Балалар бөлімшесі

Балалар бөлімшесі 10 төсек-орынға арналған.
Бөлімше жаңа типті аурухананың 1-ші қабатында орналасқан. Бөлімшеде 4 палата, егу бөлмесі, асхана, дәрігерге арналған бөлме, 2 әжетхана бар. Бөлімше әр тақырыптағы үнпарақтармен безендірілген. Ауруханада күн тәртібі туралы, аналарға арналған ереже жасалып, көрнекті жерге ілінген. «Денсаулық бұрышы» ұйымдастырылған, «Медициналық көмектің кепілді көлемі туралы» ақпарат, «Заң кодексі», «Дені сау баланы тамақтандыру», «Жүкті әйелдің тамақтануы», «Аналарға кеңес», «Баланы ана сүтімен тамақтандыру ережесі туралы» көрнекті құралдар ілінген.
 
 
 
 
Бөлімшеде 1-ші дәрежелі 1 дәрігер Шара Кәрібайқызы Байбазарова жұмыс істейді.
Ол 1997 жылдан бастап учаскелік бала дәрігері, 2008 жылдан бастап балалар бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарады. Бөлімшеде 1-ші дәрежелі 2 мейірбике, 1 кіші буын медицина қызметкері жұмыс істейді.
Жедел түскен науқастар жедел қаралып, көмек көрсетіледі. Науқас балаларға мамандар кеңесі жасалып, қосымша емдер қосылады. Науқастарға ауруханада барлық соңғы үлгідегі сараптаулар, аспаптық тексерулер, «Невулайзер» аппаратымен ем жасалады. Аптасына 2 рет күтуші аналарға әңгіме-кеңес жүргізіледі.
Бөлімше қызметкерлері салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жемісті қызмет атқарады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4-07-2014, 16:12
3209 просмотров