Гинекологиялық бөлімше

Гинекологиялық бөлімшеҚазалы темір жол ауруханасының  гинекология бөлімшесі үш қабатты типтік аурухананың 2 қабатында  орналасқан. Бөлімше 15 төсек-орынға есептелген. Бөлімшеде 5 орындық - 2 палата; 2 орындық - 1палата. 2 орындық - 1палата, егу бөлмесі, таза таңу бөлмесі, іріңді таңу бөлмесі, клизма жасау бөлмелері бар. Операция жасау бөлмесi, манипуляция бөлмесі, стерилизация бөлмесi екеуі бөлек қанатта орналасқан. Сол себепті қазіргі кездегі стандарттарға сай ота жасау мүмкіншілігі бар.
Операция залы  екеу. Үлкен  және кіші болып бөлінеді. Операция алды бөлмесі, анестезия бөлмелері бөлек. Стерильді аспаптарды сақтау бөлмесі бар.  Операциялық құралдардан: видеолапараскопиялық операция, жатыр миомасына, кистомоэктомия, жатырдан тыс жүктілікке, ДЭК оталары  жасалуда. Гистероскопиялық әдіс те қолданылады. Бұл жерде әйелдердің әр түрлі гинекологиялық сырқаттары емделеді және екіқабат кезіндегі 21 - 21 аптаға дейінгі жүктілік мерзіміндегі асқынуларға маманданған ем жасалады.
Бөлімше меңгерушісі - дәрігер акушер-гинеколог Қазбек Кушерұлы Еспаев, жұмыс өтілі - 40 жыл. 
 
Гинекологиялық бөлімше
Гинекологиялық бөлімше
Гинекологиялық бөлімше
Гинекологиялық бөлімше

4-07-2014, 16:11
4534 просмотров