми жасушалары адамдарға ұзақ жасауға және егде жаста ақыл-естің анық болуына мүмкіндік береді. Әзірге зерттеушілер олардың нақты қалай әсер ететінін түсіндіре алмады, дегенмен, алдағы зерттеулер Альцгеймер сырқаты сияқтынейродегенеративаурулармен күресуге жол ашады деген сенімде.

https://kaz.tengrinews.kz/

24-02-2018, 10:05

Бақсылық пен нақтылық

Бақсылық пен нақтылық

Қазіргі заман басына қиыншылық түссе, көпшіліктің жүгінетін алғашқы нәрсесі Құдіреті шексіз Алла Тағаланың жәрдемі емес, қолынан түк келмейтін бақсы-балгер, емшінің тәтті өтірігі болып кеткені құпия емес. Расында, халық арасында бұл дерттің таралуы еліміз үшін үлкен қасірет. Өзін ғайыпты білуші, бақсы, емші, көріпкел етіп жариялаған адам халық білімсіздігін пайдаланып, түрлі айла қолдануда, әрі олардың саны жылдан жылға өсуде. Енді бәз біреулер Құранды ашып қойып, кітаппен бал аштық деп жатады, әрі өзінің дұрыс емес тірліктерін осылай асыл дініміз арқылы бүркемелекші болады. Бәрібір мұның барлығы да «бал ашушылыққа» жатады. Шариғатта тыйым салынған ем түрлерінің бір ортақ қасиеті – мұсылманды сенім мәселесінде адастыру.
Жалпы, қазақ медицинаға қалай қарағанын білгіміз келсе, тарих беттерінен дерек іздеудің қажеті шамалы. Халықтық медицина деп ат қойған емдік шараларға көз жүгіртсек болғаны. Елімізде түрлі шөппен ем қондыратындар көп өмір сүрді деп ойлайды. Сонымен бірге, әлдебір тылсым күшпен науқасты құлантаза айықтыратындардың есімі ауыздан-ауызға тарап жатты. Ақиқатында, халық емшілерінің құпиясы адамның рухын көтеруге бағытталған. Олар психология ғылымынан хабарсыз болса да өз бойындағы табиғи дарынның нәтижесінде науқас адамның жан дүниесіне үңіліп, оның көкірегінде жатқан үміт отын тұтатқан. Бұрын қара суды кері ағызған емші, бақсы-балгерлер болғанын тарих жоққа шығармайды. Қобызын тартып, жынын ойнататын бақсылар бүгінде жоқ. Емші дегендердің көбі құмалақ салып, бал ашудан ары аса алмайды. Ал медицина шарықтап дамып кетті. Адамды ажалдан арашалайтын ақ халаттылар ғылымы тылсымнан гөрі нақтылыққа жүгінеді. Кейде медицинада адам күтпеген тосын оқиғалар болып жатады. Ендеше, басымызға қандай да бір іс түссе, мысалы қатты ауруға шалдықсақ, бақсы-балгерлерге емес, әуелі Аллаға алақан жайып жалбарынып, одан кейін әрекет жасап, шариғаттың шекарасын сақтай отырып, білікті дәрігерлерге қаралған жөн.

Биназир ЖАХАНША

https://aqmeshit-zhastary.kz/okigalar/1309-basyly-pen-natyly.html

24-02-2018, 10:03

100 АУРУДЫҢ ЕМІ – ХЕЛЬБА

100 АУРУДЫҢ ЕМІ – ХЕЛЬБА


Мұсылман дәрігерлері: «Егер адам-дар хельбаның қаншалықты пайдасы бар екенін білгенде, оны алтынның құнындай бағамен сатып алар еді», – деген.
Ағылшын ғалымы Клебер: «Егер де таразының бір жағына барлық дәрі-дәрмектерді қойып, екінші жағына хельбаны қойсақ, таразының екі жағы тең болар еді», – деп айтқан.
Ендеше, хельба деген қандай шипалы өсімдік? Соған назар аударып көрелік. Қазақ тілінде бұл өсімдікті негізінен «бойдана» деп атайды. Хельбаның өзіндік құпия сырлары, емдік хикметтері бар. Ол соңғы уақыттары ғылыми түрде де дәлелденуде. Зерттеулер хельбаның көптеген дертке қарсы ем болуымен бірге иммунитетті нығайтатынын көрсетіп отыр.
Адам баласы жаратылғаннан бері өсімдіктер тек азық ретінде ғана емес, әртүрлі ауруларға ем ретінде де қолданылған. Біздің ата-бабаларымыз да түрлі өсімдіктерді тамаққа қосып, олардың қасиеттерін есте сақтай отырып, әртүрлі дерттерге емдік құрал ретінде пайдаланғаны тарихтан мәлім. Зерттеушілер ежелгі замандағы халықтардың өсімдіктердің жиырма мыңнан астам түрлерін пайдаланғандығын анықтап отыр. Египетте б.з.д VI ғасырға жататын бір папирус парақшасы табылды. «Эбер папирусы» деп аталып кеткен бұл жазбада ежелгі египеттіктер шөптермен емделудің тоғыз жүзден астам түрін жазып қалдырыпты. Хельбаның емдік қасиеттері жайындағы жазбалар да египет папирусынан табылған.
Хельба (trigonella foenum-graecum L., шамбала, чаман, фенугрек) – бір жылдық өсімдік. Оның биіктігі – 30-60 см. Гүлдері ұсақ сары, түбірі қоңырқай сарғыш болады. Ғалымдар хельбаның құрамын зерттеп, оның ақуыз бен көмірсуға бай екенін анықтады. Құрамында калий, фосфор, магний, темір, кальций, А,С,В1,В2 дәрумендері бар және балық майының құрамына өте ұқсас.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ( с.ғ.с) Меккеде Сағд ибн Абу Аққастың халін сұрап шығып, оған дәрігер шақырыңдар дейді. Оған Харис бин Калдті шақырды. Ол науқасты қарап уайымдайтын ештеңе жоқ, науқасқа хельбаны қайнатып, құрма қосып беріңдер деді. Сағд сахаба дәрігердің айтқанын орындап ауруынан айықты.
Ежелгі Египетте хельбаны күйген жердің орнын емдеуге қолданған. Б.з.д. 5 ғасырда әйгілі Гиппократ хельбамен көптеген ауруларды емдеген. Франктер королі Ұлы Карлдың өзі хельбаны шаштың түсуіне қарсы қолданған.
Бүгінде хельба медицина саласында кеңінен қолданылады. Қытай дәрігерлері оны бедеулікке, бұлшық ет, жыныс жолы қабынуына және микробқа қарсы зат ретінде гинекологияда, косметологияда қолданады. Жоғарғы тыныс алу жолдары қабынғанда шаю және ингаляция жасау үшін пайдаланады.
Үнді мамандары хельбамен ішкі құрылыс жараларын емдеген. Асқазан ішек жолдары ауруларында (гастриттер, асқазан мен ішек жаралары, колиттер, гепатиттер, холециститтер, өт жолдарының дискенизиясы, метеоризм) қолданады.
Ал Сауд Арабиясында және көптеген араб елдерінде хельбаның дәнін ғана емес, оның жасыл жапырақтарын да емдік мақсатта қолданады. Себебі, оның құрамында да адам ағзасына пайдалы элементтер көп. Көптеген мұсылман елдерінде құрамына хельба қосылған әртүрлі тағамдар дайындалады. Бұл тағамдар, әсіресе, Рамазан айында көптеп дайындалады. Себебі хельбаның құрамында адамды сергітіп, күш-қуат беретін дәрумендер бар. Хельба бұрыш-тың орнына және ас қорытуды жақсартуға көмектесетін дәмдеуіш ретінде тағамға қосылады.
Хельбаны емдік мақсатта қолдану тәсілдері:
– әлсіздік кезінде иммунитетті нығайту үшін 1 шай қасық хельба майын таңертең ұйқыдан оянған мезгілде ішу керек;
– тұмау, өкпе демікпесі, өкпе ауруына, созылмалы жөтел және бронхит ауруларына қарсы 2 ас қасық хельбаны алып, үстіне 1 стакан су, 2 ас қасық балды қосып отқа қойып, 10 минут көлемінде қайнатамыз. Күніне жарты стаканнан 3-4 рет қабылдаймыз;
– тамақ ауырғанда 2 ас қасық хельбаға жарты литр су құйып, 30 минут көлемінде қайнатамыз. Сосын 15-20 минут суытып қоямыз. Сүзіп алып, күніне 3-4 рет тамағымызды шаямыз.
– қан аздық (анемия) кезінде пай-далы. Себебі хельба дәндері темірге бай. 1-2 шай қасық хельба дәндерінің ұнтағын құрмамен немесе балмен жеу керек.
– қант диабетімен ауырғанда, кешкісін жатар алдында екі ас қасық хельба дәндерін суық суға салып бетін жауып қоямыз. Таңертең дайын болған тұнбаны ішеміз. Тұнба – дәрілік шөптердің сулы сығындысы, оны күнделікті дайындаған дұрыс.
Хельба шайын дайындау үшін бірінші оны салқын, таза суға жуып аламыз. Содан кейін 2 ас қасық хельба дәнін жарты литр суға салып, 5-7 минут көлемінде қайнатамыз. Шайдың дәмін жақсарту үшін өзіңіздің қалауыңыз бойынша имбирь, лимон, бал қоссаңыз болады.
Хельбаны жарық түспейтін, қо-ңырсалқын, құрғақ жерде, шыныдан жасалған немесе керамикалық ыдыста сақтау керек. Тоңазытқышта сақтауға болмайды.

https://tirshilik-tynysy.kz/kogam/1285-100-aurudy-em-helba.html

23-02-2018, 10:04

БІЗДІҢ БІЛІКТІ ДӘРІГЕР

БІЗДІҢ БІЛІКТІ ДӘРІГЕР

Тұрғанбай Маханов есімі өңіріміздің денсаулық сақтау саласында етене таныс. Саналы ғұмырында айналасына мейірім шуағын төгіп, санмыңдаған білікті шәкірттер тәрбиеледі. Қаншама науқасқа шипа дарытты. Ерен еңбегінің арқасында мемлекеттік деңгейдегі марапаттауларға да қол жеткізді. Атап айтқанда,1982 жылы «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген дәрігер» атағы, «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы», «Құрмет» ордендерін, СССР және ҚазССР «Денсаулық сақтау саласының үздігі» белгісін омырауына тақты. Ұзақ жылғы еңбегі елеусіз қалған жоқ. Бүгінде ол «Облыстың құрметті қайраткері», облыстың «Құрметті» азаматы. ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығында, Астана қаласының 10 жылдық мерейтойында Елбасының «Алғыс хатымен», облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың «Алғыс хатымен» марапатталды.

Тұрғанбай Маханұлы – Сырдария ауданының тумасы. Қызылорда қаласындағы №1 мамыр мектебінде білім алған. Ақтөбе қаласындағы медициналық институтты тәмамдаған. Еңбек жолын Жалағаш аудандық ауруханасында бастаған. Аталмыш ауруханада екі жылдан астам қызмет атқарып, облыстық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалады. Еңбекқор дәрігер орынбасарлықтан облыстық аурухананың бас дәрігері, облыстық медицина орталығының директоры болып қызмет атқарады. Сондай-ақ, бас дәрігерлікпен қатар облыстық денсаулық сақтау басқармасына басшылық етеді. Бүгінде құрметті зейнет демалысында. Зейнетке шықса да, жұмыссыз емес. Медицина саласының дамуына сүбелі үлес қосуда. Ол облыстық медициналық орталықтың Құрметті директоры-кеңесшісі қызметінде.

– Бүгінде медицина саласы қарқынды дамуда. Өңірімізге ота жасайтын көптеген аппараттар келді. Дәрігер боламын деген маман білікті болуды мақсат тұтқан жөн. Себебі адам жанына араша түсу, өмірін сақтау дәрігердің борышы, және дәрігердің мейірімді де кішіпейіл болғаны жөн деп білемін. Науқастың жан-дүниесін түсініп, демеу білдіру дәрігерге артылатын жүк. Денсаулық сақтау саласының сапалы дамуы, халық денсаулығының жақсаруы жоғары білікті дәрігер еңбегінің жемісі, – дейді Т.Маханов.

Өз ісінің білгірі 1964-1976-1991 жылдары бірнеше рет ауылдық, қалалық және облыстық кеңеске, сонымен қатар 1989 жылы КСРО Жоғары кеңесіне депутат болып сайланған. Ол халық қалаулысы ретінде өзекті деген мәселелерді қозғап, оңтайлы шешілуі үшін үлкен жұмыстар атқарды. 1978 жылы Алматы қаласында өткізілген Дүниежүзілік денсаулық ұйымының халықаралық конференциясында, сондай-ақ, София қаласында өткен әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәжілісінде республика атынан сөз сөйлеп, қазақ жерінің, елінің хал-ахуалымен бірге Арал аймағы экологиясының медициналық аспектілері жайын көтерген. Ол 1980-1991 жылдар аралығында КСРО денсаулық сақтау министрлігінің орта медициналық білім беру комиссиясының мүшесі болды.

Оның өмір жолынан байқағанымыздай, ол жан жүрегімен дәрігер болды. Уақытпен санасу дегенді білмейтін адам жанының арашасы абырой биігінде жастарға қашанда үлгі бола бермек.

Мөлдір САБЫРЖАН

https://aqmeshit-zhastary.kz/zanalyk/suhbat/1308-bzd-blkt-drger.html

22-02-2018, 10:00

Көктайғақтың салдары (video)

Көктайғақтың салдары (video)

Қазақстан - Қызылорда

Опубликовано: 21 февр. 2018 г.

Шаһарда кеше кешкісін жауған жаңбырдың соңы қарға ұласып, қызылордалықтарды әбден әбігерге түсірді. Көктайғақтың салдарынан көшелерде көлік қатынасы қиындап, оқыс оқиға орын алды. Қалаішілік жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктердің бірі қатқақ жолдан тайып, аударылып қалды.


21-02-2018, 21:32

Интерактивтік сабақ өткізді

Интерактивтік сабақ өткіздіҚызылорда облысы Төтенше жағдайлардепартаментінің Азаматтық қорғанысбөлімінің қызметкерлері, «Оңтүстік өңірлікаэроұтқыр жедел құтқаружасағы» ММ құтқарушылары және Ішкі істер министрлігі Төтеншежағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасыорталығы» ММ Қызылордаоблыстықфилиалының дәрігерлерімен бірлесіп, онлайн режимінде «Бүкіләлемдік азаматтыққорғаныс күні» тақырыбындаинтерактивтік сабақ өткізді. Онда Қызылорда облысының 28 мектебінен 1245 оқушысымен 102 мұғалімі сала мамандарымен тікелейбайланысқа шықты.

Сабақ Азаматтыққорғаныстың даму тарихынанбасталды. Сабақ барысындаҚызылорда облысы Төтеншежағдайлар департаментінің Азаматтыққорғаны бөлімінің аға офицері аға лейтенанты Ж.ЖүгінісовАзаматтық қорғаныстың негізгіміндеттері мен принциптерітуралы айтты.

Сондай-ақ Азаматтыққорғаныс бөлімінің бастығыподполковник С. Сыздық төтеншежағдайлар кезіндегі қауіп пен қатер туралы азаматтардықұлақтандыру, қауіпсіз аудандарғатұрғындарды көшіру, зардап шеккен тұрғындарды біріншікезекте қамтамасыз ету шаралары және оларға панахана ұсыну туралы егжей-тегжейлітоқталды. Сонымен қатар тыңдаушылар апаттардыжою, авариялық құтқаружұмыстары кезіндегі құтқарушылардың іс-әрекетіжәне қорғану құралдарытуралы тұшымды мәлімет алды.

Сабақтың қорытындыбөлімінде оқушыларға ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалықинститутытуралы имиджді бейнероликкөрсетілді және КТИ-на оқуға қабылданатын үміткерлерге қойылатыннегізгі талаптар туралы қысқаша айтылды.

А.Мейрамбеков,

Қызылорда облысы ТЖД

азаматтық қорғаныс бөлімініңаға офицері,

аға лейтенант

http://syrboyi.kz/zedelnews/18052-interaktivtk-saba-tkzd.html
21-02-2018, 21:28

Елімізде инсульт ауруы «жасарып» барады (video)

 Елімізде инсульт ауруы «жасарып» барады (video)

Информбюро 31

 

Опубликовано: 20 февр. 2018 г.

Елімізде инсульт ауруы «жасарып» барады. Осылай деп дабыл қаққан дәрігерлер, жүрек қан-тамырлары ауруының жастар арасында жиі кездесуінің себебі көп дейді. Ақ халаттылар, әсіресе жұмысы компьютерге тәуелді, қимыл-қозғалысы аз жұмысшылардың емхана деңгейінде жүргізіліп жатқан скринингтерден өтуіне кеңес береді.


21-02-2018, 21:27

Қазақстанда дәрігерлер тапшылығы бар ма?

Қазақстанда дәрігерлер тапшылығы бар ма?АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу жағдайын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесі шамамен 74,6 мың дәрігер мен 170,8 мың орта медициналық қызметкерлерді (барлық ведомстволарды қоса алғанда), соның ішінде ауылдық жерлерде 11,8 мың дәрігер және 45,6 мың ОМҚ-ны қамтамасыз етеді. «Соңғы 5 жылда медициналық қызметкерлер үшін қажеттілік 32 пайызға төмендегеніне қарамастан, денсаулық сақтау саласы әлі күнге дейін медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігінен зардап шегуде. Тапшылық 3116-ны (01.01.2017 жылғы ресми статистика мәліметтеріне сәйкес) құрады, оның жартысы кадрлардың жылдық табиғи кетуі (дәрігерлер жалпы санының 2,6%) есебінен қалыптасты. Бос штаттық қызметкерлер бойынша ауылдағы тапшылық 616, ал қалада 2500-ді құрады», - делінген ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «ҚазАқпаратқа» берген мәліметінде. Қызметкерлердің жетіспеушілігі көбінесе Маңғыстау облысында (358), Қостанай облысында (308), Астана қаласында (278), Солтүстік Қазақстан облысында (274), Қызылорда облысында (204) байқалды. Атап айтқанда, бүгінде бұл кемшіліктерге қолда бар кадрларды тиімсіз пайдалану, мейірбикенің рөлін бағаламау, сондай-ақ кадрлардың басқа да жоғары ақылы салаларға кетуге алып келетін төмен ынталандыру әсер етуде. Ресурстарды тиімсіз пайдалану аурухана деңгейінде медициналық кадрлардың артық болуына және алғашқы медициналық көмек көрсету деңгейлерінде жетіспеушілікке әкеледі. «Бұл саладағы проблемалар персоналды есепке алудың бірыңғай жүйесінің болмауына, штаттық нормативтердің ескіргені әрі жеткіліксіздігіне байланысты орын алуда», - делінген ведомство ақпаратында.

 

 

inform.kz


19-02-2018, 19:04

«Кепілдендірілген тегін медициналық көмек» пакетін оңтайландыру қажет

«Кепілдендірілген тегін медициналық көмек» пакетін оңтайландыру қажет

 

Мемлекет тарапынан кепілдік берілген медициналық қызметтер пакетін оңтайландыру қажет. Денсаулық саласындағы білікті сарапшы Серік Тәңірбергенов мұның себебін былайша түсіндіреді.

Жалпы, бұл туралы Қазақстанда тұратын әрбір адам білгені абзал. Оның үстіне, бұл мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған маңызды тапсырмалардың бірі. Сөзім түсінікті болу үшін мынадай мысал келтіре кетейін:

Үш адамнан құралғанқазақстандықотбасы осыдан 14 жыл бұрын қаланыңбір шетінен шағын ғана екі бөлмелі пәтер сатып алды делік. Тіпті, сол кездің өзінде де бұл аса бір ұтымды дүние емес-ті. Дегенмен пәтерден пәтерге көшіп, тапқаны пәтерақыдан артылмайтын отбасы мұны уақытша баспана деп қабылдады. Болашақта ақша жинап үлкенірек, жайлы пәтер сатып алуды жоспарлап қойды. Бірақ жыл артынан жыл өтіп, отбасы үлкейді. Жалғыз ұл үйленіп, дүниеге немере келді. Енді екі бөлмелі шағын пәтерде білдей үш буын өкілі тұрады. Алтауының сұранысы да, қажеттіліктері де әртүрлі. Оның үстіне, талай жылдан бері жөндеу көрмегенүйдің тозығы жетіп, жүйкені жұқартып тұрған жайы бар…

Біз бүгінде медицина саласындағы «мемлекеттік кепілдік пакеті» деп атап жүрген тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) төңірегіндеқалыптасқан ахуалды осы мысалмен салыстыруға болады. Бұл жерде «уақытша» деп сатып алынған пәтер осы ТМККК пакеті болса, шағын пәтер тұрғындары – соңғы кезде саны да, сұраныстары да едәуір артқан Қазақстан халқы. Оның мемлекеттен де күтері көп.

Үкімет қаулысымен бекітілетін ТМККК-нің қазіргі форматы 2004 жылы жасалды. Кепілдендірілген көмек тізімінде тегін медициналық көмектің барлықтүрлері мен формалары, қызмет көрсету тәртібі және ақысы мемлекет тарапынан төленбейтін қызметтердің де кейбір түрлері атап көрсетілген.

Кәсіби тұрғыдан алып қарағанда, бұл құжат Қазақстанда медициналық көмектіңкез-келген түрін тегін көрсетуге кепілдік берілгенін білдіреді. Құжат жыл сайын жаңартылып отырады. Бірақ ол жәй ғана косметикалық сипатқа ие. Тегін медициналық тексеру түрлері егжей-тегжейлі жазылғанымен, онда ауруханалар қызметін немесе жаңа технологияларды сипаттауда үлкен «кемшіліктер» бар. Шынында, асау қарқынмен дамитын медицина саласы үшін бұлқауіпті құбылыс. Салдарынан қағаз жүзінде қолжетімді болып көрсетілген медициналық көмекке шын мәнінде қарапайым халықтың қолы жетпей жүр, ал медицина ұйымына кіріп-шығу қиынның қиынына айналды…

Мұның себебі неде? Бұл тізім бекітілген 2004 жылдан бері көп нәрсеөзгерді. Қазіргі заманғы медицинаныңмүмкіндіктері де, елдегі сырқаттану құрылымы да, пациент те өзгеше бүгінде. Өзгермеген тек ТМККК құрылымы ғана.

Былайша айтқанда, ТМККК пакеті технологиялық инфляцияға ұшырады. Он бес жылда дәрі-дәрмекқұралдарының да бірнеше буыны ауысып үлгерді. Мысалы, қазақстандықтардыңсүйікті антибиотиктері осыдан 10 жыл бұрын сепсисті бірнеше күнде емдеп-жаза алатын болса, бүгінде тіпті, қарапайым деген инфекцияларға да шамасы жете бермейді. Себебі, инфекциялар дәрілік препараттарға төзімді болып алған. Қатерлі ісікті емдеуге арналған таргеттік дәрілер пайда болды. Бұрын-соңды біз мұны армандауға да жүрексінетінбіз. Лабораториялық диагностика толығымен автоматтандырылды. Қанды әйнекке тамызып зерттеу әдісі бүгінде көп жерде қолданылмайды, ал ультрадыбыстық зерттеу нәтижесінде жүктіәйелдің қолына 3D-видео берілетін болған.

Қазақстан халқының саны 3 миллионға артып, 18 миллионға жетті. Қарттар мен балалардың үлесі артты. Халықтың өмір жасы 6 жылға ұзарып, бұрынғыға қарағанда ұзағырақөмір сүре астадық. Бұрын өлім-жітімнің дені түрлі жарақаттар салдарынан болатын болса, бүгінде ол жалпы өлімге негіз болатын 3 түрлі себептің қатарынан шығарылды. Үштікте тек созылмалы аурулар ғана қалды. Енді «екі бөлмелі пәтер тұрғындарының» басым бөлігін қарттар мен балалар құрайды. Олардың медициналыққызметтерді де көбірек тұтынатыны даусыз. Ал, кепілдендірілген көмекті пайдаланушылардың жұмысқақабілетті бөлігі болса денсаулығын күтіп, профилактикалық тексерулерден өтуді әдетке айналдырмаған. Дегенмен рынок бір орында тұрмайды. Медицина индустриясы саласындағы жетістіктердің бір бөлігі жеке меншік клиникаларда пайда бола бастады. Әрине, тегін емес, ақылы. Осыдан кейін «тұрғындар» өздерінің«екі бөлмелі пәтері» мен анда-санда көріп жүрген «мәрмәр мен әйнектен салынған еңселі тұрғын үйді» салыстыра бастайды. Бұл — заңды құбылыс.

Бұл салада өзгермеген тағы бір нәрсе бар. Ол — Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы қаржы тапшылығы мәселесі.

Cебебі, 2010 жылдан бастап ұлт денсаулығына жұмсалатын шығын тұрақты түрде қысқарып, ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 3,4 пайызына дейін төмендеді. Ал, даму деңгейі бізбен бірдей елдер денсаулық сақтау саласына ішкі жалпы өнімінің жоқдегенде 6,3 пайызын бөліп отырады. Ал, біздің елде салаға жұмсалатын мемлекеттік шығын үлесі жылдан жылға төмендеуде. Есесіне, сіз бен біздің қалтамыздан шығатын жеке шығын көлемі жыл сайын артып отыр. Отандық экономикамыз тұралап тұрмаса да, денсаулық саласына салынатын инвестиция жағынан біз Африка елдерінің деңгейіндеміз.Өкінішті. Соған қарамастан медицинамыздың Еуропадағыдай болғанынқалаймыз.

14 жыл ішінде Қазақстан дәрі-дәрмек, қосалқы материалдар мен медициналық қондырғылар импортына тәуелділіктен арылған жоқ, ұлттық валютамыз да бірнеше мәрте девальвацияға ұшырады. Мемлекет тарапынан кепілдік берілген медициналық қызметтердің көпшілігіне деген сұраныс төмен. Барлығы 2 мыңға жуыққызметтің 300-іне ғана сұраныс жоғары. Бірақ соның өзі тиісінше қаржыландырылмайды. Жетілдірілген, жаңа қызмет түрлеріне көшудің орнына, бар ақша сұраныс төмен әрі ескірген бес қызметке «жұғын» болып жатыр.

Осыны ойласаң, медициналық қызмет рыногындағылардың(медициналық клиникалардың) кепілдендірілген көмектің(ТМККК) қазіргі тізіміне неліктен көңілі толмайтынын түсінесің. Өйткені, олардан болмайтын, өнбейтін іс талап етіледі. Яғни, қазіргі талаптар бойынша медицина ұйымдары осыдан 14 жыл бұрынғы бағаға, ескірген материалдармен «жаңаша» қызмет көрсетуге міндетті. Өкінішке орай, асүйінде екі кісі айнала алмайтын ескі пәтерде отырып, өзіңді жаңа тұрғын үй кешенінде отырғандай «сезіне» алмайсың.

Жалпы, бұл мәселеніңөзектілігі соншалық, соңғы кезде оған мемлекеттік деңгейде басымдық беріле бастады. Оған елбасының биылғы жолдауындағы «мемлекеттіңміндеттемелері нақтылап, кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінің жаңа нұсқасын әзірлеу» туралы тапсырмасы осы сөзіміздіңайғағы болса керек.

Бірақ бұл оңай шаруа емес. Кепілдендірілген көмек пакетін (ТМККК) қайта қарау процесі тегін медициналық қызметтердің жаңа тізімін жасаумен ғана шектелмейді. Сайып келгенде, бұл этикаға, басымдықтарды таңдау, техника мен қоғамдық консенсусқа келіп тірелетін мәселе. Енді осы мәселелердіқысқаша қарастырсақ.

ЭТИКАЖӘНЕ БАСЫМДЫҚТАР

ТМККК пакетін оңтайландыру қажеттігі даусыз. Бірақ осы жерде неден (қандай қызметтерден) бас тарту керек деген сұрақтың басы қылтиятыны тағы рас. Меніңше, оған жауап беру үшін қаншақаражат жұмсауға мүмкіндігіміз бар және қаржыны ең алдымен неге бөлген дұрыс деген екі мәселені шешіп алуымыз керек. Себебі денсаулық сақтау жүйесінің міндеті экономиканы орасан зор шығынға батыратын ауыр дерттердің белеңалуына жол бермеу және ауруларды мейлінше тиімді тәсілмен емдеу болып табылады.

Әлемдік тәжірибеде кепілдендірілген медициналықкөмек пакетін қалыптастыру процесі медициналық технологияларды бағамдау негізінде жүргізіледі. Мұны медициналық технологияларды немесе дәрі-дәрмектердің тиімділігін дәлелдейтін, жаңа дүниенің рынокта бар технологиялардан артықшылығын анықтайтын мәліметтерді іздестіруге бағытталған зерттеушілік қызмет десек қателеспейміз.

ТЕХНИКА

Қазіргі таңда кепілдендірілген көмек пакетініңшынайы көлемін медицинадан хабары бар, денсаулық саласының маманы ғана түсіне алады. Себебі ТМККК-нің негізгі мәселелері үкіметтің арнайы қаулысында сипатталған. Одан қалғаны Денсаулық сақтау министрлігінің көптеген құжаттарында нақтыланған.

Өкінішке қарай, мұндай құжаттар қарапайым азаматтар үшін түсініксіздеу. Сол себепті, заң шығару жүйесіндегі құжатты бірнеше деңгейде жіктеу тәжірибесі бізге жарамайды. Оның үстіне, бұл құжатты А4 форматындағы 4 бетке де сыйдыра алмаймыз. Әлем елдерінде кепілдік берілген медициналық қызметтің барлықтүрлері мен оларды алу тәртібін тәптіштеп түсіндіретін нақты құжаттар дайындау тәжірибесі қолданылады. Меніңше, осы тәжірибеге ден қойғанымыз дұрыс. Өйткеніәр азамат өз құқықтары мен мемлекет міндеттемелерінің шегін түйсініп, шекарасын ажырата білуі тиіс.

ҚОҒАМДЫҚ КОНСЕНСУС

ТМККК пакеті — қоғамныңортақ игілігі. Сондықтан кепілдендірілген көмек пакетін оңтайландыру мәселесі жалпақ жұртшылықтың талқысына түсуі тиіс. Және жоғарыда аталған мәселелер бойынша қоғамдық бәтуаға қол жеткізуіміз қажет.

Ендеше, ТМККК пакетін оңтайландыру дегеніміз қарапайым азаматтар үшін нені білдіреді?

Оңтайландыру нәтижесінде азаматтар кепілдендірілген тегін көмектіңжан-жақты түсіндірілген, заман талабы мен қоғам сұранысына қарай жаңартылған тізіміне қол жеткізбек. Бұл жерде жұртшылыққа жеткізетін екі жаңалық бар. Бірі жағымсыз: ТМККК пакетіне бөлінетін қаржы азайды, екіншісі — жақсы жаңалық: аз болса да аталған қаржыға тиімділігі дәлелденген дәрі-дәрмек пен кешенді қызметтерді сатып алуға болады. Былайша айтқанда, «көрпеге қарай көсілген» дұрыс. Яғни, бұл жоғарыда айтылған «шағын пәтерден» ескі-құсқыны шығарып тастап, қолда бар қаражатқа сай косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу керек деген сөз. Керемет күрделі жөндеу жасалмаса да, арқадағы жүктің едәуір жеңілдері анық. Нәтижесінде «пәтер тұрғындары» көршілермен бірігіп инженерлік желілерді жөндеу қажет пе, әлде, жаңаәрі кең пәтерге қаржы жинау қажет пе деген логикалық мәселенің дұрыс шешімін табады деп сенемін.

Бұл әлеуметтік медициналық сақтандыруға, ерікті медициналық сақтандыру мен елдегі медициналық қызметтер нарығын дамытуға қатысты мәселе болмақ.

Серік ТӘҢІРБЕРГЕНОВ,

Денсаулық сақтау саласының сарапшысы, дәрігер,

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының стратегия жөніндегі істерінің басқарушы директоры

https://zhasalash.kz/6154/

16-02-2018, 13:28

2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-Қимыл жоспары

2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-Қимыл жоспарыДенсаулық сақтау бойынша

Облыс азаматтарының денсаулығын одан әрі жақсарту мақсатында:

Арал ауданының Арал қаласындағы 150 төсекке арналған орталық аудандық аурухана құрылысын аяқтау;

Шиелі ауданы Шиелі кентінде 150 төсекке арналған орталық аудандық аурухана құрылысын жалғастыру;

Қызылорда қаласындағы Облыстық перинаталды орталығы перзентханасы мен облыстық медицина орталығының ғимаратын күрделі жөндеуді жалғастыру;

облыстық медициналық орталығы филиалы базасында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыратын Байқоңыр қаласында ұйым ашу;

7 фельдшерлік акушерлік пунктін сатып алуды қамтамасыз ету, оның ішінде Арал ауданы Жаңақұрылыс елді мекенінде – 1, Шиелі ауданы Ботабай елді мекенінде – 1, Қармақшы ауданы Қармақшы және Қуаңдария елді мекендерінде – 2, Жаңақорған ауданы Нәлібаев және Қожамберді елді мекендерінде – 2, Жалағаш ауданы Қаракеткен елді мекенінде – 1;

8 медициналық пункттер сатып алуды қамтамасыз ету, оның ішінде Арал ауданы Қосаман, Шөмішкөл, Сазды, Ақбай, Тастақ елді мекендерінде – 5, Жаңақорған ауданы Талап стансасында және Қандықұдық елді мекенінде – 2, Қызылорда қаласында Досан елді мекенінде – 1;

15 емдік амбулатория құрылысын бастау;

облыстың денсаулық сақтау ұйымдарын санитарлық және мамандандырылған автокөліктермен, медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау;

аналар өлім-жітімі нысаналы көрсеткішін 2 пайызға, сәби өлім-жітімін 2 пайызға, қан айналымы жүйесі ауруларының көрсеткішін 3,7 пайызға, туберкулез ауруының көрсеткішін 2,5 пайызға және қатерлі ісік ауруларының көрсеткішін 0,1 пайызға төмендетуді қамтамасыз ету;

барлық факторлар бойынша өлім-жітімнің төмендеуі арқылы өмір сүру ұзақтығын 72,2 жасқа дейін арттыруды қамтамасыз ету;

кем дегенде 600 дәрігердің біліктілігін арттыру, бастапқы мамандандыру үшін – кемінде 100 дәрігердің және кем дегенде 1800 орта буын медицина қызметкерлері біліктілігін арттыру;

сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін Оңтүстік Корея мен Ресей Федерациясының Қазан қаласына оқуға жолдама беруді қамтамасыз ету;

Қызылорда облысындағы Республикалық балаларды оңалту орталығының филиалы «Талсуат» оңалту орталығының төсек орнын 10 төсекке кеңейтуді қамтамасыз ету;

қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу жөніндегі облыстық бағдарламаның бекітілуін қамтамасыз ету;

Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауында онкологиялық бөлімшесі және бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсекке арналған көпсалалы аурухананың құрылысын және Жалағаш ауданының Жалағаш кентіндегі 100 төсекке арналған аудандық аурухана құрылысын қаржыландыру мәселесін Денсаулық сақтау министрлігімен пысықтау.

http://syrboyi.kz/akparat/17761-densauly-satau-boyynsha.html
15-02-2018, 17:12