Аурухана дәріханасы

 Аурухана дәріханасы
 
 
Аурухана дәріханасыПровизор Кулайша Жаликызы Карабала 1961 жылы қызметкер жанұясында дүниеге келді. Әкесi Қарабалаев Жали Карабалаевич 40 жыл орыс орта мектебінде казақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болып жұмыс жасады, анасы бухгалтер болған. 1969 жылы 1 сыныпқа  № 422 төрт жылдық мектепке барып, 8 жылдықты 1977 ж өте жақсы деген мақтау қағазымен бітірген, Кызылорда медициналық училищесіне түскен. 1980 жылы қызыл дипломмен бітіріп, Шымкент филиалының фармацевтикалық факультетіне түсіп, 1985 жылы провизор дипломын алды. 1983- 1984 жж сырттай Москвадағы ГЗОСқа тусіп, стенографист дипломын иеленген. Оқу бітіргесін  Қызылорда Аптекоуправлениесі Қазалы ОАД-ға (ЦРА №71) жіберді. Бір жыл  информатор болып жұмыс істеді. 1987 – 1990 жж аралығында сол дәріханада аға провизор болды. 1990 -1996 жж дәріхана меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 1996 ж Қазалы аудандық ауруханасының дәріханасына  дәріхана меңгерушісінің орынбасары етіп ауыстырды. 1997 жылдан бастап осы уақытқа дейін АМТГ АҚ «Қазалы теміржол ауруханасында» дәріхана меңгерушісі болып қызмет атқарады. 1-ші санаты бар. 2003 ж Алматы қаласында 01.10. -31.10.2003 ж аралығында 1 ай «Фармацевтикалық  бизнестің теориясы мен тәжірбиесі» тақырыбында,  19.11.2002 -21.11.2002 ж  .Қызылорда қаласында  ТФ «Дарі Дармек» мекемесінде «Дайындалған дәрілердің дәріханада толық фармацевтикалық тексеру» жөнінде,   29.04- 10.05.2006 ж «Фармацевтикалық  менеджемент»,  14.04.-26.04.2008 ж Карағанды  «Болашақ» университетінде «Фармация жаңалықтары»,  05.04. - 26.04.2010 ж.  Шымкент мемлекеттік медакадемиясында  «Қазіргі жүйедегі дәрілік өсімдіктерді дайындау тәсілдері» тақырыбында курстан өтті.
Қазақ және орыс тілін жақсы меңгерген, сөздік арқылы ағылшын тілін меңгере алады. Чайковскийдің, Бахтың, Шопеннің музыкасын, Құрманғазының күйлерін тыңдағанды, казақтың және орыстың халық әндерін, термелерін тыңдағанды ұнатады, поэзияны жақсы көреді, кітап оқығанды ұнатады. Хоббиі – поэзия, Махатаевтың, М.Шахановтың, А.Дементьевтің, Р.Гамзатовтың, Шукрулланың өлеңдерін оқығанды ұнатады. Семья жағдайым  – тұрмыс құрмаған. 3 топ мүгедегі. 2007 жылы бала асырап алған.
 Сонымен қатар дәріханада 2 фармацевт жұмыс істейді: фармацевт – Улбосын Айжанова 1980 жылдан бері, Асем Айтмырзаева фармацевт болып  2002 ж бері жұмыс жасайды, қазіргі таңда аналитик болып жұмыс істеп жатыр.  Салтанат Кабылова – провизор, дәріханада 2006 жылдан бері жұмыс сітейді, қазіргі таңда бала күтімінде. Дәріханада 2 тазалықшы бар - Шолпан Жубаева, жұмыс өтілі - 22 жыл  (ауруханада тазалықшы болып істеген) және  Зина Елеусизова 2013 жылдан бері тазалықшы болып жұмыс істеп жатыр.
Дәріханада егуге арналған, құюға арналған сұйық дәрілер, ішуге және сыртқа қолдануға арналған сұйықтар, жақпа майлар, ұнтақтар және көз дәрілері – барлығы 40-қа жуық түрлі дәрілер дайындалады.
Аурухана дәріханасыОған қоса аурухананың 1-ші қабатында дәріхана қоймасы орналасқан. Онда сангигиена бөлімі, дайын дәрілер бөлімі, дезинфекциялық заттар қоймасы, есірткілік және психотроптық заттарды, спиртті сақтайтын бөлме мен ақылы бөлімде науқастарға берілетін дәрілер сақтайтын бөлме орналасқан. Дәрілерді бөлімшелерге және медпунктерге дәріхана меңгерушісі береді. Ай сайын "1-С” бойынша айлық есеп жүргізіледі, материалдық есеп құрастырылады. Дәріханада өрт қауіпсіздік дабылы мен есірткі және психотропты дәрілер сақтайтын бөлмеде жарықты дыбыстық дабылы орналасқан және ол аудандық күзет бөліміне қосылған.
Ауданда су сапасының өте нашар болуына байланысты дәріханада "Гейзер” сүзгіші сорғышымен қосылған және сүзгіден аққан суды жинау үшін 2000 и 1000 литрлік  су жинайтын құты орналасқан.
 Аурухана дәріханасы
Аурухана дәріханасы
Аурухана дәріханасы
Аурухана дәріханасы
Аурухана дәріханасы
Аурухана дәріханасы
Аурухана дәріханасы
Аурухана дәріханасы
Аурухана дәріханасы
Аурухана дәріханасы
Аурухана дәріханасы
Стерильді дайындаған дәрілердің "К-2” және "К-3” қақпағын жабатын аппарат қолданылады. Оның біреуі 1994 ж. Болгарияда жасалған, ал екіншісі – 2010 ж Тюменде жасалған.
2010 ж жаңадан электронды таразы алынды ұнтақ өлшеуге.
Дәріханада негетоскоп "УК-2” бар, дайындалған дәрілердің ішіндегі қосалқы түйіршіктерді тексеру үшін.
Дәріханада  2010 ж алынған рефрактометр. Рефрактометрмен дайындаған дәрілердің концентрациясы тексеріледі.
Дәріханада дайындалған дәрілерге толық фармхимиялық тексеру жасалады, сонымен қатар тазартылған залалсыздандырған судың сапасы кунделікті тексеруден өткізіледі.
Екі  "ВК-75” – 1996 ж және 2010 ж автоклавтары бар , дистиллятор "АЭ-25” – 2009 ж Тюменде жасалған, шыққан су айдайтын аппарат,  термостат бар. натрия хлорид ұнтағы мен шыны құтыларды залалсыздандыруға арналған.
23-09-2014, 00:10
2458 просмотров