Аурухана асүйі

Аурухана асүйі1. Диеталық мейіркеш Толкын Махамбедияровна Дилманбетова, жұмыс өтілі - 26 жыл.

2. Асханада 2 аспазшы жұмыс жасайды: Гульшат Жеткергеновна Аманова, жұмыс өтілі - 19 жыл және Жанар Жаңабаева, жұмыс өтілі - 18 жыл, асхана жұмысшысы Гульназ Жеткергеновна Аманова, жұмыс өтілі - 13 жыл.

3. Асхана күнделікті 110 науқасқа ыстық тағам дайындайды. Ас мәзірін диеталық мейіркеш құрастырады және емдеу дәрігерлерінің ұсыныстары бойынша емдік №1, 0, 5, 7, 9, 10, 12, 15, 16 үстелдердің тағамдары дайындалады. Оларды әзірлеуге арнайы жабдықтар, ыдыс – аяқтары жеткілікті.

4. Азық – түліктер, тағамдар түрлеріне қарай бөлек – бөлек сақталады.

5. Дайын тағам терапия, хирургия, неврология, гинекология, ақылы және балалар бөлімшелеріне таратылады. Науқастарға үш мезгіл ыстық тағам беріледі. Ыстық тағам ас бұршақ, күріш, арпа, картоп және қырыққабат сорпасы, еттен жасалған котлет, сүтке асылған ботқалар дайындалады. Көкөністерден салат, сүт, айран, дәрумендерге бай жеміс – жидек, шырындар беріледі.
Аурухана асүйі
Аурухана асүйі
Аурухана асүйі
Аурухана асүйі
Аурухана асүйі
 
Ас – адамның арқауы,
Аспен күш артады.

26-09-2014, 23:23
2454 просмотров