Неврологиялық бөлімше

Неврологиялық бөлімшеТеміржол ауруханасының неврологиялық (жүйке) бөлімшесі типті аурухананың 1 қабатында орналасқан. Бөлімше 20 төсек-орынға арналған.  Бөлімшеде бас ауруы, бел ауруы, ми қан тамырларының зақымдалуымен ауырған науқастар емделеді. Бөлімшеде 2 дәрігер жұмыс істейді. Жауапты мейірбике, ауысымдағы мейірбикелер және кіші мейірбикелер жұмыс жасайды. Бөлімшеде дәрігерлер, егу бөлмесі, санитарлық бөлмелер, шаруашылық бөлмесі, асхана бар. Палаталары 5, 4 және 2 адамдық бөлмеде сервистік палаталар жұмыс жасайды.  Науқас жататын бөлмелер тұрмысқа қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілген. Емдеу барысында стандарт бойынша жаңа технологиялық  дәрі-дәрмектер қолданылады.
Неврологиялық бөлімшеБарлық науқастарға өз диагнозына сәйкес физиопроцедуралар жасалады: ультражоғары жиілікті (УЖЖ-УВЧ), электрофорез, соққылы–толқындық терапия, емдік дене шынықтыру (ЕДШ), массаж, кварц, «Биоптрон», «Экран», «Ультротон» жабдықтары арқылы ем, емдік ванналар. Бұл тексерулер мен емдеу нәтижесінде науқастарға дер кезінде және сапалы медициналық қызмет көрсетіледі. Бөлімшеде бір қатар істер орындалды:атап айтқанда бөлімшедегі науқастар жататын бөлмелердің барлық есік, терезелері заманға сай пластикпен ауыстырылды. Сонымен қатар бұл бөлмелердің едендері мен дәрігерлер бөлмесінің, дәліздің едендері  паркетпен  ауыстырылды. Бөлімше қызметкерлері өз білім деңгейлерін ұдайы жетілдіріп тұрады. Бөлімше іші жұмыс жасау нұсқауына байланысты қабырға қағаздарымен  жабдықталған. Бөлімшеге жыл сайын ағымдағы жөндеу (әктеу, сырлау) жұмыстары атқарылады. Науқастар төсек жабдықтармен, ыдыс-аяқтармен толық қамтамасыз етілген. Бөлімшеде көгалдандыру жұмысы да қолға алынған. Аурухана ауласынан әр бөлімшеге жер бөлінген. Тиесілі жерге талдар және гүлдер егілген. Бөлім қызметкерлері аурухананың дамуына барынша өз үлестерін қосуда.
Неврологиялық бөлімшеБарлық науқастарға 3 тәулік ішінде диагноз қойылады, ем алушыларға бөлімшеге түскеннен кейін 20-30 мин ішінде ем басталады. Әрі қарай емге түзетулер енгізіледі, қосымша мамандар кеңесі мен түзетілген ем-шаралары қосылады. Сырқаттарға диагноз қоюда УДЗ-УЗИ, рентгенография, ЭКГ, ИФТ-ИФА, УЗДГ, Холтер  мониторы, «Смад» тәсілдері, жаңғырық-ЭС, ЭЭГ, жаңа  аппарат компьютерлік томография кеңінен қолданылады. Ауруханаішілік жұқпа тіркелген жоқ.
Бөлімше меңгерушісі - Талғат Алданович Жиенқұлов, аға мейірбикесі - Іңкәр Лұқпанқызы Елубаева.
Неврологиялық бөлімше
Неврологиялық бөлімшеНеврологиялық бөлімшеНеврологиялық бөлімшеНеврологиялық бөлімшеНеврологиялық бөлімшеНеврологиялық бөлімше
4-07-2014, 16:11
3310 просмотров