Хирургиялық бөлімше

Хирургиялық бөлімше

Қазалы темір жол ауруханасының хирургиялық бөлімшесі үш қабатты типтік аурухананың 2-ші қабатында орналасқан. Бөлімше 15 орынға есептелген. Бөлімшеде 5 орындық – 4 палата, 3 орындық - 1 палата, 2 орындық – 2 палата, 1 орындық - 3 палата, таза таңу бөлмесі, іріңді таңу бөлмесі, егу бөлмесі, асхана, клизма жасау бөлмелерінен тұрады. Операция жасау бөлімі, манипуляция бөлмесі, плазмаферез бөлмесі, стерилизация бөлімі бөлек қанатта орналасқан. Сол себепті қазіргі кездегі стандарттарға сай ота жасау мүмкіншілігі бар. Операция жасау бөлімі үлкен және кіші зал, операция алды бөлмесі, дәрігерлер бөлмесі, мейіркештер бөлмесі, стерильді аспаптарды сақтау бөлмелерінен тұрады. Операциялық құралдардан: видеолапараскопиялық қондырғы, травматологиялық, жалпы хирургиялық, нейрохирургиялық жиынтықтармен толықжабдықталған.

 

Хирургия бөлімшесінің меңгерушісі жоғарғы санатты дәрігер-хирург Ахмедов Садуақас Абибуллаұлы, жұмыс өтілі - 21жыл.

Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
 Травматолог-ортопед дәрігер жоғары санатты Амангелді Қуантқанұлы Қанатов, жұмыс өтілі - 21 жыл.
Хирургиялық бөлімше

Бөлімшеде 2012 жылдан бастап жоғары мамандандырылған травматологиялық-ортопедиялық көмек көрсетілуде, осы аралықта жамбас буындарын ауыстыру, сынған сүйектерді интрамедуллярлық остеосинтездің қазіргі заманғы әдістерімен қалпына келтіру оталары жасалады. Лапароскопиялық оталардан холецистэктомия, аппендэктомия оталары жасалуда.

Травматолог-ортопед дәрігер жоғары санатты Қанатов Амангелді Қуантқанұлы, жұмыс өтілі - 21 жыл.

2015 жылы қосымша 15 орындық нейрохирургиялық бөлімше ашу туралы жоспар бар . 2 дәрігер нейрохирургиядан дайындықтан өтуде. Нейрохирургиялық жарық түсіргіштер, ота жасауға арналған микроскоп, видеолапараскопиялық орталыққа қосатын нейрохирургиялық жапсырма, электротрепан, доғалық рентгеноскоп аппараттары алынып, дайындық жасалуда.

2014 жылы хирургиялық бөлімшее күрделі жөндеу жұмысы жасалды. Барлық есік, терезелер пластикке ауыстырылды, едендеріне паркет салынды.

Осы қабатта реанимация бөлімі 3орындық болып жұмыс істеп тұр. Реанимация бөлімі 5 төсек орынға есептелген. Реанимация бөліміорталықтандырылған оттегі орталығына қосылған. Барлық құрал-жабдықтар мониторлар, дефибриллятор, тыныс алдыру аппараттарымен және дәрі –дәрмектермен қамтамасыз етілген.

Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
 
4-07-2014, 16:13
4346 просмотров