» » Физиотерапиялық бөлімше

Физиотерапиялық бөлімше

Физиотерапиялық бөлімше
Физиотерапиялық бөлімше
Физиотерапиялық бөлімше
Физиотерапиялық бөлімше
Физиотерапиялық бөлімше
Физиотерапиялық бөлімше
Физиотерапиялық бөлімшеФизиотерапия бөлімшесі аурухана ғимаратының екінші қабатында орналасқан. Физиотерапиялық бөлімшеде: дәрігер-физиотерапевт Қапаш Айсұлу Жақсылыққызы, бірінші санатты мейірбике - Абжанова Аманкүл Абдінағиқызы, Досмамбетова Гүлнар Жақсылыққызы, бірінші санатты мейірбике Мырзағазиева Алмаш Тастемірқызы - емдік денешынықтыру мейірбикесі, массажист Кадірбаев Мұхит Қалилаұлы жұмыс істейді. Бөлімше физиотерапиялық ем қабылдайтын кабиналармен, массаж кабинетімен, парафин кабинеттерімен жабдықталған.

 

Физиотерапиялық бөлімшеде түрлі аппараттармен ем жасалады: «УВЧ -70», «Экран-2», «Биоптрон», «Электрофорез», «Ультратон», «ДДТ» аппараты, Ингаляция (TYR), соққылы-толқынды терапия, ультра-дыбыстық терапия – «ВТL-4000 SONO», «Cоллюкс», «Tубус кварц», парафин қыздырғыш, массаж керуеті – «Серагем Мастер», қолға арналған ауа массажы, аяққа арналған ауа массаж аппараттары, омыртқа созу керуеті.

 

Физиотерапиялық бөлімше1.Соққылы-толқынды терапия – «BTL-5000 SWT».

Импульсті толқынның сипаттамасы: толқын ретінде қысымның күрт өсуімен бірге аса қысқа, уақытша және біртіндеп құлдырау сатысы бар қысқа кері қысым.

 

Физиотерапиялық бөлімшеИмпульсті толқынмен емдеу үшін көрсетілімдер:

а) өкшелік «тепші»

б) ахиллединия (өкшенің осал тұсының ауыруы)

в) қабыну және иық буындары сіңірлердің қосылуының кальцификациясы.

г) шап тұсының ауруы

д) сіңірлердің біріккен жерлерінің ауруы (теннистік және гольфтық шынтақ)

е) жіліншек қыры мен тақылжырдың соңының синдромы

ж) бел, жамбас және жіліншек тұсының ауруы

з) секірушінің «тізесі» (пателлярды тенотед)

и) тізе сіңірлерінің ауруы

к) білезіктің бет жағының ауруы

л) І-дәрежелі артроз кезінде қол ауруларының сүйегінде болатын өзгерістер

м) аурудың негізгі нүктелері – бұлшық еттегі ауыру нүктелері.

 

 

Физиотерапиялық бөлімшеФизиотерапиялық бөлімше2. «Биоптрон» –жылдам жұмсақ әсер ететін және жоғары күшті сәулелермен хош иіс беретін аппарат. Барлық ауруларға пайдасы көп. Қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға бұл емді қабылдауға болмайды.

 

Физиотерапиялық бөлімше

Физиотерапиялық бөлімше3. Тубус кварц – сәуле жоғарғы тыныс жолдарына түсіріледі. Тамақ ауырғанда, мұрын, құлақ қуысы кеселдерінде қолданылады.

 

Физиотерапиялық бөлімше

Физиотерапиялық бөлімше4. Электрофорез – тұрақты өткізгішпен денеге дәрі жіберу. Пайдалы жағы: қан қысымы көбейгенде, демікпе, асқазан бүріп ауырғанда, ішек, бауыр ауырғанда, бүйенге (ұлтабарға) жара түскенде, жүйке тозып бас ауырғанда, көкжелке ауруы, иық, бел ауруларына, көз, құлақ сырқатына, әйелдердің жыныс ағзалары дерттерінде қолданылады.

 

Физиотерапиялық бөлімше

Физиотерапиялық бөлімше5. «Экран-2». Өте жоғары өткізгіш арқылы адам денесіне жылу ендіру нәтижесінде денеде басқа өзгешелік пайда болады.

Пайдалыжағы: салқын тигенде, ревматоидтты полиартритте, плексит және басқа ауруларда шипасы мол.

 

 

Физиотерапиялық бөлімше

 

Физиотерапиялық бөлімше6. «Соллюкс» - инфра-қызыл қыздырғыш шам. Пайдалы жағы: неврит аурулары (белге салқын тигенде, остеохондроз, бүйрекке) қоюға болады.

 

 

 

Физиотерапиялық бөлімшеФизиотерапиялық бөлімше7. Ингаляция «TUR» - бумен емдеу түрлері. Бумен, ұнтақ дәрімен, маймен, жылы дымқыл ауамен емдейді. Қақырық түсіруге, тамақ қырылдап қалғанда, жұтындырмағанда колданылады.

 

 

 

Физиотерапиялық бөлімше

Физиотерапиялық бөлімше8. УВЧ « Стрела»– ең жоғары айнымалы өткізгіш адам денесіне жылу ендіру арқасында денеге баска өзгешелік пайда болады. Денеге салқын тигенде, қан айналымына жақсы әсер етеді. Асқазан, бауыр, өт жолдарына, ішектер қабынғанда, қан қысымы төмендегенде қолданылады, жүйке тамырларын кеңейтеді.

 

 

 

Физиотерапиялық бөлімше

 

Физиотерапиялық бөлімше9. «Ультратон» - өткізгіш арқылыжүйкеге әсер етеді. Пайдалы жағы: бас ауырғанда, көкжелке ауруы, тіс, жүйке, құлақ, мұрын, простатит, әйелдердің жыныс ауруларына қолданылады.

 

 

 

Физиотерапиялық бөлімше
Физиотерапиялық бөлімше

Физиотерапиялық бөлімше 

10. Ультрaдыбыс - өте қысқа толқын арқылы денені жандандырады. Пайдалы жағы: әйелдердің жыныс жолы кеселдері, буын аурулары, бүйрек аурулары, өт жолдарына қолданылады.

 

 

Физиотерапиялық бөлімше

Физиотерапиялық бөлімше

11. «Интердин – ДДТ» - диадинамиқалық тоқ өткізгіш арқылы денеге қозғалыс енгізеді. Пайдалы жағы: қатты жарақаттанғанда, сіңір созылғанда, жүйке ауруларына, бел ауруларына, асқазан, бауыр, өт жолдарына, денеге тұз жиналғанда, дененің тамыры тартылғанда.

 

 

 

Физиотерапиялық бөлімше

Физиотерапиялық бөлімше

13. Қолға арналған ауа массажері – «Hаndel TW-365 HD».

Қолдағы сезім органына әсер ету және әсер етуді миға беру жүреді және осылайша бұл әдіс әр органның қызмет етуіне және адам ағзасының өзін емдеуіне ықпал етуді жақсартудың тамаша әдісі болып табылады.

Әсер ету терапиясының тиімділігі:

1. Қан айналуды жақсарту.

2. Органдардың ширығуын төмендету.

3. Терінің күйін жақсарту.

4. Жүрек пен өкпе қызметін жақсарту.

 

 

Физиотерапиялық бөлімше

Физиотерапиялық бөлімше

14. Аяққа арналған – «Шиатсу - Жапондық массажер»

Аяқтағы акупунктуралық нүктелерге негізделген әсер ету арқылы қан айналу және ағзадан зиянды заттардың шығуын жақсартады және иммунитетті жақсартады.

 

Әсер ету терапиясының тиімділігі:

1. Қан айналуды жақсарту.

2. Органдардың ширығуын төмендету.

3. Терінің күйін жақсарту.

4. Жүрек пен өкпе қызметін жақсарту.

 

 

 

Физиотерапиялық бөлімше

Физиотерапиялық бөлімше

15. Парафинқыздырғыш «Каскад-15» - емдік қасиеті: жылумен қыздыру.

Пайдалы жағы: ревматоидтты полиартритте, остеохондрозда, артроз бен артритте, хирургия мен гинекология саласында пайдаланады.

 

 

 

 

Физиотерапиялық бөлімше
Физиотерапиялық бөлімше16. Омыртқа созу керуеті

1) Мойын, кеуде, бел остеохондрозы.

2) Дисканың жарығы (грыжасы).

3) Омыртқа сколиозы.

4) Буын аурулары.

 

 

Физиотерапиялық бөлімше

«Исюэтун » акупунктурлы электрлік массажеры

Толқындаған импульстік тоқ физиологиялық тоқпен реакцияға түскен жағдайда адам денесінің иондары қимылға түсе бастайды да осылайша ағзаның бүкіл функцияларына әсер етеді. Барлық ауруларға пайдасы көп. Тек кардиостимулятор және металл құрылғыларын қолдану, жүктілік, психикалық бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі ауруларына қолданбайды.

 

 

Физиотерапиялық бөлімше«Тяньши » S-780 вибро-массажері-

Аяқтағы акупунктуралық нүктелерге негізделген әсер ету арқылы қан айналуды және ағзадан зиянды заттардың шығуын және иммунитетті жақсартады.

Әсер ету терапиясының тиімділігі:

1. Қан айналуды жақсарту.

2. Органдардың ширығуын төмендету.

3. Терінің күйін жақсарту.

4. Жүрек пен өкпе қызметін жақсарту.

5. Жүйкенің ширығуы және қатты қозу.

6. Аз қозғалатын өмір салты.

7. Ұйқысыздық.

8. Артық салмақ.

 

 

 

 

Физиотерапиялық бөлімше

Ток Дарсонваль - өткізгіш арқылы жүйкеге әсер етеді.

Пайдалы жағы: бас ауырғанда, көк желке ауруы, тіс, жүйке, құлақ, мұрын, простатит, әйелдердің жыныс ауруларына.

 

 


 

 

Физиотерапиялық бөлімше

«Ишоукан » тарақ электрмассажері

Вибро-массаж арқылы барлық қан айналым процестерін жақсартуға әсер береді. Барлық ауруларға пайдасы көп. Тек кардиостимулятор және металл құрылғыларын қолдану, жүктілік, психикалық бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі ауруларына қолданбайды.

 

 

Физиотерапиялық бөлімше

Иыққа арналған массажер

Иыққа арналған массажер емдеу үшін көрсетілімдер –мойын остеохондрозы және профилактика ретінде барлық науқастарға жақсы әсер береді.

 

 

 

Физиотерапиялық бөлімшеТоқпен емдеу массаж- «Серагем-Мастер»

Инфра-қызыл структура аппаратымен емдеу үшін көрсетілімдер (тоқпен емдеу массаж) «Серагем-Мастер».

1. Жүрек қан тамыр аурулары: артериялық гипертензия; жүрек стенокардиясы; нейроциркуляторлық дистония; ми қан тамырының аурулары.

2. Тыныс жолдарының аурулары: қолқа демікпесі; өкпе қабынулары, тұмау оның қабынуы.

3. Жүйке аурулары: остеохондроз және остеоартроз; әр түрлі нейропатиялар, перифериялық нерв жүйесінің аурулары: күйзеліс, депрессия аурулары.

4. Буын аурулары: артроз, артрит, бел-кеуде омыртқаларының аурулары.

5. Хирургиялық науқастар: күйіктен қалған жаралар; тері асты іріңді шығулар, сүйек сынығы; сүйек жарақат алғаннан кейінгі жағдайлар, тромбофлебит.

6. Аллергиялық тері аурулары: дерматит, псориаз, экзема.

7. Құлақ, тамақ, мұрын аурулары.

8. Ас қорыту жүйесінің аурулары: асқазан қабынуы, ұлтабар қабынуы, қант диабеті.

9. Қуық асты безінің аденомасы: несеп жолдарының қабынуы; бүйрек ішілік қиыршықтар.

10. Әйелдердің жыныс қабынуы: жатыр миомасы, кистомалар.

11. Целлюлит.

 

 

Физиотерапиялық бөлімшеУльтра-дыбыстық терапия BTL-4000 Sono

Ультрадыбыспен емдеу үшін көрсетілімдер - өте қысқа толқын арқылы денені жандандырады (әйелдердің жыныс жолы кеселдері, буын аурулары, бүйрек аурулары, өт жолдарына қолданылады.

 

Ультрадыбыс - өте қысқа толқын арқылы денені жандандырады. Пайдалы жағы: әйелдердің жыныс жолы, буын аурулары, бүйрек аурулары, өт жолдарына қолданылады

 

 

 

Физиотерапиялық бөлімшеЭлектросонтерапия- «Элэскулап- Мед ТеКо»

Электротерапия аппараты, кең диапазонындағы тоқ және электр өрісі арқылы емдік әсер береді.

Аппаратты қолдану арқылы қан айналымын, айналым процестерін жандандыруға, бұлшық ет қызметін жақсартуға, ауру сезімін басуға болады.

Электростимуляция режіміндегі қолданысқа арналған көрсетілімі:

перифериялық қозғалыс нервтерінің ( полиомиелит, полиневрит, плексопатия, радикулоневрит, жарақат невропатиясы, остеохондроз, сал ауруы) зақымдалуы нәтижесінде дамитын алғашқы бұлшық ет атрофиясы, ауру синдромы мен айқын трофикалық бұзылыстары бар сылбыр сал ауруы.


3-08-2016, 16:00
1758 просмотров