» » Аурухананың клиникалық-диагностикалық зертхана бөлімшесі

Аурухананың клиникалық-диагностикалық зертхана бөлімшесі

Аурухананың клиникалық-диагностикалық зертхана бөлімшесіБөлімше аурухананың 1-ші қабатында орналасқан.
Бөлімше мынадай бөлмелерден тұрады:
- биохимиялық талдау бөлмесі.
- клиникалық талдау бөлмесі.
- иммундық-ферменттік талдау (ИФТ - ИФА) бөлмесі.
- бактериологиялық лабораториялық талдау бөлмесі.
Аурухананың клиникалық-диагностикалық зертхана бөлімшесіЛаборатория бөлімшесіне жауапты I-санатты  дәрігер-лаборант: Бибісара Ашықбаевна Ердалиева.
Жауапты мейіркеш Айғанша Бақбергенова және лаборанттар: Базаркүл Беринбаева, Ұлмекен Бисенбаева, Зибагүл Жайназарова.
 
Лабораториялық бөлімшеде білікті маман лаборанттар жұмыс жасайды. Оның ішінде әр түрлі зерттеулер жүргізіледі, клиникалық, биохимиялық, серологиялық, иммунологиялық, бактериологиялық және басқалары.

Иммундық-ферменттік талдау (ИФТ-ИФА)

Германия елінен шыққан Humareader Single аппараты арқылы жасалады. Қалқанша бездің гормондары анықталады. Жүктілік кезіндегі әйелдердің шаранаға қауіпті әсер жасайтын ауруларын анықтайды (цитомегаловирус, герпес, хламидий, токсоплазмоз), созылмалы бауыр аурулары, А, В, С гепатит маркерлері. Ерлердің қуық асты безінің қабынуы, простата антигенге, ревматоидтық факторға, хеликобактерге тексереді.

Жұмыс жасайтын мамандар І – санатты дәрігер лаборант - Бибисара Ашықбаевна Ердалиева және лаборант – Базаркүл Беринбаева. Олар тиісті оқу орнында оқып, білімдерін жетілдірген, маман сертификаттары бар.

Аурухананың клиникалық-диагностикалық зертхана бөлімшесі
Аурухананың клиникалық-диагностикалық зертхана бөлімшесі
Аурухананың клиникалық-диагностикалық зертхана бөлімшесі
Аурухананың клиникалық-диагностикалық зертхана бөлімшесі
Аурухананың клиникалық-диагностикалық зертхана бөлімшесі
Аурухананың клиникалық-диагностикалық зертхана бөлімшесіБактериологиялық зертхана


2008 жылы сәуір айынан бастап ашылды. Қажетті құралдармен жабдықталған. Мақсаты: аурухана ішілік жұқпалы ауруларға тексеру, антибиотикке сезімталдыққа анықтау, ауаны микробиологиялық зерттеу, шайындыларды микробиологиялық зерттеу, патогендік стафиллококқа алынған жұғындыларды тексеру. Зертхана бөліміне 2007 жылы жаңа екі аппарат алынды.
1. ВС – 3000 автоматты гематологиялық анализатор қанның 19 көрсеткішін анықтайды.
2.ВА – 88 жартылай автоматты биохимиялық анализатор, 29 түрлі биохимиялық зерттеулер жасайды (ақуыз, ферменттер, субстраттар, электролиттер және т.б.).
Лаборант - Зибагүль Жайназарова оқуы мен маман сертификаты бар.
 
Клиникалық зертханалық зерттеулер - бұл жалпы зертханалық әдіс, адам ағзасындағы функциялық жүйесінің жағдайы жөнінде дұрыс мәлімет алу үшін пайдаланатын әдіс кешені.
Зертханалық зерттеу - дәрігерге науқастың диагнозын табуға, жағдайын бақылауға көмектеседі.
Жалпы клиникалық зертханалық тексеру зәрді, нәжісті, қақырықты, жұлын сұйықтығын, экссудатты, транссудатты зерттеу бағытында атқарылады.
Гематологиялық анализдер  қанның   морфологиялық және физикалық-химиялық зерттеуі.
Биохимиялық  анализ  адам ағзасындағы биологиялық сұйықтықтың химиялық құрамын және алмасу процесін зерттеу.
Серологиялық және иммунологиялық талдау - бұл  әр түрлі антигендерді сәйкес келетін антиденемен анықтау.
Бактериологиялық зертеу - бұл ауру қоздыратын микробтарды анықтау.
Клиникалық-диагностикалық зертхана керекті құралдармен, әдістемелік талаптарың орындалуына сәйкес көмекті және сынаушылық құралдармен жабдықталған. Қан зерттеу үшін жаңа ИФТ анализаторы «Hymareader Single» анализаторы, гематологиялық автоматты анализатор «ВС-3000»,  жартылай автоматтық биохимиялық анализатор «ВА-88». Лаборатория қызметкерлері жаңа микроскоп «МИКМЕД-5» (Ресей өндірісі) жұмыс істейді. жаңа типті центрифуга, термостат, дозатор¬лармен қамтамасыз етілді.
Зерттеулерді жүргізу үшін «Bio Tracer» (Корея), «Standard Diagnostics” (Германия), «multi Care in» (Корея) және т.б. осы сияқты фирмалардың тест-жүйелері, тесттер, лабораториялық анализаторлар өндірісі бойынша әлем көшбасшыларының заманауи озық технологиялары пайдаланылады.
Уақыт талабына сай зертхана бөлімшесіндегі бөлмелердің терезелері пластикалық терезелерге ауыстырылды және едендері кафельденді.
30-09-2014, 00:01
3789 просмотров